А
либекова Шара Ермекбаевна,
математика пәнінің мұғалімі
№181 жалпы білім беретін орта мектеп
Шиелі ауданы
Қызылорда облысы
Эссе
«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді , керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» Уильям Уарт
Ал XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай биылғы жылдың тамыз-қазан айларында «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» тақырыбында білім алдым. Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мен, «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім»-деген Стронгтың сөзін өзіме ұстаным ретінде алып отырмын. Іс -тәжірибемдегі өзгерістерді басқалармен бөлісе жұмыс жасай отырып, оқушылардың қызығушылығына қарай тапсырмаларды дайындаймын. Мұндай тәсіл оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады және сабақтарға белсенді қатысуына жағдай туғызады. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның «үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына тығыз байланысты екендігін байқадым. Оқушылардың шабытын оятуға байланысты жеке –дара тапсырмалар дайындау арқылы оқушыға бағыт бағдар бере отырып, сыни ойлауға жетеледім. «Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - бұл сынау емес, ойлау туралы ойлану» - деген Флейвел сөзімен айтқанда оқушыны сабақ айтпас бұрын ойлануына уақыт беруіміз керек,сонда бала өзінің білімін толыққанды көрсете алады.
Мен өзімнің ой толғауымды «Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.» - деген Сенеканың сөзімен аяқтай отырып,барша ұстаз қауымына еңбектеріңіздің жемісі - оқушыларыңыздың жұлдыздай жарқырауына шын жүректен тілектеспін
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«XXI ғасырдың ұстазы қандай?»
«XXI ғасырдың ұстазы қандай?»
А
либекова Шара Ермекбаевна,
математика пәнінің мұғалімі
№181 жалпы білім беретін орта мектеп
Шиелі ауданы
Қызылорда облысы
Эссе
«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді , керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» Уильям Уарт
Ал XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай биылғы жылдың тамыз-қазан айларында «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» тақырыбында білім алдым. Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мен, «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім»-деген Стронгтың сөзін өзіме ұстаным ретінде алып отырмын. Іс -тәжірибемдегі өзгерістерді басқалармен бөлісе жұмыс жасай отырып, оқушылардың қызығушылығына қарай тапсырмаларды дайындаймын. Мұндай тәсіл оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады және сабақтарға белсенді қатысуына жағдай туғызады. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның «үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына тығыз байланысты екендігін байқадым. Оқушылардың шабытын оятуға байланысты жеке –дара тапсырмалар дайындау арқылы оқушыға бағыт бағдар бере отырып, сыни ойлауға жетеледім. «Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - бұл сынау емес, ойлау туралы ойлану» - деген Флейвел сөзімен айтқанда оқушыны сабақ айтпас бұрын ойлануына уақыт беруіміз керек,сонда бала өзінің білімін толыққанды көрсете алады.
Мен өзімнің ой толғауымды «Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.» - деген Сенеканың сөзімен аяқтай отырып,барша ұстаз қауымына еңбектеріңіздің жемісі - оқушыларыңыздың жұлдыздай жарқырауына шын жүректен тілектеспін
шағым қалдыра аласыз













