«Үздік құқықтанушы»
интеллектуалды сайысы
Мақсаты: Студенттердің конституциялық
құқық, мемлекет және құқық теориясы мен әкімшілік құқық пәндерінен
жиған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу қабілеттігін
арттыру. Студенттердің ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау
және қабілеттерін дамыту.
Сайыс
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
І. Сәлемдесу. Топтар мен әділ
қазы алқасын таныстыру.
Интеллектуалды сайыс 3
кезеңнен тұрады.
ІІ Интеллектуалды
сайыс
1-кезең «Кім
жүйрік?» Студенттер тақтада көрсетілген
ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Тақтада 9 ұяшық
көрсетіледі. Ойлануға 1 минут беріледі. (ұзақтығы-13
минут)
20/30/50
20/30/50
20/30/50
2-кезең
«Сase-study» Студенттер ситуациялық
сұрақтан құралған есептерді шешеді.
3-кезең «Құқықтың қайнар
көзі» пирамидасы.
Оқытушы: Қайырлы күн, «Болашақ»
колледжінің құрметті оқытушылары мен білімді студенттері! Бүгінгі
«Үздік құқықтанушы» интеллектуалды сайысына қош
келдіңіздер!
Оқытушы: Еліміз Қазақстан Республикасы
1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1995 жылы тамыз айының
30-күні ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы
қабылданғаны баршамызға аян. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес
еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және
адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары.
Оқытушы: Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл.
1991 жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң республиканың дербес
егеменді ел ретінде нығаюының заңды жалғасы болды. Бұл Қазақстан
Республикасының Парламенті қабылдаған алғашқы конституциялық заң
болды, онда тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтудың, билік
жүйесінің құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуының басты
бағыттары көрініс тапты.
Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігінің жариялануымен осы кезеңде қазақстандықтардың
бірыңғай азаматтығы, дербес экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық
және кеден қызметтері іске қосылды.
Оқытушы: 1992 жылдың 4 маусымында
егемендіктің айшықты рәміздері – Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран
бекітілді. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына
мүше болып қабылданды.
1993 жылғы Конституция
Қазақстандағы құқықтық мемлекеттілік құрылысының жаңа тұжырымдамасы
болып саналады.
1993 жылғы Конституция
конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың
конституциялық-құқықтық статусын анықтады, құрамдас бөліктері:
отбасы, қоғамдық бірлестік, меншіктің алуан түрлілігі, саяси және
идеологиялық плюрализм болып табылатын қоғамдық құрылыстың
негіздерін айқындады.
Ал 1995 жылы 30 тамызда
республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беру жолымен
қабылданған ҚР Конституциясы Қазақстан азаматтарының саяси және
азаматтық құқықтары мен бостандықтарының кеңеюіне, демократия
институтының құрылуына тікелей ықпал етті. Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттік егемендікті бекіту
және әлеуметтік құқықтық мемлекет құру базасын нығайтумен қатар
конституционализм идеяларының іргетасын
қалады.
Бүгінгі таңда тәуелсіздік
жылдары Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған ауқымды
реформалар, қоғам өмірінің барлық салаларындағы даму көрсеткіштері,
халықаралық дәрежедегі байланыстардың орнауы Конституцияның
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени модернизацияның
өзегі болып табылатынын айқын растайды. Мемлекеттің басты заңы
күнделікті өмірде азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі болып
саналады, оның үйлесімді дамуы үшін қажетті құқықтық-заңнамалық
жағдайларды қамтамасыз етеді.
Біздің колледждің де мақсаты
бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау. Ал біздің яғни
оқытушылардың мақсаты мамандарға білім бере отырып, жиған білімін
тәжірибе жүзінде пайдаға асыруды қамтамасыз ету және заң жасайтын
болашақ заңгерлерді дайындау біздің
міндетіміз.
Оқытушы: Ендеше, болашақ
заңгерлерімізге сәттілік тілей отырып, «Үздік құқықтанушы»
интеллектуалды сайысын ашық деп
жариялаймыз!
Оқытушы: Бүгінгі сайысымыздың
қатысушыларымен таныс болыңыздар.
-
«Алаш»
тобы
-
«Орда»
тобы
-
«Ақиқат»
тобы
Оқытушы: Иә, «Тура биде туғанды жоқ»
дейді халқымыз. Бүгінгі сайысымызда әділдік пен заңдылық қағидасын
ұстанатын әділ-қазы алқаларымен таныс
болыңыздар.
-
Оқу бөлімінің
меңгерушісі
-
Тәрбие бөлімі жөніндегі
орынбасары
-
Арнайы пәндер циклі
комиссиясының төрағасы
Оқытушы: Қара қылды қақ жаратын әділ
қазы алқасымен таныстық. Ендігі кезекте сайысқа қатысушы топтармен
таныс болайық.
(Топтар өздерін және
ұстанымдарын таныстырады.)
Оқытушы: Олай болса сайысымыздың
шымылдығын ашатын «Кім жүйрік?» кезеңін
бастайық.
Ойынды бастау реттілігі жеребе
арқылы анықталады.
№20
ұяшық. Мына ережелер мен тәртіптердің
қайсысы қазақ даласында ешқашан
енгізілмеген?
-
Әз Тәукенің жеті
жарғысы
-
Барақтың бес
тарауы
-
Қасым ханның қасқа
жолы
-
Есім ханның ескі
жолы
№20
ұяшық. Мемлекет тарапынан құқық
нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің
түрлері.
Жауабы: Санкция
№20
ұяшық. Қоғамдық қатынастардың белгілі
бір аясын реттейтін заң нормаларының
жиынтығы.
Жауабы: Құқық
саласы
№30
ұяшық Саяси билік бір орталыққа
бағынған, мемлекет ішінде өз алдына басқа құрылымға жол берілмейтін
мемлекет түрін атаңыз.
Жауабы: Унитарлы
№30
ұяшық. ҚР Құқық қорғау қызметі туралы
заңының 3-бабына сәйкес құқық қорғау органдарын
атаңыз.
Жауабы: прокуратура, ішкі істер
органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу
қызметі
№30 ұяшық.
Нормативтік-құқықтық акт дегеніміз не?
Жауабы: биліктік құқық нормаларын
белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік
органның формальды-анықталған актісі.
№50
ұяшық. Республикада мемлекеттік билік
біртұтас. Конституция мен заңдар негізінде
...................тармақтарына бөлінеді.
Жауабы: заң шығарушы,
атқарушы және сот
№50
ұяшық. ҚР Конституциясының 40-бабына
сәйкес халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының
нышаны әрі кепілі.
Жауабы: ҚР
Президенті
№50 ұяшық. Сенат
депутаттарының өкілеттік мерзімі - ....
жыл.
Мәжіліс депутаттарының
өкілеттік мерзімі - ... жыл.
Жауабы: Сенат депутаттарының өкілеттік
мерзімі - алты
жыл, Мәжіліс депутаттарының
өкілеттік мерзімі - бес
жыл.
ІІ Кезең
«Case-study»
Студенттерге бірдей кейс
фабуласы беріледі. Шешуге берілетін уақыт – 7
минут.
Кейс
фабуласы:
Саябақтың ішінде өзінің төрт
жастағы немересімен егде әйел отырған кезде, жас жігіттер тобы
келіп, қарама-қарсы тұрған отырғышқа жайғасты. Жігіттер қатты
дауыстап әңгімелескендіктен, әйел олардан шуламауларын немесе басқа
жаққа кетулерін сұрайды. Жас адамдар өтінішті орындаудан бас
тартады. Он бес минуттан соң, егде әйел шақырған полиция
қызметкерлері келді.
Сұрақ: Полиция қызметкерлері
қандай әрекет жасауы керек?
Құқық бұзушылықты ҚР-ның
тиісті кодексімен және бабымен саралап, құқықтық сипаттама
беріңіз.
Кейс
жауабы:
ІІІ Кезең. «Құқықтың қайнар
көзі» пирамидасы
Қатысушы топтарға А3
форматындағы қағаз бен құқықтық актілер беріледі. Бұл кезеңнің
мақсаты-құқықтық актілерді пирамида ішіне реттілігімен
орналастыру.
Жауабы:
1) Конституция – жоғары заң
күші бар;
2) Конституцияға өзгерістер
мен толықтырулар
енгізетін
Заңдар;
3) ҚР Конституциялық заңдары
мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші
бар Жарлықтары;
4) ҚР
Кодекстері;
5) ҚР Заңдары, ҚР
Президентінің заң күші бар
Жарлықтары;
6) ҚР Парламентінің
нормативтік қаулылары;
7) ҚР Президентінің
нормативтік жарлықтары;
8) ҚР Үкіметінің нормативтік
қаулылары;
9) министрлер мен орталык
мемлекеттік
органдардың нормативтік
құқықтық бұйрықтары,
қаулылары.
ІІІ. Қорытынды
кезең
Оқытушы: Бүгінгі «Үздік құқықтанушы»
интеллектуалды сайысына қатысушы студенттерге алғыс білдіре отырып,
келесі сөз кезегін әділ қазы алқасына
береміз.
Сайыс қорытындысы жүргізіліп,
үздік топ анықталады.