В есбі Тиімді тәжірибе туралы рефлекссиялық есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

В есбі Тиімді тәжірибе туралы рефлекссиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Тиімді оқыту мен тиімді оқу бағдарламасын оқитын әріптестерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махсутова Даметкен Еламановна Мұғалім портфолиосы В есебі

2 топ 18. 09. 17 3-деңгей

Атырау қаласы


Тиімді тәжірибе туралы рефлексиялық есеп

Үшінші деңгейлі бағдарламаның жекелеген стратегиялары мен тәсілдерін сабақтарымда қолдануды мақсат ете отырып, Бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде алған білімім мен бағдарламада қамтылған ғалымдардың пікірлеріне сүйене келе, оқу жылының басында бекітілген күнтізбелік жоспарға сай, тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыра отырып, математика пәнінен 1– сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарын жасадым.

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспардағы сабақтарыма қойған ортақ мақсатым: жеті модульді ықпалдастыра отырып, балаға сапалы да тиімді білім беру, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып,олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, өз ойларын, көзқарастарын еркін, жүйелі түрде айту дағдысын қалыптастыру, өз бетінше шығармашылық жұмыстар жасай алатын, ұжымда ынтымақтастықта әрекет ете алатын , басқалардың пікіріне түсіністікпен қарайтын, дербес тұлға тәрбиелеу, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтік қарым – қатынас жүйесін дамыту.

Орта мерзімді жоспарлауда әр сабағыма қай тәсілдерді қолданған тиімді деген ой мазалады. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер диалогтық оқытуды, сын тұрғысынан ойлау, талантты және дарынды балалармен жұмыс түрлерін сабақтарымда тиімді қолдана білуді жоспарладым.

Диалог арқылы оқытуоқушылардыңөзіндік ой-пікірін жүйелеуімен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді.Қалай оқу керектігін үйренуді немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. «Артық ,кем ,тең» тақырыбын өткен кезде оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жұппен отырып таңбаларды крокодилдің аузына ұқсас екенін ауызы ашылған жағы үлкен санға қарайтыны ал үшкір жағы кіші сан жағына қарайтынын және сурет арқылы таныту мақсатында бояу арқылы қызығушылықтарын көтердім және осы тақырыпқа баланысты бейнефильм көрсеттім.

Топпен, жұппен жұмыс істете отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды көздедім. Оқушыларды тақтаның алдына шақырып оң жағына қыздар сол жағына ұлдарды тұрғызып өздеріне салыстырғыздым Әр топ оқушыларына өздерінің отырған қатарындағы партаны санын салыстырғыздым.Сюжетті суреттегі заттардың санын салыстырды. «Қатені тап» ойыны арқылы тез салыстыруға төселдірдім.

1,2 цифрын өткен кезде де сабағымда жеңілден ауырға көшу мақсатында «Өзім жайлы» тақырыбымен байланыстыра отырып ,үстеріндегі түймелерді, борлар сыныптағы басқа да заттарды санаттым.Оқушыларға 1-ден10-ға дейінгі әр санға мысал келтіру. Мысалы:1- бөлмедегі мұғалімнің саны 2-оқушының көздері және т.с.с. Суреттен 2 бірдей затты тап жұмысын ұйымдастырылды. Бұл тапсырманы үлгерімі төмен оқушыға орындатып көрдім.Математика сабағында әр тақырыпқа байланысты жұмбақ, мақал –мәтел,бейнефильм сандарға байланысты көрсетілімдерді интертақтадан көрсете отырып жас ерекшелігіне сәйкес оқыту моделін жүзеге асырдым.. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында сабақтарымда түрлі тақырыптардағы таныстырылымдар, топтық талқылаулар ұйымдастыруды ойластырдым. Дарынды және талантты оқушыларды анықтауға арналған күрделендірілген тапсырмаларды алдын-ала дайындап арнайы дескриптор құрып және жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар іріктедім.Оқушылар бұл тапсырмаларды шамасы жеткенше орындады. Әрбір тапсырманың соңында топтық, жұптық, өзін – өзі бағалаулар бағалау «Жетістік баспалдағы» арқылы «Бағдаршам»,«Смайлик әдісі» .Бағдарлама барысында мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді:Оқыту негізін түсіну,оқыту стилдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

Жүйелі ойлауға үйрету;

Шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;

Оқу үдерісі үшінжәне өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

Тілді,есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;

Сандық технологиялар саласындағы жоғары құзіреттілік.Осындай педагогикалық тетіктер кешені жөнінде мағлұмат жинақтадым.

Кездескен қиындықтар: Әдіс –тәсілдерді сабақтың тақырыбына сай таңдау, талантты және дарынды балаларға арналаған тапсырмаларды іріктеу. Болашаққа жоспар: Бағдарламаның жеті модулін, оның ішінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, формативті бағалауды жетілдіру, топтық жұмысты жандандыру. 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
1240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі