Материалдар / Ядролық қару және оның сипаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ядролық қару және оның сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ қмж үлгісінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
551
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Сарысу ауданының білім бөлімінің Сарысу орта мектебі» КММ

(білім беру ұйымының атауы)

____________________________________________________

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Ядролық қару және оның сипаттамасы

________________________________________

(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:

Өмір қауіпсіздік негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Райсова Арайлым Абылайханқызы

Күні:


Сынып: Саны:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ядролық қару және оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

Ядролық қаруды қолданудың апаттық салдары туралы түсінік қалыптастыру.

Ядролық жарылыс түрлері мен олардың зақымдаушы факторларын көрсету

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларынан қорғанудың негізгі тәсілдерін ашып көрсету.

Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: білімділік: Ядролық қару және тарихы туралы түсініктеме беру. Жарылыстың зақымдаушы факторларын түсіндіру.

Дамытушылық: ядролық жарылыс кезінде өз іс әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.

Тәрбиелік: төтенше жағдай кезінде жанындағы адамға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Бағалу критерийі

  • Ядролық қару және тарихы туралы түсініктеме беру. Жарылыстың зақымдаушы факторларын анықтау.

  • ядролық жарылыс кезінде өз іс әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты сипаттау.

  • төтенше жағдай кезінде жанындағы адамға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақ

тың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин




Сәлемдесеміз. Сыныпты түгендейміз. Сыныпты 2-топқа түрлі түсті стикерлер арқылы бөлемін.Алдыңғы білімді «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы ашық сұрақтар арқылы қорытындылаймын.Білім алушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын, бағалау критерийлерімен таныстырамын .



Білім алушылар алдыңғы білімге қойылған ашық сұрақтарға жауап береді.

Сынып 2-топқа бөлінеді. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен танысады.

Ауызша бағалау. Өте жақсы! Жарайсың! Тамаша! Бұл мен күткен жауап

Түрлі түсті стикерлер,бор ,тақта ,оқулық


Сабақтың ортасы

35мин

: «Стоп кадр» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан бейне ролик көрсету. «Бірге әңгімелейміз» әдісімен топпен орындау.

Топтық жұмыс.

1-тапсырма :

1-топ: Ядролық қару және қарудың даму тарихы

2-топ : Ядролық жарылыс түрлері.


Дескриптор: білім алушы-

- « Әлем тарихында бірінші ядролық жарылыс АҚШ та 1945 жылы 16 шілде күні Нью Мексика штатында өткізілгенін анықтайды (2 балл)

-Ядролық қару деп жарылыс кезінде бөлініп шығатын күшті зақымдағыш энергиясы бар қару жарақты айтамыз. Ядролық қару ауыр элементтер уран немесе плутониден жасалатының анықтайды (2 балл)


Ауызша бағалау





Жалпы балл-2

Оқулық, мәтіндер таратылады, интербелсенді тақта, бағалау парақтары


Кестемен жұмыс. Жұппен жұмыс

2-тапсырма: Кесте бойынша берілген жарылыстар мен зардаптарын анықтайды.



Жапония мемлекетіндегі ядролық жарылыстар мен зардаптар

Қазақстандағы Семей полигонындағы ядролық жарылыстар мен зардаптары









Дескриптор: білім алушы-

-Оқушылар ядролық жарылыстар мен зардаптарын анықтайды;

-Қазақстан мен Жапония мемлекеттерінің ядролық жарылысын сипаттайды;

Ауызша бағалау

Жалпы балл-4











Слайд 6-7 беттер







3-тапсырма: Топпен жұмыс. Кластер құрау.

1-топ. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы

2 -топ. Ядролық жарылу энергиясы



Дескриптор : білім алушы-

-Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторын анықтайды; 2 бала)

- Ядролық жарылу энергиясын анықтайды;

(2 бала)

Ауызшы бағалау

Жалпы балл-4



Маркер ,қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. БББ әдісімен жазбаша бағалау

БББ әдісі

Білемін ....

Білдім...

Білгім келеді ...

БББ әдісі



Бағалау парағы

















Сабақтың тақырыбы: Ядролық қару және оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері

Сабақтың мақсаты: білімділік: Ядролық қару және тарихы туралы түсініктеме беру. Жарылыстың зақымдаушы факторларын түсіндіру.

Дамытушылық: ядролық жарылыс кезінде өз іс әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.

Тәрбиелік: төтенше жағдай кезінде жанындағы адамға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Қаралатын мәселелер:

  • Ядролық қару және қарудың даму тарихы.

  • Ядролық жарылыс түрлері.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, көрсету.

Көрнекіліктер: сызбалар, таныстырылым, видеофильм

Өтетін орны:АӘД кабинеті

Сабақтың өту барысы:

Кіріспе бөлім. 2 мин

Взводты сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Түгендеу. Сырт көрністерін тексеру. Өткен тақырыпты сұрау.

Үй тапсырмасы: 8 мин

Саптық адым кезіндегі бұрылулар

Негізгі бөлім -35 мин

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, жаңа тақырыпты түсіндіру.

1 мәселе. Ядролық қару және қарудың даму тарихы.

Әлем тарихында бірінші ядролық жарылыс АҚШ та 1945 жылы 16 шілде күні Нью Мексика штатында өткізілді. Үш аптадан соң 6 тамыз күні АҚШ әскері Жапонияның Хиросима қаласына в 29 бомба тасымалдаушы ұшағы ұзындығы 3 м, диаметрі 0,7 салмағы төрт тонналық атом бомбасы тасталынды. Арада екі күн өткеннен кейін Жапонияның екінші қаласы Нагасакиге ұзындығы үш бүтін оннан екі метр, диаметрі бір бүтін оннан бес, салмағы төрт бүтін оннан бес тонналық екінші атом бомбасы тасталынды. Жарылыста 313 мың адам құрбан болып,218мың адам ауыр жарақат алды. Жапониядан кейін жарылыс Семей полигонында басталды. 1946 жылы 25 желтоқсанда КСРО мен европада тұңғыш рет Курчаовтың басшылығымен бірінші реакторда уран бөлінуінің бағыттағыш тізбекті реакциясы жүзеге асырылды. 1947 жылы 21 тамызда КСРО үкіметі атом ғылыми зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылдады. Оған № 2 жаттығу полигоны деген шартты ат берілді. 40 жылдардың аяғында сарыарқаның төрінде жұмбақ обьектінің құрылысы басталды. 1949 жылы 29 тамызда сағ 7-00де №2жаттығу полигонында биіктігі 30 м мұнара үстінде қуаты 20 килотонна болатын бірінші атом бомбасы жарылды. Биіктігі 7км асатын шаң газ аралас саңырауқұлақ тәрізді бұлт пайда болды. Сынақ сәтті өтті. 1953 жылға дейін жарылыстар туралы ескертілмей келді. Және қауіпті жерлерден көшірілгенде жоқ. 1953 жылы 12тамызда биіктігі 33 метрлік мұнара басында қуаты 480 килотоннаға тең термоядролық жарылыс өткізілді. Ондаған мың тұрғындарды басқа жаққа эвакуациялап 9күнге көшіріп апарды. Содан бері осы өңірде 497 ядролық жарылыс болған. Оның 151 жер бетінде, 346 жер астында жарылды. Ғалымдардың айтуы бойынша жарылыстың қасіреті 3 ғасырға дейін созылады екен. Себебі жер бетіне түскен радиоктивті тозаңдар жер астына 3,5 тереңдікке түскен яғни бұл дегеніміз күнделікті пайдаланып жүрген ауыз суымызға жеткен деген сөз. Осы қайғы қасретті ел ішінде жүріп көрген белгілі қоғам қайраткері ақын Олжас Омарұлы Сулейменов 1989 жылы 28 а0панда Семей Невада қозғалысын ұйымдастырды. Бұл қозғалыс Семей полигонын жабуға үлкен үлес қосты. Еліміз егемен мемлекет болғаннан кейін 1991 жылы 29 тамызда 42 жылдан кейін ҚР призидентінің жарлығымен Семей полигоны жабылды. Сол жылы елімізден 1200 континетарлық балисткалық зымырандар ел аумағынан шығарылды. Ядролық жарылыстан бас тартқан жер бетіндегі бес полигонның алғашқысын жапқан біздің елімізге ядролық державалар АҚШ,Ресей, Франция, Ұлыбритания, Қытай еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік берді.

Ядролық қару деп жарылыс кезінде бөлініп шығатын күшті зақымдағыш энергиясы бар қару жарақты айтамыз. Ядролық қару ауыр элементтер уран немесе плутониден жасалды. Уранның реттік номері 92, ал атомдық массасы 238, екеуі де ауыр элементтер ядролық энергия көзі 7 период элементтері. 1 гр уранда бар ядролар толық бөлінгенде 2,3х10 квт\сағ энергия бөлінеді екен. Бұл дегеніміз 3т көмір немесе 2,5т мұнай жанған кездегі бөлінген энергияға пара- пар.

Ядролық жарылыстар жер астытында, жер үстінде, су астында, су бетінде, және әуеде жүргізіледі.

Әуедегі жарылыс жоғарғы және төменгі болуы мүмкін. Әуедегі жарылыстар 10 км жоғары биіктікте ұшып жүрген ұшақтар мен ғарыштық нысаналарды жою үшін қолданады. Ал жер жарылыстардың негізгі мақсаты сол ауадандағы негізгі обьектілер мен шахталрды , өндіріс орындарын, су бетіндегі жарылыстар кемелер мен теңіз жағалауындағы порттарды қиратуға арналады.


Ядролық қарудың қуаттылығы жүздеген, мыңдаған (килло) және миллиондаған( мега) тоннамен есептеледі. Ядролық жарылыс болған жерді эпицентрі деп аталады.

Аймақтар

  1. Толық зақымданған

  2. Күшті зақымданған

  3. Қауіпті зақымданған

  4. Біршама зақымданған

Ядролық жарылыстан кейінгі алғашқы кезде радиоктивті бөлшектер отты шардың ішінде болады. Шар бу мен түтінге орала жоғары қарай көтеріледі де, бірнеше секунд өткен соң будақтаған бұлтқа айналады. Жоғары қарай көтеріліп бара жатқан ауа да өзімен бірге жерден топырақ бөлшектерін бұлтқа ілестіре, жоғары көтеріп әкетеді. Мұндай топырақ бөлшектері радиоактивтенеді, олардың ішіндегі ең ірі бөлшектері тікелей жарылыс болған ауданның өзіне түседі. Басқалары бұлттың ішінде қалады да ауа ағынымен ілесіп, жарылыс орталығынан жүздеген километр қашықтыққа таралады. Қозғалып бара жатқан бұлттың соңынан жерге қонатын радиоактивті заттар ауаны, жерді, егістіктерді, су қоймаларын ластайды. Радиоактивті бұлттың жолы элипске ұқсайды және біркелкі залалданған алқап болып табылады. Уақыт өткен сайын радияция дәрежесі біртіндеп бәсеңдей береді. Радиоактивті заттармен залалданған жерде барлық қорғаныс шараларын қолданып, тиісті тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажет.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау. Үйге тапсырма:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!