Материалдар / XXI ғасыр көшбасшысы. (Наурыз мерекесіне арналған)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

XXI ғасыр көшбасшысы. (Наурыз мерекесіне арналған)

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай қаласы

4 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Джузикеева Айнагүл Бақытжанқызы




XXI ғасыр көшбасшысы.

(наурыз мерекесіне арналған)


Мақсаты: 1. Қазақстың салт – дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, сұрақтарға толық жауап

беру дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін

жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3. Оқушыларды ұлттық салт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.


  • Армысыздар, ағайын! Бүгін, міне, біздің төл мерекеміз- наурызға қош келдіңіздер! Соған орай біз ата – аналардың арасында «Ғасырдың көш бастаушысы» атты мерекелік сайыс өткізгелі отырмыз. Ең алдымен сайысқа қатысушылармен таныстырып өтейін.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Кіріспе сөз:

  • Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22 жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы, ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап, бір – бірінің үйлеріне кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, ойын – сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзербайжандар да тойлаған. « Халім қандай десең, салтымнан санап біл» дегендей бүгін біз жыл басы, Жаңа жыл – Наурыз мерекесін тамашалауға шақырамыз!

1 оқушы:

- Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған –

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан!

2 оқушы:

- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Ұлыс күні басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге!

Ойынымыздың бірінші туры – «Бәйге».

Оқылған сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Оған 10 ұпай беріледі.

  1. Наурыз мейрамы қандай ұғымды білдіреді? (жаңа жыл)

  2. 21 – наурыз күні қалай аталады? (Қадыр түні)

  3. Жылқы атасы? (Қамбар ата)

  4. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурыз көже)

  5. Наурыз ақырғы рет нешінші жылы тойланған? (1926)

  6. Киіз үй бөлшектері? (есік, шаңырақ, кереге, уық)

  7. Күйеу баланың ресми түрде қалындығымен кездесуге баруын қалай атайды? (ұрын бару)

  8. Қазақта 16-17жас аралығын қалай атайды? (бозбала, бойжеткен)

  9. Наурыз күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап

Соғымның етінен уыз салып, ерекше дәм береді екен. Оны не деп атаған? (ұйқы ашар)

  1. Келді өмірге бір бөбек,

Кеудесіне гүл бөлеп.

Бүгін айтар жыр бөлек,

Бүгін шығар үн бөлек.

Осы өлең жолы қандай рәсімге байланысты айтылған? (шілдехана)

Ән шашу.

  • Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім.

(Музыка пәнінің мұғалімі . Мерекеге жыр шашу.)


Екінші тур – « Полиглот »

Бұл ойында тиісті сөздің үш тілдегі аудармасын дұрыс тапқан оқушыға 20 ұпай, екі тілде – 10 ұпай беріледі.

  1. Гүл өссе – жердің көркі,

.... өссе – елдің көркі. ( қыз – девушка)

  1. Ел іші – алтын ..... ( бесік – колыбель)

  2. Адал ... елге жеткізер, ( еңбек – труд)

Арам ... елден кеткізер. ( құлық – хитрость)

  1. Ел ... болмайды (даусыз – спор)

Ер ... болмайды. ( жаусыз – враг)

  1. ... ұзын болса, ... күймес. (көсеу – кочерга, қол – рука)

  2. Жалғыз ... (иттің – собака)

Үргені білінбес,

Жалғыз .... ( кісінің – человек)

Жүргені білінбес

  1. Жалғыз ... пана болмас, ( ағаш – дерево)

Жалғыз ... саба болмас, ( бие – кобыла)

  1. Білімді өлсе,

Қағазда ... қалар. ( аты – имя)

Ұста өлсе,

Істеген ... қалар ( заты – вещь)

  1. Екі ... құйрығын ұстаған суға кетеді. (кеме – корабль)

  2. Ашу ... ( пышақ – нож), ақыл ... ( таяқ – палка)

Осыдан кейін ең көп ұпай жинаған 4 қатысушы қалады. Жарнама.

Тұсаукесер рәсімі көрсетіледі.

Бала қаз тұрып, тәй- тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт – дәстүр. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық бір адамға қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады.Тұсауды үш түрлі тілектеп кеседі. Біріншісі, баланың тұқымы шөптей көп болып,

өсіп - өнсін деп аяғын шөппен тұсап кеседі. Екіншісі, малы көп және семіз әрі күйлі болсын деп аяғын тоқ ішекпен кеседі. Үшіншісі, адал болсын деп, біреудің ала жібін аттамайтын, шыншыл болсын деп баланың аяғын ала жіппен тұсап кеседі. Тұсау кесіп жатып:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз – қаз, балам, қаз, балам........- деп ізгі тілегін айтады.


  • Ұлыс күні қазан толса,

Сол жылы ақ мол болса,

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар,

Сізден бата сұраймыз.

Бата беріледі:

  • Жортқанда, балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын!

Бір толмасын, жылда толсын,

Өмір жасың ұзақ болсын!

Үшінші тур: « Егер мен» ойыны (4 кісі қатысады).

Жақсы жауапқа 20 ұпай, орташа жауапқа 10 ұпай беріледі.

1)Егер мен жергілікті әкім болсам .....

2) Егер мен президент болсам ....

3) Егер мен Роза Рымбаева болсам ...

4) Егер мен денсаулық сақтау министрі болсам ...

Музыкалық үзіліс. Қыздар би билейді.

Төртінші тур: Жанды сұрақтар.

  1. сұрақ. Жыл қайыру?

( тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)

  1. сұрақ. Киіз басу сатылары?

( сабау, сабақтау, су себу, білектеу, қазандау, ұзындау, кептіру)

3 – сұрақ. Сиырдың пірі?

( Зеңгі баба)

4 – сұрақ. 61 жас неше мүшел? (5)

5- сұрақ. Дүниенің төрт бұрышы?

( шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік)

6 – сұрақ. Жеті жоқ?

( жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)

Музыкалық үзіліс. Ата – аналардың көрінісі.

Бесінші тур: Шешен

  1. Қалайша үлгілі ата- ана болуға болады?

  2. Бақыт дегеніміз не?

  3. Әсем өмір дегеніміз не?

  4. Өмірдің мәні неде?

Музыкалық үзіліс.

Алтыншы тур: «Жорға» йыншы қатысады.

  1. Бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келе жатқан ата мүлкі. ( бесік)

  2. Ұлыс күні жауған қарды қандай қар дейді? ( ақша қар, нұр жауды)

  3. Туылмаған белдегі балаға ниет қылған құдаларды кім деп атайды? ( бел құда)

  4. Құман, торсық, құты, күбі, мес, саба, не құйылатын ыдыстар? ( сұйықтық)

  5. Үш арсыз ( ұйқы, күлкі, тамақ)

  6. Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді. (тоқшылық)

  7. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі. ( сәукеле)

  8. Адамдарға бақ, дәулет қондыратын ақсақал кейпіндегі қиял- ғажайып бейне

( Қыдыр ата)

  1. Құран сөзі (аят)

  2. Қойдың жүнінен басылған зат ( киіз)

  3. 4 мүшел неше жас? (49)

  4. Сүйекті пайдаланып ойналатын ойын ( ақсүйек)

  5. Үш байлық ( денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

  6. Қазақтың ішекті музыкалық аспабы ( домбыра)


Ойынға қорытынды жасау.







-----------------------------------------------------------------------------

Даналық сөздер


Кітап оқудан тыйылған адам, ой ойлаудан да тыйылады.

Д. Дидро.


Өмірдің екі түрі бар. Бірі – бықсу, бірі – жану. Жүрексіздер мен сараңдар мұның біріншісін, ал жүректілер мен жомарттар екіншісін таңдап алады.

М. Горький.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!