Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
вариативтік компанент
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ай-Рай» жекеменшік балабақшасы
«Бекітемін»
«Ай-Рай» б/б директоры
__________К.Жартаева
«______» » 2024ж
Вариативтік компонент бөлімі
«Ертегілер елінде»
2024 – 2025 оқу жылына арналған
тақырыптық жоспары
Түсінік хат.
Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әлеумететін, қабілеттілігі мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған перспективтік жоспар 5-6 жасар балаларға арналған. Жылына 18 сағат.
Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеменің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. Сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Кезінде орыстың ұлы ақыны сахнаны «Сиқырлы өлке!» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов «Сахна – адамдарды туыстандыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Өнердің осы бір ғажайып түрімен жүздескен үлкендер де, балалар да ұлы ақынның, теңдесі жоқ режиссердің айтқан осы дана сөздерінің мағынасы мен мәнін өз сезімдерімен теңдей бөліседі.
Өзінің көрерменімен әрбір жаңа жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсемен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады.
Сахналандырылған ойындар, ойын – қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.
Бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім әндерді, тақпақтарды, жұбату өлеңдерін, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан да әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше жүргізіледі.
Балалар беске қараған жасында, театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшеліктерді енгізуге белсенді ұмтылады. Мектепке дейінгі ересектер жасында балаларды көркемдік – бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы үйрету мүмкіндігі туады. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады.
Балалардың көрген театрдың өзінен, сондай – ақ өздері қойған сахналық қойылымдар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, көрініс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге себебін тигізеді.
Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып отырады. Ал қуыршақ театрында кейіпкерлердің рөлдерін қуыршақтар ойнайды.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тіпті сәбилер тобынан бастап – ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналық қойылымдарды қолдана берген жөн.
Балалар ой-өрісінің кеңеюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс.
- Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
- Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлерінің сөздері балаларға ұсынылады.
- Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
- Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні ертеңгіліктерде, театрлық ойындар іс - әрекетінде ойнап көрсетеді. Соның айғағы ретінде біздің балабақшадағы қолданылған сахналық қойылымдардан, ертегіні сахналаудан үзінді ұсынамын.
Сондай – ақ, ғалымдар сахна іс – әрекетінің тиімділігі көбінесе балалардың бейнелеу шығармашылығы оқу іс – әрекетінің кешенді болуына байланысты екендігін айқындайды. Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар ойлану, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның барлығы орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді
-Балаларды айналаны қоршаған әлеммен, оның түрлі қыр-сырларымен, бейнелер, бояулар,дыбыстар арқылы таныстыру.
-Балалардың бойында адамның көңіл-күйіне, бет пішінін, қимыл-қозғалыстарын, дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамыту.
-Балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашырлық қасиеттерін тәрбиелеу. Әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйрету.
Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай берілетін ертегілердің мазмұны әсерлі көңіл-күйді білдіре отырып, сезіне білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың жаңа қабілеттері мен дағдыларды үйренуге жағдай жасаумен қатар, балаға өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін - өзі көрсете білуге ықпал жасайды
Күтілетін нәтиже: Балалардың тілін дамиды , қоршаған ортада еркін өздерін дұрыс ұстай алады, өз ойын толық жеткізе біледі. Қарым- қатынас дұрыс жолға қойылып, бір – біріне деген ыстық ықыластар пайда болады.
4-5жас балаларына арналған «Ертегілер елінде » перспективті
жоспары
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Сағат саны |
1 |
«Бауырсақ – сары домалақ» |
Ертегі, тақпақтар арқылы балалардың тілдерін дамыту. Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу. |
1 |
2 |
«Күшік пен мысық» |
Балалардың мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету.Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. |
1 |
3 |
«Қияр мен қырыққабат» |
«Бақшада» тақырыбы бойынша әңгімелесу. Көкөністердің аттарын ажыратып, сол арқылы сөздік қорын байыту. Көкөністердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу |
1 |
4 |
«Көкөністер туралы ертегі» |
Көкөністер түрін ажырата білу және олардың көбею жолдарын анықтау. Түйнек, пиязшық, орамжапырақ, жемтамырлар туралы мәлімет алу. Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу |
1 |
5 |
«Құлын, қозы, лақ» |
Балаларды үй жануарларымен, оларды бір-бірінен ажыратып, төлдерін атай білуге үйрету, үй жануарларының түр-түсін, олардың қандай пайдасы барын айтып түсіндіру, ойлау қабілеттерін арттыру және тіл байлықтарын жетілдіру |
1 |
6 |
«Маша мен аю» |
Түрлі жүрістерді бекіту. Орындықтың үстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтау |
1 |
7 |
«Мысық пен тышқан» |
Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс – әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру. Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту |
1 |
8 |
«Су жүрек қоян» |
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сөздік, есте сақтау қабілеттерін арттыру,театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп, достық сезіміне тәрбиелеу. |
1 |
9 |
«Торғай пен тышқан» |
Балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып беру, рөлдерге бөліп ойнатып, тілдерін дамыту. Еңбекке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. |
1 |
10 |
«Түлкі мен қасқыр» |
Ертегінің мазмұнын әңгімелеу, ойлау қабілетін, сөздік қорын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру. Достыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге тәрбиелеу. |
|
11 |
«Үш аю» |
Балаларды ертегі тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бағалауға, ертегінің мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қатынастарын бағалауға тәрбиелеу. Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілетін дамыту |
1 |
12 |
«Шұбар тауық» |
Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту. Түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыру |
1 |
13 |
«Мысық, әтеш және түлкі» |
Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс – әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру. |
1 |
14 |
«Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» |
Әңгімені түсініп тындау,мазмұнын айту. Балалардың тілін дамыту. |
1 |
15 |
«Үш жалқау» |
Ертегіні түсініп тындау,мазмұнын айту. Сөздік қорын молайту,байланыстыра сөйлеу. Қысқаша әңгіме құрастыруға үйрету. |
1 |
16 |
«Сауысқан мен көкек» |
Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. |
1 |
17 |
«Төлдердің айтысы» |
Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, үй жануарлары туралы білімдерін дамыту. Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны, төлі, ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту. |
1 |
18 |
«Аққу-қаздар» |
Балаларды бес көлеміндегі сандардың құрамын анықтауға, сандарды табуға, заттарды санауға, апта күндерін ажыратуға, геометриялық пішіндерді атауға үйрету. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. |
1 |
Барлығы: |
18 |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Бауырсақ – сары домалақ»
Мақсаты: Ертегі, тақпақтар арқылы балалардың тілдерін дамыту. Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері
Билингвалдық компонент: Бауырсақ – колобок
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Армысын, алтын күн, Армысын, көк аспан! Армысын, жер-ана, Армысын, балалар! Сәлеметсіңдер ме, апайлар. Қонақтар келді |
Балалар шеңберге тұра- ды, бір -біріне қарап күледі, жылы сөздерді айтады. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Саусақты жаттығу Қорытындылау |
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Себебі бізге қонаққа көп апайлар келді. -Балалар, сендер байқадыңдар ма мына жерде бір үй тұр . -Қалай ойлайсыңдар кім бар екенін, қане қарайық. Үйден әже мен ата шығады, олар көңілсіз. Тәрбиеші: Не болды? Ата: Кемпір маған Бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қойды. Ол қашып кетті. Тәрбиеші: Жыламаңыз, біз оны іздеуге көмек береміз. Жолда келе жатырып қоянды кездеседі. Қоян көңілсіз. Тәрбиеші: Не болды? Қоян: Мен орманда Бауырсақты кездесіп, ойынайын десем. Ол меннен қашып кетті. Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған тақпақ айтып береміз «Сұр қоян». Қоян көңілденіп қалады. Жолды жалғастырайық. Балалар қасқырға жолығады. Ол көңілсіз. Тәрбиеші: Не болды? Қасқыр: Бауырсақты кездесіп, шар үрлеп ойынайын десем. Ол меннен қашып кетті. Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған үйретеміз. Ойын «Шар» Аюды кездеседі. Аю да көңілсіз. Тәрбиеші: Не болды? Аю: мен Бауырсаққа бал берейін десем, ол меннен қашып кетті. Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған тақпақ айтып берейік. «Аю отыр партада» Түлкі жүгіріп келіп Бауырсақты үстап алып, қашып кетеді. -Енді, не істейміз. Онда біз ата мен әжеге бауырсақты жасап берейік. Тәрбиеші жасау тәсілдерін көрсету. - Бауырсақтың пішіні қандай?--- Домалақ - Түсі қандай?----------- Сары Үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін көрсету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындау. Сергіту сәті: Бала, бала, балапан, Қане, соқшы алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Балалар жұмысқа кіріседі. Қиындық көрсеткен балаларға көмек беру. Біз орманда Бауырсақты қуып көп жүрдік, қараңдар ата мен әженің үйі мынау тұр ғой. Қане Бауырсақтарыңды апарып беріңдер. Балалар Бауырсақтарын ата мен әжеге апарып береді. |
Балалардың жауаптары Балалар келіседі Ойынға қатысады Балалар мұқият бақылайд Қимыл-қозғалыстарды сөздермен сәйкестіреді Ата мен әже ризашылығын білдіріп балаларға тәтті сыйлық береді. Қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үстел үстіне қойып домалақтау
Болу керек:Ертегінің мазмұнын білу
Істей білу керек: Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Күшік пен мысық».
Мақсаты:Балалардың мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету.Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар:көрсету, сұрақ - жауап,
бақылау.
Билингвалдық
компонент:күшік-щенок,
мысық-кошка
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Арайлап таң атты, |
Балалар шеңберге тұрады, бір -біріне қарап күледі |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Жұмбақ
жасыру. Лағымның құлағы селтиіп
тұрады, Ит иесін көргенде қуанады,
құйрығын бұлғаңдатып, артқы аяғына тұрады. Ауырып қалса мал
дәрігеріне көрсетеді.Ит ет, балық, құс етін және құрғақ жем жейді.
ИТ – адамның досы. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қолды алға созайық. Бір отырып,бір тұрып, Жоғары, төмен
қарайық,Орнымызды табайық. Антонимдар: Күшік ақ-мысық, қара Үлкен-кіші |
Балалар мұқият тыңдайды, шешімін табады -(Мысық) -(күшік) Сұрақтарға жауап береді Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:Білу керек: Мысық пен күшік жөнінде түсініктері болу Болу керек:Балаларды ертегі тыңдауға Істей білу керек:антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік көмпонент
Бөлімі:Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Торғай пен тышқан».
Мақсаты:Балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып беру, рөлдерге бөліп ойнатып, тілдерін дамыту. Еңбекке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Торғай мен тышқанның суреттері немесе ойыншықтары.
Билингвалдық компонент:Торғай – воробей, тышқан – мышь.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу «Шаттық шеңбері» Балалар бір – біріне гүл беру арқылы жылы сөздер айтады. |
Балалар шеңберге тұра- ды, бір -біріне қарап күледі, гүл арқылы жылы сөздерді айтады. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Топқа қуыршақ келеді, өзімен
балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін әкелі, айтып
береді. Жарық болсын күніміз |
Балалар тыныш отырып, қызыға тыңдайды. Балалар ертегіні қуана сахналайды. Қызыға қатысады Балалар суреттерді ретімен орналастырады Қуыршақпен
қоштасады. Сергіту сәтін қимылмен өлең шумағы бойынша қайталап жасайды Балалар барлық сұрақтарға
жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Торғай, тышқанды.
Болуы керек:тапсырмаларды дұрыс орындауды, рөлдерге еніп ойнауды.
Істей білу керек: «Торғай мен тышқан» ертегісін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Қияр мен қырыққабат»
Мақсаты: «Бақшада» тақырыбы бойынша әңгімелесу. Көкөністердің аттарын ажыратып, сол арқылы сөздік қорын байыту. Көкөністердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгіме,
Көрнекі құралдар: ертегі, муляждар, суреттер
Билингвалдық компонент: қияр-огурец, қырыққабат-капуста
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру- оятушы кезең. Тосын сый: |
Шаттық
шеңбер Балалар бір – біріне гүл беру арқылы жылы сөздер айтады. |
Балалар шеңберге тұра- ды, сөздерді қайталайды бір -біріне қарап күледі. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Әңгімелеу - Балалар, көкөністерді жылдың қай мезгілінде жинап аламыз екен. Оны мына өлең жолдарынан біліп аламыз. Қане бәріміз тыңдайық: Көңілді бақша. Шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді. Жасыл, сары, қызыл, көк, Сан –алуан көкөніс Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады желімдеп. - Өлеңде не туралы айтылған Бақшада не өседі? Дид. ойын:«Заттың атын ата» Шарты: қоржынға салынған көкеністерді қолдарына алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы –қышқыл зат екенін ажыратып атау. Мысалы: -сәбіз –қатты, сопақша. -Қызанақ –жұмсақ,қызыл, домалақ. -Қане балалар енді мына жұмбақтарды шешейік: Домаланған ала бас, Дәмді шырын даяр ас! Байлауда ақтап сенімді, Сары қозым семірді. Ішіне түйме толтырып, Бүйірі шықты томпиып. «Қияр мен қырыққабат» ертегісі. Оқу. Талдау. «Ертеде қияр мен қырыққабат қол ұстасқан дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де жүзе бастапты. Қырыққабат бір бірлеп қабат қабат «көйлегін» шешкенше, күн де батып, қас қарайыпты. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бөршіктер міне содан пайда болыпты. Қияр асқабақ тұқымдас, жаған сабақты, бір жылдық бақша дақылы». Қорытындылау Біз не білдік? Жылулық шеңбері. Ә. Ысқақбаевтың «Бақшаны баптаймыз» өлеңін жаттау. Жеміс біткен бау-бақша Желі жайды жан-жаққа Бақта құста сайрады, Құйқылжытып сан-саққа |
Балалардың мұқият тыңдайды, жауап береді көкөністер туралы әңгіме - картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, қарбыз, Қызыға қатысады Жұмбақты шешу -(қарбыз) -(қауын) -(қарбыз) Ертегіні тыңдау Жемістер бақта, ал көкөністер бақшада өседі.Көкөнітер мен жемістер адам ағзасына өте пайдалы. |
Күтілетін нәтиже:
Болу керек: Көкөністердің аттарын ажырату
Болу керек:Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге
Істей білу керек: Көкөністердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Көкөністер туралы ертегі»
Мақсаты:Көкөністер түрін ажырата білу және олардың көбею жолдарын анықтау. Түйнек, пиязшық, орамжапырақ, жемтамырлар туралы мәлімет алу.
Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгіме
Көрнекі құралдар: ертегі, муляждар, суреттер
Билингвалдық компонент: қияр-огурец, қырыққабат-капуста
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру- оятушы кезең. Тосын сый: |
Шаттық
шеңбер Көңілденіп жүрейік. Балдырғанбыз демейік, Білім сырын білейік. Топқа шар ұшып келеді |
Балалар шеңберге тұра- ды, сөздерді қайталайды бір -біріне қарап күледі. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Әңгімелеу -Балалар, назарларыңды үстел үстінде тұрған кубиктарға аударыңдар. Кубиктардағы суреттерге қараңдар, мұндағы артық суретті алып тастаңдар. - Не байқадыңдар? - Дұрыс, бір сөзбен ұларды не дейміз? -Ендеше балалар біз көкөністер әлеміне сапар шегейік. Көкөністер – бағалы тағам. Көкөністерде адам организміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар бар. Мысалы, картоп – крахмалға, ал қызылша – қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин (А продәрумені көп). Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі. Тапсырма беру. 1. Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады) 2.Жұмбақтар сайысы. Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады. 3. Көкөністер мен жемістерді ажырату. Қорытындылау. «Көкөніс базары» ойыны. - Көкөніс қайда? (Бақшада) - Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан) -Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем) - Көкөністерді қай мезгілде жинап алады? |
Балалардың мұқият тыңдайды, жауап береді көкөністер мұқият бақылайды |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек Көкөністердің аттарын ажырату
Болу керек: Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге
Істей білу керек: Көкөністердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Құлын, қозы, лақ»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен, оларды бір-бірінен ажыратып, төлдерін атай білуге үйрету, үй жануарларының түр-түсін, олардың қандай пайдасы барын айтып түсіндіру, ойлау қабілеттерін арттыру және тіл байлықтарын жетілдіру.
Көрнекі құралдар:Үй жануарларының суреттері, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, мадақтау,
қорытындылау
Билингвалдық компонент:құлын-жеребенок, лақ-козленок, қозы-ягненок
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн! Төл атасы келеді |
Балалар шеңберге тұра- ды, бір -біріне қарап күледі, гүл арқылы жылы сөздерді айтады. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
- Кәне, балалар шеңбер жасап тұрайықшы. - Біз неге ұқсап тұрмыз? - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. - Енді бір-бірімізбен қолдарымызды ұстайық. - Сендер алақандарыңмен нені сезініп тұрсыңдар? - Өте жақсы. Ендеше балалар, бір-бірімізге бойымыздағы жылуымызбен бірге жақсы тілектер білдірейік. - Еліміз аман болсын! - Аспанымыз ашық болсын! - Жеріміз көркейе берсін! - Денсаулығымыз зор болсын! - Әдепті бала болайық! - Бәріміз дос болайық! - Өте жақсы, бір-бірімізге жақсы-жақсы тілектер айттық, сендер өздеріңнің татулықтарыңды жақсы тілектер арқылы білдірдіңдер. Кәне, жайлап, орындықтарымызға отырамыз. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем айларын атайықшы? - Көктемнің ерекшеліктерін айта кетейік. - Өте жақсы. - Енді балалар, көктем туралы тақпақтарымызды айтайық. Көктем қандай көңілді Күміс жаңбыр төгілді Мөлдір аспан ашылып Күннің көзі көрінді. - Өте жақсы. Енді тағы көктем туралы тақпақты кім айтады? - Өте жақсы балалар. - Енді барлығыңда маған қараңдар. - Бүгін балалар, біз сабағымызда үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Кәне, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер ме? - Дұрыс айтасыңдар, балалар. - Бұл жануарларды үйде ұстайтын болғандықтан үй жануарлары деп атаймыз. Барлығыңның үйлеріңде де сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы бар, солай ма? -Иә. -Кәне, кім үй жануарлары туралы тақпақ айтады? - Өте жақсы. Тағы кім білетін тақпағын айтады? - Өте жақсы, балалар. - Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер соның жауабын айтыңдар. Жұмбақ: Тастан тасқа секіреді, Қалқиып қос құлағы Ойын болып көкірегі Аула оның тұрағы. Жұмбақты да шеше алады екенсіңдер. Жарайсыңдар. Балалар, осы үй жануарларының пайдасы өте көп. Бұл үй жануарларының сүтін ішеміз, ал түйенің, қойдың жүнінен киімдер тоқып киеміз. Бұл үй жануарларының адамға тигізер пайдасы көп екен. -Енді балалар, осы үй жануарларының төлдерін ажырата аламыз ба? - Иә. - Олай болса барлығымызда сабаққа жақсы қатысып, жауап беріп отырайық. - Түйенің төлі. - Барлығын жеке-жеке сұрау. -Өте жақсы, балалар. Енді сендер шаршаған боларсыңдар, серігіту жаттығуын жасайық. Орнымыздан тұрайық Алақанды созайық Бір отырып, бір тұрып Тынығып бір алайық (2-рет). - Енді, мен сендерге осы үй жануарларының төлдері «Құлын, лақ, қозы» деген әңгіме айтып беремін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Бір күні көк алаңда құлын, қозы, лақ үшеуі кездесіп қалады. Олар бір-бірімен әңгімелесіп, ойын ойнамақшы болады. Лақ айтады: Келіңдер үшеуміз тастан- тасқа секіріп ойнайықшы-дейді. Қозы айтады: Жоқ, секіріп ойнаған қызық емес, одан сүзісіп ойнайықшы,-дейді. Құлын айтады: Жоқ, мен келіспеймін одан да жүгіріп ойнайықшы-дейді. Сөйтіп, құлын, қозы, лақ үшеуі ренжісіп, келісе алмай бет-бетімен кетіп қалады. Бұл әңгімеде қандай үй жануарлары болды? - Лақ қалай ойнағанды жақсы көреді? - Қозы қалай ойнағанды жақсы көреді? - Құлын қалай ойнағанды жақсы көреді? - Әңгімеде неше үй жануары болды? - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әңгімені жақсы түсінген екенсіңдер, үш үй жануары болды. Міне мынау қозы, құлын, лақ. Енді осы төлдердің дене мүшелерін атайық. -Мынау не? - Қозының көзі. - Неше көзі бар? Құлағы нешеу? - Екі көзі, екі құлағы бар. - Ал осы үй жануарларының аяғы нешеу болады екен? - Төрт аяғы болады. - Енді осы төлдердің түстерін атайық. - Қозының түсі қандай? - Лақтың түсі қандай? - Құлынның түсі қандай? -Өте жақсы балалар. Түсті өте жақсы ажырата алады екенсіңдер. Дидактикалық ойын: «Қай жануардың төлі» деген ойнаймыз. Балалар, мына жерге қараңдаршы төлдер жайылып жүр. Кәне, кім қосады? Ойынды, кім ойнағысы келеді? - Өте жақсы балалар. Балалар, біз бүгін қандай төлдермен таныстық? - Құлын, қозы, лақ. - Дене мүшелерін ата - Пайдасы қандай екен? - Өте жақсы балалар, бүгін барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабағымыз аяқталды. |
Балалар мұқият тыңдайды - Күнге, айға, машинаның дөңгелегіне, допқа. Жылулық сезініп тұрмыз. Балалардың жауабы. - Көктем. - Наурыз, Сәуір, Мамыр. - Көктемде күн жылынады. Жаңбыр жауады. Жер көгереді. Түрлі шөптер, гүлдер өседі. Жерге бәйшешектер шығады. Бәйшешектен білеміз, Көктем келіп қалғанын Мәз боламыз, күлеміз, Көрсек гүлін жарғанын. Қара торғай келіпті, Үйшік жасап берейін Ағашқы күн көрікті, Бәйшешекті терейін. - Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі. Ботақаны нардың Жарға неге бардың Тілерсегің дірілдеп, Секіре алмай қалдың Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың Томпиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың. - Лақ. - Бота. Балалардың жауаптары. - Қозы, құлын, лақ. - Секіріп ойнағанды. - Қозы сүзісіп ойнағанды жақсы көреді. - Құлын жарысып ойнағанды жақсы көреді. - Үш. - Қара. - Ақ. - Қоңыр. Балалар ойынды ойнайды. - Екі құлағы, екі көзі, төрт аяғы т.б -Сүтін ішеміз, жүнінен киім киеміз. Құлын Лақ Бұзау |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Оларды бір-бірінен ажыратып, төлдерін атай білу.
Болу керек: Үй жануарлары туралы түсінік .
Істей білу керек: Үй жануарларының түр-түсін, олардың қандай пайдасы барын айтып түсіндіру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Маша мен аю».
Мақсаты: Түрлі жүрістерді бекіту. Орындықтың үстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтау
Көрнекі құралдар: Маша қыз, аю, орындық, кедір жолақша, орман бейнесі.
Билингвалдық компонент:аю-медведь.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Армысың жарқыраған күн! Маша мен аю |
Балалар шеңберге тұра- ды, бір -біріне қарап күледі, жылы сөздерді айтады. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Залға кіру. Бүгін бізде дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде жүреміз, жүгіреміз, ойнаймыз. Жүру, жүгіру. Шеңберге тұру. Жалпы дамыту жаттығулары: Төмен-жоғары» «Білмеймін» « Сағат» «бір отырып-бір тұру»«Отыру «Үлкен адым,«кішкентай адым»«Көңілді доптар» «Тыныс алу жаттығулары:«шар» Есік қағылып Маша кіреді.(әуенмен) -Балалар, қараңдаршы, мынаукеле жатқан ертегідегі Маша ғой. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Сәлеметсің бе, Маша! -Сен мұнда не істеп жүрсің. -Мен аю досыма қонаққа баражатырмын. Сендер меніменбарғыларың келеді ме. Менің досым балаларды жақсыкөреді. Сендер барсаңдар олқуанып қалады. -Не істейміз балалар, Машамен оның аю досына қонаққабарайық па. -Маша, сенің аю досың қайдатұрады. -Аю досым орманда тұрады. -Ендеше, кеттік. -Бірақ сендер қиыншылықтанқорықпайсыңдар ма, өйткеніорманға жол алыс. Оған бару үшін кедір-бұдыр жолмен,көпірден өтуіміз керек. -Жоқ, Маша біз қорықпаймыз,солай емес пе балалар.Музыкамен орманға жолжүреміз.Алдымыздан кедір-бұдыр жолшығады. Негізгі жаттығулар: 1.«Кедір тақтайдың үстімен жүру» (екі қолдарын белдеріне қойып) 2.«Көпірден өту» (Тепе-теңдікті сақтап, қолдарын жан-жағына созып өту) Тізесін бүгіп төменге секіру. -Міне орманға да жеттік. Бірақ аю көрінбейді ғой. Ол біздің келгенімізді білмейтін шығар. Аю біздің келгенімізді есту үшін аю туралы өлең айтып берейікші. Орманнан аю шығады. Маша: -Аю, досым, мен келдім. Аю: -Маша, керемет, келгенің қандай жақсы болды. Мен сені сағынып қалдым. Маша: -мен де, аю досым, мен жалғыз келген жоқпын, қасыма достарымды ертіп әкелдім. Аю:- Қандай жақсы болды, әйтпесе жалғыз өзіме көңілсіз еді, енді сендермен көңіл көтеретін болдым. Сендер менімен ойнайсыңдар ма. Маша: -Әрине ойнаймыз. Қимылды ойын «Аю мен балалар» Шарты: Аю өз үйінде ұйықтап жатады. Балалар өз үйлерінде (обручтардың ішінде) Балалар орманға құлпынай жинауға келеді. Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. Осы сөздерден кейін аю оянып, балаларды қуады. Балалар өз үйлеріне (обручтің ішіне) кіріп кетуі керек. 3-рет қайталанады. -Аю: -Ой-ой-ой, балалар, сендер қандай жүйрік едіңдер, мен сендерді ұстай алмай қалдым ғой. Көңілім қалай көтеріліп қалды. Бірақ аяқтарым шаршап, аурып қалды. Тәрбиеші: -Балалар, аю шаршап, аяқтары ауырып қалыпты. Сондықтан да отырып дем алайық. Релаксация. (әуенмен) Маша мен аю бірге жасайды. Аю: -Балалар, Маша маған қонаққа келгендеріңе рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен енді Маша саған алаңдамай қысқы ұйқыға жатуға кетейін. Менің сендерге беретін сыйлығымды алыңдар. Маша: -Мынаның бәрі маған ба. Аю: -Маша, сен балаларды ұмытпа, бөлісіп жеңдер. Рахмет саған аю, қош сау бол, біз де балабақшаға қайтайық. -Сау болыңдар, балалар. Балабақшаға кедір жолмен қайту. |
Балалар жүреді, жүгіреді. Шеңберге тұрады Жаттығуларды
жасайды,қайталайды Қызыға қарсы алады -Иә, апай, барайықшы.
Иә, біз қиыншылықтан қорықпаймыз.
Аю отыр партада, Екі қолы қалтада. Апай сабақ сұраса Ұйықтап жатыр масқара.
Маша қоштасып кетеді, сыйлықтарын балаларға таратады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Тапсырмаларды дұрыс орындау
Болу керек: Түрлі жүрістерді бекіту.
Істей білу керек: Орындықтың үстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтау
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты:Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс – әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру. Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліқ құралдар: ертегі бойынша слайдтар
Билингвалдық компонент: мысық-кошка, тышқан-мышка
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Таңертеңгілік шеңбер. Күй тартамыз күмбірлі Қонаққа күшік келеді. |
Балалар мұқият тыңдайды. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Күшік: «Ав - ав» мен
күшікпін, «Ав - ав» -- Тышқан қандай аң? Сергіту сәт: Орнымыздан тұрайық , Алақанды ұрайық Бір отырып,бір тұрып, Біз демалып алайық.
Кім жылдам? (топтық жұмыс) Балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне мысықтың, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыртамын. Қорытындылау Балалар Күшікпен қоштасады. |
Балалардың назарын аударады, амандасады Тақпақ қайталайды Балалар белсенді ойынға қатысады Мұқият тыңдайды Балалар белсенді әнгімеге қатысады. Қимылдарды сөздерге байланыстырып сәйкестіреді Ойынға қатысады Сау бол, Күшік! Бізге тезірек қайтып кел! |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын.
Болу керек:Балаларды мұқият тыңдай білуге.
Істей білу керек:Кейіпкерлердің әр-түрлі іс– әрекет үстінде көріну өзгешелігі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Су жүрек қоян».
Мақсаты:Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сөздік, есте сақтау қабілеттерін арттыру,театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп, достық сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қоян суреттері немесе ойыншықтары .
Билингвалдық компонент:қоян-заяц.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Армысың жарқыраған күн! |
Балалар шеңберге тұра- ды, бір -біріне қарап күледі, жылы сөздерді айтады. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексив-ті-түзетуші кезең. |
Балалар «емес»
арқылы Жұмбақ шешкілерің келеме? батыр емес – қорқақ. « Су жүрек
қоян» атты ертегімен таныстыру. |
Иә, шешейік!
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қоян туралы түсінік
Болу керек:тапсырмаларды дұрыс орындауды, рөлдерге еніп ойнауды.
Істей білу керек:театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажырату
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы
Білім беру саласы: Вариативтік көмпонент
Бөлімі:Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Түлкі мен қасқыр».
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын әңгімелеу, ойлау қабілетін, сөздік қорын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру. Достыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлері бейнесі(түлкі, қасқыр).
Әдіс-тісәлдер:
Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жеке
жұмыс, ойын ұйымдастыру, «кубизм» әдісі, «Венн диаграммасы»
көрсетуі
Билингвалдық
компонент:түлкі-лиса,
қасқыр-волк
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Арайлаптаңатты, Түлкінің киімін киген тәрбиеші келеді |
Балалар шеңберге тұрады, бір -біріне қарап күледі |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Ерте, ерте, ертегі, Өзі айлакер, қу. Ертегінің тақырыбына көңіл
аударамын. Ол түлкі мен қасқыр туралые кенін айтамын. Ертегіні оқу.
Сұрақ – жауапқа жұмыстанамыз. - Ал, қасқырдыңәрекетітуралы не айтаредіңдер? -Досынасолайетуге бола ма?
Қайсысынааяушылықбілдіругеболады? Орнымыздан тұрайық, Қолды алға созайық. Бір отырып,бір тұрып, Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды
табайық. |
Балалар мұқият тыңдайды, шешімін табады -(түлкі). Сұрақтарға жауап береді Балалардың жауабы. Қимылдарды сөздерге сәйкестіреді Жабайы жануарлар, жыртқыш, орманда мекендейді Қу, Балалар тапсырмаларды орындайды |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жабайы жануарлар жөнінде түсініктері болу
Болуы керек: Балаларды ертегі тыңдауға
Істей білуі керек: Антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі:Ертегілер елңнде
Тақырыбы:«Үш аю».
Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бағалауға, ертегінің мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қатынастарын бағалауға тәрбиелеу. Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар:Ойыншық ыдыстар, ертегі суреттері, ойыншық аю, орындық
Билингвалдық компонент:Үлкен-кіші, көп-аз.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық түзетушілік. |
Психожаттығу «Шаттық шеңбері» Балалар бір – біріне гүл беру арқылы жылы сөздер айтады. |
Балалар шеңберге тұра- ды, бір -біріне қарап күледі, гүл арқылы жылы сөздерді айтады. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Тәрбиеші: Баяғы заманда үш аю болыпты: үлкен аю, орташа аю, кішкентай аю. Үлкен аюдың аты Михайл Иванович, орташа аюдың аты Анастасия Петровна, кішкентай аюдың аты Мишутка. Олар орманда жидектер теріп жейді екен. Әрқайсысының ыдыстары, төсектері, орындықтары бар. Ең үлкен аюдың заты үлкен, орташа аюдың заты орташа, кіші аюдың заты кішкентай болады. Балалар айтыңдаршы, бұл ертегі қалай аталады? Тәрбиеші: Ал аюлардың аттарын кім атап береді? Тосын сәт: (Маша кіреді) -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге қонақтар келе жатыр! Сендер ол қонақтарды жақсы білесіңдер. Мен сендерге қонақтардың келе жатқанын айтуға келген едім жарайды, мен асығыс едім, сау болыңдар балалар. -Балалар, қонақ келгенде не істеу керек? - Қонаққа кім келеді? -Олар қандай аңдар? -Олар қайда өмір сүреді? Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы бар екен. Теріп-теріп алайық, Кәрзенкеге салайық. - Дастарханға не қоямыз? Тәрбиеші: Үстел үстіндегі ыдыс дұрыс қойылған ба? Не артық? Тәрбиеші: Ал, балалар, қонақтарды дастарханға шақырайық. Қорытынды: -Ертегі қалай аталады? -Аюлардың аттары кім? -Қай ыдыс артық болды? -Ыдыстардың көлемі бірдей ме? -Қонақ келгенде не істеу керек? -Олар қандай аңдар? -Қайда өмір сүреді? -Сендерге не ұнады? |
Балалар мұқият тыңдайды Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, ол ертегі «Үш аю» деп аталатындығын айтады. Балалардың жауабы. Дастархан жаю керек. Үлкен, орташа, кішкентай үш табақ қоямыз. Балалар қойылған ыдыстарды санайды, артығын табады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту.
Болуы керек:Балаларды ертегі тыңдауға
Істей білуі керек: Ондағы оқиғалардың өрбуін бағалауға.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Вариативтік көмпонент
Бөлімі:Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Шұбар тауық»
Мақсаты:Балаларды ертегіні зейін
қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық
жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне
сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге
тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту. Түстерді, геометриялық
пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын
арттыру.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,
әңгіме,
Көрнекі құралдар: тақпақ, ойыншықтар, суреттер
Билингвалдық компонент: жеміс-овощи
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру- оятушы кезең. Тосын сый: |
Шаттық
шеңбер Балаң үйрек, Шылдыр шүмек, |
Балалар шеңберге тұра- ды, сөздерді қайталайды бір -біріне қарап күледі. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Ертегі: «Шұбар
тауық» - Шұбар тауық ата мен әжеге
қандай жұмыртқа туып берді? Психологиялық гимнастика:
«Көңіл - күй» Қорытындылау |
Балалардың мұқият тыңдайды, жауап береді Шұбар тауық Ата мен әженің үйінде
тұрды Алтын жұмыртқа Тышқан Құйрығымен қағып
кетті -Сәлеметсіз бе! - Балапан. (балалар таңданады) - Шұбар тауықпен бірге, ән айтып би билейік. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегіні аяғына дейін тыңдауды
Болуы керек: Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге.
Істей білуі керек: Түстерді, геометриялық пішіндерді ажырату
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік көмпонент
Бөлімі:Ертегілер елінде
Тақырыбы: Мысық, әтеш жәнетүлкі.
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс – әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: геометрикалық пішіндер (дөңгелек, үшбұрыш, тік төртбұрыш
Билингвалдық компонент: мысық-кошка, әтеш-петух
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Таңертеңгілік шеңбер. Күй тартамыз күмбірлі |
Балалар мүқият тыңдайды. |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
«Мысық, әтеш жіне
түлкі»ертегісі. Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіремін. -Әтешке не болды? Тақпақтар Мысық Пеш устінде мысық отыр. Аздап көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр. Қоян Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы - қ ырлы ж ерлермен. Ытқып-ытқып жүгірді
Әтеш Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті. Жан-жаққа қарапты. Айдарын тарапты. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық , Алақанды ұрайық Бір отырып,бір тұрып, Біз демалып
алайық. Мынау үй. Не тұратын екенін білгілерің келе ме? Жұмбақты шешіңдер: Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ, Тоны бар, киетұғын шапаны жоқ. Керегі үй ішінен табыл,ан соң, Алыстан арайлатын сапары жоқ -Қандай пішін мысыққа ұқсайды (дөңгелек) Таң атпай тұрады, Бізді оятады (әтеш) -Әтеш қандай пішінге? (үшбұрыш) Бұлаңдаған құйрығы- Бір алдарлық қулығы. -Қандай пішін? (тік төртбұрыш) Енді ертегіні еске түсіріп отырып пішіндерді үстел үстіне қоямыз. Қорытындылау Тәрбиеші тақтаға ертегінің үзіндісін қояды, балалар сөйлем құрастырады. *Мысық пен әтеш үйде тұрады. * Түлкі үйге келді. Балалар,дұрыс. Сендерге ұнады ма? |
Балалардың назарын аударады, амандасады Мұқият тыңдайды Балалар белсенді әнгімеге қатысады. Қимылдарды сөздерге байланыстырып сәйкестіреді Ойынға қатысады Сау бол, Күшік! Бізге тезірек қайтып кел! Мысық Әтеш түлкі |
Күтілетін нәтиже
Білуі керек: Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын.
Болуы керек: Балаларды мұқият тыңдай білуге.
Істей білуі керек:Кейіпкерлердің әр-түрлі іс–әрекет үстінде көріну өзгешелігі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады»
Литва халық ертегісі.
Мақсаты: Әңгімені түсініп тындау,мазмұнын айту. Балалардың тілін дамыту.
Билингвалдық компоненті: Мысық-кошка, марғау-котенок
Қызмет кезеңі. |
Тәрбиешінің іс-әрекеті. |
Бала әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Жыл мезгілін анықтау. Артикуляциялық жаттығу Ыс-ыс-ыс-келіп қалды қыс, Ай—ай-ай-жайлауда жүр тай, Ой-ой-ой-қорада тұр қой Лау-лау-лау-желбірейді жалау. Ла-ла-ла-Аян жақсы бала Ыз-ыз-ыз-Дария жақсы қыз. Жұмбақ жасыру Өзі жап-жас,мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде Түкті тонын шұп-шұбар |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Жаттығуды қайталайды. Жұмбақ шешеді. (мысық) |
Ұйымдастыушылық ізденістік Рефлекциялық түзетушілік |
-Өте жақсы балалар, жауаптарың дұрыс. -Мысық туралы не білесіндер? -Ол қандай жануар? -Бұл суретте не көріп тұрсындар? -Марғау ненің баласы? -Марғау қайда қарап тұр? -Не көрді,неге таң калып тұр? -Қарды бірінші рет көріп тұр ма? -Кім маған қысқаша әнгіме құрастырып айтып береді. Тақпақ оқу Пеш үстінде мысық отыр, Екі көзін қысып, Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр « Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» ертегісін оқып беру. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды,марғау туралы әнгіме құратады, «у» дыбысын дұрыс айтылуын қадағалайды, әр баламен жеке жұмыс,марғау-марғаулар. |
Балалар белсенді әнгімеге қатысады. -Мысық үй жануары -Сүт ішеді,тышқан аулайды, -Марғау терезеге қарап тұр, -Мысықтың баласын марғау дейміз. -Марғау қар көріп таң қалып тұр. -Қарға қарап ойнағысы келіп тұр Тақпақты балалар қайталайды. Балалар түсінгендерін әңгімелеп айтып береді,дыбыстарды қайталайды. |
Күтетін нәтиже:
Білу:Сурет бойынша сипаттау.
Болу: Сөздік қорын молайту,байланыстыра сөйлеу.
Істей білу: Қысқаша әнгіме құрастыруға үйрету,дыбыстық мәдениетін жетілдіру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Үш жалқау»
Мақсаты:Ертегіні түсініп тындау,мазмұнын айту. Сөздік қорын молайту,байланыстыра сөйлеу. Қысқаша әңгіме құрастыруға үйрету.
Билингвалдық компоненті: жалқау-лентяй
Қызмет кезеңі. |
Тәрбиешінің іс-әрекеті. |
Бала әрекеті. |
Мотивациялық Қозғаушылық. |
Қонаққа қарлығаш келеді, тұмсығында конверт. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеме? |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастырушылық ізденістік Рефлекциялық түзетушілік |
Әңгімелесу Балабақша – қуаныш және сүйіспеншіліктің үйі. Балабақшада балалар жақсы көп нәрсеге : бірін – бірі сыйлауға, көмектесуге, тату ойнауға үйретеді. Балабақша –достықтың, ұйымшылдықтың Отаны. Сергіту сәті Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. «Үш жалқау» ертегісін оқып беру. Ертеде бірінен – бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен. Бірде үшеуі жолғашығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау: – Е... құдай, мына өріктер піссе, - депті. Екіншісі: –Ауызға келіп түссе, - депті. Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп: –Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті. Балалар жалқау болмау керек. Сұрақ жауап. Жақсы мен жаманды айыра аласыңдар ма? Жақсы бала қандай болады, жаман қандай болады? Көркем сөз. Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, үлгі аламыз жақсыдан. О. Асқаровтың «Жақсы адам боп шығамыз» өлеңін оқу. Өлеңде не туралы айтылған? Өлеңді оқып, мазмұнын әңгімелеу. Д/о «Тәтті сөздер» Мақсаты: бір-біріне тәтті сөздер сыйлау. Мысалы: балмұздақ, кәмпит,шырын, т.с.с. Балаларды мақтау. |
Балалар түсінгендерін әңгімелеп айтып береді. |
Күтетін нәтиже:
Білу: Ертегілерді білу.
Болу: Сөздік қорын молайту,байланыстыра сөйлеу.
Істей білу: Қысқаша әңгіме құрастыруға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Сауысқан мен көкек»
Мақсаты:Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекі құралдар:Құстың суреттері, ойыншық құстар, құстардың дауысы жазылған үнтаспа.
Билингвалдық компонент:Сауысқан-сорока, көкек-кукушка.
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Бала әрекеті |
Ынтыландыру- оятушы кезең Тосын сый: |
Шаттық шеңбері:
|
Бала, бала баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз. |
Ұйымдастырыл- ған – ізденуші кезең Рефлексивті– Түзетуші кезең |
Балалардың көңілін суретке аударып, балалардан сұрайды: -Мынау не? -Ол қандай құс? -Түсі қандай? -Сауысқан үй құсы ма, дала құсы ма? -Қайда ұшады
Ғажайып сәті: Құстардың дауыстары дискіден тың-далады. Балаларды тыңдауға шақы-рады. Дискіні тыңдап болған соң, қо-раптан ойыншық қаз, торғай, тауық, әтешті алады. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыра-тып, дауыстарын айтып жаттығамыз дейді. -қаз қалай қаңқылдайды?
-Сауысқан қалай
-Әтеш ? -Тауық ? -Көкек? Сергіту сәті: Дидактикалық ойын: 1. «Дауысын сал!» Құстардың суреттерін таратып береді. Кімде қандай құстың суреті, оның дауысын салады. Қимылды ойын: 2. «Түлкі мен құстар». Бір бала түлкі, қалғаны құстар. Түлкі ұйықтап отырады. Құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетіп, құстарды қуады. Құстардың дауысына таңғалып қуанышпен, қызыға тыңдайды. Ойыншықтарға қызыушылық танытады.
-Нелер туралы айтылды? -Қалай не дауыстайды? |
Балалар күлімдеп, қуана тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды. Балалар суретке қызыңға қарап, тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады
«қаңқ-қаңқ» деп қаңқыл-дайды «шық-шық-шық» деп, шықылдайды. «ку-ка-ре-ку» дейді «қыт-қыт» «ку-ку-ку-ку» Орнымыздан тұрайық, Қане қанат жазайық. Сауысқаңға, көкекке ұқсайық, Ұшып-ұшып алайық Балаларды ойынға деген қызығушылықтарын бағалайды.
Балалар дауыстарын салып қайталайды. Қимыл-қозғалыстар жасайды. Ойынды қуана ойнайды. Дауыстарын салуға құлшынады. Түлкіге ұсталмауға тырысады.
Қан-қан – сауысқан, Кө-кө-көкек. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Құстардың дауыстарын салып үйренеді. |
Күтетін нәтиже:
Білу керек: балалар құстарды ажырата алуды
Болуы керек:құстар туралы жалпы түсініктері
Істей білуі керек:құстардың дауысын салуды біледі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Төлдердің айтысы»
Мақсаты:Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, үй жануарлары туралы білімдерін дамыту. Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны, төлі, ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Төлдердің суреттері және бетперделері
Билингвалдық компонент:сиыр-корова,жылқы-лошадь,түйе-верблюд...
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Бала әрекеті |
Ынтыландыру- оятушы кезең Тосын сый: |
Сәлеметсіздер ме балалар! Үстінде үйдің тұр еді мысық |
Балалар амандасады балалар қимыл – қозғалыс-та-рымен көрсетеді |
Ұйымдастырыл- ған – Ізденуші кезең Рефлексивті– Түзетуші кезең |
- Балалар бүгін біз үй жануарымен танысамыз.
Кім біледі үй жану-арларына қандай жануарлар жатады? - Олар бізге не береді? Ойын: «Қателесіп қалма» Мен қазір сендерге әртүрлі жануар-ларды
атаймын ал сендер болсаңдар ішінен тек қана үй жануарларын теріп
айтатын боласыңдар, жарай ма?
Екінші бала:
Үшінші бала:
Төртінші бала:
Бесінші бала:
Сол кезде адам келіп төлдерім босқа
таласпаңдар әрқайсыларыңның орын-дарың бөлек деп жауап
беріпті «Үлкен - кіші» -Сиыр қандай?-Бұзау қандай? - Нелер туралы айтылды? -Олар қандай жануарларға жатады?
|
- Сиыр, қой, жылқы, үйрек т. б - Қорада, үйде, фермада - Сүт, ет, май, шұбат т.
б Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды Қолдарын бос жіберіп тік тұрады Ку - ка - ре – ку
Балалар ертегіні өздері орындайды
Лақ:- мә - ә - ә! Әрине ие-міз бізді жақсы көредңі ол сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады Қошақан :- ме - ме ал біз ше? Адамдарға
біздің етіміз ұнайды! Ол біздің жүнімізден шұлық тоқиды - деп
дауласыпты
Балалар ойынды қуана
ойнайды Ән «Бізде де бар құлын-шақ» балалардың орын-дауында. |
Күтетін нәтиже:
Білу керек:Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны, төлі, ерекшеліктері жөнінде білімдері
Болу керек: Үй жануарлары туралы білімдерін
Істей білуі керек:Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыр
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: Ертегілер елінде
Тақырыбы:«Аққу- қаздар» ертегісіне саяхат жасау.
Мақсаты: Балаларды бес көлеміндегі сандардың құрамын анықтауға, сандарды табуға, заттарды санауға, апта күндерін ажыратуға, геометриялық пішіндерді атауға үйрету. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекі құралдар: Сандар, геометриялық пішіндер, сюжеттік суреттер, ертегіге байланысты суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын.
Билингвалдық компонент: аққу-лебедь, қаз-гусь
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: |
Психожаттығу Арайлап таң атты, |
Балалар шеңберге тұрады, бір -біріне қарап күледі |
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. Рефлексивті-түзетуші кезең. |
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгінгі сабақта «Аққу-қаздар» ертегісіне саяхат жасаймыз. Тосын жағдай. (Аленушка кіреді) Аленушка: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қайда келдім? Бұл балабақша қалай аталады? Тәрбиеші: Не болды саған Аленушка? Аленушка: Балалар, Маған көмектесіңдерші. Менің інімді Аққу – қаздар алып кетті. (ренжіп тұрады.) Тәрбиеші: Балалар Аленушкаға көмектесеміз бе? Ал ендеше жолға шығайық. (Алдында пеш тұрады) Пеш: Көмектесемін, сендер ол үшін, сандарды ретімен қойыңдар 1-ден бастап 10-ға дейін. Содан соң, мынадай ойын ойнаймыз. «Шатасып кетпе» Мысықта 5 аяқ, ал құстарда 3 қанат. Дұрыс па? Пеш : Дұрыс балалар. Аққу қаздар алма ағашына қарай ұшып кетіп бара жатқан. Алма ағашы сендерге көмектеседі. Алма: Менің тапсырмамды орындаңдар. Бір аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қай күні? Кеше аптаның қай күн болды? Сендердің сүйікті күндерің қай күн? Ең бірінші сәрсенбі, әлде бейсенбі келеді ме? Ойын. «Аптаның қай күні жетіспейді?» Алма: Өте жақсы балалар. Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар. Аққу-қаздар өзен жағына қарай ұшып өтті. Өзеннен барып сұраңдар. Өзен: Менің тапсырмамды орындандар. Мына жерде неше құмырсқа үй салып жатыр? Неше кейіпкерлер шалқанды алып шықты? Соңғысы не болды? Немеренің алдында кім тұрды? Жучканың артында кім тұрды? Тышқан қалай дыбыстады? Жучка қалай ырылдады? Өзен: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Міне, сендерге жіп, ол сендерді Иванушкаға алып барады. (Балалар бі-біріне жіпті береді, ол жіп Иванушка отырған үйге апарады.) Балалар Иванушканы алып кейін қарай қашады. Сергіту сәтті: Далада жел тұрады. Күн жарқылдайды Жаңбыр жауады. Жаңбыр басылады. Күн ашылады. Тәрбиеші: Балалар, Иванушканы алып кеткенімізді біліп, Жалмауыз-кемпір соңымыздан Аққу-қаздарды жіберіпті. Тәрбиеші: Балалар Аққу- қаздар жетіп қалды, өзенге барып көмек сұрайық. Өзен: Менің тапсырмамды орындандар. Таяқшалардан үш бұрышты геометриялық пішін құрастырыңдар. Мына пішін қандай? Мына пішіндерден маған үй құрастырып беріндер. Олардың түстері қандай? Өзен: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Аққу- қаздар сендерді байқамай қалды. Тәрбиеші: Балалар, Аққу қаздар жетіп қалды, алма ағашына барып көмек сұрайық. Алма ағашы: Менің тапсырмамды орындаңдар. Мен сендерге көмектесемін. Тапсырманы орындағаннан кейін үйге қайтып келеді. Осымен біздің саяхатымыз аяқталды |
Қызыға қарсы алады Иә, жасаймыз Сәлеметсіздер ме Иә, көмек береміз Пеш-пеш бізге көмектесші, Иванушканы Аққу-қаздар қайда алып кетті? Алма-алма ағашы, бізге көмектесші, Иванушканы Аққу-қаздар қайда алып кетті? Өзен-өзен бізге көмектесші, Иванушканы Аққу қаздар қайда алып кетті? Қимылдарды сөздерге байланыстырып сәйкестіреді Өзен-өзен бізге көмектесші, Иванушкамен бізді Аққу қаздардан жасырш Өзен саған көп рахмет! Алма ағашы бізге көмектесші, Иванушкамен бізді Аққу қаздардан жасыршы. мадақтау |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Апта күндерін ажырату
Болуы керек: Геометриялық пішіндерді атау
Істей білуі керек: Бес көлеміндегі сандардың құрамын анықтауға, сандарды табуға, заттарды санау