«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК»
сайысы
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділігі:
Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын
жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын
арттыру.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға
дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын
дамыту.
3. Тәрбиелік:
Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне - өзі талап қоя білуге баулу,
көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық -
гигиеналық талаптарын
орындату.
Сабақтың түрі:
Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде
өтеді.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, таратпа материал,
компьютер.
Жоспары:
I.
Бәйге
II. Дода
көкпар
III. Тіл -
өнер
IV. Жеті
жұмбақ
V. Ғажайып
алаң
Өтілу
барысы:
I.
Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды
сайысқа шақыру
II. Сайысты
өткізу программасымен
таныстыру
Әділқазылар
алқасымен таныстыру
Сайысты
өткізу
Әділқазылар
алқасының қорытынды
жариялауы
Марапаттау
І
жүргізуші:
Тойлап маржандай
боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың
ба елеңдесіп.
Ата - салт, баба
дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі
сәлемдесіп.
ІI
жүргізуші:
Ұстаздар аман ба
екен құрбы - құрдас,
Сыныптас бірге
оқып болған сырлас.
Жақсы ма
денсаулығың хал жағдайың,
От басында аман
ба мал менен бас.
І
жүргізуші:
Бүгін біздің
сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды
бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен
танылған оқушыларды ортаға
шақырамыз.
ІI
жүргізуші:
Әділ халқым
берерсің әділ баға
Өнері мен өренін
салыстырып
Ең алдымен
сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен
таныстырайық:
І
жүргізуші:
Төрағасы, төбе
билер, жюрилер
Әділетпен кеңес
құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1 - кезеңі «Бәйге» сайысын
бастаймыз. Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай
беріледі.
«Бәйге»
Адам мен
компьютер арасындағы қарым - қатынас
(интерфейс)
Аты бар бірқатар
байттар тізбегі (файл)
Ақпараттық
процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал
(компьютер)
ЭЕМ - мен жұмыс
жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60 -
70см)
Арифметикалық
амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина
(арифмометр)
Қағаздағы
кескінді экранға шығаратын құрылғы
(сканер)
Компьютердің
«ақыл - ойы», ең басты бөлігі
(процессор)
Принтердің неше
түрі бар? (3)
1012 екілік саны
ондық жүйеде қандай сан?
(5)
Логикалық
көбейту амалы қалай аталады?
(коньюнкция)
Компакт - диск
оқу құрылғысы (CD - ROM)
Дүниежүзілік
компьютерлік желі
(интернет)
Компьютер ауруы
(вирус)
Windows деген
не? (терезе, ОЖ)
Alt+F4 пернелер
комбинациясының қызметі (терезені
жабу)
Компьютердің
атасы (Ч. Бэббидж)
І
жүргізуші:
1 - тур
қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде
жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып
салайық.
Ең қиынын
жарыстың
Жеңіп алда
жарыссын
Келесі кезең
«Дода көкпар»
Әр оқушыға
практикалық жұмыс беріледі Paint графикалық редакторынан сурет
салу.
ІI
жүргізуші:
2 - тур
қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушымен қоштасатын сәт
туды.
Ана тілім арым
бұл,
Ұятың боп тұр
бетте.
Өзге тілдің
бәрін біл,
Өз тіліңді
құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың
тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл - өнер»
Сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып,
қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде
айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият
тыңдаймыз.
«Тіл -
өнер»
Ақпараттың
қайнар көзі (табиғат, природа,
nature)
Фонограф
бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук,
sound)
«Ас - адамның
арқауы», ал компьютердің асы...(ток, ток,
currend)
Программадағы
немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка,
error/mistare)
Қоршаған орта
және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат,
информация, information)
Жіпке ілдім мен
өзін, Кіп - кішкентай күн көзін. (шам, лампочка,
lamp)
Компьютермен
жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка,
mouse)
Логикалық
көбейтудің атауы (және, и,
and)
Сәлем ненің
патшасы? (сөз, слово, word)
Кітап ненің
бұлағы? (білім, знание, knowledge)