400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Wild Animals

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ жоспары ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты

Күні:21.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанбаева Н.Ж.

Сынып: 6 В

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:1

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • рационал сандарға амалдар орындайды.

Пәнаралық

байланыстар

Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқы білім

Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин








3-6 мин

  1. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  2. Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу.

  3. Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайту.

  4. Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

  5. Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру

  6. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау.








Сабақтың ортасы

6-12 мин


















12-17 мин
















17-18 мин



18-28 мин

















28-37 мин




Жаңа сабақты түсіну

Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту

Сыныппен жұмыс:

Сұрақ: Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз?

Рационал сандарды қалай азайтамыз?

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Тапсырма 1.

Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма? Оқушылардың жауаптарын негіздеуді сұрау маңызды.

Бағалау:

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау бағалайды.

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай?

Жауабы: 7С

Тапсырма 3. Кестені толтырыңыз:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

-3

-20

a-b






Жауабы:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

-3

-20

a-b

-1,7

0,5

22,8

-1,5

6,06



Тапсырма 4 Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз.

Жауабы:-13,3

Тапсырма 5 Өрнекті ықшамдаңыз

  1. a+(-b)-(-2a)

  2. –a-(+a)+2b-(-b)

  3. –a-(-b)-4a

  4. –a-(+3a)+(-b)-b

Жауабы: 1)3а-б 2)б 3)б-5а 4)-4а

Тапсырма 6. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз

  1. (-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-16 )

  2. (-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Жаңа сабақты бекіту.

Өзіндік жұмыс:

1 тапсырма. Есептеңіз:

  1. 24,6+(-35,9)-(-6,5)+(-5,2)

  2. (-32)-(-13,8)-(+26,3)-(-27,5)

Жауабы: 1)-10 2)-17

Дескриптор: Білім алушы

- таңбалары бірдей рационал сандарды азайтады;

- таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайтады;

- өрнектің мәнін табады.

2-тапсырма

санын төмендегідей шарттарды қанағаттандыратындай, екі санның қосындысы түрінде жазыңыз:

a) бірі екіншісінен 1-ге артық болатын;

b) бірі берілген санға қарама-қарсы сан болатын;

с) бірі берілген санға үш еселенген қарама-қарсы сан болатын.

Дескриптор: Білім алушы

  • таңбалары бірдей рационал сандарды қосады;

  • таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады;

  • берілген шартты қанағаттандыратын теңдеу құрады;

  • теңдеудің түбірін табады;

  • белгісіз екі санды жазады;

  • берілген санды екі санның қосындысы түрінде жазады.

Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор бойынша өзін бағалайды.





















































Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Сөйлемді аяқта:

  • бүгін мен білдім .....

  • маған қызықты болды, ....

  • осы мәселе бойынша менің ойым ....

  • осы мәселені қаталасақ ....

  • тапсырмаларды орындау барысында маған көмектесті ...


Үй жұмысы: рационал сандарды азайтуға 3 мысал құрып келу

Осы сабақтың келесі сабақпен байланысын айтып өту маңызды. Оқушылар қателік жіберген жағдайда жеке консультация беру керек.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі