Материалдар / WEB – беттер және сайттар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

WEB – беттер және сайттар

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа WEB – беттер және сайттар тақырыбына арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2018
1767
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Сыныбы: 10 сынып

Сабақ № 27Күні:
Сабақ тақырыбы:WEB – беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі
Сілтеме:Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Жалпы мақсаттар:Оқушылардың интернет бойынша толық ақпарат беріп, интернет ресурстарымен еркін жұмыс істеуді меңгертіп, Web-құжаттар құру негздерімен таныстырып, FrontPage редакторы туралы жалпы мәлімет беру.
Оқыту нәтижелері:Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, веб-беттерді дұрыс жасау шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуының басымдықтарын айқындау.Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Түйінді идеялар: Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету.
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақта барлығын қолдану және модульдердің элементтерін сабақта пайдалану.
Көрнекіліктер:Компьютер, оқулық, интернет желісі, интернет браузері.
Орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттеріОқушының орындалатын іс-әрекеттері
1.Ұйымдастыру. (2-3 мин).1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.(Интернет смайликтері арқылы топтасу).
2. Үй тапсырмасын тексеру:А) Оқушылардың үйтапсырмасын меңгергенін тексеру.2. Үй тапсырмасын тексеру:1. Желі дегеніміз не? Компьютерлік желілердің неше түрі бар? (атап шығу керек)2. Интернет желісі дегеніміз не? Интернеттің қандай қызметтерін білесіңдер?3. Хаттама (белгіленуі), провайдер, модем дегеніміз не?4. Браузер дегеніміз не? Ең танымал браузерлерді ата?5. Ақпаратты іздеу жүйелері дегеніміз не? Түрлері қандай?6.Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарлама қалай аталады?7. FrontPage редакторының қызметтері қандай?
3. Білімді жан-жақты тексеру:А) Оқушылардың білімін тексеру

3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру:А) Оқушыларға «Интернет – сәндік пе әлде қажеттілік пе?» тақырыбында постермен жұмыс ұйымдастыру.
4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: а) Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлап, түсіндіру.4. Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау: А) Оқушылардың интернет бойынша толық ақпарат беріп, интернет ресурстарымен еркін жұмыс істеуді меңгертіп, Web-құжаттар құру негздерімен таныстырып, FrontPage редакторы туралы жалпы мәлімет беру.
5. Жаңа сабақты түсіндіру: А) Оқушыларға жаңа сабақтың материалдарын меңгерту.Жаңа сабақ Web-беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі – тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттеріннің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі. Сайтымыздың бір бетінің мысалында тақырыптарды пайдаланудың қарапайым үлгісін қарастырайық. Бетті сыныптастарына арнап Мой класс деп атайық. Бұл бетте біз оқушылар тізімін жасаймыз, соңында олардың меншікті беттеріне жасалған сілтемелер тіркеледі. Бұл тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттерді іске асыру қажет: 1. File New Page командаларын орындап, Редакторда жаңа бет жасаңдар.New диалогтық терезесінде Normal Page шаблонын таңдап, ОК батырмасын басыңдар. Редакторда сол жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзер орналасқан бос бет пайда болады.Пішімдеу панеліндегі стильдер тізімінен Нeading 1(Заголовок 1) таңдандар. Беттің шапкасы тиісінше ,мысалы, бірінші дәрежелі тақырып сияқты ерекшеленіп тұруы керек. FrontPage Редакторында тақырып жаңа жолдан жеке абзац сияқты безендіріледі.Енді Мой класс бетінің негізгі тақырыбын енгізіндер.Оқушылардың аттарын енгізіндер. Меңзер жаңа жолға өтуі үшін ‹Enter›-ді басып, стильдер тізімінен Нeading3(Заголовок 3)таңдаңдар да, Александр есімді теріндер.Енді 5-қадамды қайталай отырып, сыныптың қалған оқушыларының аттарын енгізіңдер. Тізімде тақырыптардың алты дәрежесі аталғанын ескеру керек.4.7.-суретте тақырыптардың барлық алты дәрежесінің салыстырмалы өлшемдері көрсетілген. Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады.Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және,бір жақсысы,олWord-қа ұқсайды,сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды. Microsoft FrontPage 2000 версияның (бұдан әрі Frond-Page 2000 немесе жай ғана FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. FrontPage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ , кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса,Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті кодын өзі генерациялайды. Қаласаңдар, тікелей Редакторда HTML кодын жазып,сол мезетте,браузерді іске қоспай-ақ , өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады. Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде (what you see is what you get-не көрсеңіз,соны аласыз).Бұл дегеніміз-олардың браузердегі көрінісі Редактордағыдай болады деген сөз.Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ- түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді жерде,беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр.
6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру: А) Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру: А) FrontPage-нің көмегімен жаңа сайт құру жобаларын мысалдар арқылы білімін толықтыру.Ә) Жаңа сайт құру - «Жас түлек – 2013» тақырыбында web сайт жобасын жасап, программада құруды бастау.
7. Сабақты бекіту:А) Сабақты бекіту мақсатында, жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру.7. Сабақты бекіту:
  • 1.FrontPage қандай бағдарлама?
  • 2. FrontPage бен Word бағдарламаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ?
  • 3. FrontPage бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  • 4. Front Page бағдарламасының терезесінің негізгі элементтерін атаңдар?
  • 5. Бағдарламада жаңа беттерді қалай құрамыз?
  • 8. Үй тапсырмасын хабарлау және оқушылардың білімін тексеру, бағалау: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру.8. Сабақты қорытындылау: а) Үйге тапсырма: Front Page редакторын пайдалана отырып, WEB – бетті жасау. WEB – сайт жасау.ә) Сабақты қорытындылау: Орындалған жұмыстарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.(Өзін-өзі бағалау әдістерін және бағалау критерийлері бойынша бағалау әдістерін қолдану).


    Информатика пәні мұғалімі
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!