400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үстеу туралы түсінік" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үстеу туралы түсінік. Үстеудің құрамдық түрлері

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

1. БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға үстеудің құрамдық түрлері туралы түсінік беру, құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету. 
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.. 
3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу. 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту


Қайталау сұрақтары: 
Үстеу дегеніміз не? 
Үстеулер қандай сөз таптарынан ауысып келген сөздер? 
Үстеулер морфологиялық құрылымына қарай неше топқа бөлінеді? 
Жалаң үстеулер нешеге бөлінеді? 
Күрделі үстеулер қалай жасалады? 

Мағынаны тану


І. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір. 
Негізгі ұстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ, -рек, -ырақ, -ірек, және –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам – жылдамырақ, жылдамдау, тез – тезірек, тездеу, ілгері – ілгеріек, ілгерілеу, кещ-ш – кешірек, кештеу т.б. 
ІІ. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірімен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады. 
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар: 
–ша., -ше: адамша, балаша, көзінше. 
–лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикілей, қыстай, осылай, ақшалай. 
–дайын, -дейін, -тайын, -тейін: тотыдайын, бұлақтайын, сұңқардайын т.б. 
– шама, -шеме: осыншама, біршама, соншалық т.б. 
– майынша, -мейінше, байынша, - бейінше, -пайынша, -пейінше құранды жұрнақтар айтпайынша, оқымайынша, тыңдамайынша т.б. 
ІІІ. Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады: 
i. сөздің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулері: жаздыгүні (жаздың + күні), таңертең (таң + ертең), ендігәрі (енді+гіден+әрі), биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн) т.б. 
ii. сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: жоғары-төмен, енді-енді, әрең - әрең, қолма-қол, бет-бетімен, қолды-қолына т.б.; 
iii. сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеулер: күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, қаннен – қаперсіз күн ілгері, күн ұзаққа т.б; 
ІV . Жаттығу жұмыстарын орындау

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

БББ кестесі

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау

Бағалау парақшаларын үлестіру

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі