Материалдар / Вирусқа қарсы қауіпсіздік 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вирусқа қарсы қауіпсіздік 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1208
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспарының шаблоны

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тереңкөл ОЖББМ

Желілер және қауіпсіздік

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бопишева Б.С.

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Вирусқа қарсы қауіпсіздік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.2.1-компьютерді зиянды программалардан қорғау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Вирус және оның түрлері, вирусқа қарсы программаларды таниды, берілген ақпаратты қабылдайды, есінде сақтайды.

Басым көпшілігі:

Компьютерді зиянды программалардан қорғауда вирусқа қарсы программалармен жұмыс жасай алады, түсіндіреді, қайта

жасайды, көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

Вирустың түрлерін ажыратып, вирусқа қарсы программаларды тауып, орнату мəселелерін шешеді, білімін көрсетеді.

Бағалау критерийі


  • Компьютерлік вирус ұғымын түсінеді;

  • Компьютерлік вирус түрлерін біледі, атап бере алады.

  • Вирусқа қарсы программаларды жүктей алады;

  • Компьютерді тексеруде вирусқа қарсы программаларды пайдалана алады.

Тілдік мақсаттар


Терминдер: компьютерлік вирус, антивирус, зиянды программма, қауіпсіздік

Диалогтар мен сөз тіркестер:

  1. Вирус дегеніміз не?

  2. Вирустың қандай түрлері бар?

  3. Вирусқа қарсы қандай программаларды білесің?

  4. Компьютерлік вирусты кім және қандай мақсатта ойлап тапты деп ойлайсың?

Құндылықтарға баулу


Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы - азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты

қалыптастыру, өмір бойы білім алу

Пəнаралық байланыс


Қазақ тілі – постер құрып, оны қорғауда сөз тіркестерін дұрыс қолдану мен мазмұндау.

Орыс тілі, ағылшын тілі – интернетпен жұмыс жасау

Өзін-өзі тану – өзара ынтыматастық пен адамгершілік құндылығында жұмыс жасау білу

Құқық – құқықтық міндеттерді ажырату

Алдыңғы білім


  • Оқушылар вирус және оның түрлерін ажыратып, вирусқа қарсы программалар туралы жалпы біледі.

  • Компьютерді зиянды программалардан қорғауда вирусқа қарсы программалардың қызметі мен маңызын ұғынады.

  • Вирустың түрлерін ажыратып, вирусқа қарсы программаларды тауып, орната біледі.

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут


Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру;



3 минут

Үй тапсырмасын сұрау

С: «Өрмекшінің торы» әдісін қолдану

Саралау тәсілі: «Диалог жəне қолдау көрсету»

(Мұғалім жіпті бір оқушыға лақтырып, сұрақ қояды, оқушы жауап беріп, мұғалімге кері лақтырады. Осылайша өткен «Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі» тақырыбы бойынша білімдері тексеріледі)

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Компьютерлік желі түрлерін ата.

  3. Желілер топологиясын ата.

  4. Желіге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғылар орнатылады?

  5. Коммутатор дегеніміз не?

  6. Сервер дегеніміз не?


ҚБ: шапалақтау. Мұғалім тарапынан ынталандыру арқылы бағалау


Түрлі түсті жіп орамы




















1 минут

  • топқа бөлу (Оқушыларды шаттық шеңберіне тұруға шақырып, алдарына «Вирус» және «Антивирус» сөздері жазылған қиынды сөздері бар сандықшаны ұсынамын. Оқушылар сөзді суыру арқылы екі топқа бөлінеді.

Топ аты жазылған қиынды беттер, сандықша


Сабақтың ортасы

(15 минут)














«Жаңа білімді меңгеру».

Т: «Өкіл» әдісін қолдану.

Саралау тәсілі: «Тапсырма»

Тақырыпты оқушылар өз бетімен оқып, топта талқылайды, постерге түсіреді. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, басқа топқа барып түсіндіреді.

І топ: Вирус және оның түрлері

ІІ топ: Вирустың негізгі белгілері және вирустан қорғау шаралары

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін бірі бағалайды


Мтүс:Екі топ бір-біріне түсіндіріп, жұмыстарын қорғап болғаннан кейін мұғалім тақтадағы слайд арқылы тақырыпты нақтылап береді.


Оқулық «Информатика» 7-сынып, «Атамұра» 2017,

36-39 бет, флипчарт, маркерлер.






Сабақ соңы

( минут)

15 минут


















5 минут











3 минут












2 минут








Рефлекция

Жеке жұмыс: «Практикалық жұмыс»

  1. Интернеттен «360 Total Security» атты вирустан қорғау программасын табыңдар

  2. Программаны компьютерге орнатыңдар.

  3. Орнатылған программамен компьютерді жан-жақты тексеріңдер.

Дескриптор:

1 қадам – 1 жұлдызша

2 қадам – 2 жұлдызша

3 қадам – 3 жұлдызша


Саралау тәсілі: «Дереккөздер» (интернет желісін пайдаланып, тапсырма бойынша мәлімеетті іздеу, орнату жұмыстарын орындайды)


ҚБ: дескриптор бойынша дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беру. Мұғалім тарапынан ынталандыру арқылы бағалау


Тапсырма алгоритмі жазылған таратпа беттер, дербес компьютер/ноутбук, интернет

















Сабақты бекіту

Ж: Тест жұмысы. 10-сұрақ


Дискрептор:

10-9 дұрыс – 5 жұлдызша

8-7 дұрыс – 4 жұлдызша

6-4 дұрыс – 3 жұлдызша

3-2 дұрыс – 2 жұлдызша

  1. дұрыс – 1 жұлдызша


Саралау тәсілі: «Бағалау» (Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, сабақтың табыстылығын немесе қайта түзетуді қажет ететіндігін бақылау мен тексеруде орындалады.)


ҚБ: дескриптор бойынша дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беру. Мұғалім тарапынан ынталандыру арқылы бағалау

https://learningapps.org/2088728








Қорытындылау

ЖЖ: «Бес жолды өлең» әдісі

І топқа: «Вирус» сөзі

ІІ топқа: «Вирустан қорғау» Дескриптор:

  1. зат есім – 1

  2. сын есім – 2

  3. етістік – 3

  4. сөйлем – 1

  5. синоним – 1


Саралау тәсілі: «Қорытынды» (Сабақты қорытындылауда барлық оқушылар бір тапсырма беріледі, олардың нəтижелері əртүрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен нақты жауап күтетіндігін, олардың түсінгендеріне көз жеткізу үшін орындалады.)

ҚБ: шапалақтау. Мұғалім тарапынан ынталандыру арқылы бағалау


Қосымша тапсырма. «Венн диаграммасын толтыру»

Саралау тәсілі: «Қарқын» (Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Сол себепті оқушымен тиімді жұмыс жасау мен қызығушылықтарын қанағаттандыруда қосымша жұмыс беріледі.)

ҚБ: жұлдызша беру. Мұғалім тарапынан ынталандыру арқылы бағалау


Кері байланыс.

Ж: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

Оқушылар:

толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсетеді.


Үй тапсырмасы: «Вирусқа қарсы қауіпсіздік» тақырыбын оқып, «Өзіңді тексер!» сұрақтарына дайындалып келу



Таратпа бет



























Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде оқу материалы мен ресурстарды пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру үшін тілдіқ мақсаттағы термин сөздер, сөз және диалогтік сөзтіркестердегі негізгі сұрақтарды қоямын. Белсенді оқу тәсілдері үй тапсырмасын тексеруде «Өрмекшінің торы», жаңа тақырыпты түсіндіруде «Өкіл», жаңа тақырыпты меңгеруде «Тәжірибе жасау», білімді тексеруде «Тест жұмысы», қорытындылауда «Бес жолды өлең», кері байланыста «Бағдаршам», қосымша тапсырмаларды орындатуда «Венн диаграммасын толытру» әдістерін қолданудағы берілген дескрипторларға байланысты оқушының білімін саралаймын.

С: «Өрмекшінің торы»

Т: «Өкіл»

Ж: «Тәжірибе жасау»

Ж: Тест жұмысы.

ЖЖ: «Бес жолды өлең»

Ж: «Венн диаграммасы»

Ж: «Бағдаршам» әдісі


Оқушылардың партада, ДК-мен жұмыс жасау кезіндегі ЕТ қауіпсіздігін қадағалаймын

Сабақ бойынша

рефлексия


Тақырып кезеңдері бойынша оқушылардың берілген тапсырмаларды ұғыну, меңгеру, қолдану дағдысын қаншалықты түсінгенін білу және саралау үшін кері байланыста «Бағдаршам» әдісін қолдандым.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!