Материалдар / Ы. Алтынсариннің "Аурудан аяған күштірек"әңгімесін оқыту әдісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ы. Алтынсариннің "Аурудан аяған күштірек"әңгімесін оқыту әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгіменің сабақта өтілу әдісі, жас мұғалімдер үшін талданады. Керекті, дайын әдәісі мен көрнекіліктер пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2021
1306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ыбырай Алтынсариннің

«Аурудан аяған күштірек» әңгімесін оқыту әдісі


Тақырып тақтаға жазылып, сабаққа назар аудару үшін, ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі. Мұғалім мәтінді оқиды. Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгілі, қабағын да шытпай жатыпты. Сонда сынықшы кісі:

  • Қабағынды шытпайсың, аяғың ауырмай ма? – деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, сынықшыға айтты дейді:

  • Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ менің жаным қиналғанын көрсе, шешем де қиналып жүдемесін деп шыдап жатырмын депті.

Дағдылар сабақта жүйесімен бірінен кейін бірі жүреді:

Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым.

1 – әрекет

Оқылым. Мәтін оқушылар алдында 2 рет оқылады.

2 – әрекет

Айтылым. Одан кейін оқушы түсінгенін өз сөзімен айтып шығады.

3 – әрекет. Заманауи технологияны қолдану:

Оқушыларға технологияларды қолдана отырып, бұл мәтіннің аудиосын тыңдатамын.

4 – әрекет

Бұдан кейінгі әдіс мәтін рөлге бөліп оқытылады.

5– әрекет. Сұрақ-жауап әдісімен оқушылардан түсінбейтін сөздері сұралады. Жазылым:

Сөздік жазылып, талдау жасатылады.

«Арбалы – төрт аяқты көлік;

шешесі – анасы, мамасы, өмірге алып келген анасы, дүниеге алып келуші, жарық дүниеге алып келуші;

сынықшы кісі – адамның аяғын сипап, сынған сүйекті салушы;

жүдеу – арықтау;

қабағын шытпай – ренжімеу, шыдау;

жаным көзіме көріп тұр – шыдытпау - тұрақты тіркес;

ойбайлап – көңіл күйді білдіретін одағай сөз

6 – негізгі әрекет

Мәтінді тереңірек талдату үшін, мына кестені пайдаланамын. Кесте.



КЕЙІПКЕРЛЕР

НЕ ІСТЕДІ?

НЕГІЗГІ ТҮЙІН


Сейіт

Шешесі

Сынықшы

Арбалы адам

Сейіт ойнап жүріп аяғын сындырып алды.

Шесесі оны көріп, уайымға салынды.

Сынықшы баланың аяғын емдеп, сұрақ берді.

Сейіт анасын уайымдатпау үшін ауруға шыдады.

Сейіт сынықшыға өз себебін түсіндірді.

Ананың балаға деген махаббаты

Баланың анаға деген махаббаты

«Сабыр түбі – сары алтын»


Жетелеу сұрақтары

  1. Сейіт қандай бала, оның іс-әрекеті дұрыс па? Оның орнында болсаң, сен не істер едің?

  2. Сейіттің іс- әрекетін құптайсың ба?

Қайталау. Қ дыбысы Ғ дыбысына айналған сөздерді тауып, дәлелде!

Аяқ – аяғын

Қабақ – қабағы

Соқ – соғып

Дәлел: Қ дыбысы аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса, Қ дыбысы Ғ дыбысына айналады.

Ережені, әуелі, оқушылардың өзіне шығартып, кейін тақтадан шығару. Cөздің соңғы дыбысы қатаң қ дыбысымен аяқталса, жалғанған қосымша дауысты дыбыстыдан басталса, олар ұяң дыбысқа айналады. Айтып қараңыз.

Себебі қосымша – түбірге жалғанып, сөздің грамматикалық мағынасын өзгертеті.

Түйін: « Сабыр түбі сары алтын»

«Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы» сынды мақалдармен және жеке сөзбен қорытылуын талап еттім. Жеке сөзді түйін:

Сабыр, шыдам, аялы алақан, мейірім.

Тапсырма:

3 қатарға бөліп берілді:

  1. Оқушыларға үйде осы мәтінді оқып, келесі сабақта қысқаша келістріп әңгімелеп беру;

  2. Мазмұнға байланысты сурет салу;

  3. Ана туралы өлең шығару.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!