Материалдар / Витаминдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Витаминдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Витаминдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2023
257
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мейірбике» жоғары медициналық колледжі ЖШС
Токтасинова Айдана Жамаладиновна
Тақырыбы: Дәрумендер (Витамины): классификациясы. Ағзадағы биологиялық
ролі.
Мақсаты: Студенттерге дәрумендердің (витаминдер) түрлері, адам денсаулығы
үшін маңызы және жетіспегенде пайда болатын аурулардың түріне тоқталу арқылы
білім беру.
Білімділік: Студенттерге білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы
витаминдердің қызметі, авитаминоз, гипервитаминоз, гиповитаминоз ұғымдарының
мәнін ашу түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Студенттердің дәрумендер мен минералдардың мағыналарына
тоқталу арқылы білімін толықтыру, әр түрлі білім көздерін қолдана білу. Ойларын
салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы
дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және
сыйласымдылыққа тәрбиелеу. Өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру,
салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: биология, медицина, валеология
Сабақтың әдісі: СТО: түсіндіре басқарып, жеке және топтық жұмыс, өздік жұмыс,
сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар,
суреттер, кесте, жеміс-жидектер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Танысу: Шеңбер құру, топқа бөліну, түс таңдау.
Топқа бөлу: 1-қызыл ,2-жасыл, 3-сары
Келісім қабылдау:
 Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз
 Бір-бірімізді тыңдаймыз
 Бір ғана адам сөйлейді
 Өз ойларымызбен бөлісеміз
 Бос сұрақтар болмайды
 Уақытты үнемді пайдаланамыз
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
№ Сұрақтар
Жауаптар
Жоғары молекулалық
ЖМҚ көбіне молекулалары көп қайталанып
1
қосылыстар дегеніміз не?
отыратын мономерлер тізбегінен тұратын
қосылыстар
Поли- және -мер деген қандай Грекшеден, "поли"—көп, "мерос"—бөлшек
2
мағына береді?
ЖМҚ жіктелуі?
полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид,
3
тефлон, полистирен

4

Полимерлер қайда
қолданылады?

5

Полимерлі бұйымдар неше
типке бөлінеді? Қандай?

6

Құрылым буындарына қарай
ЖМҚ бөлінуі қалай аталады?
Полиэтиленнің химиялық
формуласы
ЖМҚ қайндай күйде болады
Полиэфирлер неде
ыдырамайды?

7
8
9

синтетикалық жуғыш заттарда, бояуларда,
пластмассаларда, салафандардың
құрамдарында болады
4 типке: Конструкциялы; Эластомерлер;
Талшықтар мен жіптер; Қабыршақтар,
лактар, бояулар.
Құрылым буындары бірдей болса, полимер, әр
түрлі болса, сополимер деп аталады.
СН2= СН2 –мономерлі (қос байл), (-СН2-СН2-)n
-полимерлі байл.
Қатты және сұйық күйде.
Тәжірибе жүзінде суда ыдырамайды

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
(Дәрумендер/витаминдер)
Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың
организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті
биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік)
туралы ілімнің негізін 1881 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды, ол өз
эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың
болмауынан ауруға ұшырауын анықтады. 1911 жылы поляк дәрігері Казимир Функ
тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал ауруынан емдеген затты
күріш кебегінен алды. Осы жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап,
ғылымға витамин терминін енгізді.
Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады.
Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.
Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам
организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер
жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады. Соған қарағанда «Ас дәмімен
тәтті» немесе «Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған.
Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды,
тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым
тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады.
Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны
білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің
өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда
витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса,
яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер
мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреуіне себепші аурулар
гиповитаминоз,
авитаминоз,
гипервитаминоз.
Витамин
жетіспеушілігінен
туындайтын ауруларды – авитаминоз, витамин шектен тыс көп болса –
гипервитаминоз, ауруларына шалдығуы мүмкін.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады.
Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны

білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің
өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда
витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса,
яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер
мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіруіне себепші аурулар гиповитаминоз,
авитаминоз. Витамин жетіспесе – авитаминоз, гиповитаминоз, витамин шектен тыс
көп болса –гипервитаминоз ауруларына шалдығуы мүмкін.
Витаминдердің ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып,
жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін
витаминдерге тоқталамыз. Витаминдерді латын бас әріптерімен белгілейміз.
Қазіргі кезде 30 мыңға таяу витаминдер топтамасы бар.
Ғалымдардың зерттеулерінен: Жеткіліксіз тамақтанудың салдарынан
туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол
алғаш рет тағам құрамында дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді.
Жас ғалым тағам құрамындағы минералды заттардың рөлін зерттейді.
Ол кісі тышқандарды зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен
тамақтандырды. Осындай тамақтармен қоректенген тышқандар 11-ші күні қырылып
қалған. Бұдан соң Н.И.Лунин химиялық таза белок, май қосылған тағамдармен
қоректендірілген кезде де тышқандар түгел өлген. Ал сиыр сүтімен қоректендірілген
тышқандар ауырмай дұрыс тіршілік ете берген. Тәжірибе нәтижесінде Н.И.Лунин
сүттің құрамында май, казеин, қант, тұздардан басқа тіршілікке қажетті бір зат бар
деген қорытындыға келеді. Кейінірек Н.И.Луниннің тәжірибесін голландиялық
ғалым Пакельхоринг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 қайталайды.
1911 жылы поляк ғалымы Функ күріш қауызынан құрамында амин тобы бар
кристалл зат бөліп алады. Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша «вита» –
тіршілік, ал «амин» – азотты химиялық қосылыс. Кейінірек табиғатта химиялық
құрамы әр түрлі дәрумендердің болатындығы кейбірінің құрамында амин тобы
болмайтындығы дәлелденді.
1922 жылы ғалым Бессонов венгер Сант – Дьерм мен бірге С дәруменін ашты.
С дәрумені жетіспесе адам цинга (қырқұлақ) ауруына шалдығады. 1535 жылы белгілі
саяхатшы Жок Карье Атлант мұхиты арқылы Ньюфоундленд аралына саяхатқа
шығады. Экспедиция құрамындағы 103 адамның 100 Канада жағалауына келген
кезде ауыр дертке дұшар болады. Жоғарыдағы жергілікті тұрғындар теңізшілерге
қарағай жапырағының тұнбасын бірнеше күн ішкізген соң олардың жағдайы
жеңілдей бастайды. Бұл С дәруменінің жетіспеуінен болатын цинга ауруы еді. Цинга
ауруының белгілері: қызылиектің қанауы, сүйектердің, буынның зақымдануы,
қаназдық, тістің босауы, түсуі.
Голланд ғалымы Эйхман 1890–1897 жылдары Ява аралында жүргізілген
зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген
тауықтарда «бери-бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі
қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене
отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери – бери»
ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В витаминінің (тиаминнің)
жетіспеушілігінен екені анықталған.
Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек
жасанды тамақпен; 54/жүгері крахмал, 18/қа зейін, 15/шошқа майы, 9/сары май,
4/тұздың қоспасы және 5/құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың

ұрықтарының өсіп – өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е
витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е
витаминін бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде токоs — үрпақ, рһtго — алып
жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді).
Дәрумендердің маңызы мен тәуліктік қолдану мөлшері
Витаминні
ң аты

Маңызы

Тағам

А ретинол

Эпителий
ұлпаларының өсуін,
ауруға қарсы тұруға,
түнде жақсы көруге,
тері туындыларына
әсер етеді.

Бауыр, сүт, жұмыртқа
сарысы, сәбіз,
қызанақта, асқабақта,
тәтті қызыл бұрыш,
өрікте, сарымайда,
балық майында

D
кальцифер
ол

Сүйек ұлпасына
мықтылық қасиет
береді

Зат алмасуға,
Е
токоферол көбеюге

Қанның ұюына әсер
К
филлохино етеді
н
Н биотин Тері ауру –
дерматитке қарсы

С
аскорбин
қышқылы

Ауруға қарсы тұруға,
сүйек, тіске
мықтылыққа

В1 тиамин Зат алмасуға,
жүректің, асқазан,
жүйке жүйесіне

Аурудың аты

Тері құрғап жарылып,
қасаң қабығы бұзылады,
іңірде нашар көреді, ақшам
соқыр ауруына шалдығады.
Басыңызда қайызғақ пайда
болады, тамағыңыздың
сілемейлі қабықшасы жиіжиі қабынады; бойдың өсуі
баяулайды.
Балық майы, бауырда, Фосфор–кальцийлік алмасу
уылдырықта,
бұзылады; бойдың өсуі
жұмыртқаның
баяулайды; сүйек
сарысында, сүт,
беріктігінен айырылады;
жануар бауырында,
аяқ сүйектері қисаяды; бас,
құс етінде
қарын үлкен болады.
Мешел ауруы (рахит)
Көкөністің жасыл
Бедеулік, қаңқа бұлшық еті
жапырақтарында,
бұзылады, бұлшықет
астық тұқымдасының қатаяды және
дәнінде, өсімдік
жансызданады.
майында,
жұмыртқада
Көкөністер, томат,
Қан ұйымайды, қанның
бауыр, асжапырақ,
дұрыс ұюына әсер етеді.
қырыққабат, қызанақ
Асбұршақ, түсті
Дерматит ауруына
қырыққабат
ұшырайды
саңырауқұлақ, бидай,
жұмыртқаның
сарысы, бауыр
бүйрек, жүрек.
Көкөніс, жемістер,
Құрқұлақ, қызылиек
тұздалған
қанталайды, қан кетеді;
қырыққабат, қарақат, бұлшықеттер ауырады;
итмұрын, қара жидек, қылтамырлар үзіледі; буын
бүлдірген, апельсин,
ауырады; тістер босап
лимон, пияз,
түседі; ағзаның ауруларға
сарымсақ, алма,
қарсы тұруы төмендейді,
бұрыш, аскөк,
тез шаршау;
көкжуа, картоп,
құлпынай, итмұрын
Жармада, сүт
«Бери-бери» (полиневрит),
өнімдерінде, бұршақ
сал ауруы, жүрек, асқазан
тұқымдастарында
жұмысы бұзылады.
жұмыртқада

Тәуліктік
мөлшер
2,5-10,5
мг

2,5 мг

10-20
мг

0,2-0,3
мг.
10-50
мкг

60-100
мг.

2,3 мг.

В2
рибофлом
ин

Зат алмасуға, көзге,
қан жасалуына

В5
пантотен

Жүйкенің жұмыс
жасауын жақсартады

В6
пиридокси
н

Нәруыздың
алмасуына,
эритроциттердің
жетілуіне, темірдің
дұрыс жұмсалуы,
холестериннің
жиналуына кедергі
жасайды.
Қанның түзілуі үшін

В12
цианкобал
амин
В15
кальций
пангамат
қышқылы

BC фолий
қышқылы

Дененің жақсы өсуі
үшін

Р
биофлавон
оидтер

РР
никотин
қышқылы

Ішек-қарын
қызметіне

сарыуызында,
жемісте, бидай,
бауыр, бүйрек, жүрек.
Жарманың
құрамында, астық
дәндерінде, бидай,
бұршақ, ашытқыда,
етте, сүтте, бауырда,
жұмыртқада

Терінің кілегейлі
3-4 мг.
қабығында ауру пайда
болады, көздің мөлдір
қабықшасы мен ауыз
қуысының сілемейлі
қабықшасы қабынады,
көзден жас ағады, катаракта
ауруына ұшырайды.
Бидай, бұршақ,
Жүйке ауруына
4,3-6,3
бауыр, бүйрек, жүрек, ұшыратады.
мг
балық.
Мал еті, сүтте,
Атеросклероздың дамуы;
2,3 мг.
балықта, сыр, ірі қара бауырдың семіруі;
малдың бауыры, арпа, көкбауырдың бұзылуы;
бидай, бұршақ,
қалқанша безі қызметінің
ашытқыларда және
нашарлауы, қояншық,
көптеген өсімдік
селкілдеу
өнімдеріне бар
Бауыр, бүйрек, балық, Қаназдық, көп жетіспесе
жұмыртқаның
адам өліп кетуі мүмкін
құрамында
Химиялық табиғаты мен
әсер ету күші әлі жеткілікті
зерттелмеген. Емдік
мақсатта атериосклероз,
қан айналымының
бұзылуы, бауыр
ауруларына және т.б.
сырқаттарға
пайдаланылады.
Қырыққабат,
Қан аздық п.б
асжапырақ, қызан,
сәбіз, сиыр еті,
жұмыртқа, салат
Шай (көк шай),
Жіңішке қан
итмұрын, лимон,
тамырларының беріктігін
құрма, қарақат,
арттырып, қызметін
жүзім, өрік,
қалыпқа түсіріп отыратын
қарақұмық ұнтағында биологиялық заттар тобы.
Бұл С дәруменімен
араласқанда анағұрлым
тиімді.
Сиыр еті, бауыр,
Көңіл күйі өзгереді, теріде
бүйрек, жүрек,
күлдіреген көпіршіктер,
жұмыртқа, қара нан,
дақтар пайда болады,
жер жаңғағында,
пеллагра, бауырдың
албырт балығы,
қызметіне әсерін тигізеді.
майшабақ

2-3 мг.

5 мг

15-25
мг.

Организмді дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін олардың
қандай азық – түлік құрамында мол болатындығын білу жеткіліксіз, сонымен қатар,
оларды тағам құрамында қалай сақтау жолдарында білуіміз керек.
Қайнату, мұздату, кептіру, жарық т.б. факторлар дәрумендерге түрлі әсер етеді.
Ең тұрақсызы С дәрумені, 60°С градусқа қыздырған кезде ыдырай бастайды. Ауа,
күн сәулесі, ылғалдылықтың жоғарылауы, бұл дәруменді ыдыратады.
А дәрумені жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады.
Дәруменді қышқылдық ортада қайнатуға төзімдірек келеді, ол сілтілік ортада тез
ыдырайды.
В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады.
Е дәрумені жоғарғы температураға өте төзімді.
Ұзақ сақтау, кептіру А, С дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е, В 1, В2
дәрумендерге әсері болмайды. Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз, құрғақ, салқын
жерде неғұрлым қысқа мерзімге сақтасақ соғұрлым көбірек құрамындағы
дәрумендерде сақталады. Тамақты қақпағы жабық ыдысқа пісіру керек. Қалған
тамақты қайта-қайта ысыту, дәрумендерді жояды. Ең негізгі тағамның түрі – сүт
тағамдары. Сүт басқа ешқандай азық – түліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық
өнім. Сүтті қақпағы ашық ыдыста қайнату, оның құрамындағы дәрумендерді (А,С)
азайтады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Топпен жұмыс. Постер әдісі
Жаңа сабақ барысында алған білімдерімен әр топ студенттері ортаға қойылған
әртүрлі жемістер мен көкөністердің маңызын айтады.
2. Миға шабуыл.
1-топ.
1. Витаминнің маңызы? (адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы
зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық
активті органикалық қоспалар)
2. Дәрумендерді зерттейтін ілім? (витаминология) деп аталады.
3. Дәрумендердің классификациясы неше топтан тұрады және атап өтіңіз?
(алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды)
2-топ.
1. Дәрумендердің маңызын айту. (Дәрумендер жетіспесе, әр түрлі ауруларға
ұшырайды, сондықтан тәуліктік мөлшерде қолданып тұру қажет)
2. Майда еритін витаминдер? (А, D, Е, F, К)
3. Ағзадағы дәрумендер концентрациясының бұзылуы қалай жіктеледі?
(Гиповитаминоз, авитаминоз, гипервитаминоз)
3-топ.
1. Витаминдер терминін ең алғаш ашқан кім? (1911 ж, К.Функ)
2. Суда еритін витаминдер? (С, РР, В, H)
3. Гипервитаминоз (ГрВ) бен гиповитаминоз (ГоВ) айырмашылығы? (ГрВвитаминдердің мөлшері ағзада артады, ал ГоВ-витаминдердің ағзаға
жетіспеушілігі пайда болады.)

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.

3. «Сәйкестігін тап».
Авитаминоз
Токоферол
Тиамин
Гипервитаминоз
Никотин қышқылы
Кальциферол
С витамині
Суда еритін
витаминдер
1881 ж орыс дәрігері

Витаминдерді шамадан тыс көп қабылдау
Д витаминінің атауы -6
РР витаминінің атауы
Е витаминінің атауы
Витаминнің жетіспеушілігі
В1 витаминінің атауы
С және В витаминдерінің түрлері
Н.Лунин
Аскорбин қышқылы

4. Жұмбақты тап.
Жауаптары: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, құрамындағы витаминдер
Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың.
(картоп, картофель, potatoes –С, В, РР, К )
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.
(қызанақ, помидоры, tomato – С, В, РР)
Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
(Сәбіз, морковь, сarrots – А, В)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Соғым үшін сайлап қойдым,

Бордақылап байлап қойдым.
(қарбыз, арбуз, watermelon – РР)
5. Тест тапсырмалары:
1. «Витамин» терминін ғылымға 1911 жылы кім енгізді?
А) Ч.Дарвин;
В) Ж.Б.Ламарк;
Б) К.Функ;
Г) Н.И.Лунин.
2. «Витамин» деген сөз латыннан аударғанда қандай мағана береді?
А) антидене;
В) өмір;
Б) өлім;
Г) өсімдік.
3. Авитаминоз ауруы қандай жағдайда пайда болады?
А) витамин аз болса;
В) зат алмасу бұзылса;
Б) витамин көп болса;
Г) температура көтерілсе.
4. Рахит ауруы қандай жағдайда пайда болады?
А) Д витамині жетіспесе; В) С витамині жетіспесе;
Б) А витамині жетіспесе;
Г) К витамині жетіспесе.
5. Майда еритін витаминдер ...
А) А, РР, Е, В4;
В) С, РР, В12;
Б) В1, В2, В6;
Г) А, Д, Е, К.
6. Суда еритін витаминдер ...
А) А, РР, Е, В4;
В) С, РР, В тобы;
Б) В1, В2, В6;
Г) А, Д, Е, К.
7. Никотин қышқылын ...
А) А;
В) РР;
Б) В1;
Г) Д.
8. Қанның ұюын қамтамасыз ететін витамин ...
А) А;
В) РР;
Б) К;
Г) Д.
9. Адам ағзасы өзі төзе алмайтын витамин ...
А) А;
В) С;
Б) В12;
Г) РР.
10. Витаминдерді сақтау үшін қандай ыдыстарды пайдалану керек?
А) Алюминий;
В) Пластмасса;
Б) Эмаль;
Г) Шыны.
V. Сабақты бағалау:
VI. Үй тапсырмасы:
Дәрумендер мен минералдардың биологиялық-медициналық маңызы.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!