Материалдар / ҮЗДІК ИНФОРМАТИК
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҮЗДІК ИНФОРМАТИК

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК» сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Талапкерлердің XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық: Талапкерлердің білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:Әрбір талапкерді тиянақтылыққа, өзіне - өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Информатика пәнінен алған білімі бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Жоспары :

  1. Бәйге

  2. Дода көкпар

  3. Тіл-өнер

  4. Жеті жұмбақ

  5. Ғажайып алаң


Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Талапкерлерді сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау


Жүргізуші:

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата - салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.


Жүргізуші:

Ұстаздар аман ба екен құрбы - құрдас,

Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

Жақсы ма денсаулығың хал жағдайың,

От басында аман ба мал менен бас.


Жүргізуші:

Құрметті оқытушылар мен талапкерлер! Колледжімізде өтіп жатқан «Мамандық – өмір таңдауы» атты ашық есік күніне қош келдіңіздер!


Жүргізуші:

Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған талапкерлерді ортаға шақырамыз.


Жүргізуші:

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:


Жүргізуші:

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың І кезеңі «Бәйге» сайысын бастаймыз. Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

«Бәйге»

  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  • Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60 -70см)

  • Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)

  • Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • Принтердің неше түрі бар? (3)

  • 1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? (5)

  • Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)

  • Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)

  • Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)

  • Компьютер ауруы (вирус)

  • Windows деген не? (терезе,ОЖ)

  • Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)

  • Компьютердің атасы (Ч.Бэббидж)


Жүргізуші:

І тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз талапкерге «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық.

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын

Келесі кезең «Дода көкпар»

1. Ондық санау жүйесіндегі 16 саны екілік санау жүйесінде былай жазылады.

1) 10002; 2) 11112; 3) 100002

2. «Бит» сөзінде неше бит бар?

1) 3бит; 2) 24 бит; 3) 8 бит

3. Microsoft фирмасын құрған кім?

1) Билл Гейтс; 2) Пол Аллен; 3) Ф. Нейман

4. Винчестр деген не?

1) қатты диск; 2) иілгіш диск; 3) компакт-диск

5. Нақты бір файлды көрсететін белгіше?

1) файл; 2) таңбаша; 3) қапшық


Жүргізуші:

ІІ тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз талапкермен қоштасатын сәт туды.

Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан талапкерге 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.Сұрақты мұқият тыңдаймыз.


«Тіл-өнер»

  • Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

  • Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)

  • «Ас - адамның арқауы», ал компьютердің асы...(ток, ток, currend)

  • Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)

  • Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)

  • Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)

  • Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)

  • Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)

  • Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)


Жүргізуші:

ІІІ тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз талапкерге «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық.


Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

Информатика, құрметтеуге лайық.

Келесі кезең:

«Жеті жұмбақ»

Экранда «АҚПАРАТ» сөзіне сөзжұмбақ жасырылған, қай талапкер шешсе, сол 10 ұпайға ие болады.

  • Бұтақ орнында мың бір инесі

  • Компьютер жаны мекені (кактус)

  • Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

  • Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

  • Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

  • Бар нәрсеге жетік

  • Миы күшті тетік

  • Ол арқылы сөйлесіп

  • Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)

  • Егер білсең айта ғойшы,

  • Бұл қандай құрылғы

  • Ақпаратты қағаздағы,

  • Компьютерге енгізеді? (сканер)

  • Экранның бетінде оның тұрағы,

  • Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

  • Қанша тетік тізілген

  • Саусағыңды сезінген

  • Барлық сенің ойыңды

  • Компьютерге енгізген (пернетақта)

  • Биологияда бұл паразит

  • Көзге зорға көрінер

  • Информатикада өлшем бірлік,

  • Ақпараттарды өлшер (бит)






К

А

К

Т

У

С





Т

Ы

Ш

Қ

А

Н







К

О

М

П

Ь

Ю

Т

Е

Р





С

К

А

Н

Е

Р




М

Е

Ң

З

Е

Р






П

Е

Р

Н

Е

Т

А

Қ

Т

А







Б

И

Т







Жүргізуші:

IV тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен шығарып салайық.


Тез жауап бер ойланып тұрып қалма

Мәреге таяп қалды бұл жарыста

Келесі кезең «Ғажайып алаң»

Экранда 10,20,30 сандарының астында сұрақ жасырылған сол сұраққа жауап берсеңіздер сол ұпайды аласыңдар.

10 (сол жақта) – мәліметті оңға өшіретін перне (delete)

10 (ортада) – мәліметті солға қарай өшіретін перне (Backspace)

10 (оң жақта) – Алғашқы және артқы мәліметтерді көре алатын перне (PageUp, PageDown)

20 (сол жақта) – Үлкен әріппен жазуға болатын перне (Caps Lock)

20 (ортада) – Функционалдық пернелер саны нешеу (12)

20 (оң жақта) – Курсорды сөздің немесе жолдың басына әкелетін перне (Home)

30 (сол жақта) – Келесі қатарға көшіруге мүмкіндік жасайтын перне – (Enter )

30 (ортада) – Бағдарламаны тоқтатады немесе бастапқы қалыпқа келтіретін перне (ESC)

30 (оң жақта) – Бұл пернені баспасақ санды тере алмаймыз? (NumLock)


Жүргізуші

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.


Жүргізуші

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!

ИБ – 11 тобының студенті Жауынбай Әйгеріммен Тұрсынова Айнұрдың орындауында ән.

Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды шоу “Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!