400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Вариативтік компонент: Ертегілер елінде Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Арипбаева Сандуғаш Джалдасбековна

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебі жанынан ашылғын «Ақерке» шағын орталығы:

Вариативтік компонент: Ертегілер елінде

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Мақсаты:

Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.

Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету.

Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.

Көрнекіліктер:  Шалқан ертегісінің кейіпкерлері фетрден жасалған. Ширма                                                                                         

Ұйымдастыру кезеңі:   Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. Ролдерде ойнайтындар:
Атай: Жайлхан Ринат
Әжей: Сейтен Ақниет
Немере қызы: Аменгелді Рамина
Күшік: Сейлхан Төреғали
Мысық: Дурсунов Ислам
Тышқан: Оразалы Алихан
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.

Атай:Кемпірім,кемпірім келіп көмектес.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.Қызым,қызым келіп бізге көмектес

Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады.

Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.Күшігім,күшігім келіп бізге көмектес.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі тағамнан дәм татады. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар дейді.Бәрі бір дастарқан басында отырып

мәз-мейрам болады.

Саусақ жаттығуы: "Достық" жаттығуы.

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын

бір-біріне тигізу)

Бір,екі,үш,төрт,бес( шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір,екі,үш,төрт,бес

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы суреттер?» ойыны. 

Ойынның мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін,ес,зейін,қабылдау процесстерін дамыту

Ойынның  құрал-жабыдықтары: «Шалқын» ертегісінің суреттер бөлінділері              

Ойынның мазмұны:Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден «Шалқын» ертегісінің суретін құрайды.

Қорытынды: Балаларды  мақтау, мадақтауСау болыңдар!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.11.2020
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі