Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
В1.Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарына түсініктеме(250 сөз)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурахунова Роза Чукеевна Мұғалім портфолиосы В есебі
№02-ПҚМҚ-02-17 Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
Алматы қаласы 06.11.2017ж
В. Тиімді тәжірибе (1250 сөз)
В1.Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді
жоспарына түсініктеме(250 сөз)
Курс бағдарламасын орындауда орта мерзімді жоспар құруды үйрендім.Орта мерзімді жоспар бұрынғы жоспарға қарағанда тиімді екен. Мектептегі тәжірибе кезеңінде «Маужырап барқыт қоңыр күз» тарауы бойынша «Ауыл күзі», «Жеміс бағында», «Күздің кереметі», «Күзгі орманның көріністері» тақырыптары алынды.Бұл тақырыптар жайлы түсініктерді бірінші сыныптан бастап біледі. Білімдерін тереңдету мақсатында сабақта шығармашылық тапсырмаларды орындап,жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланамын деп жоспарладым.Тізбектелген сабақтар топтамасын жинақтау арқылы орта мерзімді жоспар құруда оқыту мен оқу тәжірибесіне бағдарламадағы жеті модульді ықпалдастырғаны көрсетілген.Тиісті білім мен түсінік,дағдыларды толық қамту үшін жоспарға енгізіп отырған үшінші сынып оқушыларымен сабақ барысында бақылау жүргізіп,сөйлесу арқылы оқушылардың қажеттіліктерін анықтаймын. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында топпен, жұппен, жеке жұмыстарды жоспарладым.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда сабақта оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне жақсы тілектер, «Гүл сыйлау жаттығуы», «Мейірім шуағы», «Сиқырлы қобдиша», «Періште ойыны» сияқты әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Сыни тұғысынан ойлау модулінде «Ой қозғау», «Сәлемдеме жіберіңіз», «Жалғастыр», «Сөзді тап», « Топтастыру»,
«Пазл», «Түртіп алу», «Теледидар дикторы», «Себеттегі тапсырма» әдістерін пайдалана отырып, оқушылар жұптық,топтық,жеке жұмыстарды ойланып,бірлесіп ортақ шешімге келеді. АКТ пайдалануда жаңа тақырыптарға байланысты слайдттар,бейне таспадан құстардың дауыстарын тыңдату, үй тапсырмасына бойынша берілген тапсырмаға мәліметтер дайындап келу мүмкіндіктерін пайдаланамын.Талантты және дарынды балаларға тапсырмалар бере отырып,дарындылық қабілетін ашу үшін мүмкіндік беремін.Оқушы білімін тексеру үшін бағалаудың жаңа түрлерін қолданамын.«Бас бармақ», «Бағдаршам», «Көңілді смайлик», «Жапырақ тарату», «Түрлі- түсті алма тарату», «Ауа-райы», «Үш шапалақ»,« Шапалақ», «Топтық бағалау», «Өзара бағалау».Сабақ соңында рефлексия,кері байланыс өткізіледі.Кері байланысты «Ойды аяқта», «Үш түрлі күнделік», «Миыңның суретін сал», «Желкенді қайық» әдістері бойынша өз жұмыстарын сыныптастарымен салыстырып,өзін-өзі реттеуге ықпал етіп, өз ойларын ортаға салып,талқылауға және дәлел келтіре отырып, нақты шешім табуға бағыт бере отырып, іс-әрекетті ұйымдастыруды жоспарладым
В2.Бір сабақтың жоспарына түсініктеме (250 сөз)
Сабақ жоспарымды жеті модулді тиімді пайдалану арқылы оқушыларымның қабілетін,ой-өрісінің,сана- сезімімен білімді игеруге деген қызығушылықтарын артыратындай әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша жоспарладым. Тақырыбы: «Күзгі орманның көріністері».Мақсаты:Мәтінмен таныса отырып,күзгі орманның көріністерін насихаттау.Мәтін бойынша диалог құрау. Өз ойларынан жұмбақтар құрастыру.Мәтінге сүйеніп,құстар мен аңдардың тіршілігін әңгімелеу. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай « Періште» ойыны арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрып,орманда өсетін ағаш қиындылары арқылы топтарға бөлу,топ басшысын сайлату,бағалау парақшаларын беру,міндеттерімен танысып, топ ережесін құрады. Топқа бөле отырып, оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, өз ойларын салыстырады, бір шешімге келеді.Алдыңғы білімді тексеруде оқушылардың жылдам ойлап,нақты жауап беру дағдыларын дамыту мақсатында «Жалғастыр» әдісін қолдануды ұйымдастыру қажеттігін түсіндім. Бұл стратегия тез ойлап,ой қорыта білетін оқушыларға тиімді.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауда оқушыларды «Ой қозғау» әдісі арқылы АКТ-ның көмегімен көз алдына елестеткенін айтқызу арқылы, ойлауға бағыт беруді жоспарладым.Түрткі сұрақтар қойып, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтаймын.Бірінші тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргіземін. Күзгі орманның көріністері мәтінін топта іштей оқып,талдау.Келесі тапсырма жұптық жұмыс,яғни күзгі орманның көрінісі жайлы диалог құрау.Александрдың диалогтік оқыту теориясына сәйкес бір-бірімен қарым-қатынас жасау,пікірталасқа тартуды жүзеге асыру арқылы олардың оқуы тиімдірек болуын жоспарладым.
Оқушылардың өзіндік сенімін қалыптастырып,нығайту негізінде кері байланыс орнатып отыру.Топпен,жұппен жұмыс істеу барысында бір-бірлерін түзету,түсіну,бірігіп шешу әрекеттерін жүзеге асырамын. Сондай-ақ үшінші тапсырмам жеке жұмыс болады.Берілген суретке қарап,құстар мен аңдар атауларын жазып, олар жайлы білген естіген жұмбақтарын еске түсіре отырып, оларды ортаға салу беріледі.Қатесіз орындаған балаға көңілді смайлик таратылады.Сабағымның қорытынды бөлімінде жаңа сабақты оқушылардың түсіну деңгейін білу,өзіндік талдау жасай алуына ықпал ету мақсатында «Желкенді қайық» әдісі арқылы сабақты қалай түсінгенін,келесі сабаққа не жоспарлау қажеттігін анықтаймын..Рефлексия келесі сабағымды жоспарыма түзету енгізуге пайдасын тигізді.Көшбасшылар өз тобындағы топ мүшелеріне баға беріп,ой-пікірлерін ортаға салады.
В3.Коучинг-сабақтың жоспарына түсініктеме (250 сөз)
Мектеп әкімшілігімен кездесу барысында, мектептің даму жоспарымен танысамын. Себебі мақсатым мұғалімдердің көзқарасын өзгертіп, жаңалыққа қызықтыра білу.Біз мұғалімдер көшбасшылығына назар аударып, оны тиімді пайдаланатын болсақ,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып,оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын жақсарту үшін сыныпта оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану сияқты проблемаларды шешеміз деген ойдамын.Бірінші, әріптестерімнің қажеттілігін анықтаймын.Әріптестеріме қажет тұстарды анықтап,коучинг өткізуді жоспарладым.Жоспарланған коучинг сабағыма топтық, жеке тапсырмалар беріледі.Коучинг өткізудегі мақсатым,мұғалімдердің қөзқарасын өзгертіп,жаңалыққа қызықтыра білу.Егерде біз мұғалімдер көшбасшылығына басты назар аудару арқылы ,ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану,бағалаудың нақтылығы сияқты проблемалардың шешімдерін табамыз ба деп ойлаймын.Мектебімізде маған қолдау көрсететін курстан оқып келген әріптестеріммен бірге топ құрып, «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың білім сапасын жақсартудағы ықпалы» тақырыбында коучинг жоспарладым. Курс кезінде алған біліміме,практикалық дағдыларыма ойша талдау жасадым.Әріптестерім үшін менің іс-әрекетім,коучинг жүргізудегі шеберлігім маңызды екендігін түсіндім. Алдымен «Амандасыңыз» әдісін қолданып, ынтымақтастық атмосферасын құрып, телефон байланыстары арқылы топтарға біріктіремін.Бөлінген телефон байланыстары бойынша шағын жарнама көрсетуін ұсынамын.Үш шапалақ әдісі арқылы топ жарнамасын өзара бағалау.Осылайша «Досқа хат» әдісі бойынша топтарға түрлі-түсті конверттер таратылады.Конвертте бағалауға байланысты түрткі сұрақтар беріледі.Келесі тапсырма бойынша, жаңа критериалды бағалаудың ескі жүйеден артықшылығы неде? Тақырыбына байланысты материалдар таратылады.Топ арасында талдап,берілген материал бойынша постер қорғайды. «Құмырадағы сызат» туралы аңыз көрсетіліп, осы аңызда бағалау бар ма? Сіздерге қандай әсер қалдырды? Осы сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.Интербелсенді тақтадан тапсырмалар көрсетіліп,дескриптор құралады. «Миыңның суретін сал» әдісі бойынша коучингте ұнағаны, коучингтен алған әсерлері,ұсыныстары жайында,әлі де жұмыс барысында нені жақсарту қажеттігін анықтау мақсатында келесі қажеттіліктер туралы кері байланыс жүргземін.Келесі қадам, әріптестерімнің анықталған қажеттіліктеріне сай әдістемелік көмектен соң, сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін бақылау үшін сабақтарына қатысамын..Бақылау арқылы қажеттіліктерін анықтау қоғамдастықтағы жұмыс жүргізу үшін өте маңызды.
В4.Тәлімгерлік үдерісінің жоспарына түсініктеме (250 сөз)
Тәлімгерлік үдерістерін жүзеге асыру қажеттілігі басты мақсат,өйткені тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес,қарым-қатынас болып табылады. Тәлімгерлік барысында тәлімгер тыңдаушы,бағыттаушы болады.Әріптесімнің арасында сенімділік орнату үшін құрылымдалмаған сұхбатты ұйымдастыру барысында әріптесімнің әдістемелігі бойынша қажеттілігін анықтаймын.Сабақ барысында оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын,мұғалім оқыту үдерісінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын бақылау арқылы оқушылардың қажеттілігін анықтаймын да, тәлімгерліктің жоспарын құрастырдым.Тәліп мақсаты мен міндетін таныстыру.Тәліптің менің сабақтарыма қатысуына шақырып,сабақтан көрген жаңаша әдіс-тәсілдерді табады, талдайды.Тәліптің дәстүрлі сабағына қатысып,сабақ өткізу тәсілдерін,оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін ,сабақтың өткізілу барысын бақылаймын. Тәліпке қолдау көрсету арқылы мұғалімде белгілі бір кәсіби өсу үшін тиімді деген дағдыларды қалыптастырып, дамыту жұмысын сапалы ұйымдастыру үшін коучингтерге тарту маңызды деген оймен «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың білім сапасын жақсартудағы ықпалы» тақырыбында коучинг ұйымдастырамын.Коучинг барысында тәліп мәселелерді талдау кезінде еркін ой бөлісіп,әріптестерінің өзінде бар проблемаларды басқа жолдармен шешіп жүргеніне көз жеткізу, сұрақтарды қою мақсатқа жетуге талпысынын күшейту, алға ұмтылуға деген сенімділігін ояту.Яғни,тәлімгер ретінде келесі қадамды тәліппен сабақты бірлесіп жоспарлап,коучингтен алған әсерлерімен бөлісе отырып, сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді жоспарлауды қарастырдым.Сабақ барысында жеті модульдің әдіс-тәсілдері жайлы талдап, жеті модульде қарастырылған идеялардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлемін.Сондай-ақ орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарларын құрылымдауда,сабақта жеті модульді тиімді қолдану жолдарын үйретуді енгіздім.Сол себепті тәліппен әр сабақтан соң.кәсіби сұхбат жасап, сабақтың сәтті, сәтсіз жақтарын, сабақтағы түрлі кедергілерді жеңу, оқушыларды оқуға тарту туралы сөз қозғаймыз.Әрбір сабақты өткен сабақтағы кері байланыспен бастау керектігін айтамын.Тәліпке оқушылардың сын тұрғысынан ойлай алатындай жүйелі сұрақтар қоюын,топтық және жұптық әрекеттеріне ерекше көңіл бөліп қалыптастырушы бағалаудың маңызды екені жайлы кәсіби әңгімелесуді енгіздім.Тәлімгердің тәліпке сабақтың соңында қандай нәтижеге жеткені,қандай түзетулер енгізгетіні туралы рефлексия жүргізу арқылы ой салудың маңызы зор деп білемін.
В5. Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жоспарына түсініктеме (250 сөз)
Қоғамдастық аясындағы қызмет білім алуға және әр түрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға,сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді(МАН-102 бет)
Осы бастаманы қолға ала отырып, ең алдымен мектебіміздің әкімшіліктерімен сұхбаттасып, қоғамдастықты жоспарладық..Қоғамдастық құрудағы мақсатым,мектептегі өзгерістерді мектеп әкімшілігімен кездесіп, танысу арқылы бірлесе отырып талдап,мектептің даму жоспарымен танысып,қажеттіліктерін анықтау.Мектебіміздегі бірінші деңгейлік курс бағдарламасын оқыған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ботыбаева Аяулым Қайырбековнамен сұхбаттастым. Сұхбаттасу барысында мектебіміздің даму жоспарымен таныстым.Қоғамдастыққа құрылған жұмыстарымыз тиімді болу үшін басқарушы,дамытушы,үйлестіруші топтар құрамын анықтадық.Құрылған топтар өз жұмыстарына мұқият болуы керек.Менің құрған жоспарыма өзгертулер енгізу қажет болды,себебі мектебіміздегі қоғамдастық туралы мүлдем хабарсыз болдым. Мектебімізде жаңартылған бағдарламаны оқымаған мұғалімдер және жас мамандар болғандықтан оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,ОМЖ,ҚМЖ құруға бағыт беру үшін коучингтер өткізуді шештік.Мектепте қоғамдастық мүшелерімен коучинг өткізу барысында мұғалімнің оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың тиімділігін талдауды жоспарладым. Жоспар бойынша белгіленген бір күндері қоғамдастық мүшелері толғандырған мәселелер жайлы ой бөлісіп,көмек көрсете отырып, түрлі сұрақтар төңірегінде пікір алмастық. Бұл істер жалғасын тапса,оқыту мен оқуды жақсартуға көмегін тигізеді.Өйткені әрдайым бақылап,түзетіп, жоспарлап,мақсат қойып,әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижеге жеткізеді.Сондықтан аралық бақылаудың маңызы зор.Әріптестеріммен уақытты тиімді пайдаланып,диалогке тарту негізінде өз жұмыстарының жекелеген салаларын жетілдіру, проблемалық мәселелерді талдау үшін кәсіби сұхбат ұйымдастыруды жоспарыма енгіздім.Коучинг тақырыбы да бағалау бойынша әріптестерімнің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса,тәлімгерлік оған жүйелі,жан-жақты кәсіби қолдау көрсетеді.Қоғамдастық мүшелеріне сыни тұрғысынан ойлау дағдысы туралы білу,түсіну,қолдану,талдау, жинақтау,бағалау деңгейлеріне келеді.Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіру мақсатында деңгейлік курсты оқымаса да тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге дайын әріптестерімізге қолдау көрсетемін.
Менің пікірімше, бірге көтерген жүк жеңіл дегендей, әріптестерімізбен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайтын болсақ,алдымызға қойған мақсатымызға жететінімізге күмәнім жоқ. Осылайша, мектебіміздің үздіксіз дамуына қоғамдастығымыздың үлесі зор екеніне сенімдімін.