XVII-XVIII ғғ.Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

XVII-XVIII ғғ.Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

11-сынып. Қазақстан тарихы

Күні: __________________


Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі


Сабақтың мақсаты:

  • Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тарихын, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресінің маңызын әңгімелеу, қазақ билеушілерінің басы біркпеуінің салдарынын көрсету, ел-жерімізді қорғау жөніндегі білімдерін кеңейтіп, қорытындылап, жинақтау.

  • Оқушыларды материалды жүйелеуге, оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру, жұмыс дағдысын қалыптастыру.

  • Батыр бабаларымыздың тәуелсіздік үшін жанын қиған күресін ашу арқылы, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, тірек-сызбалар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Өткен материалдарға шолу (5 мин)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин)

ІV. Жаңа білімді пысықтау (23)

1) Кесте толтыру (3 мин)

2)Жылдар мен сандар (3 мин)

3) Ой қорыту (4 мин)

4) Картамен жұмыс (2 мин )

5) «Фишбоун» диаграммасы (5 мин)

V. Бекіту. Синквейн әдісі (4 мин)

VІ. Бағалау (1 мин)

VІІ. Үйге тапсырма (1 мин)

Жаңа сабақтың жоспары


  1. Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы

  2. Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты

  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.

  4. Қарақұмдағы құрылтай

  5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».

  6. Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі

  7. 1927жылғы Бұланты бойындағы шайқас

  8. Аңырақай шайқасы

  9. «Шаңды жорық»


      1. ХVІІ ғ.аяғы мен ХVІІІ ғ.басында Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси ахуалы күрделі жағдайда болды. ХVІІ ғ.аяғы мен ХVІІІ ғ.басында Тәуке хан біріктірген Қазақ хандығы ыдырай бастады. Кіші жүзде Әбілхайыр хан, Орта жүзде Сәмеке мен Қосманбет, Ұлы жүзде Жолбарыс хан басқарды.

І Петрдің «Барлық Азия елдері үшін Орда кілт пен қақпа, сондықтан Орда Ресейге тәуелді болуы керек» деген сөзі Қазақстанмен қатынасындағы болашақ саясатын белгілеген патшалық Ресей отарлау саясатын күшейтті. Қазақстанмен шекаралас жерлерге әскери бекіністер сала бастады. Гурьев (Атырау) (1640 ж.) , Жәміш, Омбы (1716ж), Железинск (1717ж), Семей, Кереку (1718ж), Өскемен, Обинск, Черногорская (1720ж), Ор (1735ж) т.б.


Қазақ хандығында жүздер арасында тұрақты байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің – солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары шабуылдаса, оңтүстікте Қоқан, Хиуа хандықтары, оңтүстік-шығыста Қытай қауіп төндірді. Басты қауіп төндіргені Жоңғар мемлекеті болды. Атты әскерінің саны100 мың, еуропа тәртібімен құрылған, зеңбіректер мен мылтықтармен қаруланған, соғыс тәсілі жетілген болды.

ХVІІІ ғ.басындағы қазақтардың жағдайын Ш.Уәлиханов былай суреттеген: «ХVІІІ ғ.алғашқы онжылдығы қазақ халқының өміріндегі ең сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар әр жақтан талқандадые малын айдап әкетіп, тұтас әулетерді тұтқын етіп алып кетті».


1Shape1 Shape2 635 жылы Монғолияның батыс бөлігінде ойраттардың өте күшті әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Ойрат тайпалары чорос, дербет, хошоуыт, хойт деп аталған негізгі төрт рудан құралды. Әкімшілік басқару жағынан ұлыс оток аймаққа бөлінген.

Жоңғар мемлекетінің басты мақсаты – Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, байтақ жерін өзіне қарату болды.

Жоңғарияның алғашқы билеушісі Батыр қоңтайшы қазақ жеріне 1635 ж., 1643 ж, 1652 ж. үш рет жорық ұйымдастырды. 1643 ж. Орбұлақ шайқасында Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр аз қолмен көп санды жоңғарды ойсырата жеңді. Жоңғарлардың 1652 жылғы кезекті жорығында қазақ қолы жеңіліс тауып, Жәңгір хан майданда қаза табады. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, тоғыз қаланы қосып алды.



Қазақ халқының ауыр қысым көріп, қасірет шегуі жоңғар тағына келген Цеван Рабданның (1697-1727жж) есімімен байланысты. Ол 1698 ж, 1707-1708жж.қазақ жеріне үздіксіз жорықтар ұйымдастырды.


Жылдар

Оқиғалар

Маңызы

1710 ж.

қазақ жүздерінің белгілі өкілдері жоңғарларға соққы беру мақсатымен Қарақұмда бас қосты.

Жиында бас қолбасшылыққа тағайындалған Бөгенбай батыр бастаған халық жасағы жоңғарларды ығыстырды.

1711-1717 жж.

жоңғарлардың қолың қолы қазақ жеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты.


1718ж.

Аякөз бойында 3 күнге созылған шайқас болды.

Қабанбай мен Жауқашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Үшінші күнінде Әбілхайыр мен Қайып хандар ұрыс қимылдарын бірлесіп жүргізбегендіктен жеңіліспен аяқталды.

1722 ж.

Қытай императоры Кансидің қайтыс болуы

Жоңғарлардың бар күштерін Қазақ хандығына жұмылдыруына жағдай туғызды.

1723 ж.

Жоңғар билеушісі Цеван Рабдан мен Шона Доба бастап 70 мың жоңғар әскері 7 бағыттан басып кірді.

Жетісуды жапырып, қазақ өлкесін ойрандады.


1725 жж.

Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алды.


1723-1727 жж.

«Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама, ақ мешін апаты»

2,5 млн.халықтың 1 млн.нан астамы қырылды. Бұл қасірет «Елім-ай» әнін туғызды.


Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі 150 жылдан астам уақытқа созылды, қазақ халқының тең жартысы қырылды. Халықтың тағдыры қыл үстінде тұрды. Олардың жоңғарларға бас иіп, оның құлдығыга түсіп, тарихтан аты мүлде өшуі мүмкін еді, немесе тас түйін болып ақырына дейін шапқыншылармен шайқасуы керек еді. Халық екінші жолды таңдады. Халықтың қырылып-жойылуына жол бермес үшін енді сұлтандар мен рубасыларынан үміт үзген халық өзін өзі құтқаруға кірісті.

Сол бір ауыр жылдарды қазақ қосындарын Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Бәсентиін Малайсары, Наурызбай, Баян, Байғозы, тама Есет, Жауқашар (Шақантай), Есет, Үсен, Саңырық Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Шақшақ Жәнібек, Райымбек батырлар мен есімдері қазаққа аса танылмаған көптеген батырлар басқарды.

1726 ж. Ордабасы жерінде қазақ ру-тайпалары басшыларының құрылтай жиналысы болды. Онда үш жүз жауға бірігіп соққы беру жөнінде келісімге келді. Әбілхайыр хан бас қолбасшы, Бөгенбай батыр сардарбек болып сайланды. Қазақ қосындары жүздік негізде құрылды. 1727ж. Бұланты өзені бойындағы «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ-қырғыз әскерінің күшімен қалмақтар талқандалды. Бұл шайқас «Қалмаққырылған» деп аталды.

1730 ж. Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай деген жерде ең ірі шайқас өтті. Әбілхайыр ханның басшылығымен үш жүздің әскері жоңғарларға күйрете соққы берді. Алайда, Болат ханның қазасынан соң аға хандыққа таласқан Әбілхайыр мен Сәмеке арасындағы алауыздық себебінен Оңтүстік Қазақстан өңірі уақытша жоңғар үстемдігінде қалып қойды.

Жоңғар басшылығына келген Қалдан Серен қазақ жеріндегі тұрақсыздықты пайдаланып, 1741-1742жж. ірі шапқыншылық жорық жасады.

1745ж.Қалдан Сереннің қайтыс болуымен жоңғар тағына талас басталып, мемлекет әлсіреп кетті. 1758ж.Жоңғарияны Қытай жаулап алды. 1млн.- ға жуық халқының 4/10 бөлігі аурудан қырылып, 2/10-і Ресей шекарасына өтіп кетті, 3/10 бөлігі Қытай әскерінің қолынан қаза тапты. 1761ж. Қытай империясы бұл аймақта Шыңжаң (Синьзян – жаңа шекара) әкімшілік аймағын құрды.

1771 ж.Еділ бойындағы қалмақтар – 30909 отбасы (170-18- мың) Отаны Жоңғарияға ұлы көш бастайды. Қалмақтардың көші қазақ жері арқылы өтті. Осы кездегі қалмақтармен шайқастар «шаңды жорық» деп аталды. Қазақтар қалмақтарға жиі шабуылдап, қырып отырды. Мойынты өзеніне жеткенде Абылай хан бастаған 50 мың қазақ қолы оларды қоршауға алды. Ірі шайқастарда қалмақтардың 9/10 бөлігі қырылды. Қашып үлгеріп, Жоңғарияға жеткен 15-20 мыңдай қалмақ Қытайдың бодандығына түседі. Шаңды жорық нәтижесінде ойрат-қалмақ халқының соңғы ошағы жойылды.


ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.


1.Кестені толтыр.


Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы

Ордабасы жиынының тарихи маңызы

Қалмаққырылған, Аңырақай шайқастарының маңызы







1.. Бастапқы бекіту сұрақтары


  1. Тәуке ханның өмір сүрген жылдары?

  2. Тәуке ханның мирасқоры кім?

  3. ХVІІ ғ.бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайын сипатта.

  4. Қазақ даласын Орта Азияның ішкі аудандарына кіретін «кілт пен қақпа» деп алғаш атаған?

  5. 1716-1720жж. Жоғарғы Ертіс бойына салынған бекіністер?

  6. Жоңғар мемлекеті қай жылы құрылды?

  7. Оның қазақ жеріне шапқыншылық жорықтары қай кезден басталды?

  8. 1643 жылы Орбұлақ шайқасында ерлікпен шайқасқан хан кім?

  9. Орбұлақ шайқасында жоңғарлардың ту сыртынан шабуыл жасаған батыр?

  10. Жоңғарлар қазақ жеріне қай жылдары ірі шапқыншылық жорықтар жасады?

  11. Қарақұм жиналысында бас қолбасшылыққа сайланған тарихи тұлға кім?

  12. Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтар жасаған жоңғар қоңтайшысы?

  13. Жоңғар шапқыншылығынан қатты зардап шегіп, ойрандалған өңір?

  14. «Ақтабан шұбырынды Алакөл сұлама» қай жылдары болды?

  15. Әйгілі «Ақ мешін» жұты қай кезде болды?


2. Жылдар мен сандар.


1635ж. «Қалмаққырылған» шайқасы

1643ж. Жоңғар әскерінің саны

1710ж. Орбұлақ шайқасы

100 мың Жоңғар мемлекеті құрылды

1723-1727жж. Жоңғарлардың Кіші жүз бен Орта жүз жеріне «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шапқыншылығы

600 жүз Жоңғар мемлекетін Цин империясы жаулап алды

1727ж. Синьзян провинциясының құрылуы

1729-1730жж. Қарақұм жиналысы

60 мың «Шаңды жорық»

1741-1742жж. Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама

1758ж. Аңырақай шайқасы

1761ж. біріккен қазақ-қырғыз жауынгерінің саны

1771ж. Салқам Жәңгір жауынгерінің саны


3.Ой қорыту.


«Жуан» сұрақтар

«Жіңішке» сұрақтар

(Ой толғау, талдау, синтез, баға)

(Бір жауапты талап ететін)

  1. «Елім- ай» әнінің шығу тарихын түсіндіріңіз.

Қазақ және жоңғар қатынастарың шиеленісуіне не себеп болды?

  1. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» оқиғасынан қандай сабақ алуға болады?

Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?

  1. Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

Қазақ халқының жоғарларға қарсы жеңісті күресінің басы болған шайқас?

3.Картамен жұмыс. Параграфта көрсетілген тарихи-географиялық орындар мен жоңғарлармен шайқас болған жерлерді картадан көрсетіңдер.


4.«Балық сүйегі» әдісі.Топпен жұмыс.


1. ХVІІ ғ.аяғы мен ХVІІІ ғ.басындағы Қазақ хандығы. Ішкі-сыртқы жағдайы. Фактілер. Қалыптасқан ахуал.

2. Жоңғар шапқыншылығы. Мақсаты, басқыншылық жорықтары. Салдарлары. Нәтижесі.

3. Ұлт азаттық қозғалыс. Себептері, ірі шайқастар. Күрескер хандар мен батырлар. Нәтижесі мен тарихи маңызы.


VІ. Бекіту.

Синквейн әдісі.

Аңырақай шайқасы.

Ең ірі, соңғы. 1729 жылы болды, бастап кірді,қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды. Азаттық күресі.


Үй тапсырмасы: & 1






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
1839
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі