Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ВЛ80 электровозының арбаша рамасы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Шымкент көлік колледжі
«Бекітемін»
Шымкент көлік
колледжінің әдіскері
________ Абдукадирова М.Г.
«____» ________ 2019 ж.
«Тартымды жылжымалы құрам және электрмен жабдықтау» бірлестігі
1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы
Пәні: «Тартуға арналған жылжымалы құрамның құрылымы»
Тақырыбы: «ВЛ80 электровозының арбаша рамасы»
Оқытушы: Султанов Б.Г
Шымкент 2019
Пәні: «Тартуға арналған жылжымалы құрамның құрылымы»
Күні: 11.12.2019 ж.
Тобы: ТТ 13-17, 3 курс
Сабақтың тақырыбы: «ВЛ80 электровозының арбаша рамасы»
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту және өндіріспен байланыстыру
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі – иллюстрациялық сабақ
Сабақтың технологиясы мен әдістері: Деңгейлеп оқыту технологиясы, инновациялық технология, проблемалық зерттеу әдісі, жеке және ұхымдық оқыту әдісі, мағынаны түсіну, ой шақыру әдістері.
Сабақтың көрнекілігі және жабдықтау: Интеракивті тақта, оқулық, презентация, вагон арбашасы.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: локомотивтердің жүріс бөлімінің құрылыстық ерекшеліктерін анықтау, шаблондармен өлшеу және тексеруін жүргізу, қолдануды жалғастыру үшін бұл тораптардың қолдануға жарамдылығына қорытынды беру, әрекеттерін іске асырудың тиімді тәсілдері мен құралдарын таңдау, -тартымды жылжымалы құрамды жұмысқа дайындау өндірісі туралы мағлұмат айту.
Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, ақыл-ойын дамуына ықпал жасау, өз бетінше ізденуге, шешім қаблдауға дағдыландыру
Тәрбиелік: реттілікке, шапшаңдылыққа, эмоционалдық қабілеттерін қалыптастыра отырып еркін сөйлеуге өз ойын нақтылауға және мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Пән аралық байланыс: Электрлі және тепловоз тартылысының негіздері; Темір жолдың жалпы курсы, Еңбекті қорғау және т.б.
Әдебиеттер: негізгі Л.А. Шадир , И.И. Челноков Вагоны М. Транспорт; 1989 г.127 стр.
қосымша Герасимов В.С., Скиба И.Ф., Кернинг Б.М. Технология вагоностроения и ремонта вагонов М. Транспорт; 1988 г. 381 стр.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру. Студенттерге сабақтың мақсаты мен құрылымын таныстыру (10 мин)
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау (10 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40мин)
ІV. Қорытындылау (20 мин)
V. Үй тапсырмасын беру (10 мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру. Студенттерге сабақтың мақсаты мен құрылымын таныстыру
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
А) Бақылау сұрақтарына жауап беру.
В) Тест сұрақтарымен жұмыс
С) Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жоспар:
-
Электровоздар
-
Электровоздардың құрылысы.
-
Электровоздардың механикалық жабдықтары.
-
Механикалық жабдықтар. Арбаша
Теориядан қысқаша мәлімет
-
Электровоздар:
Электровоз деп электр қозғалтқыштарымен қозғалысқа келтірілетін локомотивті атайды, олар электр энергиясын контакт желісінен тоқ қабылдағыш арқылы алады, тоқ қабылдағыш тарту подстанциясына қосылған: пайдаланылатын тоқтың тегіне қарай электровоздарды ауыспалы тоқ электровоздары, тұрақты тоқ электровоздары, қосалқы қорек алатын электровоздар деп бөледі. Электровоздардың жабдықтары күрделі механикалық, электрлік және пневматикалық болады. Электровоздардың механикалық бөлігіне кузов, арба,рамалары, дөңгелектрер жұбы, тарту жетегі, рессорлық ілме, тежегіш жабдықтар жатады. Электровоз кузовы арнайы тіреулермен (2,3 сурет) кейде рессорлармен арбалардың рамаларына сүйенеді. ТМД елдерінде шығарылған электровоздардың секциялар санына қарай екі немесе төрт арбасы болады. Екі арба болса олардың әрқайсысы үш дөңгелектер жұбын (сегіз осьті электровоздар) орнатады. Рессорлардың арасында электровоздардың жолға тигізетін әсері азайтылады, электрвоз жабдықтары азырақ тозады. Дөңгелектер жұбы тартқыш деп аталатын қозғалтқыштармен айналдырылады. Қозғалтқыштар білікте дөңгелектер жұбының осьтерімен тісті бергіштермен (редукторлармен) жалғайды. Тартқыш қозғалтқыштармен айналдырылатын дөңгелектер жұбын қозғалушылар деп атайды. Жеке тарту жетегі қазір кеңінен қолданылады, онда әр дөңгелектер жұбы өзінің тарту қозғалтқышымен айналады. Бірақ бір тарту жетегі арнайы редуктордың көмегімен екі не үш дөңгелектер жұбын айналдыра алады – моножетек деп аталады. Электровоздардың электрлік бөлігі (тарту қозғалтқыштарынан басқа), тарту қозғалтқыштарын қосуға, локомотив қозғалысының жылдамдығы мен бағыты өзгертуге, электрлік тежеуге, жабдықты асқын салмақтан, асқын кернеулерден және қысқа тұйықталған тоқтардан сақтауға арналған көптеген аппараттардан құралады. Бұл аппараттардың конструкциясы пайдаланылатын тоқ тегіне байланысты болады. Жоғарғы кернеуде жұмыс істейтін электровоздың электр жабдықтары екі электрлік жоғарғы вольтті тізбекке біріккен.
-
Электровоздардың құрылысы.
Төмен вольтті электр аппараттары жеке тізбек – басқару тізбегіне біріккен.
2.3. сурет. Элетровоздың схемалық құрылысы.
Тарту электр қозғалтқыштарының тізбектері қысқа тұйықталған және асқын салмақ түсуден тез әсер ететін өшіргішті дифференциалдық релені және асқын салмақ түсіру қорғайды.
Басқару тізбегінің негізгі аппараты – машинист тексерушісі. Машинист тетексеруші және басқа кейбір вольті төмен электр аппараттары машинист кабинасына орналастырылған. Тексерушінің негізгі тұтқасы тарту электр қозғалтқыштарын бір схемадан екіншіге ауыстыру және қосу кедергілерін өзгерту үшін қызмет етеді.
Реактивті тұтқаның көмегімен электровоз қозғалысының бағыты өзгертіледі. Машинист тексерушісі электровоздың күш тізбегімен тікелей байланысты емес. Күш тізбегіндегі барлық ауыстыруларэлектропневматикалық және электромагниттік жетектері бар құралдармен жүзеге асырылады.
Жоғарғы вольтті аппараттар жоғары волтті камераға орналастырылады, оларға бару көтерілген пантографта блокталады. Желдеткіштерге компрессорлар және насостар көмекші механизмдер электровоздарда бөлек электр қозғалтқыштарымен (моторлармен) жұмыс істеледі. Көмекші механизм және мотордан құралған агрегат дегеніміз – көмекші машина және ол мото-желдеткіш, мотор-компрессор, мотор-насос деп аталады. Көмекші машиналарға басқару тоғының генераторлары да жатады.
Мотор-желдеткіш қосу резисторлары мен тарту қозғалтқыштарын салқындату үшін қызмет етеді, бұл олардың қуатын толығымен пайдалануға ықпал жасайды.
Мотор-компрессор пойыздың тежеу жүйесін және пневматикалық құрылғыларын қысылған ауамен қоректендіреді.
Мотор-генераторды рекуперативті тежеу бар электровоздарда тарту қозғалтқыштарының қоздыру орамдарын қоректендіру үшін қолданылады.
Басқару тоғының генераторы басқару тізбектерін қоректендіру, сыртқы және ішкі жарықтандыру және аккумулятор батареяларын зарядтау үшін арналған.
Электровоздың пневматикалық жабдықтары компрессорлардан, қысылған ауаны сақтауға арналған резервуарлардан, құбырлардан, электр аппараттарының пневматикалық жетектерінен тұрады. Барлық локомотивтердің міндетті түрде автоматтық тежегіштері, және қол тежегіштері болады. Электровоздардың бұдан басқа реостаттық, рекперативтік немесе құйынды тоқ тежегіші болады.
-
Электровоздардың механикалық жабдықтары.
Шанақ (кузов). Электровоздың шанағында электр аппараттары, қосымша машиналар және пневматикалық жабдықьтар, сондай –ақ құм қоры орналасады. Шанақтың алдында және артында машинист кабиналары орналасқан.
Арбаша (тележка). Ол рамадан, доңғалақ жұбынан тісті беріліспен бірге, буксалардан, рессоорлы ілгіштерден, тартым қозғалтқыштарының аспаларынан және тежеуші жүйелерден құралады.Арбаша рамасы шанақтан доңғалақ жұптарға вертикаль бағыттағы күштерді, горизонталь бағытталған тартым және тежеуші күштерін береді, оларға тартым қозғалтқыштары мен тежеуші жабдықтарын орнатады.
Арбаның конструкциясы тарту қозғалтқышын дөңгелектер жұбымен бірге төмен монтаждау және демонтаждауды, тісті берілістің қынын кузовты көтермей алуға және тежеу колодкаларын ауыстыруға мумкіндік береді.
Арбаның рамасы - тік бұрышты формасы, екі бүйірден пісірілген, өзара шкворендік және екі ұштық сырғауылмен байланысқан бүтіндей пісірілген конструкция.
Бүйірлері мен ұштық сырғауылы прокаттық болаттың төрт табағынан пісірілген. Буйірдің астыңғы табағына кішкене және үлкен құйылған кронштейндер пісіріліп жапсырылған.
Бүйірдің үстіңгі табағына бүйірді күшейтетін жапсырмалар пісіріліп жапсырылған. Жапсырмаға және бүйірдің сыртқы жағына люлькалық ілме кронштейны пісірілген. Бұйірдін шикі жағында, тежеу жүйесінің ілмесіне арналған кронштейнер бар, ал сыртқы жағында гидравликалық сөндіргіштерге арналған кронштейн бар. Күшейткіш қабырғалары бар қораптың шкворень сырғауылы құйылған шкворендік сырғауылы мен байланыс сырғауылынан тұрады.
ВЛ80 электровоздары арбасының құрамына рама, дөңгелектер жұбы 5, тісті беріліс 7, буксалар 4, рессорлық іліме 3, тежеу жүйесі 2, тартқыш қозғалтқыштың ілмесі 1, шарлы байланыс 8 кіреді.
ВЛ80С арбасы
Шквореньді сырғауылдың ортанғы бөлігінде сопақ, коникалық ауысатын саңылау бар, ол арқылы шкворень өтеді.
ВЛ80 электровозы дөңгелегінің диаметірі 1250мм тең. Дөңгелектер жүбының осіне тарту жетегінің екі тиісті дөңгелегі салынған. Тісті беріліс қатты, екі жақты, қиғаш тісті болады. Ол екі шестернядан және екі тісті дөңгелек тен тұрады, олар қорғаныс қынына тығылған.
-
Механикалық жабдықтар. Арбаша. Слайд
ІV. Қорытындылау .
Студенттерге өзіндік тапсырмаларын деңгейлік тұрғыда орындату.
«Ой шақыру» әдісі (сұрақтарға жауап беру)
І – Деңгей:
-
Электровоз дегеніміз не?
-
Электровоздардың классификациясы?
-
Механикалық жабдықтар?
ІІ – Деңгей:
-
Электровоздардың қызметіне байланысты түрлері?
-
Электр энергиясының қолдану бойынша қалай ажыратылады?
-
Арбашаның негізгі элементтері?
ІІІ – Деңгей:
-
Жол табанына байланысты қандай түрлері бар?
-
Арбашаның негізгі техникалық параметрлері?
-
Арбаша элементтерінің орысша атауы?
ҚОСЫМША СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУ?
V. Үй тапсырмасын беру:
-
ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЭЛЕКТРОВОЗ МАРКАЛАРЫ?
-
ОЛАРДЫҢ БАСҚА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЭЛЕКТРОВОЗДАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ?
-
KZ4AC ЭЛЕКТРОВОЗЫНЫҢ АРБАШАСЫ ТУРАЛЫ РЕФЕРАТ?