Материалдар / Ұстаздық өмір қиыншылықтары мен шешу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздық өмір қиыншылықтары мен шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ұстаз деген кім? 2. Жаңашыл ұстаз 3. Ұстаздық өмір қиыншылықтары мен шешу жолдары 4. Ұстаз болу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2022
616
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ





Баяндама

Тақырыбы: Ұстаздық өмір қиыншылықтары мен шешу жолдары









Орындаған: Советова Айдана

Тобы: ҚТ 21-09

Тексерген: Тугелбаева Алтынай













Семей,2022

МАЗМҰНЫ

  1. Ұстаз деген кім?

  2. Жаңашыл ұстаз

  3. Ұстаздық өмір қиыншылықтары мен шешу жолдары



















































  1. Ұстаз деген кім?

Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейрімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қрғаны батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезіні әрі өткен ғарышкер де ұстаздан білім, тәлім алған.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Абылай хан - Төле биді, Шәкәрім - Абайды, Бердақ - Күнқожаны, Жамбыл - Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.



  1. Жаңашыл ұстаз

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұстаздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді.

Жаңа заманға сай жаңашыл білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағлауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Сондықтан қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылықтың, білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Өйткені Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Қазіргі білім – XXI ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр – бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры деп бекер айтылған жоқ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі – білімде»-деп айқын көрсетті. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел азаматы. Елімізді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуына білімді жасөспірмнің берері мол.

XXI ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда. Осыған орай, әрбір педагог оқу қызметінде педагогикалық технологияларды пайдалану, түрлі техникалық құралдар мен инерактивті білімі мен біліктерін жетілдіруде пайдалануға бағыттауы тиіс. Бүгінде ұрпағымыздың жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуын мектепке дейінгі мекемелердегі оқу қызметіндегі белсенді танымдық процестеріне және оның білімділік, тәрбиелік мазмұнымен сабақтастыру – жалпы азаматты өркениетке жеткізетіндігі заңдылық. Қазақтың көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ. Олақтылық белгісі – бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу… Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деген болатын. Сондықтан жаңашыл педагог заман талабына сай әрекет етсе, қоғам ағымынан қалып қоймай ілесіп отырса, яғни жаңа технологияны игеріп, оны оқу қызметтерінде пайдалануы қажет.



  1. Ұстаздық өмір қиыншылықтары мен шешу жолдары

Ұстаздық өмірдің де өзіндік қиыншылықтары бар. Атап айтқанда, мінезі әр түрлі оқушылармен жұмыс жасау, оқушыларға сапалы білім беру, ерекше оқуды қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау білім беру процесінде айтарлықтай қиындықтар туындатады.

Осы қиындықты шешу барысында мұғалімнің шеберлігі қажет болады. Ұстаз жаңашыл, көшбасшы, озат тәжірибелі маман болу керек.

Мұғалімге тек қана бор мен тақтаны қолдана отырып, қазіргі оқушының назарын аудару өте қиынға соғады. Біздің қазіргі заманғы оқушыларымыздың компьютерлер мен ұялы телефондарды қолданып өскенін ескеруіміз қажет. Олар визуалды ақпарат пен визуалды ынталандыруды қажет етеді. Сондықтан, егер біз, мұғалімдер, оқушыларымыздың оқуда табысты болғанын көргіміз келсе және өзіміз де табысты мұғалім болғымыз келсе, онда оқытудың интерактивті құралдарын сабағымызға белсенді түрде енгізіп, жаңа білім беру нәтижелерін алу үшін оларды тиімді пайдалануды үйренуіміз қажет.

Сабақтарда АКТ - ны пайдалану оқушылардың жеке білім беру траекторияларын жасауға, білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, «оқушы – мұғалімнің» оқу процесі мен өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттырады, нақты уақыт режимінде пәнді игеру туралы уақытылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қабылданбаған сабақтарды аяқтауға және қосымша білім алуға мүмкіндік береді, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады.

Оқу үрдісінде балалардың оқу-танымдық қызметін белсендіруде дәстүрлі әдістер мен жаңа әдіс-тәсілдерді, технолдогияларды өзара сабақтастықта пайдалану оң нәтиже берері сөзсіз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!