Материалдар / Ветеринариялық санитариялық сараптау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ветеринариялық санитариялық сараптау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сараптама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2023
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1,2 Дәріс. Ет комбинаты

Орталыққа бағындырылған, технологиялық үдерістері біріктірілген ет өндірісіндегі негізгі кəсіпорын. Онда жануарларды сояды жəне ұшаларды қайта өңдейді. Ет комбинаттары келесі негізгі цехтардан тұрады:

Малды сою алдындағы күту қоралары. (мал базасы) жануарларды орналастыруға, көріктен өткізуге, сұрыптауға жəне демалдыруға арналған. Малды сою алдындағы күту қораларының көлемі ет комбинатына түсетін малға жəне əр малдарға қажетті мөлшеріне байланысты. Мысалы, бір бас ІҚМ – 2,5 м², қой мен ешкі -0,8 м², шошқа – 1 м² құрайды. Малды сою алдындағы күту қораларына келген малдарды қабылдау, түсіру, сұрыптау жабдықтарымен жабдықталған. Малды сою алдындағы күту қораларының аумағы – шектеу (карантин) бөлімінен, оқшауханадан (изолятор), санитарлық қасапханадан, ірі жəне құрама

азықтарға арналған қоймалардан, автокөліктерді зарарсыздандыруға арналған аймақтардан, дезинфекциялық бөлмеден, санитарлық өткелден жəне жатақханадан тұрады.

Карантин бөлімі. Малды сою алдындағы күту қораларынан бөлек орналасқан. Сыртында биіктігі 2,5 м қабырғамен айнала қоршалады. Мұнда ашық жəне жабық мал қоралары болады. Шектеу (карантин) бөлімі ет комбинатына түскен малдардың 10% қабылдауға мүмкіндігі болуы шарт. Шектеу (карантин) бөлімге ауруға күдікті, індетті аурумен ауырған, ветеринарлық анықтамасы жоқ немесе құжаттағы көрсетілген мал басының дұрыс келмеуінен болған малдарды ұстайды. Мұнда арнайы күтушілер малдарға қарайды. Олар таңертең жəне кешке əр бір мал басының дене қызуын зерттейді. Керек болған жағдайда аурудың алдын алу жəне емдеу жұмыстарын жүргізеді. Шектеу (карантин) бөлімінде ауру малдарға клиникалық балауды дұрыс қойғанша немесе ветеринарлық құжаттардың себебін анықтағанша тұрады. Бірақ 3 күннен артық емес.

Оқшаухана (изолятор). Шектеу (карантин) бөлімі мен санитарлық қасапхананың жанында орналасады. Қабылдау мүмкіндігі бір күнде түскен малдардың 1% құрайды. Оқшаухана - жабық бөлмеден, ішінде су жəне су құбырымен жабдықталған. Оқшаухананың ішінде қолданған суды залалсыздандыратын жабдықтар жəне мал қиын жағатын пештер болады. Əр малға бөлек жем-су беріледі, аурудан айыққан малдарды санитарлық қасапханаға союға жібереді.

Санитарлық қасапхана – ауру немесе ауруға күдікті жануарлардың ұшасын қайта өңдейді. Санитарлық қасапхана бөлек оқшаухана (изолятор) мен шектеу (карантин) бөлімдердің жанында орналасады. Санитарлық қасапхананың сырты түгелдей қоршалады. Санитарлық қасапхананың жанында бірнеше бөлімдер орналасады. Оған малды сою, қайта өңдеу, субөнімдерді өңдеу жəне қарын мен ішектерді қайта өңдеуге арналған бөлімдер кіреді.

Субөнімдік цехы. Жүнді субөнімдер (құлақ, ерін, аяқ, шошқа басы мен құйрығы жəне т б), сірлі субөнімдер (үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар, шошқа асқазаны), жұмсақ субөнімдер (жүрек, бауыр, өкпе, көк ет, желін, ет кесінділері жəне т б) ет –сүйекті субөнімдер (мал басы мен құйрығы) жатады.

Май цехы. Суыту, қалдықтардан тазалау (ет қалдықтарын, лимфа түйіндерін алып тастайды), жуу, сұрыптау, шикі майларды майдалау, еріту, суыту, бөшкелерге немесе арнайы ыдыстарға құю, майдың шыжығын престеуді жүргізеді.

Ішек цехы. Ішектер əр бөлікке бөліп, жыннан (химус) тазалап, зарарсыздандырып, сірлі қабығын алып, суытылып, сұрыптап, қалыпқа салып, консервлейді.

Теріні консервлеу цехы. Сылынып алынған мал терісі, ет жəне май қалдықтарын тазаланып, сұрыпталады, тұзбен құрғақ жəне ылғалды консервленеді.

Өтелдеу цехы. Мал өнімдері мен шикізаттары сұрыпталып, майдалаланып, қайнатылады, техникалық майлары бөлініп алынып, кептіріледі жəне азықтық заттарға туралып, қапталады.

Мұздатқыш цехы. Ет өнімдерін суытады, мұздатады жəне сақтайды.

Шұжық цехы. Етті сүйектен, сіңірлерінен ажыратып, сұрыптап, ет тартқыштан өткізіп, тұздап етті жетілдіреді, қима дайындалып, шұжық жасалады.































№ 3 Дәріс. Құс комбинаты

Бұл өндіріске сонымен қатар құс фабрикасындағы құс сою қасапханалары да жатады. Құс комбинатын салу үшін шамалы биіктеу жер, мұздай желден ықтау жəне тас жол мен темір жолға жақындау аймақ таңдалып алынады. Құс фабрикасы өндірістік орындардан, тұрғылықты аймақтардан кем дегенде 300 м қашықтықта орналасуы қажет. Өндірістің сырты қоршалып тас немесе асфальт төселеді, игерілмеген аймақтары көгалдандырылады. Құс комбинаттары қажетті мөлшерде таза сумен қамтамасыз етіледі. Егер қала маңына жақын жерде орналасқан жағдайда қаланың су құбырына қосады, ал егер мұндай мүмкіншілік болмаса, жергілікті су құбыры тартылып, тазарту қондырғылары орнатылады. Ұсақ құс комбинаттарында құс саңғырығын тастауға арналған цементтен жасалған беті жабылатын құдықтар салынады. Құс саңғырығын тастауға арналған шұңқыр мен дəретхана өндірістен 50 м-ден жақын болмауы қажет.

Құс комбинаты келесі негізгі цехтардан тұрады: құсты қабылдау, сою, ұшаны өңдеу, мұздатқыштан. Үлкен құс комбинаттарында сонымен қатар асханалық, меланж жасау, жұмыртқаны кептіру, шұжық жəне консерві жасау цехтары, өндірістік зертханасы, залалсыздандыру жəне өтелдеу пункттерімен қамтамасыз етіледі. Өндірістік цехтар құс комбинаттарынан бөлек орналасады.

Мал сою пункттері. Ауылдық жерлер мал сою пунктрерімен қамтамасыз етіледі. Мұндай кəсіпорындардың салынуы: а) жақын маңдағы ауылдардағы мал союды бір жерге шоғырландыру; б) жануарларды сою жəне ұшаларын бөлуде ветеринарлық қадағалау жүргізу; в) мал сою кезінде шығатын індетті жəне инвазиялық аурулардың таралуын алдын алу; Іріктеп мал сою санитарлық қауіпсіздіктен бөлек экономикалық жағынан да шығынға батыруы мүмкін. Іріктеп сою кезінде жануарлардың қанын пайдаланбайды, шошқа терісі, ішек шикізаттары жəне былғары шикізатының бір бөлігі шикізатты өңдеу орындарына төменгі сұрыппен сатылады.

Ауылдық жердегі мал сою пунктінің тəуліктік өткізуге мүмкіндігі 5-7 бас, ал ауданық мал сою пункітінің мүмкіндігі 10-25 бас ірі қара мал немесе шошқа мен қой да ауысыммен сойылуы мүмкін. Мал сою пункті ауылдық жерден, мал қораларынан, жайылымнан, жолдан, су қоймасынан, балалар жəне емдеу мекемелерінен, қоғамдық орындардан кем дегенде 500 м қашықтықта болуы тиіс. Негізгі жоспарға байланысты мал сою пунктіне 1350 м³ аумақ беріледі. Алаң 2 м биік қоршаумен қоршалады.

Мал сою пункті ветеринарлық санитарлық қадағалау мекемелерінің келісімі арқылы жасалады. Мал сою пункті ауылдық жердің ық жағында орналасады жəне сойылатын малды алып келуге, түсіруге,

өндіріс қалдықтарын шығаруға ыңғайлы болуы тиіс. Мал сою пункті салынатын орын топырағы құрғақ, атмосфералық жəне өзен суларының тасуынан су басу қауіпі болмауы керек. Ал күн көзі түсуі мен жел жақсы желдетілуі қажет. Мал сою пунктерінің кіру жəне шығу есіктеріне зарарсыздандыру тосқауылы орналастыру керек. Көліктердің доңғалақтарын санитарлық зарарсыздандыру үшін барлық уақытта

зарарсыздандыру ерітіндімен толтырып отыру қажет. Қыс мезгілінде ертіндінің қатып қалмау үшін дезтосқауылдың үстін жабады немесе бу арқылы жəне басқа əдістер арқылы ерітіп отырады.

4 Дәріс. Санитарлық мал сою пункті

Санитарлық мал сою пункті мал кешендерінде салынады. Санитарлық мал сою пункті сойылған малдардың ұшасын суытуға, мұздатқыш камерасы шартты жарамды ұшаларды уақытша сақтауға, жануарларға азық ретінде берілетін ақауы бар ұшалар мен мүшелерді қайта өңдеу үшін автоклавпен жабдықталған бөлмеден тұрады. Бұлардан басқа санитарлық мал сою пунктінде сойыс қалдықтары мен өлекселерді жағу үшін арнайы пеш, санитарлық торапқа жалғанған жуыну бөлмесі, лажсыздан сойылған жəне өлген малдан алынған теріні алғашқы өңдеу мен сақтау бөлмелерімен жабдықталған. Санитарлық сою пункті мен оның айналасындағы аймақтар қоршаумен қоршалады. Санитарлық мал сою пунктінде басқа шаруашылыққа немесе басқа да жеке тұлғаларға тиесілі малдарды союға тиым салынады.

Малды қайта өңдеу кəсіпорындарын сумен қамтамасыз етілу. Су жануарларды союға дайындау кезінде жəне ұшаларды технологиялық өңдеу барысында қолданылады, қожалық мақсаты үшін санитарлық гигиеналық іс- шараларды жүргізуде қажет болады. Бірақ малды қайта өңдеуші кəсіпорындарда суды шығындаудың келесі мөлшері белгіленген: ірі қара малдың бір басын өңдеуге – 300 л, ал қой мен шошқа – 60 л су қажет болады. Жануарларды қайта өңдеуші кəсіпорындарды сумен қамтамасыз ету келесі

əдістермен жүзеге асырылады: жалпы су құбырына жалғау немесе өзінің су жүргізу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Ауылдық жердегі жəне аудан көлеміндегі сумен қамтамасыз ету кезіне жер асты суларын су сорғылары арқылы су жинағышқа жинайды. Сукенеуіштен құбырлар арқылы кəсіпорын ішіндегі барлық қолданатын нүктелерге таратылады.

Су сапасы санитарлық үлгілері қанағаттандыру қажет. Су сапасын көрсеткіші ішек таяқшаларының титріне сəйкес: 1 л суда 3 ішек таяқшаларынан көп болмайтын су пайдаланылады.

Қолданылатын суды кəсіпорындарда кезең-кезеңімен, қалалық су құбырын қолданғанда 3 айда бір рет, ал су көздерін пайдаланатын өндірісте айына бір рет химиялық-бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

Малды ет өндіру орындарында қабылдау. Мал жəне құсты, мал өндеу кəсіпорындарында олардың тірідей салмағы жəне еттің шығымы мен сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал, шаруашылықта арнайы дайындаудан өтеді. Оны кəсіпорынға жіберер алдында мал дəрігерлік зерттеуден өткізеді. Барлық малдың дене қызуы немесе мал дəрігерінің (фельдшер) қалауы бойынша ішінара зерттеледі. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақыланған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.

Мал өндеу кəсіпорындарына бруцеллез, туберкулез ауруларының клиникалық белгілері бар, ауруы анықталмаған, температурасы қалыптан жоғары немесе төмен малды жəне орнитоз, грипп, Ньюкасл ауруы бар құсты жіберуге болмайды.

Емдеу немесе ауруды алдын алу мақсатында антибиотик егілген малды, дəрілік заттардың ветеринарияда қолдану туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге дейін союға рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды «малды шыбын-шіркей, кұрт-құмырсқаға қарсы өңдеуге ұсынылған химиялық заттардың тізімінде көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат бермейді». Сонымен қатар малға балық жəне балық қалдықтарын, балық ұнын жегізгеннен кейін 30, ал құстарды 10 күнге дейін мал өндеу кəсіпорындарына жіберілмейді. Союға жіберілетін əр малға, мал дəрігерлік зандылықта көрсетілген тəртіп бойынша мал дəрігерлік куəлік (анықтама) толтырылады. Куəлікте көрсетілген барлық мəліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Бір топ (партия) малға бір шаруашылықтан (фермадан) шыққан, бір түлік мал жəне бір мезгілде, бір куəлікпен жіберілген малдар жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпалы емес ішкі ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акты толтырылады.

Жаппай зерттеу кезінде бруцеллезге, туберкулезге оң нəтиже берген мал, құс, сондай-ақ ауру мал, ет комбинаттарына тек қана облыстық мал дəрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі. Ондай малды тапсыру, ет комбинатымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі, ал малды тасымалдау жəне сою осы ауруларға карсы жүргізілетін шаралар туралы нұсқау бойынша жүргізіледі. Ауру малды ет комбинаттарына айдауға рұқсат етілмейді.

Малды автокөлікпен немесе айдап келген, ал темір жол, су жолдарымен тасымалдаған вагонның немесе баржаның малды түсіруге алып келінген уақыты, малдың ет өңдеу кəсіпорнына түскен уақыты болып есептеледі. Темір жол жəне су жолымен тасымалданған мал, кестеге сəйкес тəуліктің кез келген уақытында (демалыс күндерінде де), ал автокөлікпен жəне айдап алып келінген мал ет комбинатына жұмыс уақытының аяқталуына бір сағат қалғанша, қабылдануы тиіс. Егер мал кестеде көрсетілген уақыттан кеш келсе, оған шаруашылықтың кінəсі жоқ болса (темір жолдың кінəсы, көліктің ақауы, т.б.) мал сол күнгі ережеге немесе шаруашылықтың келісімі бойынша келесі күнгі кабылдау ережесіне сəйкес қабылданады. Ал себепсіз кешіккен жəне кестеден тыс немесе келісілген мал басынан артық малды ет комбинаты орынмен жəне сумен қамтамасыз етуге тиіс, ал жем-шөпті мал тапсырушы шаруашылық жеткізеді. Мұндай малды қабылдау ет комбинаты мал тапсырушы шаруашылықтың келісімі бойынша жүргізіледі.

Мал кəсіпорынға түскеннен кейін ет комбинатының (құс комбинатының, қасапхананың) мал дəрігерлік куəліктің дұрыс толтырылуын тексеруге жəне мал қабылдаушы тауартануышымен бірге куəлікте көрсетілген мал басы санының сəйкестігін тексеруге міндетті. Сонымен қатар малдың жағдайын, қажет болса температурасын өлшейді. Сонан кейін малды қабылдау, орналастыру тəртібі туралы нұсқау береді. Осы уақыттан бастап алып келінген мал, ет комбинаты мал дəрігерінің бақылауында болады. Дəрігерлік байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі қараны бір-бірлеп қоршаудан өткізеді. Мал техникалық шарттарға, стандартқа сəйкес жынысына, жасына жəне қоңдылығына қарай бөлінеді, тірідей салмағын анықтайды.

Мал дəрігерлік байқау кезінде ауру мал, мал өлексесі байқалса немесе мал басы басқа көрсеткіштерге сəйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейін оқшаулау (карантин) бөлімінде ұсталуы тиіс. Осы уақытта мал дəрігерлік қызметкерлер ауруды анықтап, сəйкессіздік себебін анықтайды. Малды оқшаулау (карантин) кезіндегі шығын мал тапсырушының есебінен өтеледі. Автокөлікте табылған өлексе одан түсірілмес бұрын топалаңға зерттеу жүргізілген соң (микроскоптау), жоюға немесе техникалық өндеуге жіберіледі. Темір жолмен тасымалданған вагондағы өлексені де топалаңға зерттелгеннен кейін мал дəрігерлік бақылау кызметкерлерінің нұсқауы бойынша арнайы жерге түсіріледі. Малдың салмағы жəне қоңдылығы анықталғаннан кейін мал қабылданды деп есептеледі, ол туралы тауар-көлік құжатында белгіленеді. Мал дəрігерлік байқау кезінде, малдың жалпы жағдайына, дене пішініне, басының орналасуына (тік, салбыраңқы т.б.), көзінің, терісінің жағдайына, қозғалысына, буындарына көңіл аударады. Сонымен қатар малдың күйіс қайтаруы, тыныс алуы, көзден, мұрыннан сұйықтық ағуы, жамбасының ластануы, ішінің кебуі, т.б. да өзгерістер малды зерттеуде үлкен маңызға ие. Ұрғашы малдың желіні, ал еркек малдың ұмасы, бұзаудың кіндік тұсы зерттеледі. Арық ірі қараның тері асты лимфа бездерін зерттеудің маңызы зор. Мойынның беткей шықшыт, жұтқыншақ, желін үсті бездері туберкулез ауруында ісініп белгі береді. Байқау кезінде қалыпты жағдайдан өзгерістері бар мал бөлек шығарылып, қосымша зерттеулер жүргізеді.

№ 5,6 Дәріс. Жануарларды тасымалдау

Жануарларды темір жол арқылы тасымалдау.

Алыс жерлерге тасымалдауға негізделген. Жануарларды бекетке, яғни артатын орынға алып келеді. Екі сағаттық дем алыстан кейін, жануарларды клиникалық қараудан өткізіп, дене температурасын өлшейді. Егер тасымалданатын жануарлардың ішінен індетті аурумен ауырған мал немесе құс анықталса артуға жіберілмейді жəне бекет аумағынан шығарылып, шектеуге (карантин) қойылады.

Жануарларды тасымалдауға арнайы вагондар қолданылады. Ол жерде ірі малдарды байлау үшін сақиналар, астаулар, шошқаларға азықты араластырып беретін астаулар жəне т.б заттар болады. Жыл мезгілінің 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында 300 км дейін қашықтыққа жануарларды ашық торлы вагондарда тасымалдауға болады. Жануарларды вагонға артудан алдын ветеринарлық мамандар вагонның ішін қарап шығуы керек. Жануарларды вагонға артуға арнайы жасақталған платформа арқылы артылады. Малдарды вагонға тік жəне көлденең орналастырады. Тік орналастырудың ыңғайлылығы жем-шөп беруге өте қолайлы жəне вагондар жүргенде аяғында нық тұрады. Бірақ бұл кезде вагонға жануарлар аз көлемде кетеді, ал көлденең артылса, көп сияды бірақ жем-шөп беру қиындайды.

Малдарды вагонға жасына, жынысына қарай, ал шошқаны қоңдылығына қарай орналастырады. Ірі қара малдарды байлау арқылы тасымалданады. Жануарлардың арасында азғана бос жер қалдырады, ол жануарлардың жатып демалуына мүмкіндік береді. Екі өсті вагондарға жануарлардың жасына қарай ІҚМ-дан – 8-12 бас, қой мен ешкіден – 40-50, құнажын, тайыншадан – 12-20, шошқадан – 20-40, ал бордақыланған ірі шошқалардан- 18 бастан артық артпайды. Төрт өсті вагондарға ІҚМ 2,5, шошқа мен қойдан – 2 есе көп артады. Жаздың мезгілінде аталған көрсеткіштен 10-15% кем артылады. Сыртқы орта температурасы 25°С жоғары болса, шошқаларды темір жол арқылы тасымалдауға мүлдем жібермейді. Құстар мен қояндарды арнайы торларда тасымалдайды. Тауарлық вагонға тауықтан – 1032, үйрек пен қаздан – 700-800 бас артылады. Торлар бір-бірінің үстіне орнатылып, арасы ағаш арқылы бөлінеді. Тор аралығынан күтушіге жəне тазалаушы заттарды қоятын орындар қалдырылады.

Тасымалдау барысында жануарларды азықпен қамтамасыз етеді. ІҚМ 1ц (100 кг) тірі салмағына- 4,5 кг, қой мен ешкіге-5,5 кг азық, шошқаларға- 2,5 кг құрама жем беріледі. Жануарлардың əр бір басы 1,5 кг /тəулігіне төсенішпен қамтамасыз етіледі.

Жануарлар мен құстарға қарау үшін əр бір 2-3 вагонға 1 күтуші қойылады. Тəулігіне жануарлар мен құстар 2 рет азықтандырылады, ал сумен жазда 3 рет, қыста мезгілінде 2 рет қамтамасыз етіледі. Шошқаға азық сұйық күйінде беріледі. Қаздарға дəнді суға шыланған күйінде, үйрек, тауық, балапан, күркетауықтарға сулау арқылы беріледі. Құстардың 1 кг тірі

салмағына тəулігіне – 80 гр тартылған жем беріледі. Суғару шелек немесе астау арқылы жүргізіледі. Вагондарды тазалау бекеттердің арнайы бөлінген орындарында жүргізеді. Егер жануарлар мен құстар судан, азықтан бас тартса, ауру белгілері байқалса немесе өліп қалса, күтуші міндетті түрде жақын маңдағы транспорттық мал дəрігеріне хабар береді.

Тасымалдау құрал-жабдықтарын ветеринарлық-санитарлық сараптау. Жануарларды немесе техникалық шикізаттарды түсіргеннен кейін көліктерді тазалап залалыздандыру керек. Көліктерді ветеринарлық- санитарлық өңдеу жұмыстары бекеттің зарарсыздандыру алаңшасында жүргізеді. Тасымалдау құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру 3 санатта жүргізіледі.

  1. санат:

а) індетті аурудан сау шаруашылықтан алып келінген тірі малдармен құстарды;

б) дені сау малдан алынған ет жəне ет шикізаттарын;

в) зерттегенде сібір жарасына теріс нəтиже берген тері шикізаттарын;

г) отандық жүн жуу кəсіпорындарында ыстықпен жуу арқылы өткен сырттан əкелінген жүндер тасымалданған вагондарды залалсыздандырады.

2 санат:

а) ауру, ауруға күдікті, жануарлар мен құстарды;

б) жолда кетіп бара жатқанда немесе түсіру кезінде жануарлардың өлексесі табылғанда;

в) шығу тегі беймəлім шикізаттарды тасымалдау құрал-жабдықтарын зарарсыздандыру жүргізеді.

  1. санат:

а) сібір жарасына, қара сан, маңқа, сіреспе, қойдың брадзоты мен індетті лимфангитіне күдікті немесе ауру малдарды сонымен бірге вагон ішінде індетті аурудан өлген мал өлексесі табылғанда;

б) былғары шикізатын сою арқылы алынбаған, сонымен бірге сібір жарасына зерттелмеген, шеттен келтірілген жануарлар шикізаттар мен жиналған сүйектер жүннен басқа отандық жүн жуу кəсіпорнында ыстық өңдеуден өтпеген - осы шикізаттар тасылған вагондарды залалсыздандырады.

Бірінші санатты вагондарды механикалық тазалаудан кейін ыстық сумен жуылады.

Екінші санатты вагондарды тазалап, залалсыздандырады, тағы да жуып қайта залалсыздандырады. Залалсыздандырудан алдын вагонның едені, қабырғасы, құрал-саймандар, залалсыздандыратын ерітіндімен дымқылдандырылады, ал құндылығы жоқ ішкі құралдар өртеледі. Үшінші санатты вагондарды тек залалсыздандыру тек арнайы залалсыздандырушы бекеттерде жүргізіледі, ол жерде сонымен бірге вагоннан шыққан суларды залалсыздандырушы арнайы орындар болуы керек. Вагон қидан, ластанған заттардан тазаланады, содан кейін залалсыздандырып, жуып, екінші рет қайта залалсыздандырылады.

Құндылығы жоқ ішкі құралдар өртеледі.

Залалсыздандыру жұмыстары біткеннен кейін арнайы көліктік ветеринарлық-санитарлық қызметтің ветеринария мамандары вагонға,

көліктерге, кемелерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, жүктер мен жануарларды тасымалдауға куəлік береді.

Мал соятын жəне етті қайта өңдейтін кəсіпорындар.

Етті қайта өндеуші кəсіпорындардың негізгі мақсаты:

- тұтынушыларға қажетті жоғары сапалы өнімдерін, сонымен қатар жеңіл өнеркəсіптер үшін шикізаттарды өндіру;

- адамдарға ет, ет өнімдері жəне сойған малдардың техникалық өнімдері арқылы жұғатын ауруларды болдырмау;

егер союға ауру мал алып келінсе одан індетті жəне инвазиялық қоздырғыштардың таралуын алдын алу;

сойылған мал қалдықтарымен топырақтың, су көздерінің жəне ауаның ластануына қарсы алдын алу шараларын ұйымдастыру.

№ 7,8 Дәріс. Жануарлар мен құстарды союға дайындау

Малдарды союға дайындау. Малды сою алдындағы күту қораларына алып келген малдар жайылымы мен суаты, астаулары бар жəне қораларда тынығуы қажет.

Жануарлардың тірі салмағының жоғалуын алдын алу мақсатында жануарларды бекемдеу орындарына (станок) немесе арнайы бөлімдерге (секция) дұрыс орналастыру қажет. Ірі қара малдарды бекемдеу орындарына (станок) қойып топ-топқа бөліп, яғни үлкен, жас, бұқа, бұқашықтар деп бөледі. Ірі қара малдың барлығын (жастарынан басқа) басынан байлау арқылы ұстауға ыңғайлы болады. Ол жануарлардың жарақаттанудан сақтайды, жақсы тынығады жəне малдарға қарау, яғни жем-шөп беру оңай болады.

Жануарлардың түрі мен жасына қарай белгіленген мөлшер бойынша жануарларды азықтандырады. Суару арнайы астау арқылы жүгізіледі. Ірі қара малды қыста 2 рет, ал жазда 3 рет, қойды күніне 1-2 рет суарады.

Шошқалар суды азықтары арқылы алады. Бірақ жаздың мезгілінде кем дегенде күніне 3 рет суғару керек. Əр бір келіп түскен мал басын (партия) суарып болғаннан кейін астауды жақсылап жуу қажет.

Жануарлар демалдырып болғаннан кейін жайылымнан союға дейінгі ұстау бөліміне жіберіледі. Ірі қара малды, қой мен ешкілерді 24 сағат, шошқаларды – 12 сағат аш ұстайды. Осы уақыт ішінде жануарларға азық берілмейді, бірақ судан шектемейді. Союға 2-3 сағат қалғанда су беру тоқтатылады. Осы уақыт ішінде майы мен тірі салмағының жоғалуы болмайды. Бірақ жануарлар суды 1 тəулік алмаса тірі салмағының 3-5% ын жоғалтады, соның арқасында терісінің алынуы қиындайды. Азық пен суды көп уақыт бермеген жағдайда тірі салмағының жоғалуы жоғарылайды. Екі күн азық пен су бермеудің арқасында жануар тірі салмағын 7-10 % дейін жоғалтады.

Құстарды союға дайындау. Алдын ала зерттеуден өткен құстардың бір тобын (партия) өндіріс территориясына кіргізіп, союдан алдыңғы ұстайтын жерге орналастырады. Бұл жерде тыңғылықты ветеринарлық зерттеулер жүргізеді. Құстардан: ішек-қарын жолының зақымдануы немесе зат алмасу үдерісі бұзылғанда, буындары ісінген, аяғы мен қанаты салданған (паралич), қарны салбыраған, анемия жəне арықтарын сау құстардан бөліп алып тез союға жіберіледі. Құстардан: обамен, пастереллезбен, сальмонеллезбен жəне т.б індетті аурулармен ауырғаны байқалса ветеринарлық заңдылыққа сəйкес іс-шаралар жүргізіледі.

Алып келген сау құстарды таразыға тартып, түріне, салмағына жəне қоңдылығына қарай сұрыптап, азықсыз торда 14-18 сағат аш ұстайды. Осы уақыт ішінде суды шектеусіз береді. Союға 2 сағат қалғанда су беру тоқтатылады. Құстарды бордақылау немесе қабылдау цехынан таразыға тартып жəне санау арқылы қабылдап алады.

Союдан алдын ветеринарлық-санитарлық зерттеу кезінде ең бірінші назарды құстардың қимылына, көзден, тұмсығы мен танауынан шыққан бөліндіге, айдары мен сырғасының жағдайына қаратады. Ауруға күдікті болса, əрбір құсты бөлек-бөлек зерттейді. Ауру немесе ауруға күдікті құстар санитарлық бөлмеде өлтіріледі.

№ 9 Дәріс. Жануарлар мен құстарды алғашқы қайта өңдеу технологиясы Малдарды сою жəне қайта өңдеу.

Малды сою цехыныңмеханикаландыру жəне автоматтандыру деңгейіне қарамастан, малды сою жəне алғашқы өңдеу бірыңғай технологиялық жүйемен жүргізіледі. Малды алғашқы өңдеу əр түлік малдарға (ірі қара, қой, жылқы) арналған немесе ортақ жүйеде жүргізіледі. Ірі қараны (сиыр, жылқы, түйе, бұғы) өңдеу технологиясына орай, малды сою жəне мүшелеу жұмыстары төмендегідей өндірістік үдерістерден тұрады: малды өндіріске беру - есеңгірету – аспалы жолға көтеру – бауыздау (қансыздандыру) – терісін сыпыру – ішек-қарнын ақтару ұшаны екіге бөлу ұшаны тазалау ветеринарлық-санитарлық сараптау қоңдылығын анықтау жəне таңбалау таразыға тарту тоңазытқышқа салу. 50 кг дейінгі мал ұшалары екіге бөлінбейді.


















Shape1 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!