Материалдар / Ұстаздық тәжірибемен бөлісу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздық тәжірибемен бөлісу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілері мен ата-аналарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2020
583
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Райбаева Раушан Саметовна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

142 жалпы білім беретін мектеп КММ

Алматы қаласы

«Менің ұстаздық философиям» тақырыбындағы эссесі











«Менің ұстаздық философиям»

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Ахмет Байтұрсынов



Мамандық таңдау оңай болып көрінгенмен,адам өміріндегі ең маңызды қадам.Өмірде мамандық пен жар таңдаудан шатасқан адамның өмірінің мәні де,сәні де болмайды.Сонау кеңестік дәуірде ұстаздарға деген сый -құрмет ерекше болатын.Оқушының көпшілігі мұғалімге еліктеп,ұстаз болам дейтін заман еді.Мен де өз замандастарым сияқты шет тілінен беретін ұстазымды шын жүректен жақсы көріп,Алматының шет ел тілдері педогогикалық институты табалдырығын аттадым.Институтта атақты,құрметті ұстаздар ұлағатын көріп,бес жыл оқуымды тамамдап мектеп шаңырағына ұстаз болып кіргеніме отыз үш жыл толыпты. «Ұстаз болу-өз уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау »-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай жас ұрпаққа тәлім тәрбие беріп ,әрбір оқушыңның жетістігіне қуанып жүріп,уақыт шіркіннің өтіп кеткенін де байқамаппыз .

Жұрегім дүрсілдеп ,алғаш рет сабаққа кіргенім әлі есімде.Бала дегеніміз -арамдықты,жағымпаздықтың « қара» дағы түспеген аппақ қағаз,күлсе шын күлетін жыласа шын жылайтын,жақсы көрсе ,сен үшін бәрін жасайтын періштелер,өмірдің кейбір белесінде жан қиналысыңды жұлыпалар емшілер де солар.Сыныпқа жетекшілік алғаннан кейін мұғалімнің өзінің де жауапкершілігі артады,оқушымен бірге ата-ананың да тәрбиесін өз мойнына алады.Баламен тіл табысып ,оның сыйлы адамына айналған ұстаз, ата-ананың да құрметіне ие болады. «Ағаш күтіміне қарай өседі»демекші әр бір баланың ішкі дүниесіне үңіле алған ұстаз ғана бақытты.Әл –Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім,адамзаттың қас жауы»деген сөзін ұстаздар да,ата-аналар да мәңгілікке жадында ұстау керек.Казіргі кезде бұл өте үлкен өзекті мәселе.Қазіргі жас ата-аналар баланың материалдық қажеттілігін өтеу,ақылы мектептерде оқыту ,барлық мәселенің шешуі деп түсінетіндері көбейіп баратыны қынжылтады.Білім, ол белгілі бір ақпараттар жиынтығы.Ал, сол жиынтықтың жақсы-жаманын ажырата білуге жан жақты дұрыс тәрбие ғана көмек бере алады.Ең бастысы отбасында берілетін тәрбие.Абайдың «баланың жақсысы-қызық.жаманы-күйік» деуінің артында үлкен философиялық ой бар.Баланы дүниеге әкеліп одан үміт күтіп өсіргенде,ата-анасына қайырылып қарамай, ел жұртына пайдасыз болып өссе ,одан артық қайғы,одан артық қасірет бола ма?Сол үшін бала тәрбиесіне терең үңілуіміз керек.Бернард Шоудан бір әке : «Баланы қай жастан тәрбиелеген дұрыс ?»деп сұрағанда,атақты драматург «Балаңыз нешеде?»деп сұрапты. «Туғанына екі апта болып еді»десе, «Сіз тура екі аптаға кешіктіңіз »деуі,халқымыздың «Баланы жастан...»деуі әрине ойланатын жай.Қазіргі таңда жас отбасыларда бір не екі баламен шектеліп жатыр.Әрине, сенде сонша бала болу керек деп ешкімге ақыл айта алмаспыз,бірақ үлкен жанұяда бала тәрбиелеу әлде қайда жеңілдеу. Бұл мемлекеттің демография саясатына жатады,халықтың күн көріс жағдайы жақсарса, балалы болудан кім бас тартар дейсің? Сол бір –жар баланың сұранысы да,жыры да көп,өзімшіл,жиіркеншек болып өседі ау.Ата-анасы тапқанын ауыздарына тосып өсірген сол жеткіншек,ешнәрсенің қадір ,қасиетін сезбей,өзгемен бөлісу,туыстық қарым –қатынас,үлкенге ізет ,кішіге қамқорлық деген ізгі қасиеттерден алыс болып өсіп жатыр.Екінші тәрбиенің ошағы ол ,әрине мектеп.Баланың қоршаған орта тәрбиесінің жат,жаман қылықтарын алып кетпеуіне бірден-бір көмек көрсететін ол-жанұя және мектеп.Мектептегі тәрбиенің негізгі ауыртпашылығы шынымен сынып жетекшісіне түсетіні анық,мұншама жүкті арқалап өтіп,өзінің адалдығын,адамгершілігін, сабырлығын,сезімталдығын,шексіз мейірімімен бала жүрегінен орын алған ұстаз ғана ұрпақ алдындағы өз борышын адал атқарып шыға алады.

Ұлы ойшыл Конфуцийдің «Ескіден қол үзіп,жаңаға қол жеткізгендер ғана »мұғалім болады деген сөзі тура біздің елдің қазіргі білім саласының жаңару кезін дөп басып тұрғандай.Жаһандану заманында,жаңа технологияларға бет бұрып заман талабынан қалыспай,өзін де, өзгені де тәрбиелеу ұстаздар үшін үлкен сын. Отанымыздың болашақ бір кірпіші болып қаланар әр ұрпақ үшін аянбай еңбек ету,оның адал,адамгершілікті,білімді ,білікті,тәрбиелі, патриоттарының өсер жолында біздер,ұстаздардың алар орны зор.Қорыта келсем,бұл ғасыр «білімділер ғасыры».Ендеше білімді,парасатты,заман талабына сай ұрпақ тәрбиеуге міндетті екенімізді ұмытпайық! Ағылшын ағартушысы Ульям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды;жақсы мұғалім түсіндіреді;Керемет мұғалім көрсетеді;Ұлы мұғалім шабыттандырады» демекші,тек өз үлгімізбен көрсетуші,шабыттандырушы болуларыңызға шын жүректен тілектеспін ұстаздар!



Мен ұстазбын ,балам күлсе күлетін

Қабағына қарап оны білетін

Ұстаздарда болсын ылайым шәкірттер

Мақтаныш боп ,биік шыңда жүретін! дегім келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!