Материалдар / Веб-сайттардың қауіпсіздігі және оларға жасалынатын шабуылдардың түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Веб-сайттардың қауіпсіздігі және оларға жасалынатын шабуылдардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Веб-сайттардың қауіпсіздігі және оларға жасалынатын шабуылдардың түрлері Веб-сайттардың қауіпсіздігі және оларға жасалынатын шабуылдардың түрлері Веб-сайттардың қауіпсіздігі және оларға жасалынатын шабуылдардың түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Шілде 2021
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шетел тілін үйретуде Электронды оқулықтарды пайдалану


Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу ағарту саласында техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдану қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешіп отыр.Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телекоммуникация, электрондық оқулықтар даярлау. Студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болады. Сонымен мен осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп студенттің өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай ақ, психологиялық, педагогикалық бағдарламалық – техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.

Осыған орай Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласын ақпараттандыруға байланысты ұсынысымен Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес колледждерді техникамен қайта жабдықтауға және ақпараттық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде. Оқу үрдісінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Сонымен қатар,

Кез – келген педагогикалық технология - ақпараттық технология болып табылады. Педагогикалық технология мұғалім мен студентке ыңғайлы жағдай жасай отыра оқу үдерісін жобалау мен ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студентер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды, түрлі суреттер, бейнекөріністер көріп, дыбыс және музыка тыңдай алады. Бұл, әрине, оқытушымен тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.

Сондықтан колледж алдында тұрған жаңа мәселерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

  • Студенттің өзіндік жұмысын арттыру;

  • Ақпараттық түрлі көздермен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

  • Ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс –тәсілдеріне студенттерді үйрету;

  • Олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

  • Өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.

Электрондық оқытудың негізгі мәселесі ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Дидактикалық тұрғыда электрондық оқытудың төмендегідей маңызды мәселерді анықталады.

  1. Білім беру үрдісінің субьектілері арасында толыққанды ақпараттық өзара әрекетті ұйымдастыру;

  2. Электрондық оқытуда ақпараттық –коммуникациялық пәндік ортаны ерекшеліктерін анықтау;

  3. Электрондық оқыту үрдісінің субьектісінің оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету. « Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары » ұғымы дәл осы құралдарға байланысты анықталады.

Электрондық оқыту әр студенттің дамуын қадағалайтын, өзі ізденіп, оқиды, оқытушы дарынды студентердің мүмкіндігін анықтайды, әр студент өзін-өзі бағалап, өз білімін жоғары деңгейде көрсете алады. Осыдан келіп, студенттер де жоғары ұпай жинауға ұмытушылық пайда болады.

Қорыта келгенде, осындай технологиялардың тиімділігі мынада:

  • Білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;

  • Оқыту сапасын арттыруға

  • Басқару тиімділігін жетілдіруге

  • Студенттердің дамуына бақылау жасауға

  • Осыған сәйкес студенттердің білімін бағалауда тигізетін септігі көп.

Қазіргі кезде біз сабақ беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын көбірек қолдансақ, онда біз әлемдік білім беру кеңістігіне тезірек шығар жол табамыз деген ойдамын.Өйткені нақты жағдайда қысқа мерзімде ақпарат тасқынын реттеп, пайдалануға үйрену керек, әрбір құбылысқа шығармашылықпен қарап, өз бетінше ақпараттардың ең тиімділігін, мазмұндыларын таңдап алуға қалыптасу қажет. Ал бұл мақсаттарға жетуге оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың маңызы өте зор.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!