Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ядролық реакциялар. Радиоактивті ыдырау заңы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу ісі жөніндегі орынбасары:
_______ Р.Шаханова
Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы |
«Опорный жалпы білім беретін мектеп» КММ |
|||||
Пәні: |
физика |
|||||
Бөлім: |
Атом ядросы |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
Достлеуова Л. |
|||||
Күні: |
3.05 |
|||||
Сынып: 9 А |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ядролық реакциялар.Радиоактивті ыдырау заңы. |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
9.6.1.1 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану; 9.6.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру; 9.6.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану |
|||||
Сабақтың мақсаттары |
- ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану; - радиоактивті ыдырау заңын тұжырымдау; - радиоактивті ыдырау заңының формуласын есеп шығаруда қолдану; |
|||||
Бағалау критерийлері: |
- ыдырау кезінде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңдары орындалатынын біледі; - радиоактивті ыдырау заңы, жартылай ыдырау периоды туралы білімдерін толықтырады; - радиоактивті ыдырау заңының формуласын қолданып есеп шығара алады; |
|||||
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Білу және түсіну, қолдану |
|||||
Сабақтың барысы: |
||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің іс - әрекеті |
Оқушының іс - әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 4 минут Сабақтың ортасы 35 минут Сабақтың соңы 6 минут |
«Сәлем- сөздің анасы» Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Flippity» платформасы арқылы 3 топқа бөлу: 1 - ші топ ПРОТОН
«Смортфон» бағалау парағы таратылады Психологиялық ахуал Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда менің жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабақтарыңызға сәттілік, белсенділік тілеймін. Өткен білімді еске түсіру мақсатында «Физикалық тілде» әдісін пайдаланамын. 1.Резерфорд тәжірибелерінен тікелей атомның ... моделі келіп шығады. (планетарлық) 2.Центрінде массасы түгелдей жинақталған ... зарядталған атом ядросы орналасқан. (оң) 3.Ядроны айнала, белгілі орбиталармен ... қозғалып жүреді. (электрондар) 4. Электрондардың мұндай қозғалысы ядро тарапынан болатын ... күштің әсерінен туады. (ядролық) 5. Ядроның ішінде оң зарядталған .... мен заряды жоқ .... орналасқан.(протондар, нейтрондар) 6. Протондар мен нейтрондарды жалпы түрде ... деп атауға келісілген.(нуклондар) 7. Протон – бұл заряды оң және модулі бойынша ... зарядына тең бөлшек. (электронның) 8.Электрон – бұл заряды теріс және модулі бойынша элементарлық ... Кл зарядқа, ал массасы ... кг – ға тең бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31) Тест тапсырмалары 1.Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, берік байланысын қамтамасыз ететін күштер А) Гравитациялық күштер; В) Ядролық күштер; С) Магниттік күштер; 2.Массалар ақауын есептейтін формула А) ΔM=Z*mp + N*mn –Mа; В) ΔM=Z(mp -mn) –Mя; С) ΔM=(А-Z)*(mp + mn) –Mя; 3.Байланыс энергиясының формуласы: А) Еб= Δm*931; В) Ем.б= Еб/А ; С) Е=hν; 4.Меншікті байланыс энергиясының формуласы: А) Е= hν; В) Еб= ΔM*c2; С) Ем.б= Еб/А ; 5.Ядролық физикада массаның бірлігі қандай? А) м.а.б В) МэВ С) Ферми 6. Протондар мен нейтрондардың ядродағы жалпы саны қалай аталады? А) Зарядтық сан В) Нуклондар С) Атом Жаңа сабақ Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру Ядролық реакцияны алғаш тапқан Резерфорд екен. Ол азотты α бөлшектермен атқылап, нәтижесінде сутек пен оттек алды. Бұл алғашқы ядролық реакция еді. + → + Ядролық реакция деп ядроның басқа ядромен немесе элементар бөлшектермен әсерлесуі нәтижесінде туынды жаңа ядролармен басқа элементар бөлшектердің түзілу процесін айтады. Элементар бөлшектерге протон, нейтрон, электрон, гелий ядроларын жатқызуға болады. Енді осы ядролық реакцияны былай жазу қабылданған. A + a → B + b Осы жердегі өрнектің сол жағын кіру каналы, ал оң жағын шығу каналы деп атайды. А – алғашқы ядро а – атқылаушы бөлшек В – жаңа ядро b – ұшып шығатын бөлшек Осы ядролық реакция жүру үшін мына екі заңдар орындалу керек: Зарядтық санның сақталу заңы: Ыдырайтын ядроның зарядтық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің зарядтық сандарының қосындысына тең. Z1 + Z2 = Z3 + Z4 Массалық санның сақталу заңы: Ыдырайтын ядроның массалық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің массалық сандарының қосындысына тең. A1 + A2 = A3 + A4 Ядролық реакция – бұл тек сыртқы әсердің нәтижесінде жүретін ядролардың түрлену процесі. Радиоактивтіліктің ядролық реакциядан айырмашылығы ядролар өздігінен басқа элементтің ядроларына түрленеді. Радиоактивті элементтің ядроларының осылайша өздігінен түрленуі радиоактивті ыдырау деп аталады. Р адиоактивті ыдырау заңының формуласы: «-» ыдырамайтын радиоактивті ядролар санының азаятынын көрсетеді. N0 – алғашқы ядролар саны N – ыдырамаған ядролар саны t – ыдырау уақыты T- жартылай ыдырау периоды
Aктивтіліктің уақытқа тәуелді өзгеру заңы: Aктивтіліктің өлшем бірлігі - беккерель 1 «Сен оқысаң, мен
тоқығам» Жаңа сабақты бекітуде қолданамын. Сұрақтар жазылған қағаздарды орап жерге тастау. Бір оқушыны шығарып, көзі байланады. Миналы аймаққа жібереміз. Егер оқушы минаға түссе сол сұраққа жауап береді. 1.Ядролық реакция деп қандай процесті айтады? 2.Ядролық реакцияны алғаш тапқан кім? 3.Ядролық реакцияны жазу түрі қандай? 4.Зарядтық санның сақталу заңын тұжырымда 5.Массалық санның сақталу заңын тұжырымда 6.Радиоактивті ыдырау заңының формуласы 7. Жартылай ыдырау периоды дегеніміз не? Кері байланыс: Жолы болғыш снайпер, жарадың, әттең-ай ... «Радиоактивтілік» әдісі Жеке жұмыс Диалог және қолдау көрсету мақсатында «Радиоактивтілік» әдісін пайдаланамын. Сол арқылы оқушылардың ойлау, түсіну, талдау дағдылары қалыптасады. Ядролық реакция үшін белгісіз өнімді анықтаңыз:
Кері байланыс: - белгісіз өнімді анықтай алдыңыз. Керемет! -көршіңнен көмек сұра, қайта есептеп көрші «Ядролық реакция» әдісі Жұптық жұмыс Мына ядролық реакцияның теңдеуін жазыңыз: Протон тобына: Фосфор нейтронды қармап алады және протонды бөліп шығарады. Электрон тобына: Алюминийді протондармен атқылайды және α бөлшекті шығарады. Нейтрон тобына: α бөлшекпен атқылағанда, нейтрон бөлініп шығады Кері байланыс: - ядролық реакцияның теңдеуін жазып, белгісіз шаманы таба алдыңыз. Тамаша! -айналаңнан көмек сұра, реакцияны қайта жазып көрші Сергіту сәті Мақал – мәтелді жалғастыру 1.Білетінің бір тоғыз, (Білмейтінің тоқсан тоғыз) 2.Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ) 3.Күш – білімде, (білім – кітапта) 4.Білегі күшті бірді жығады, (Білімі күшті мыңды жығады) 5.Білім - инемен (құдық қазғандай) 6.Ақыл – тозбайтын тон, (Білім – таусылмайтын кен) 7.Өз білмегеніңді кісіден сұра, (Үлкен жоқ болса кішіден сұр) «Озық ойлы оқушы» Радиоактивты ыдырау заңының формуласын қолданып есептер шығарады. Есептер шығару арқылы оқушылардың қолдану дағдылары қалыптасады. Протон тобына: Жартылай ыдырау периоды 10 мин радиактивті изотоптың 106 атомы бар. 20 мин ішінде осы атомдардың ыдыраған атом саны қанша? Электрон тобына: Жартылай ыдырау периоды 27 жыл болатын , 8 кг радиактивті цезийдің 135 жылдан қалған атомдарының массасын табыңдар. Нейтрон тобына: Жартылай ыдырау периоды 5 тәулік болатын радиактивті висмуттың 210 атомы бар. 24 сағ ішінде осы атомдардың ыдыраған атом саны қанша? Кері байланыс: формуланы шебер қолдана білдіңдер, Жарайсыңдар!!! -формуланы есіңе түсіріп, қайта есептеп көрші Функционалдық сауаттылыққа шолу жасайық. Топтық жұмыс «Ядроның ыдырауы» Мына схема бойынша оттек ядросының α, β-, β+ ыдырау заңынының теңдеуін жазып, қандай ядроға айналатынын анықта.
Сабақты қорытындылау «LearningApps» платформасын пайдаланып, «Сәйкестендіру» тапсырмасы беріледі.
Рефлексия Құпия хат» әдісі Әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.
Кері байланыс Бүгінгі сабақта-
«Жақсы баға – оқу нәтижесі» Бағалау кезеңі
«Үйренгенді орындап жаттығайық» Үйге тапсырма: §46 тақырыпты оқу 34-жаттығу есептерін шығару. |
Амандасады Flippity платформасы арқылы сынып үш топқа бөлінеді. «Смортфон» - бағалау парағына оқушылар алған ұпай санын белгілеп отырады. Оқушылардың көңіл – күйлері көтеріліп, сабаққа деген белсенділіктері артады Оқушылар өткен материал бойынша түсіп қалған сөздерді анықтайды Тест тапсырмаларын орындайды Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Видео қарайды Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды «Радиоактивті лік» әдісін пайдаланып, Ядролық реакция үшін белгісіз өнімді анықтайды Оқушылар жұптасып, ядролық реакцияның теңдеуін жазады, Белгісіз шаманы табады Мақал–мәтелді жалғастырады Ыдырау заңына есептер шығарады Функционал дық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындайды «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайды. Оқушылар кері байланыс береді Құпия хат» әдісі бойынша сабақ туралы өз ойларын айтады Кері байланыс жасайды. Өзін – өзі бағалайды Үй тапсырмасын жазып алады |
«Смортфон» бағалау парағына баллдар қойылады Дескриптор: -Белгісіз сөздерді анықтайды 1-баллдан Дескриптор: әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл Дескриптор: әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл Дескриптор: әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл Дескриптор: әрбір дұрыс жауап үшін 2 балл Дескриптор: -Есептің берілгенін жазады; -формуланысын жазады; -формуланы түрлендіріп жауабын табады; 3 балл Дескриптор: әрбір дұрыс жауап үшін 2 балл Дескриптор: әрбір дұрыс жауап үшін 1балл Формативті бағалау 10 балл |
ФИЗИКА 9 сынып оқулық Алматы Мектеп -2019 Д.М.Қазақ баева Ш.Б.Насо хова Н. Бекбасар Flippity.net платформасы
Слайд Слайд https://youtu.be/e4QRMS7Wo7M?si=ZX-AHJrnbAoESVuk https://youtu.be/e4QRMS7Wo7M?si=RoFpg4ZqtfHeGE9T Сұрақтар жазылған миналар Слайд
Слайд
«Дидакти калық материал Менделеевтің периодтық кестесі
Слайд
Слайд
«Дидакти калық материал Менделеевтің периодтық кестесі
Слайд
«Дидакти калық материал Менделеевтің периодтық кестесі
«Learning Apps.org» платформасы
Әр түрлі фигуралар
Бағалау парағы |