Материалдар / Үштілділік-заман талабы

Үштілділік-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен студенттерге пайдалы қазіргі заман талабына сай жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Вчера жила в нищете, а сейчас богата

Материал туралы қысқаша түсінік

Компьютерлік ойындарының және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері

Компьютерлік  ойындарының  және  теледидар,  ұялы  телефон бағдарламаларының  балаға  әсері




Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Бүгінгі күні теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айрылмас досы болып алды. Компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді.

Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып, игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі.

Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефон.
Ұялы телефон арқылы 
әлеуметтік желілерде тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Әлеуметтік желі ауруы – аз - аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда. Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. Әлеуметтік желілерге кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.

Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы-ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-бірінеәлеуметтік желілер арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталана береді.

Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен. Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. Өйткені ұялы телефон ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екен.
Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларының жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады. Ата
 - аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оның баларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды.

.

— 1-4 сынып оқушылары тәулігіне  30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмауы керек.

— жұмыс орнын өзіңізге қолайлы етіп әзірлеңіз.

— бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.

— компьютермен жұмыс істегенде реттелетін кресло немесе орындықты қолданыңыз.

— биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.

— егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз.

— өз көздерiңізге демалыс беру үшін көз жаттығуларын жасаңыз.

— баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз.

Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес, үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ