Материалдар / «ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел дамуының басты белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, оның бастауы – білімде, ал білім беру негізі – мұғалімнің біліктілігі мен біліміне, тәжірибесіне келіп тіреледі. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ

Математика пәні мұғалімі

Ахметова Данагүл Оразбекқызы











«ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» (эссе)

Ел дамуының басты белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, оның бастауы – білімде, ал білім беру негізі – мұғалімнің біліктілігі мен біліміне, тәжірибесіне келіп тіреледі. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек. Педагогикалық шеберлік дегеніміз – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнерінің негізі. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әрбір ізденімпаз педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылымның тиісті салаларынан хабардар, әсіресе, балалар психологиясының, жас ерекшеліктерінің мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген адам болуы тиіс. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ. Сондықтан, да ұстаздың сапасын ең жоғары деңгейге көтеру – уақыт талабы дейміз. Өйткені, келешек ұрпақтың барлығы ұстаз қолынан өтіп, тәлім-тәрбие алады. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылық ерекшелігі – оның сабақты түрлендіріп, қосымша материалдармен байытып, тұлғаның жүрегіне жол таба білуінде. 

Оқушыларым мектепішілік, қалалық, облыстық олимпиадалар мен облыстық, республикалық байқауларда жоғары дәреже көрсетіп, менің еңбегімнің жемісі бағаланды. Бұл ұстаз үшін үлкен жетістік. Оқушылардың жетістігі мұғалімді шабыттандыратын ерекше күш болып табылады. Осыған орай менің еңбегімнің жемісі бағаланды деп білемін. Бұл мен үшін үлкен жетістік.Елбасымыздың да ұстаз  мәртебесін көтеруіміз қажет деген сөзіне дәлел болады. Жаңалықтың жаршысындай өзіме зерделеп, зерттеп білім басы бастауыштан деген қағиданы басты назарда ұстаймын, оқушыларымның білім сапасын жете қадағалап отырамын. Мен тәрбиелеген оқушылар функционалды сауатты, париоттық рухы жоғары, отандық біліммен сусындаған болашақ ел тізгінін ұстайтын жеке тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол.Қазіргі заман – ғылым мен техниканың өркендеген, математика ғылымының өте жан – жақты тараған кезеңі. Ал, әрбір ұстаздың басты міндеті – жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Барлық бала бірдей математикалық қабілетке ие бола алмайды. Сондықтан, оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасап, оқушыларды өздерін – өздеріне немесе өзара бағалату әдістерін қолдану керек. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, интерактивті тақта арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру. Ал, жақсы нәтиже көрсету үшін, оның сапасын бастауыш сыныптан қолға алуымыз қажет. «Білім негізі – бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда ұстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Математикалық білім берудің сапасын арттырудың бір жолы бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Сабақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру; іс – тәжірибе алмасу. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде есеп шығару. Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу, оларды есептер шығаруда қолдана білу, күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы – олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады. Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.Осыған сүйене отырып, мен білім беру барысында оқушыларымның функционалдық сауаттылығын дамытуды жолға қойдым. Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы екенін ескерсек, менің жұмыс жүйем: жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымда тұрған келесі міндеттердің бірі – оқушылардың өз бетімен ойлауына мүмкіндік жасау. Практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әр түрлі интерактивті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, оқыту әдістерін өзгерту, үнемі іздене отырып, жаңалықтарды біртіндеп жұмыс жүйеме енгізіп отырамын. Білікті білім беру жағдайында білім, іскерлік, дағдының міндеті өзгереді. Мен сабақтарымды 7 модульді қолданып отырамын. Жұптық, топтық талқылау барысында ұйымдастырушылыққа үйренді, бірін-бірі түзетеді, оқытады. Сыныпта белсенді ашылып өз ойын білдіре қоймайтын оқушылар білек сыбанып, қызу жұмысқа кіріскенде шынымен де өз жұмысыма сырттай рахаттанып, сүйсінетін кездерім болады. Менің оқушылардың білімін бағалау кезінде қиналып, шешімін таппай жүрген сұрақтарым болатын. Осы сұрақтарымның шешімін тапқандаймын, Неге? Өйткені сабақты критериялды бағалауды жүйелі түрде жүзеге асырып келемін. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы орта сынып оқушыларының өз ісіне сын көзбен қарау, сапалы жұмыс жүргізе білуге үйреніп келеді.Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз-шәкірт-ұстаз болуы қажет.

Ұстаздық қызметтік қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады.

Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.

Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, орта сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби  шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!