Материалдар / Виртуальды зертхана
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Виртуальды зертхана

Материал туралы қысқаша түсінік
Виртуальды зертхана мен тәжірибелік зертхананың айырмашылығы жайында баяндалады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
3129
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан Облысы, Мақтарал ауданы«№34 А.Чехов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Тақырыбы:Физика сабағында виртуальды зертханалық жұмыстардың тиімділігі.



















Физика нәнінің мұғалімі: Ғ.Бакиров







Физика сабағында виртуальды зертханалық жұмыстардың тиімділігі.

Білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістері оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды ендіруді көздейді, қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен жұмыс істей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: «Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» - деп атап көрсетілген. Бұл ғылыми мақалада біз осы электрондық оқыту формаларының бірі виртуалды білім беруді талдаймыз.Ең әуелі, «виртуалды білім беру» терминінің мағынасын ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты өзгертіп, «виртуалды білім беру» терминін кең мағынада виртуалды білім беру кеңістігінде білім беру субъектілері мен объектілерінің әрекеттесуі нәтижесінде өтетін үдеріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді виртуализациялау болып табылады.Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу, күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жүргізілуде және мультимедиа, телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде көрініс табуда. Виртуалды білім беруді физиканың зертханалық, сарамандық жұмыстарында қолдана білу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану педагогтар қызметінде виртуалды ортаны құру үшін маңызды аспект болып табылады және курс тыңдаушылары бұл ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдайды.  Білім беру қызметтерінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін және жаппай білім беретін заманауи үлгісін қолдайтын тиімді шешім ретінде ақпараттық Интернет ортасын құру және дамыту болып табылады  Проблемалық дәріс түрінде ұсынылған тақырып жас мұғалімдерді де, тәжірибелі педагогтарды да ойландырады. Сондықтан пікіралмасу барысында практикалық тапсырмалар қойылады, олар виртуалды ортаның физика пәнін меңгеру үрдісінде тыңдаушылар  мен дәріскер бірлесіп жұмыс істеу арқылы шешіледі. «Физика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі физиканың мәні практикалық іс-әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін қажетті, нақты физикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы физикалық білімнің маңыздылығымен анықталады.Виртуальды оқытудың тиімділігі – мектепте оқушылардың белсенді араласуына байланысты, яғни жоғары білімді оқытушы мен білімді меңгеретін оқу-танымы жоғары, қабілетті, белсенді оқушыларға тікелей байланысты. Сондықтан мектепте оқу процессін іске асыру үшін оқытушының жұмыс сапасын арттыру керек, яғни өтілетін сабақтың, жүргізілетін практикасы мен лобараториялық жұмыстарының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әркеттерін ынталандыру, оқу процессін рационалды түрде негіздеу.Зертханалық жұмыстарда басқа білім түрлеріне қарағанда мұғалімнің барынша белсенді болу керектігін айқындайды. Мұндай жұмыстарда мұғалім әрбір оқушымен қарым-қатынаста болады және олардың өзіндік жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі. Виртуальды зертханалық жұмыстың артықшылығы мұғалімнің нұсқауымен оқушылар барлық іс-әрекетті автоматтандырылған компьютер арқылы орындап, жылдам қорытындыға ие болады.Зертханалық сабақтарды оқу процессін ұйымдастырушы форма ретінде қарауға болады, яғни эксперименттік зерттеулерді жүргізу және қалыптастыру кезіндегі теорияны өмірде қолдана алуы, шығармашылық қабілеттіліктің дамуы, құрал-саймандарға практикалық машықтануы ұйымдастырады.Виртуальды зертханалық жұмыстарды түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді. Мектепте физиканың жалпы курсының 25-30% зертханалық сабақтар болып табылады.Мектептерде физика пәнінен зертханалық сабақтардың өтілуі мен дайындық кезіндегі біршама кемшіліктерді атап көрсетсек болады:- зертханалық сабақтарға қолданатын құрал-жабдықтар әрқашан қазіргі заман талабына сай еместігі;- зертханалық жұмыстарға көптеген әдістемелік сипаттаманың берілуі;- жұмысты орындауда оқушылардың дайындығының аздығы;- оқушылардың әрқашан болып жатқан құбылысты талдауға машықтанбауы және жасалған эксперименттен қорытынды жасауға қабілетінің жетіспеуі;- оқушылардың көп уақыты өтпелі тапсырмаларды орындаға кетеді, нәтижесінде эксперименттің тиімділігі төмендейді;Виртуальды зертханалық жұмыс барысында барлық эксперименттік тапсырмалар электронды болуына байланысты біршама зертханалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілмеген мектептерге өте тиімді. Бұл виртуальды электрондық зертханалық жұмыстардың мақсатын, құрал жабдықтары, орындалу керектігін оқушылар оқып қана қоймай, зертханалық жұмыстардың қалай орындалатынын сонымен қоса есептелу жолдарын меңгере отырып, нәтижелі жұмыс жасайды.Зертханалық жұмыстың орындалуынан алынған нәтижелер бағаланады.Виртуальды зертханалық жұмыстарды жасаудың мүмкіндігі:- лабораториялық жұмыстың маңыздылығын түсіндірілуін барлайтын арнайы сынып бөлсе;- физика курсында лабораториялық жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруға қажетті виртуальды жұмыстардың ауқымы анықталса,- виртуальды лабораториялық жұмыстарды пайдалануда әдістемелік моделін жасап, лабораториялық сабақта мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің алгоритмі құрылса, онда, физика курсында виртуальды лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу мүмкін болады.

















































Оңтүстік Қазақстан Облысы, Мақтарал ауданы«№34 А.Чехов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Тақырыбы:Физика сабағында виртуальды зертханалық жұмыстардың тиімділігі.



















Физика нәнінің мұғалімі: Ғ.Бакиров

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!