«Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл, мекен үстеу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл, мекен үстеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға үстеудің мағыналық түрлері мезгіл, мекен үстеу туралы түсінік беру.Оқушылардың ой – өрістерін әртүрлі жұмыс істеу аясында дамыту, өздеріне ізденулеріне бағыт беру, оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу әрекетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елтай орта мектебі КММ»













Shape1



Тақырыбы: «Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл, мекен үстеу»

(6-сынып)









Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Искакова А.К










2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері .Мезгіл, мекен үстеуі.

Жалпы мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үстеудің мағыналық түрлері мезгіл, мекен үстеу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін әртүрлі жұмыс істеу аясында дамыту, өздеріне ізденулеріне бағыт беру, оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Бір-бірін сыйлауға, бір-бірінің айтқан сөзін тыңдауға үйрету.  

Оқу нәтижесі:  

1. Үстеу туралы барлық мәліметті біледі.
2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды.
3. Әңгіме құрастырады, мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.
  Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, мәтіндер, тапсырмалар, интерактивті тақта, слайд, қағаздар.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Психологиялық кезең: Қане, бәріміз орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық. БіздеПоэзия минуты»

Амансыңдар ұл – қыздар,

Әзірмізбе сабаққа.

Қазақ тілі сабағы,

Сай келейік талапқа.


Жансая: Барма үйден дайындық,

Жандос: Тапсырмаңыз дұрыспа.

Қарақат: Оқымасаң уайым қып,

Зарема: Тығылмаңыз қуысқа.

Жансая: Ойымызды айтайық,

Зарема: Білімімізді байқайық.


Бәрі:Тексеруші ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Бүгін, балалар, күндегіден ерекше сабақ. Байқап отырсаңдар бізге қонақтар келіп отыр. Біздің сабағымыздың ұраны: «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең, ұмытасың. Ал егер түсіну үшін оқысаң, есіңе сақтайсың». Сондықтан бар білімімізді көрсетуге тырысайық. – Қане, енді сабағымызды бастайық. Өткен сабақты қайталап өтейік.

Олардың сабаққа қатысуын түгендеп, топқа бөліп, зейіндерін сабаққа аударамын. 

І Үй жұмысын пысықтау.

Үстеулерді топ-топқа бөліп, құрамына талдаңдар. 
Ертең, қазір, бүгін, асығып-үсігіп, кеше, таңертең, кешке, сәл, зорға, бет-бетімен, бірте-бірте, енді-енді, ендігәрі, кеш. 

Негізгі үстеулер

Туынды үстеулер

Күрделі үстеулер




«Миға шабуыл»

Қайталау сұрақтары: 
Ø Үстеу дегеніміз не? 
Ø Үстеу құрамына қарай қалай бөлінеді?
Ø Дара үстеу дегеніміз?  
Ø Дара үстеулер қалай бөлінеді?
Ø Күрделі үстеулер қалай жасалады? 


ІІ Жаңа сабақ. Жалқыдан жалпыға қарай түсіндіру әдісі. Балалар, тақтаға қарайық. 

Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа материалды өздігінен меңгерулеріне мүмкіндік беру. 
Осы сөйлемдерден етістікпен тіркесіп тұрған үстеулерді тауып, сұрақ қойыңдар. 
Сөйлемдердегі үстеулерді құрамы мен тұлғасына қарай талдаңдар. Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? 
Сонымен, балалар, мезгіл үстеу дегеніміз не екен? Өздеріне ереже шығартып, өзара топтармен тексерту, оқулықтағы ережемен салыстыру. 

Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейту (күшейткіш) үстеуі, мақсат үстеуі және себеп-салдар үстеуі, топтау үстеу.

Мезгіл үстеуі Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Бүгін, былтыр, биыл, ертең, енді, таңертең, кешке, қазір, енді, ендігәрі, бұрын, күндіз, ертеден, бүрсігүні, күні бүгін, қыстай, ала жаздай,бағана, күні-түні, бойы, қыстыгүні, әлгінде, т.б

Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, т.б. мезгіл үстеулері құрамын жағынан негізгі немесе туынды түбір не күрделі түбір бола береді.

Есіңе сақта! 
• Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді. 
• Сұрақтары: қашан? қашаннан? 
• Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. 
• Құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі болып бөлінеді. 

Мекен үстеу Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Ілгері, кейін, әрмен, мұнда, осында, сонда, әрі, бері, жоғары, төмен, алға, тысқары, артта т.б

ІІІ Қолдану 217-жаттығу

Мақсаты: Мәтінді оқып, мезгіл үстеулерін атаңдар, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер. Үлгі: енді: қашан тынығайық? -енді тынығайық.

219-жаттығу Мақсаты: Мәтінді оқып, мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсет. Үлгі: алыста: қайда шағылысады? –алыста шағылысады.

ІҮ Жинақтау

I деңгей тапсырмасы. 1.Қайсысы дұрыс? Көшіріп жазып, дұрысының астын сыз. 
Бүгін – бүгүн, таң ертең – таңертең, күні бойы – күнібойы, алажаздай – ала жаздай, ендігәрі – енді гәрі, ылғи – лғи, жазды гүні – жаздыгүні.  IІ деңгей тапсырмасы. 1.Төмендегі мақалдарда қалдырылып кеткен үстеулерді орнына қойыңдар. 
1) Еріншекке (қашан?) оңай? 
2) (Қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық? 
2. Ымырт, түнде, қызыл іңірде, іңір, жарым түнде. Әр оқушы ішінен екі сөзді таңдап, мезгіл үстеуге сөйлем құрау. 
IІI деңгей тапсырмасы. Жұмбақтың жауабын тауып, мезгіл үстеуді дәптерге көшіріп жазу. 
1. Күндіз-түні жүреді Сырғымайды бір елі 
2. Қыста сұйықты аузына алмайды, Жазда қанша ішсе суға шөлі қанбайды 
3. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады 
4. Аңғал-саңғал қайықпен, Қыста ғана жүземін. 
5. Қыста тамаққа тоймайды, Жазда ұйқыға тоймайды. 
6. Ерте тұрдым, Алып ұрдым. 
7. Күндіз қалғып мызғиды, Түнде зарлап ызғиды. 
8. Ертең ерте тігемін 

Кешке қарай сөгемін. 


Сөзжұмбақты шеш.

Жаңа сабақты қортындылау. «Қоянның сұрақтары»

Үйге: 218-жаттығу.

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау.

Рефлексия: «Жапырақтар»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі