Материалдар / Үздіктер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үздіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамытуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2018
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

148 мектеп-гимназия






Кластан тыс жұмыс



«Үздіктер»

интеллектуалдық ойын











Өткізген: Мухамбетова Г.Е














2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Үздіктер» атты интеллектуалдық ойын.

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық, - деп көрсеткен.

«Білімді азамат – ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық – адам көркі», т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекер айтылмаса керек. Ғылыми техникалық прогресс, жаратылыстану ғылымдарының құрылымын анықтау үшін математиканың маңызы орасан зор.

Олай болса, 9 класс оқушылары арасында өткізгелі отырған «Үздіктер» атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.

Ән:


Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Үздіктер
» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

9а класс оқушылары: Серік Бексұлтан; Жұмағалым Бауыржан

9в класс оқушылары: Салық Абдулғазиз; Жекебаев Шыңғыс

9г класс оқушылары: Төремұратова Бағжан; Қуанышбекова Анеля


Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін таныстырайық.

1.

2.

3.

Ойын үш кезеңнен тұрады. Үш кезең бойынша көп ұпай жинаған жұп супер ойынға өтеді. Бірінші ойынша алдыңғы қатарда, ал екінші оқушы оқшау орында орналасқан. Ойыншылар жұптарының жауаптарын көрмейді. Үш кезеңнің ұпайлар саны соңынан есептеледі.

І-кезең. «Белес»-деп аталады. Бұнда тапсырмалар 12 сұрақтан тұрады. Оның жауабы дұрыс немесе, бұрыс деп жауап береді. Әр жауап 10 ұпайдан есептеледі.

.

Сұрақтар:

1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда жер өлшеу дегенді білдіреді? (дұрыс)
2. Жұп функция графигі абцисса қарағанда симметриялы? (бұрыс)

3. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді медиана, (дұрыс)
4. Радиус шеңбердің ең үлкен хордасы (бұрыс)
5. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура кесінді деп аталады (бұрыс)
6. Кез – келген екі нүкте арқылы түзу жүргізуге болады. (дұрыс)
7.
Хан Шатырдың жалпы аумағы - 127 000 шаршы метр (дұрыс)
8. Барлық қабырғалары тең параллелограмм шаршы деп аталады. (бұрыс)
9.
Бейбітшілік пен келісім сарайының биіктігі 65м  (бұрыс)
10. Координаталық жазықтықта үш ширек бар (бұрыс)
11. Геометриялық кеңістіктегі денені зерттейтін бөлімі стериометрия деп аталады. (дұрыс)
12. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градусқа тең (бұрыс)

Көрермендерге сұрақ.

  • Қазір әкесі 54 жаста. Баласы 20-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады? (28)


  • Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген биіктігі 97 м болатын зәулім монумент (Бәйтерек)





  • Суреттегі шаршының ауданы 16 болса, шеңбердің ауданын табыңыз. ( )

Группа 5

Көрермендерімізге рахмет.


ІІ. «Өткел» деп аталады. Бұл бөлімде алты тапсырма беріледі. Берілген сұрақтың үш жауабы бар, олар үш тілде берілген. Сұрақтың жауабы қай санатқа жататынын анықтау керек.

  1. Квадраттың ауданы 49 см2 , оның периметрі нешеге тең? (жеті, двадцать восемь, four) 28

  2. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады,
    Егер оның ықшамдасаң қандай атау болады? (
    амал, умнажения, power) дәреже

  3. Бүтін сан, бөлшек сандар
    Барлығы да бар онда.
    Бұл қандай сан айтыңдаршы,
    Оң, теріс сандар, бәрі сонда.
    (иррационал сандар, рациональные числа, sharp)

  4. Әжесінің жасы баласынан 2 есе үлкен, ал немересінен 4 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 112-ге тең болса, баласының жасын табыңыз. (отыз екі, шестьнадцать, fourteen)

  5. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі.( кесінді-прямая light) сәуле

Көрермендермен ойын:

  1. «Жаңылыспаймын» Ортаға 5 оқушыны шақырамыз. Үш санының еселіктерінің орнына жаңылыспаймын сөзін айту керек. Қателескен оқушы ойыннан шығады.

  2. Енді оқушыларымызды шапшаңдыққа тексерейік. 1-40 дейінгі сандарды 1минут ішінде санап шығу керек, мүмкін оданда тез санауларыңыз мүмкін. Ортаға үш оқушыны шақырамыз.

Көрермендерімізге көп-көп

ІІІ. «Асу» деп аталады. Бұл кезеңде мақал-мәтелдің екі жауап нұсқасы беріледі, дұрсын табу керек.

  1. Бір кісі қазған құдықтан,(Отыз кісі су ішер)

  2. Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме.

  3. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

  4. Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.

  5. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. 


«Супер ойын» өтетін жұпты анықтайық. Ол үшін оқшау тұрған оқушы шешеді. Бір қызығы оқшау тұрған ойыншы өзінің де, жұбының да ұпай санын білмейді. Оқшауланған ойыншы өз ұпайын сақтап қалады, немесе ауыстырады. Ұпай саны көп екі жұп «супер ойынға» өтеді.

«Супер ойын» 12 сұрақтан тұрады. Бұл кезеңде оқшау тұрған оқушы сұраққа жауап береді, ал жұбы келіседі немесе келіспейтінін айтады. Дұрыс жауап диограммада көрсетілген. Ойыншылардың жауабы дұрыс болса, диограмма бір сатыға көтеріледі, бұрыс болса, екі саты төмен түседі.

1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радис; диаметр)
2. Косинус қандай функция. (
жұп; тақ)
3. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (
1, 10)
4. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (
теорема; аксиома)
5. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (
өзара кері; қарама-қарсы)
6. ОУ осі қалай аталады? (
ордината; абсцисса) 
7. sin 45˚-неге тең? (
; 1)
8. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? (
; )
9.
Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі - берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер; карандаш)

10. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім? ( Герон; Пифагор )

11. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай салынған монумент? ( Мәңгілік ел қақпасы, Қазақ елі)

12. «Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді? (А. Құнанбаев; Ы. Алтынсарин)


Өздеріңіз көріп тұрғандай қай жұптың пирамидасы биік. Демек ______ жұбын бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз.


Ән:


Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра, бүгінгі интеллектуалды ойынның үздіктерін құттықтаймыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!