Виртуалды машиналар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Виртуалды машиналар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Виртуалды машина" тақырыбында сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Колледж атауы

Оқу сабағының жоспары

Модуль/ Пән

Информатика

Педагог


Оқыту нәтижесі

Пайдаланушының қауіпсіздігін және бағдарламалық жасақтаманы таңдау тәсілдерін білу және әр түрлі санау жүйелерінде сандарды түрлендіру, логикалық схемалар мен өрнектерді құру дағдыларын меңгеру.

Сабақтың тақырыбы

Виртуалды машиналар.

Сабақтың түрі

Зертханалық- тәжірибелік сабақ

Мақсаты (оқу нәтижелері)

1) Виртуалды жадтың қолданылуын түсіндіру;

2) нақты мақсаттар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды негіздеу.

Міндеттері (бағалау критерийлері)

1) виртуалды машиналардың жұмысын сипаттайды;

2) Аграрлық-техникалық бағыттағы бағдарламалық құралдарға мысалдар келтіреді.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну

Сабақтың барысы

Уақыт

Іс-әрекеттер мен тапсырмалар

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың басында студенттердің назарын шоғырландыру және сабаққа деген позитивті көңіл-күй қалыптастырылады.

Өткен тақырыптарды қайталау


«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы студенттердің алдыңғы сабақтағы алған білімдерін байқау үшін сұрақ-жауап қойылады.

  1. мобильді құрылғылардың негізгі

компоненттерінің сипаттамаларын түсіндіріңдер

  1. Смартфондар, планшеттер ,

электронды кітаптар және мобильді құрылғылар деген не?




Студенттер сұрақ –жауап әдісімен өздерінің білімдерін жинақтап, еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.


Студенттердің жауаптарын ауызша мадақтау, ынталандыру






Интербелсенді тақта, кітап

Сабақтың ортасы




Тақырыпты жеке оқып, топта талқылау керектігі айтылады.

Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.

Виртуалды машиналар үдерістік және жүйелік болып, екі топқа бөлінеді.

Үдерістік виртуалды машина жеке үдерісті қолдау мақсатына бағытталып, оны орындауға арналған. Үдерістік виртуалды машина іске қосылған кезде құрылып, жұмысы аяқталғаннан кейін өшіріледі.

Жүйелік виртуалды машина – толық қызметті, тұрақты әрекет ететін жүйелік орта, ол операциялық жүйені ауқымды қолданушылық үдерістер санымен қолдау үшін қызмет етеді.

Виртуалды операциялық жүйе – виртуалды машинаға орнатылған операциялық жүйе.

Виртуалды операциялық жүйелер «қонақтық» деп, ал нағыз серверде орнатылған операциялық жүйе «хостық» (басты) деп аталады. Виртуалды машиналар программалар арқылы іске қосылады.

Гипервизор – виртуалдау платформасы. Ол бір компьютерде бірнеше операциялық жүйені іске қосады. Гипервизор әрбір виртуалды машинаға оқшауланған ортаны ұсынады. Ол қонақтық ОЖ-ға компьютердің аппараттық қамтамасыз етуге кіруіне мүмкіндік береді.

Виртуалды машина түрлері.

VirtualBox

VirtualBox – ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина.

VirtualBox операциялық жүйелердің 32 және 64 биттік нұсқаларын қолдайды. VirtualBox-ты орнату және онымен үйде де жұмыс жасау өте ыңғайлы және қарапайым. Программа өнімді және тұрақты. Ол кеңфункционалды, меншікті интерфейсі бар және ақысыз орнатылады.

VMware

VMware – ең танымал және кең таралған виртуалды машина. VMware, әдетте, ірі алаңдар немесе корпорациялар үшін қолданылады.

Microsoft Hyper-V

Microsoft Hyper-V (кодталған Viridian) - гипервизорға негізделген x64 жүйелеріне арналған аппараттық виртуалдандыру жүйесі.







Қосымша 1







https://youtu.be/h7pSPO2CMh8





Студенттердің жауаптарын ауызша мадақтау, ынталандыру






















1-тапсырма «Ақпараттық онлайн диктант»

Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу.

1. . . . - арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер; (Виртуалды машина)

2 ........ - виртуалды машинаға орнатылған операциялық жүйе; (Виртуалды операциялық жүйе)

3. Виртуалдау платформасы - . . . деп аталады; (Гипервизор)

4.. . . - ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина.(VirtualBox)


Дескриптор:


  • Виртуалды машина,

Виртуалды операциялық жүйе, гипервизор, VirtualBox айырмашылықтарын біледі






Стикер арқылы бағалау

2-тапсырма

Жұптық жұмыс


Дескриптор:

  • қолданбалы

бағдарламалық қамтамасыз ету типіне сәйкес бағдарлама белгішелерін анықтайды. -жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету типіне сәйкес бағдарлама белгішелерін анықтайды

Қосымша 2


Тапсырма 3 «Адасқан әріптер»

Әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Адасқан әріптерді орындарына қою арқылы термин сөздердің аттарын табады және орысша, ағылшын тілінде аудармасын айтады.

1. Утуладави - виртуалдау - виртуализация – virtualization

2. Вирозперги – гипервизор - гипервизор – hypervisor

3. Ларивутыд ишаман - виртуалды машина – виртуальная машина – virtual machine

4. Тсох - хост – хост - host


Дескриптор:

  • Адасқан

әріптерді орындарына қою арқылы термин сөздердің аттарын табады және орысша, ағылшын тілінде аудармасын айтады.


Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау мақсатында

Google forms. қосымшасы қолдану арқылы студенттер тест сұрақтарына жауап береді.

Студенттер өздерін

бағалайды


https://forms.gle/tMweMoavNxQmwHDa9

Үйге тапсырма

«Виртуалды машинаның тағы қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?» деген тақырыпта хабарлама жасап келу.

Хабарлама жасап келу


Кері байланыс

«Табыс сатысы» әдісі арқылы студенттер сабақтан алған әсерлерімен бөліседі «Мен білемін», «Мен үйрендім», «Мен жасай аламын» сатысы бойынша пікірлерін айтады. Студенттерді бағалап, сабақты қорытындылаймын.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2024
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі