Материалдар / Ветеринария пәні бойынша баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ветеринария пәні бойынша баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ветеринария мамандығы бойынша лекуция жинағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2023
365
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Дәріс. Ветеринарлық хирургия туралы түсінік, даму тарихы

Мақсаты: ветеринарлық хирургияның даму тарихын, отаның жасалу техникасын және жіктелуін білу.

Тәжірибелік жануарлар: жылқы, ірі қара мал, қой, есек, қоян, теңіз шошқасы.

Материалдар мен жабдықтар: хирургияның даму тарихы, ота жасалу туралы бейне фильмдер, баннерлер, арқандар, тұсаулар, бұғаулар, тартпалар, брезенттер, ота үстелдері, ота жабдықтары.

Сабақтың жүргізетін орны: клиника, ота жасау бөлмесі

Жұмыстың барысы: осы тақырыпты өту барысында, жануарларға алғашқы хирургиялық көмек көрсету ережелерін меңгерулері қажет.

«Жануарларға алғашқы емдік көмек көрсету» оқу құралы мал дәрігерлерін дайындауда басты мәселелерді шешеді, жануарларға хирургиялық оталарды жасау әдістерін үйретеді. Топографиялық анатомияны білу отаны жасар алдында, оның анатомиялық қажеттілігін ойластырып, топографиялық анатомиясын айқындап, отаны жасау немесе ота жасауға болмайтын кезеңдерін айқындауға мүмкіндік береді. Ота алдында малдың топографиялық анатомиясын толық игеру, ота алаңына қандай мүшелер жақын орналасқанын және оларға қалай жетуге болатындығын білуге мүмкіндік береді. Сол себептен топографиялық анатомия және жануарларға алғашқы емдік көмек көрсету оқу құралы екеуі бір тұтас.

Кеңес дәуірінде ветеринарлық хирургияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар профессор Л.С.Сапожников, Сталин сыйлығының иегері профессор В.М.Оливков, профессор Н.И.Пирогов, профессор И.Д.Медведев, профессор И.Е.Поваженко, профессор Э.И.Гауэнштейн, профессор Н.А.Иванов, профессор А.Ю.Тарасевич және т.б.

Отанымызда ветеринарлық хирургияға еңбегі сіңген ғалымдар: профессор А.Ф.Максименко, Т.С.Минкин, Н.Ф.Фаткин, доценттер Ж.О.Омаров, Т.А.Аухадиев, К. Абишев.

Соңғы жылдары республикамызда ветеринарлық хирургияның әр саласында зерттеу жұмыстарын атқарып жүрген ғалымдар: профессор Ильясов Б.К., Муралинов К.К., Наметов А.М., доцент Әлмұхаметов К.А., Қамсаев К.М., аға оқытушы Орынханов К.А.

Хирургиялық ота (лат. opera-әрекет, жұмыс еңбек) ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейбір оталар, шаруашылық қажеттілігіне сәйкес сау малға да жасалады: малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық оталар. Ота жасауға болатындығы немесе болмайтындығы малдың клиникалық, кейде зертханалық, ретгенологиялық және т.б. зерттеулерге негізделеді. Ота көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы болады. Абсолютті көрсеткіштерге жататын оталар: қатерлі ісік, қан кету (қан ағу), іштің кебуі (тимпания), пневмоторакс және т.б. Салыстырмалы көрсеткіштерге жататын оталар: қатерсіз ісік, қысылмаған жарық және т.б. Ота жасауға болмайтын көрсеткіштерге малдың қоңдылығы, жасы, ауру түрі, малдың естен тануы, буаздық және т.б.көрсеткіштер жатады. Барлық оталар негізгі екі топқа бөлінеді: қанды терінің, кілегей қабықтың, тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен сипатталады, және қансыз дененің, сыртқы терінің бүтіндігі бұзылмайды. Қолдану мақсатына байланысты ота: емдік (олардың ішіндегі пластикалық және қалпына келтіретін); диагностикалық, косметикалық – жануарларды сәндеу үшін (құлағын және құйрығын кесу және т.б.); экономикалық – малдың өнімділігін арттыру мақсатында (пішу); тәжірибелік (эксперименталды), физиологиялық ота, мысалы, бір ағзаның қызметін зерттеу немесе жаңа ота әдісін үйренуге бағытталған.

Қойылған жоспардың жылдамдығына және сипатына қарай хирургиялық оталар: Радикалды (батыл жасалатын ота) және паллиативті (уақытша жеңілдік беретін ота) болып бөлінеді. Радикалды оталар - ауру себебін толық жоюға және рецидивтің алдын-алуға бағытталады, мысалы (тіс кариесінде тісті жұлып тастау, құрсақ жарығы кезінде жарық тесігін тігу және т.б.). паллиативті оталар - малдың жағдайының нашарлығынан радикалды ота жүргізуге болмайтын жағдайда жасалады (кеуде немесе құрсақ қуысында сары су жиналғанда, құрсақты тесу). Жиі бұл оталар ауру себебін жоймайды, сондықтанда мәжбүрлі іс шара болып табылады. Емдік оталар ауру дәрежесіне қарай: шұғыл (экстрендік), жедел және жедел емес болып ажыратылады. Шұғыл ота - малдың өміріне қатерлі жағдайлар туындағанда жасалатын ота (қан кету, қысылған жарық, тұншығу, жіті тимпания). Жедел ота - жоғарыда аталған және жылдам дамитын ауруларда жасалатын ота (қатерлі ісік). Жедел емес немесе жоспарлы ота – алдын-ала жоспарланған яғни малдың өнімділігіне және құндылығына әсер етпейтін ота (пішу, құлақ резекциясы). Ота үлкен және кіші, бір және екі кезеңдік болып бөлінеді. Кіші оталарға – тесу, инъекция, беткейлік абсцесстерді ашу. Үлкен оталар – құрсаққа және терең ұлпаларға жасалатын оталар. Отаның басталуы және аяқталуы бір мезгілде жасалады, екі кезеңдік - екі рет жасалады, арасында біраз уақыт болады (іріңді кілегейлі қабатты тесу, сонан соң 5-7 күннен кейін қапшықты алып тастау). Отаның латынша атаулары, ота жасалатын ағзалардың және қолданылатын ота әдістерінің қосылуынан қалыптасады. Тілу - tomia; кесіп алу - ectomia, сылып алу - extirpatio; жартылай кесу - resectio; шеткі мүшелерді толығымен кесіп алу - amputatio (мысалы, руменотомия - мес қарынды тілу, уретростомия - жасанды несеп шығаратын тесік жасау). Егер инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға ота жасалса оны “таза” немесе асептикалық дейді, басқа жағдайларда оталар іріңді деп саналады.

Пластикалық оталар зақымдалған ұлпалардың немесе мүшелердің қызметін және пішінін қалпына келтіру. Косметикалық оталар қазіргі кезде

кең орын алып келе жатқан оталардың бір түрі – иттердің құлағын немесе құйрығын кесу, дененің әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т.б.

Медицина ғылымның үлкен жетістіктерге жетуіне қарамастан хирургиялық инфекциялармен күрес өзекті де, маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Іріңді аурулар мен іріңді асқынулар қазіргі таңда да, соңғы жылдарда да тәжірибе жүзінде өзгерген жоқ. Хирургиялық инфекция деп - микроорганизмдердің еніп және көбейіп, олардың ара-қатынасында белгілі бір заңдылыққа бағына отырып, қоздырушыларды тасымалдаушылықтан айқын аурудың қозуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады. Хирургиялық инфекцияның алдын-алу асептиканың негізгі қағидасының орындалуымен жүзеге асады: «Жараға жанасатын заттың барлығы зарарсыз болу керек».

      1. Ота техникасы

Барлық хирургиялық оталар 3 кезеңнен тұрады:

        1. Оперативтік жету патологиялық үдеріс дамыған ағзаға немесе мүшеге тілу арқылы жету (мысалы, құрсақ ішіндегі ағзаларға жету үшін құрсақты тілу) (сурет 1).



1-сурет. Оперативтік жету

        1. Оперативтік әдіс— ауру ағзаның өзіне жетіп, ота жасау. Бұл кезде зақымдалған мүшеге өте мұқият болып, оның бүтіндігін және тіршілік қызметін бұзбай сақтауға тырысу. Бұл хирургті физиологиялық ойлауға, ал отаны анатомиялық жасауға міндеттейді (сурет 2).



2-сурет. Оперативтік әдіс

        1. Отаның қорытынды кезеңі ота жарасын жабу, ол отаның соңы болып табылады, бұл тігіс, байлам салу, дренаж енгізу (сурет 3).


3-сурет. Отаның қорытынды кезеңі (тігіс)

Отаның сәтті аяқталуы малдың ота алдындағы жағдайына, аурудың сипатына және зақымдалу дәрежесіне, ота әдісін дұрыс таңдалғанына және жасалу техникасына, сонымен қатар асептика және жансыздандыруға, ауру малдың күтіміне, кейінгі асқынудың алдын алуға байланысты.

Егер малдың шаруашылық құндылығы сақталса, ота сәтті аяқталды деп есептеледі,

Бақылау сұрақтары:

  1. Ветеринарлық хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар.

  2. Оперативтік жету дегеніміз не?

  3. Қандай сатылардың көмегімен хирургиялық ота іске асады?

  4. Хирургиялық отаның соңғы сатысы немен аяқталады?

  5. Мақсатына қарай хирургиялық ота қалай бөлінеді?

2 Дәріс. Хирургиялық инфекция

Мақсаты: ауыл шаруашылық малдарының және зертханалық жануарлардың хирургиялық инфекциялары мен ауруларын емдеуді үйрету.

Тәжірибелік жануарлар: тақырыпқа сай малдар (ірі қара мал, жылқы, ит, мысық).

Материалдар мен жабдықтар: скальпельдер, қисық қайшылар, ұстара, хирургиялық пинцеттер, ине ұстағыштар, балға бұрғы, ота жіптер (жібек, лавсан, кетгут), жалпы жансыздандыруға қолданылатын дәрілік заттар (хлоралгидрат, ксиланит, рометар, кетамин, калипсол), тампондар (анжылар), ашық жараларды өңдеуге арналған ерітінділер (сүртпе майлар, антибиотиктер, стрептоцид, фурацилин, 0,5% новокаин, 1%-ды хлорамин ерітіндісі, 0,5%-ды мүсәтір спирті, 5%-ды йод тұнбасы).

Сабақтың жүргізілетін орны: клиника, ота жасау бөлмесі немесе шаруашылықтағы ашық алаңқай.

Жұмыстың барысы: оқытушының жетекшілігімен студенттер ұрғашы ауылшаруашылығы малдарын пішу немесе стерилдеу әдістерін меңгереді.

Сабақты жүргізудің әдісі: оқытушы студенттердің теориялық білімін тексеріп, топты 4-5 студенттен 2-3 топшаға бөледі. Студенттер хирургиялық инфекциялар және емдеу әдістерімен танысады.

Хирургиялық инфекция ұлпалардың әртүрлі зақымдалу кезінде пайда болады. Әдетте хирургиялық инфекция қоздырушысы енген жерінде басталады (микроб, вирус, саңырауқұлақ) және ауыздықталған қабыну үдерісі жергілікті хирургиялық инфекция түрінде өтеді. Ағзаның резистенттілігінің төмендеуі және қоздырушының жоғары патогендігі мен уыттылығы нәтижесінде қоздырушының жайылуы басталады және мұндай жағдайдан соң жалпы хирургиялық инфекция – сепсис пайда болады. Егер хирургиялық инфекция белгілі бір қоздырушымен шақырылған болса, онда ол біртүрлі деп, ал егер бірнеше түрлері еніп, дамуымен сипатталса аралас деп аталады. Қандай да бір патологиялық үдеріс өтуі барысында пайда болатын әртүрлі микробтарды кезекті түрде жұқтырса, оны екінші инфекция деп атайды. Ал бірінші аурудың белгілері қайтадан басталып, микробты екінші қайтара жұқтырса, оны қайталамалы инфекция деп

атайды. Хирургиялық инфекция өтілімі бойынша: жіті және созылмалы деп бөлінеді. Қоздырушы сипаты және ағзаның әрекеттесуіне байланысты:

  1. Аэробты немесе іріңді хирургиялық инфекция аэробты микробтармен шақырылады (стафилакокк, стрептококк, диплококк, ішек және көкіріңді таяқшаларымен және т.б).

  2. Анаэробты хирургиялық инфекция – ұлпаларды ерітетін анаэробтар, бациллалармен (газды гангрена, кеселді ісік) және токсикалық ісік микробтарымен шақырылады;

  3. Ерекшеленетін хирургиялық инфекция (делбе, сақау, бруцеллез, туберкулез, некробактериоз, актиномикоз, ботримикоз).

Инфекция – күрделі патологиялық үдеріс, малдың ағзасында инфекция қоздырушылардың жалпылануына қарсы тұратын нақты механизмдер:

  • Бұзылмаған, дұрыс тері мен кілегейлі қабыққа микробтар өте алмайды, яғни бұл эпителий қабаты, оған қоса теріде кейбір авторлардың мәліметі бойынша лизоцим микробқа қарсы заттар болады, ал кілегей

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!