Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Волейбол ойынының ережелері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Волейбол ойынының ережелері
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Комитет Тойлыбай
Қысқа мерзімді жоспар
-
Мектеп:
№ 3 Арнайы мектеп - интернаты ҚММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Комитет Тойлыбай
Сыныбы: 9 Ә II
Қатысқан оқушы саны: 8
Сабақтың тақырыбы
Волейбол ойын ережесі.
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау
8.2.8.1 - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың барлығы. Волейбол ойындарының ережелерін үйренеді
Оқушылардың көпшілігі. Волейбол ойындарын үйрету барысында оқушыларды икемділікке,ептілікке, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамытады
Оқушылардың кейбірі. Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамытуға талпынады
Негізгі мақсаттар
Қозғалмалы ойындарда волейбол элементтерін жетілдіру
Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.
Жетістік критерийлері
1. Волейбол сөзінің мағынасын түсінеді.
2. Допты қабылдай алады.
3. Қарсыласқа допты бере алады.Тілдік мақсаттар
Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:
- Волейбол добы
- Ойыншылар
Пәнаралық байланыстар
Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады.
АКТ пайдалану дағдылары
Интербелсенді тақтада презентация көрсету
Бастапқы білім
Оқушылар волейбол ойыны туралы біледі және допты қарсылас ойыншыға бере алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
Ресурстар:
Сабақтың басы
10 мин.
Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.
Саптық жаттығулар:
1. Оңға бұрыл!
2. Солға бұрыл!
3. Кері айнал!
4. Секіріспен кері айнал!
5. Оңға!Бағыттаушының соңынан оң иық алда, жай жүріспен бас!
Жүру жаттығулары:
а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүріп бас!
ә) қол желкеде, өкшемен жүріп бас!
б) қол белде, табанның сыртымен және ішкі жағымен бас!
в) қол алда, жартылай отырып бас!
г) қол еркін, толық отырып бас!
ғ) Ысқырық бойынша жоғарыға секіріп, қолды соғу.Тапсырмасыз! Жай жүгіріске көш
. Жүгіру жаттығулары:
1. Оң қапталмен қолды алдыға айналдырып бас.
2. Сол қапталмен қолды артқа айналдырып бас.
3. Оң (сол) қапталға қайшылап бас!
4. Алға (артқа) қайшылап бас!
5. Аяқты ашып, алға секіріп бас!
6. Екі адым жасап, жоғары секіріп бас!
7. Тізені кеудеге тартып,секіріспен бас!Класс! Залдың ортасына екі қатар сап түзе!
Жүріс кезінде орындалатын Ж.Д.Ж
1. Қол жанда, 4-сан білектен, 4-сан шынтақтан, 4-сан толық қолды йықтан алға айналдыру
(артқа)
2. Оң қол жоғары, артқа қол ауыстырып сермеу
3. Қол басы құлыпта, 1-4сан білезікті оңға (солға) айналдыру.
4. Қол йықта, йықты алға артқа айналдыру
5. Қол кеудеде, шынтақтан бүгулі, қолды жазып, жазбай сермеу.
6. Қол жанда, сол (оң) жаққа бұрылу.Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.
Сабақтың ортасы
25 мин.
Үш ойыншының іс–әрекетін жетілдіру.
1. Үш ойыншы допты бір–біріне жоғарыдан беру.
Жоғарыдан қабылдаған кездегі ойыншының тұрысы.
А) Көрсету, түсіндіру.
Кездесетін қателіктер.
1. Аяқ бүкпесек.2. Допты алақанмен қабылдасақ.
3. Қозғалмай бір орында тұрсақ.
2. Допты бір–біріне жоғарыдан беру.
ІІ. Ойын кезіндегі, шабуылшының іс-әрекеті.
3. Шабуылдаушы соққысына секіру.
4. Шабуылдаушы соққысына секіріп, қарсылас алаңға допты лақтыру. (Теннистің добы)
5. Секіріп, допты шабуылдаушы соққымен беру.
6. Секіріп шабуылдаушы соққымен допты қарсылас алаңға бағыттау.
Кездесетін қателіктер.
1. Қолды шынтақтан бүксе
2. Доптың астына секірсе
3. Қол торға тисе
Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары, фишкалар мен конустар, ысқырық
Сабақтың соңы
5 мин.
Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы "тегтер" бұлты түрінде жүргізіледі, оларды толықтыру қажет. Мысалы, келесі сөйлемдердің нұсқалары жазылған қағаз жолақтарын үлестіру.
Бүгін мен ......................... таныстым.
Маған..................... қиын болды.
Мен ............................ түсіндім.
Мен ........................... үйрендім.
Мен...................... жасай алдым.
Мен үшін ............................. қызықты болды.
Мені .......................... таңғалдырды.
Менің ................................ білгім келді.Әр оқушы 1-2 сөйлемнен таңдап, оларды толықтырады.
Киім ауыстыру орнына кету.
Маркерлер мен фломастерлер
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.
Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: оң қолмен допты алып жүруді қайталау
Қабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүру
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?
Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:
Бағдаршам
Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.
Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру.
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:
Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;
Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;
Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;
Жалпы бағалау
Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)?
1:2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?
1: 2:
Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?
Дәстүрлі қазақтың ойындары
Дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
Комитет
Тойлыбай
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Дәстүрлі қазақтың ойындары |
Мектеп: № 3 Арнайы мектеп - интернаты ҚММ |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Комитет Тойлыбай |
||||
Сынып: 5 Ә II |
Қатысқаны: 7 |
||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
2.1.5.1. Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістер мен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі. |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі арқан тартыс жайлы біледі. |
|||||
Оқушылардын көпшілігі орындай алады: |
|||||
Оқушылар асық ойынында асықты атып түсіре алады. |
|||||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||
Көкпарда салымды қазандыққа салуды орындай алады. |
|||||
Тілдік мақсат |
Дәстүрлі қазақтың ойындары арқылы ептілік дағдыларын арттырады. |
||||
Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: |
|||||
Сәлеметсіздер ме – Здравствуйте – Hello; Сау болыңыз – До свидания – Good bye; ысқырық – свисток – whistle; Асық – асык – asyk; метрлік – метровка – metering; уақыт өлшегіш – секундомер – timewach. |
|||||
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: |
|||||
Оқушыларға асық иіру, арқан тарту және көкпар ойындары жайлы мәлімет беру. |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||
Дәстүрлі қазақтың ойындары ата |
|||||
Не себепті .... деп ойлайсыз? |
|||||
Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарына асық, тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тартыс, бәйге, ләңгі, теңге алу, күрес, т.б. жатады. |
|||||
Жоспарланған уақыт |
40 минут |
||||
Алдыңғы оқу |
Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезендері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар: |
|||
Басы 10 минут |
Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Рапорт қабылдау, амандасу. Қауіпсіздік ережесін түсіндіру. Саптық жаттығуларды орында орындау. Оқушыларға жаттығулардың толық орындалуын ескертіп, қадағалап отыру. Оңға, солға, кері бұрылуды кайталап өту. Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар Қолды алдыға қойып, тізені көтере жүгіру (денені тік үстау). Қолды екі жаққа төмен түсіріп, аяққа кезек-кезек тигізе жүгіру. Қолды жамбас тұсқа қойып, өкшені тигізе жүгіру. Екі қолды бірдей құлаштай аяқты жанға соза жүгіру (екі жаққа кезек-кезек) Жүру барысында орындалатын жаттығулар Екі қол белде аяқ ұшымен жүру. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру. Қол белде артқа қарап жүру. |
Ысқырық, спорт зал, уақыт өлшегіш
|
|||
Ортасы 25 минут |
Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарына асық, тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тартыс, бәйге, ләңгі, теңге алу, күрес, т.б. жатады. Асық ойнау халқымызда көнеден бері жалғасып келе жатқан ойын түрі болып саналады. Асық ойынында шеңбер сызылады. Шеңбер ортасына сызық сызылып, оған асықтар тігіледі. Ойында ату кезегі оқушылардың реті бойынша жүргізіледі. Асыққа дәл тигізіп, шеңберден шығарған ойыншы қайта ату мүмкіндігіне ие болады және шеңберден шығарған асықты өз еншісіне алады. Осылай ойын кезек-кезегімен жалғаса береді. Асықты шеңберден шығарып, көп жинаған ойыншы жоғары ұпайға ие болады. Оқушыларға «арқан тартыс» ережелерімен түсіндіріліп, оларды топқа спорттық құрал-жабдықтарды таңдау барысында екіге бөлінеді. Арқан тартыста ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге немесе сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Алдыңғы ойындағы бөлінген топқа «көкпар» ойынының ережесін түсіндіріледі. Көкпарда «салым» ретінде допты, «қазандық» ретінде жеңіл автокөлік дөңгелегін пайдаланылады. Белгі берілген сәтте екі топ жүгіріп, салымды (допты) қазандыққа (дөңгелекке) салады. |
Бос кеңістік, ысқырық, асықтар, арқан, бор, доптар, дойбы тақталары, тоғызқұмалақ, қазандақ. АКТ, бейнетаспа
|
|||
Соңы 5 минут |
Сапқа тұрғызу; сабақты қорытындылау; әр оқушының қоржынындағы асықтарын өздеріне санату арқылы ұпай сандарын айту; сыныппен қоштасу. |
Ысқырық, журнал |
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс -денсаулық және қауіпсіздік. АТК-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||
Оқушыны сабақ барысында қолдап, тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік беремін. Сабақ барысында көзге түсіп, тапсырманы жақсы орындаған оқушыны мадақтаймын. |
Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін асықтарды қолданамын. Олар бір-бірін қоржынындағы асықтарын санау арқылы бағалап, өзара ынтымақтастық атмосферасы орнайды. |
Тарих, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану. АКТ, бейнетаспа, ноутбук. |
|||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |