Материалдар / Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
108
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жаңақала мектеп-гимназиясы КММ











Тәрбие сағаты тақырыбы:



Shape1





Өткізген: Наурзалиева К

Сынып: 10 «Ә»

2024-2025ж



тәрбие сағаты

Күні: 07.10.2024ж

Сыныбы: 7ә

Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Мақсаты: Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: СТО, пікір алмасу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі : Тақырыпқа сай жазылған қанатты сөздер; гүлдер, шарлар, постер.

Жасанды интеллекттің (ЖИ) адамнан асып түсу мүмкіндігі туралы пікірталастар жиі қозғалады. ЖИ кейбір салаларда адамның қабілеттерінен асып түсетінін көрсетіп келеді. Мысалы, есептеулер, ақпаратты өңдеу және деректерді талдау сияқты техникалық және автоматтандырылған міндеттерді орындауда ЖИ өте тиімді. Бірақ адамзаттың шығармашылық, эмоционалдық интеллект, этика және шешім қабылдау қабілеттері әлі де ЖИ-ден жоғары.


### ЖИ адамнан асып түсе ала ма?

Бұл сұрақтың жауабы контекстке байланысты. ЖИ нақты бір салаларда адамнан жылдамырақ, дәлірек және тиімдірек жұмыс істей алады. Мысалы:

- *Шахмат және го* сияқты күрделі ойындарда.

- *Медициналық диагноз қоюда* үлкен көлемдегі деректерді жылдам талдау.

- *Автоматизация* және робототехникада адамның күшін қажет етпейтін жұмыстарды атқару.


Бірақ ЖИ-дің адамнан толықтай асып түсуі мүмкін емес деп айтуға болады, өйткені:

- *Эмпатия* мен *этикалық шешім қабылдау* ЖИ-ге әлі үйретілген жоқ.

- *Креативтілік* пен *интуиция* сияқты адамдық қасиеттерді ЖИ дәл қайтара алмайды.

- Адамның *бейімделгіштігі* мен *көпқырлылығы* ЖИ-ге тән емес.


### ЖИ-ден қорқу керек пе?

ЖИ-ден қорқу мәселесі көбіне оның дұрыс қолданылуына және қауіпсіздік шараларының сақталуына байланысты. Міне, ЖИ-ге қатысты негізгі қауіптер:

- *Жұмыс орындарының қысқаруы*: Көптеген салаларда автоматтандыру арқылы адамдарды ЖИ алмастырып, жұмыссыздықты арттыруы мүмкін.

- *Құпиялылық* және *мәліметтердің қауіпсіздігі*: ЖИ жеке ақпараттарды өңдеу барысында олардың дұрыс қолданылмау қаупін тудырады.

- *Этика мәселелері*: Кейбір жағдайларда ЖИ шешімдері адамгершілікке сай келмеуі мүмкін.


Алайда, ЖИ-дің дамуымен бірге *құқықтық және этикалық нормалар* жасалып, қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынуда. Адамдар ЖИ-ді дұрыс бағытта дамыту және қолдану арқылы осы технологияның әлеуетін толық пайдалануы қажет.


Қорытындылай келе, ЖИ-ді дұрыс қолдана білсек, ол қоғамның дамуына үлкен үлес қоса алады, ал қорқынышты тұстарын технологияны этикалық және қауіпсіз пайдалану арқылы азайтуға болады.





Сабақ барысы: 

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу

Ұстаздарды қарсы алу

Ән ұран орындау

  1. Кіріспе сөз

Жүргізуші:

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз!

Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін көрген»деген сөздермен ұштасып жатады.

Армысыздар, ардақты ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Мерекелеріңізбен!


Психологиялық тренинг:

Қызығушылық ояту

«Ұстазға теңеу». Оқушылар сіздер ұстаздарға қандай теңеу сөздерін айтар едіңіздер

Әңгімелеу:

- Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге « Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін.

Өнерлі жігіт Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан: - Күніне қанша табасың? – деп сұрайды. - Екі дирхемге жетер-жетпес қана. - Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер: - Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

  • Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?

  • Не үшін?

  • Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?

  • Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Постер қорғау:

«Мен жақсы бала болу үшін…» қандай бала болуымыз керек?

Күн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толтырайық.

Мысалы: рухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керек.


Қорытынды:

Ұстаз ақыл-ойы мен күш- қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. .Өйткені, ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан, болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып, қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе ,

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы шәкірттеріңіз көп болсын! Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!