Материалдар / Үштілділік аясында оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану алқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту

Үштілділік аясында оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану алқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі» пәнінің білім деңгейі ой-өрісі дамыған , өз ойын еркін жеткізе алатын , туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Үштілділік аясында оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту»



Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.





С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:Умирбекова Райхан Жанатаевна.















2016-2017 оқу жылы. Жоспар

  • Кіріспе бөлім.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі .Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа технологиялар, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.



  • Негізгі бөлім.
II.1 Мемлекеттік тілді қадірлейтін,тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.II.2 Қазақ халқының салт-дәстүрін қазақша сөйлеу әдебін , қазақ әдебиетін меңгерту.II.3 Үштілді оқу түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.



  • Қорытынды бөлім.
Қарым-қатынас жасауға қабілетті азаматты, қазақша тілдік тұлғаны тәрбиелеу.













Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу- Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Мемлекеттік тіл- еліміздегі халықтар бірлігінің негізі, ұлтаралық қарым- қатынастың ұйтқысы. «Қазақ тілі» пәнінің білім деңгейі ой-өрісі дамыған , өз ойын еркін жеткізе алатын , туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру,олардың әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік қоғамдық, әлеуметтік- мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу – негізгі ұстаным болып табылады. Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдайяттық тапсырмалар орындау, постерлерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. « Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт –дәстүріне және әдет - ғұрпына құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттерді құрметтей білуге үйрету.«Қазақ тілі» пәні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге, танып білген нәрселерін қазақша санасына түюін, пікір алысуға ,Оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге үйретеді.Аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды.Көркем әдеби, ақпараттық- танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдау жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты, мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:
  • мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады.
  • қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;
  • қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
  • жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;
  • меңгерген қазақшы тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым- қатынасқа түседі;
  • қазақ тілінің қоғамдық- әлеуметтік қызметін түсінеді;
  • тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзіреттіліктіктің негізін қалыптастырады.ҚР білім беру ұйымдары қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын мұғалімдер үш тілді оқытуды жүзеге асыруда тілді деңгейлеп меңгерту арқылы жек тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда әрбір жаңа тақырыпты үш тілді оқыту аясындағы ағылшын және орыс тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлердегі ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыра отырып меңгертуге басты назар аудартуы керек. Қазіргі кездегі қазақстандық ортада пайда болып жатқан көптеген жаңа құбылыстар, жаңалықтардың көпшілігі көне латын тілінде, ағылшын тілінде аталатыны белгілі. Осы тұста мұғалім оны үштілділік бағытта тануға пайдалануға тиіс. Оқушылардың компьютерді, телефонды, интернетті еркін пайдалануы- қазақ тілі сабақтары үшін тек мол ақпарат мақсатында ғана емес, үштілді үйретудегі ортақ нүктені табуға, тиімді қолдануға да тірек болуы керек.Қазақ тілі мұғалімі басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды. Мәтіндерді, тапсырмаларды пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады.Қазақ тілі мен басқа пәндер мұғалімдері арасында пайдаланатын мәтіндер мен тапсырмаларды орындату негізінде оқушылар арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады.Осы мақсатты жүзеге асыруда қарым- қатынас жасауға қабілетті азаматты тәрбиелеуде, қазақша сөйлеу- сөйлесу, жазу түріндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру қажет.Мұндай ортада оқушының тілдік тұлғасы өз ойын қазақ тілінде ауызша және жазбаша түрде еркін білдіре алатындай болуы үшін түрлі формадағы қатысым түрлерін үйрету маңызды болып табылады.Бұл бағдарлама оқушылардың коммуникатифтік дағдыларын дамытуды көздейді.Оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қазақша қарым-қатынас жасау барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөулеу түрлерін сауатты пайдалануын қамтамасыз етеді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі.1.Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы . Астана 2016 ж.2. Дүсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте . Бастауыш мектеп-2003 жыл

3. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар .Өскемен Медиа Альянс.- 2005 жыл 4. Жазықбаева V. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.Бастауыш мектеп-2006жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ