Материалдар / Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің! 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің! 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
7855
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

Мақсаты: 1. Оқушылардың ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық – қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.

Оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру

Ата –ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Тақырып  жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,  компьютерде жазылған слайд, проектор, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.


            Нақыл сөздер

«Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақал-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» .                  А.С.Макаренко

«Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл-отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А.С.Макаренко

«Бала жөнінде әділ пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесінде көшуіміз керек».                                    Н.Н.Пирогов

«Ата-аналар балалрына сыйлы болуы тиіс. Бірақ сый – сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» В.Г.Белинский

 

Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.  Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген.

 

«Әрбір баланың мінез – құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, жиналысымызға  қатынасып отырған ата-аналар, ұстаздар төмендегі сауалнамаларға жауап берейк.

1. Сауалнама

Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.

 

1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?

а) оған айғайлайсыз;

ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;

б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;

в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;

г) желкесінен ұрасыз;

д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;

е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________


2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?

а) жиі;

ә) сирек;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________



3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:

а) тәрбиелеуге ұмтылу;

ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;

б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;

в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;

г) балам мені ренжіткенде;

д) ұрып-соғу үшін;

е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;

ж) түсіндіре алмаймын;

з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________



4.
Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?

а) иә;

ә) жоқ;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқа (қандай) _______________________________________________________________


5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?

_____________________________________________________________________________


6. Жазып көрсетіңіз:

Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________

Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________

Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________


7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:

а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;

ә) үндемейтін;

б) желкемнен соғып қалатын;

в) ұрып-соғатын;

г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;

д) басқаша ____________________________________________________________________


8. Үйдегі мерекелерді, қуанышты сәттерді жазып көрсетіңіз: ______________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ата-ананың аты-жөні: __________________________________________________________




4. Іс – шарамыздың келесі бөлімінде мына бейнебаянға назар аударсақ (Б.Мұстапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі.)

Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.

Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсыздар?  Енді осы көрсетілім бойынша сұрақ қойғым келеді:

1. Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар?

2. Ата-аналар, сіздер не айтасыздар?

3. Сіздерге қалай әсер етті?

4. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?

5. Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?


Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.

1-қателік. Балаларды орынсыз еркелету.

2 – қателік. «Не істесең оны істе, маған бәрібір» деп айту

3-қателік. Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата — анаңмын» деп айту

4-қателік. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту

5-қателік. «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту

6-қателік. Балаңызды баршалыққа  баулымау

 

Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

 

5. Келесі бөлімімізде «Бала тілегі» атты бейнебаянды ұсынамыз.

Бала тілегі атты бенейбаяннан өрбитін сұрақтар.

Осы бейне баяннан қандай ойлар туындайды?

Әкеннің ондай жағдайға душар болуына не әсер етті?

Ағасының бауырына істегені дұрыс па, оны сіз жақсылық деп түсінесіз бе?

Қорытынды:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.

«Мейірімділікті анадан,

Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.

Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қасиеттерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен  ата-аналар жиналысымды тәмамдаймын.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!