Материалдар / Ұяда не көрсетсең, Ұшқанда соны іледі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұяда не көрсетсең, Ұшқанда соны іледі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ата – ананың бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ – түйегі болмайтынын сезіндіре отырып, оқушылардың сана – сезімін, ақыл, ойын, әр баланың өзіндік ерекшеліктерін дамыту, өмірге көзқарасын, қызығушылығын, адамгершілік нормаларын меңгеріп, жеке бас тұлғасын тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
644
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұяда не көрсетсең,

Ұшқанда соны іледі.


Мақсаты: Ата – ананың бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ – түйегі болмайтынын сезіндіре отырып, оқушылардың сана – сезімін, ақыл, ойын, әр баланың өзіндік ерекшеліктерін дамыту, өмірге көзқарасын, қызығушылығын, адамгершілік нормаларын меңгеріп, жеке бас тұлғасын тәрбиелеу.

Сынып бөлмесіне плакатқа жазылған сауал – сұрақтар, бала тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер ілінеді.


  1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. (Абай).

  2. Баланы бұзуға, түзеуге себеп бір шарт – жас кезінде көрген өнеге. (Ж. Аймауытов).

  3. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. (Қорқыт ата).

  1. Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын. (Абай).

  1. Ата – анаға қарап бала өседі,

Қарағайға қарап тал өседі.

Сабақ барысы:

  1. Кіріспе. Тәрбиеші: Ата – аналарға бүгінгі жиналыстың өзгеше екенін, бар ынта

жігерімен қатысуын ескертеді. Мақсаты хабарланады.


  1. Шағын баяндама:

А. С Макаренко өзінің «Ата - аналар» кітабында: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ –

Түйек нәрсе жоқ. Ешнәрсені ұсақ – түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өміріңізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ – түйектер үздіксіз күнбе - күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ – түйектен құралады. Өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз», - деген.

Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Еңбек ету нәтижесінде баланың өмірге көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, әсері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптасады. Ендеше, бүгінгі отырысымыздың негізі бала еңбегі жайында болмақ.


  1. Пікірталас

Бір апта таратылып берілген мына сұрақтарға ата – аналардың пікірі тыңдалады.

  1. Жанұяда бос уақытты қалай өткізесіз?

  2. Баланы еңбек етуге неше жастан, қалай үйретесіз?

  3. Сізге көмектесем деп, балаңыз өте қымбат тұратын ыдысты сындырып алды. Сіздің әрекетіңіз?

  4. Енді құрметті ата – аналар баланың тәрбиесі жөніндегі пікірлеріңіз тыңдалды. Енді «Сіз жақсы ата – анасыз ба?» деген тест сұрақтарына жауап беріп көрейік.

Ұпайды әркім өзі есептеп жазып отырады. Ұпай кестесін тақтаға плакатқа жазып, іліп қою керек. Сол бойынша әркім өз ұпайын есептеп отырады.


Тест сұрақтары


  1. Балаңыздың сұрағына жауап беруден жалтарасыз ба? Мысалы, мынадай деп:

«Мен саған үлкен болғанда түсіндіремін».

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңызды ұсақ – түйек, күнделікті тұрмыс қажетіне жұмсау үшін берілетін

ақша мөлшері баланың қалауынша деп есепетейсіз бе?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Кейбір жағдайларда рұқсат етпеу себебіңізді балаңызға түсіндіруге тырысасыз

ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың сізге көмек көрсетуіне рұқсат етесіз бе? Ол көмек сізге аздап қана

қажет немесе мүлдем қажет болмаса.

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың байқау – бақылау қабілетін дамытуда әрбір сәттерді пайдалансыз

ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелерді айтуға рұқсат етесіз бе?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді.

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың үлкендердің өміріне араласу зиян деп ойлайсыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Бала тәрбиесі туралы кітап оқисыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың жеке құпиясы болуы мүмкін деп ойлайсыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Тамағын ішпей, ысырып қойса ұрысасыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың өз күшіне сенімін, өз бетімен жұмыс істей білу қабілетінің

дамуына мүмкіндік бересіз бе?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.

13. Кейбір кемшіліктері бола тұрса да, балапңыздың жетістіктеріне қуанасыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңызбен уақытыңызды өткізу сізге қуаныш, қанағат бере ме?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Бала тәрбиесіндегі баланы жалтақтыққа, тартыншақтыққа әкелетін қатал

тәрбиені күйеуіңізбен (әйеліңізбен) талдайсыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Айтқаныңызды тез арада орындайтындай етіп, балаңызға бұйрық бере аласыз

ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың достарымен достық қарым – қатынас сізге жеңіл беріле ме?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың қызығушылығы мен қылыұтары өз жасына сәйкес болмаса, сіз оны

дұрыс деп санайсыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыз үшін негізгі мәселелерді өзіңіз шешесіз бе? (Жұмыс таңдау, мамандық

таңдау). Мысалы: «Саған қарағанда саған не лайық екенін мен жақсы білемін».

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыздың өзіңізден жасыратын құпиясы жоқ деп, сондықтан ол маған

ренжімейді деп, балаңызға арналған хатты ашасыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыз сізбен пікірталас кезінде сіздің көзқарасыңызды өзгерте ала ма?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңызды әділетсіз жазалап, кінәлап, күдіктенген болсаңыз, қателігіңізді

мойындап кешірім сұрайсыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


  1. Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп

отырған қызық телекөрілімді тоқтата аласыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.

  1. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың өте қатал екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте

аласыз ба?

А) ия; Б) кейде; В) жоқ.


Жауаптар мына кестемен есептеледі.

Егер сіз 130 және одан жоғары ұпай жинаған болсаңыз, сіз бала тәрбиесін дұрыс түсініп, өте жақсы тәрбие беретін ата – ансыз;

120 – 129 ұпай – өз міндеттеріңізді дұрыс түсінетін, жақсы ата – анасыз;

80 – 99 ұпай – сіз онша да жаман ата – ана емессіз. Бала тәрбиесінде кейде кемшіліктер жібересіз. Соның салдарынан балаға ықпалыңыз, абыройыңыз төмендейді.

60 – 79 ұпай – өкінішке орай, бала тәрбиесінде сіздің кемшіліктеріңіз көп. Балаңыз сізбен араласуын онша қаламайды.;

30 – 59 ұпай – сіздің қылықтарыңыз бен істеріңіз жүйелі емес. Сіз күнде орындалатын жұмысыңызды кей кезде өте жиі, кейде мүлдем орындамайсыз;

30 – дан төмен – біз сіздің балаларыңызға жанашырлық сезімімізді білдіреміз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!