Материалдар / Үздік құқықтанушы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үздік құқықтанушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үздік құқықтанушы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
920
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

______________

дир. оқу ісі жөн. орынб.

А. Ж. Сарбаева

12.12.2017 ж.



«С. Датұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






«Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырып аясында

«Үздік құқықтанушы»

сайыс сабағы













Құқық пәні мұғалімі: Муханова Балзиба


Сайыстың білімділік мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Сайыстың дамытушылық мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сайыстың тәрбиелік мақсаты: Конституция тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, иллюстрациялық әдіс, шешендік сайыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, кітаптар, буклет, заңдар жинағы.

Сайыс барысы: кіріспе сөз.

Армысыздар қадіменді ұстаздар, оқушылар!

Құрметті әріптестер мен оқушылар біздің бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі пікірсайысымызға арқау болып отырған «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырып аясында «Үздік құқықтанушы» сайысы.

Халық бұқарасына жаппай құқықтық білім беру мәселелері Қазақстан Республикасында қарастырылған. 1995 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Құқықтық білім алуға барлық жастағы, қарапайым жұмысшыдан министрге дейін тартылуы керек. Заң сыйлағыштық мәдениеті бар, заңға мойын ұсынатын азаматтар да, заңды бұзушылар да бала жастан қалыптасады.

Заңның алдында жұрттың бәрі тең!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабына «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлкет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргезген.

Бүгіндерді құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан өз құқығымызды құрметтей білейік ағайын!

Сайысқа қатысушылар: 10 сынып оқушылары, әділқазы алқалары. Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Сайыстың шарттары:

  1. «Іріктеу» кезеңі.

  2. «Шынығу» кезеңі.

  3. Сен білесің бе?

  4. Жалғасын тап.

  5. Сөз шебері.

Сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасымен танысайық.

І. «Іріктеу» кезеңі. Бұл кезеңде сайыскерлер құқық тақырыптарына қатысты сұрақтар қойылады. Сұрақтар тест түрінде беріледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

  1. Конституция сөзінің аудармасы

А. «конституция» - құрылым, өкілім; +

В. Құрылым, өкілім.

С. құрылым.

  1. ҚР құрылымы жағынан қандай мемлекет?

А. Егеменді.

В. Унитарлы. +

С. Аграрлы.

  1. Қазіргі қолданыста жүрген ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды?

А. 1993 жылы 28 қаңтар.

В. 1995 жылы 30 тамыз. +

С. 1993 жылы 15 қараша

  1. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы

А. 16-18 жас

В. 15-18 жас

С. 14-16 жас +

  1. ҚР-дағы ресми тіл

А. Қазақ тілі

В. Орыс тілі +

С. Ағылшын тілі

  1. ҚР-ның Конституциясына қай жылы, қай айда өзгертулер енгізілді?

А. 1995 жыл 30 тамыз

В. 2005 жыл 20 мамыр

С. 2007 жыл 21 мамыр +


  1. ҚР-ның «Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А. 1991 ж. 16 желтоқсан

В. 1992 ж. 4 маусым +

С. 1997 ж. 10 желтоқсан

  1. «Cындарлы он жыл» кітабының авторы?

А. Ә. Кекілбаев

В. М. Шаханов

С. Н. Назарбаев +

  1. 22 қыркүйекте қандай мереке тойланады?

А. Республика күні

В. ҚР халықтарының тілдер күні

С. Нашақорлыққа қарсы күрес күні

  1. Ата Заң не үшін қызмет етеді?

А. Әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға +

В. Дауыс беру құқығына

С. Мемлекеттік тілді қорғауға қызмет етеді

  1. ҚР-ның азаматы бола алады:

А. 3 жыл тұрғандар;

В. 5 жыл тұрғандар; +

С. Барлығы, кез келген адам;

  1. жаңа туған бала қай уақыттан бастап ҚР-ның азаматы бола алады?

А. 16 жастан бастап;

В. 18 жастан бастап;

С. Туылған сәтінен бастап.+

  1. Ата-анасының шетелде тұрғылықты жері болып, біреуі ҚР-ның азаматы болса, ҚР-нан тыс жерде туылған бала қай елдің азаматтығын алады?

А. ҚР-ның азаматтығын +

В. Шетел азаматы\

С. Ата-анасының жазбаша келісімі

  1. Ата-анасының екеуі де белгісіз баланың азаматтығы:

А. ҚР-ның азаматы +

В. Азаматтығы жоқ

С. Асырап алушының азаматтығымен бірдей

  1. Құқықтық нормалар және ережелер кімдерге арналған?

А. Заңгерлерге

В. Халыққа

С. Адамға +

  1. 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Заң?

А. Қазақстан Республикасының Конституциясы

В. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі+

  1. Сенат депутаты неше жылға сайланады?

А. 7

В. 5

С. 6 +

  1. «Бала құқығы туралы Конвенция» неше баптан тұрады?

А. 56 +

В. 54

С. 55

  1. Мемлекеттің бірден-бір бастауы:

А. Халық +

В. Президент

С. Парламент

  1. Азаматтығына дәлел құжат:

А. Студенттік билет

В. Зейнетақы кітапшасы

С. Куәлік, төлқұжат +


ІІ кезең – «Шынығу» кезеңі. Әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу. Әрбір дұрыс жауап – 10 ұпаймен бағаланады.


  • ДВАКАТО – азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

  • ИВАЗ – әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін арнайы рұқсат қағазы.

  • ИНЦЗЦЯЛЕИ – мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге, сонда-ақ патентке өнертапқышқа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

  • ЕНЦРАУЗ – бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтер мен деректі шектеу не тйым салу.

  • ЦАКИЯ – бағалы қағаз

  • АҢЗЕГР – арнайы заң оқу орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

  • ОВЕТ –мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы. Мұндай ерекше құқық, мемлекет басшысына беріледі.

  • ЯЛАРЕКАЦИД – әр түрлі топтардың келісілген жалпы ұстанымдары мен мақсаттарын қалыптастыратын салтанатты акт.

  • ДУМЕРЕНФЕР – бүкілхалықтық дауыс беру.

  • СЮКОНЕ – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.

  • ТУДИКРАТА – бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.

  • МАЗАТА – нақты бір мемлекеттің азаматтығында жүрген және соның арқасында сол елдің конституциясы мен заңнамасында қарастырылған құқықтар мен міндеттердің жиынтығына ие адам.


Дұрыс жауаптары:


ДВАКАТО – АДВОКАТ

ИВАЗ – ВИЗА

ИНЦЗЦЯЛЕИ – ЛИЦЕНЗИЯ

ЕНЦРАУЗ – ЦЕНЗУРА

ЦАКИЯ – АКЦИЯ

АҢЗЕГР – ЗАҢГЕР

ОВЕТ – ВЕТО

ЯЛАРЕКАЦИД – ДЕКЛАРАЦИЯ

ДУМЕРЕНФЕР – РЕФЕРЕНДУМ

СЮКОНЕ – ЮНЕСКО

ТУДИКРАТА – ДИКТАТУРА

МАЗАТА – АЗАМАТ


Сайыскерлердің ең төмен ұпай жинағаны ойыннан шығарылады.


ІІІ кезең – «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл кезеңде сұрақтардың дұрыс немесе бұрыс екендігі анықталады. Сұрақтар бала құқығы туралы. Әрбір дұрыс жауап – 10 ұпаймен бағаланады.


  1. «Құқық» дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Ж: дұрыс.


  1. 18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады. Ж: бұрыс


  1. Баланың азаматтық құқығы бала туылған кезінен басталады. Ж: дұрыс.


  1. Бала дүниеге келгеннен соң өзіне есім алу құқығы жоқ. Ж: бұрыс.


  1. ҚР-ның «Бала құқығы туралы Заңы» 10 тарау 53 баптан тұрады. Ж: дұрыс


  1. Әр адамның жеке басын куәландыратын зейнетақы кітапшасы. Ж: бұрыс.


  1. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас ассамблеясы балалар құқығы

туралы конвенция қабылдады. Ж: дұрыс.

  1. ҚР-ның «Бала құқығы туралы Заңы» 2002 жылы 8 тамызда күшіне енді

Ж: дұрыс.

  1. Бала 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ж: бұрыс

  2. Әрбір бала өмір сүру құқығына ие. Ж: дұрыс.


  1. Бала қандай шекара болсын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға құқысыз. Ж: бұрыс.

  2. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға тиісті шараларды қолдануға міндетті. Ж: дұрыс.


  1. Конвенцияның 18 бабаында ата-ана жауапкершілігі туралы айтылған.

Ж: дұрыс.


  1. Заң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқысыз. Ж: бұрыс.


ІV кезең – «Жалғасын тап» деп аталады. Әрбір дұрыс жауап – 10 ұпаймен бағаланады.

  • Заңның құрығы ........................... (бәрінен ұзын)

  • Өш алғаннан гөрі ...........................(кешірген жақсы)

  • Тура биде туған жоқ, .....................(туғанды биде иман жоқ)

  • Таста тамыр жоқ, ...........................(биде бауыр жоқ)

  • Туғанына бұрғаны .........................(биді құдай ұрғаны)

  • Жазасын тартпайтын .....................(жамандық болмайды)

  • Дау мұраты .....................................(біту)

  • Жігіттің құны жүз жылқы, .......................(ары мың жылқы)

  • Қылмыскер кісіден қорықпайды, ...................(ісінен қорқады)

  • Сөз шынына тоқтайды, ................................(пышақ қынына тоқтайды)


Ең төмен ұпай жинаған сайыскеріміз ойын алаңын босатады.


V кезең – «Сөз шебері». Бұл кезеңде сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады. Ойды жинақтау уақыты 5 минут. Жоғары ұпай саны – 50 ұпай, төмен ұпай саны – 10 ұпай.


Тақырыптары:

  • Ішімдік ішу – ұлт болашағына зиян.

  • Президент – лауазымды тұлға.

  • Жаза және тәрбие.

  • Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары.

  • Заңды білу заман талабы.

  • Кім өз құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды.


Әділқазылар алқасы әр оқушының бағасын беріп, марапаттайды.

Қорытынды: Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән Елтаңба, Әнұран, Туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі 1995 жылдың 30 тамызында ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданған. Конституция 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгінгі сайысымызда осы мәселелерді қарастырдық. Бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе, Сіздерге көп алғыс айтамын. Өз құқығымызды құрметтей білейік ағайын!
























Заң білмеген - зардап шегеді.

Софиевка ауылы №21 орта мектепте әлеуметтік педогогтың ұйымдастыруымен қылмыстың алдын алу мақсатында 9 сыныпта «Заң білмеген зардап шегеді» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.

Заң білмеген - зардап шегеді.

 

      Мақсаты: Оқушылардың  адам құқығы оның  ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін  кеңейту, әрбір адам өз құқығы  біліп, өзгенің құқығы бұзбауға үйрету, баланың бойында еліне, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелеу.

      Көрнекілігі: Конституция және интерактивті тақта, Абай, үш кемеңгер заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, баптар жазылған парақшалар.

 

1.     Азамат жолы ар  жолы.

2.     Бес түрлі қылмыс жасаған адам қанша садақа берсе де күнәсінен құтыла алмайды.

3.     Біреудің нәрсесін  ұрлаған адам о дүниеде де тозаққа түседі.

4.     Тәрбиелі тәртіптің құлы

Тәртіпті  - елдің құлы

5.     Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.

6.     Заң адамды бағындырады.

 

 

Барысы.

   Мұғалімнің сөзіҚұрметті оқушылар, қонақтар!

Қазақстанды президенттік парламентік біздің мемлекетіміз халқының бірлігін нығайтты, қазақ жерінде жалпы  тарихи  тағдырлары байланысқан барлық  ұлттарды біріктірді.

      Достық біздің негізгі игілігіміз. Адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығы Конституцияда мемлекетіміздің болашағына деген сенімін нығайтатын ең бағалы қазынасы ретінде  жарқын көрінісін тапты Әлеуметтік, эканомикалық, қоғамдық саяси, мәдени рухани дамуы және гүлденуі оған дәлел.

      Тәуелсіз Қазақстанның дамуына орасан зор үлесі қосқан және Қазақстанның мемлекетілігін құрудың басында тұрған  біздің бірінші Президентіміз Ұлт Көштің осы күнгі қазақстан Мемлекеттілігінің тарихындағы рөлі маңызды екендігін атап өту қажет

       Конституцияға қатаң еру бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Біздің міндетіміз оған құнттап қарау өз елімізді, тарихымызды, жетістіктерімізді құрметтегендей оны да құрметтеу.

       Заң  - дегеніміз қоғамның негізгі  тірегі.

 Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.

Ата Заңымыз еліміздің рәміздерінің бірі.

Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзықшылыққа  бармау, өзіне жүктелген  міндетті уақтылы орындаудың өзін, еліміздің Ата – Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп  құрметтейміз. Әрбір адам  өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне  тән  заңы бар. Олай болмағанда дүние астан – кестені шығып, былық – шылық, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан жылдаған  жылдар  бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр  түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адам не істеуге болады, не істей алады?» деген  сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр  елдің заңы, ережелері шыға  бастады.

       Б.з.д. Рим құқығы  ІХ – VІІ ғасырда.

       Б.з.д. V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде.

         Шығыс ханы «Ұлы жасысы», Қасым ханның «Қасақ  жолы», Есімханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы  билер жиналысындаұлы Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізу, бейбітшілік, тыныштықты сақтайтын  нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар  қазақ елінің заңын  жасауға, әдет – ғұрпының сақталуына, қалыптасуына зор үлес қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне, балалар, адамның  шыр етіп дерге түскен минутынан  бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң  бар. Бұл заң 1948 жыды 10- желтоқсанда  қабылданған «Адам  құқығының жалпыға бірдей деклорациясы», сонымен қатар 1959 жылы  қабылданған «Бала құқықтары Деклорациясы», міне осы деклорациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» заң  қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвеция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көді біздің осы  заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді.

 


1.     Тікелей сұрақ

Оқушыларға заң, құқық тақырыптарына байланысты 10 сұрақ қойылады.

1) Конституция сөзінің аудармасы қалай? (құрылым, өкілім)                              

 2) ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы (халық)                          

 3) Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)      

 4) Егемендік алғаннан кейін ҚР-да коституция қанша рет қабылданды? (2 рет: 1993 жылы 28 қаңтар, 1995 жылы 30- тамыз)        

5) Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата. (Парламент.)        

6) «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады (5 тарау)                     

7) ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, құқықтық, зайырлы,әлеуметтік.)

8) Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей нормалар жүйесі)

9) ҚР Коституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап.)

10) 17 желтоқсан  қандай күн? (демократиялық жаңару күні.)

 

   Тәрбиелі  - тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы.Бауыржан Момышұлы.


















Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. Менандр.

Заң адамды бағындырады. Т. Фуллер.

2 – бөлім. «Тапқырлық»

(Жағдаят шешу)

1) Ерлі- зайыпты Галимовтар ҚР азаматтары болып табылады. Бірақ олардың баласы дүниеге келген кезде олар Англияда оқуда болды. Азаматтық алуда қиындықтар туа ма?

2) Балалар үйінің жанынан емшектегі нәресте табылды, оның ата-анасын анықтау жұмысы нәтиже бермеді. Бала кім болып табылады: азаматтығы жоқ; ҚР-ның азаматы; шетел азаматы?

3) Парламент депутаттығына кандидат сайлау өткізілетін күні үгіт жүргізді. Кандидаттың мұндай іс-әрекеті заңға сәйкес пе?Сайлау  уақытында үгіт материалдарын тарату мүмкін бе?

4) Қала әкімінің аппаратындағы екі лауазым иесі басқа екі адаммен бірігіп жарнама агенттігін құрды. Мемлекттік қызметкерлердің бұл іс-әрекетін заңға сәйкес деп табуға бола ма?

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.Ғабиден Мұстафин. 

Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзететін қабырға – дуал ретінде қорғауға тиіс. Гераклит

3) Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады. С.Джонсон.

 

3- бөлім «Ой талқы»

1) Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2) Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

4 – бөлім «Адасқан әріптерді  орналастыр»

ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым.

АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі.

ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы.

УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілген өнім.

АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат.

РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган.

 

5 – бөлім «Ой жалғау»

1) Заңның құрығы ...(бәрінен ұзын)

2) Өш алғаннан гөрі...(кешірген жөн)

3) Тура биде...(туған жоқ).

4) Ақырын жүріп ...(анық бас)

5) Асыл тастан ...(өнер жастан).

6) Ұрлық түбі...(қорлық)

7) Жазасын тартпайтын ...(жамандық болмайды)

8) Әдепті бала ...(арлы бала)

9) Тәрбие ...(отбасынан басталады).

10) Әділ істің ...(арты игі).

6 – бөлім «Ой елегінен өткіз».

1) Оқушы неге  құқылы?

2) Оқушы неге міндетті?

(Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарынакедергі жасауға, ата- анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға ...)

 

Қортындылау; 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!