Ы.Алтынсарин 180 жыл. «Білімнің нұрын сыйлаған»""

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ы.Алтынсарин 180 жыл. «Білімнің нұрын сыйлаған»""

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған тәрбие сағаты. Әке мен бала шығармасын талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Тәрбиешінің аты-жөні:

Мерзімі:

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин 180 жыл. «Білімнің нұрын сыйлаған»

Оқу жылына кәсіби даму мақсаты:

Топтық жұмыстар арқылы оқушының коммуникативтік әркетін дамыту

Құндылықтарды дарыту:

Әке мен бала арасындағы ақыл, сыйластық тәрбиесіне баулу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих

Өткізілу формасы:

Тәрбие сағаты

Күтілетін нәтиже:

Ы.Алтынсарин жайлы терең мағлұмат алу. Әке мен бала шығармасын талдау



Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

(уақыты көрсетіледі)

Тәрбие сағатында орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Кіріспе

3 мин

Өлеңді жалғастыр ойыны

Кел, балалар, оқылық,...........
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.



Өлеңді бастап беру арқылы өздеріне жалғастыртып, сабақтың тақырыбын ашу

Негізгі бөлім


10 мин

-1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Атақты Балғожа бидің немересі. 1841-1889 жылдар аралығында өмір сүрген.

-1864 жылдың қаңтарында Ыбырайдың тікелей қатысуымен алғашқы қазақ мектебі ашылды.

-Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарға білім берді.

-1887 жылы ол Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты.

-1888 жылы 75 күннің ішінде алты мектеп ашқан. Бұл – енді ғажап нәрсе.

 

«Жалғасын тап ойыны»

Ойын шарты бойынша мұғалім әңгіменің басындағы бір сөйлемді айтады оқушылар жалғасын таратылған парақшалардан тауып,үзінділерден әңгімені толықтай құрап талдау керек.


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.


Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды.

Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.

Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.

Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді.

Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.

Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.



Слайд


Мәліметтермен таныстыру












Парақшаларда ретсіз,үзінді мәтіндер таратылады







Қорытынды бөлім


2 мин

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.


Өлең жолдарын жатқа айту

Тәрбие сағатының кері байланысы:

5 мин

«БББ ӘДІСІ»

  1. Білгенмін

  2. Білдім

Білгім келеді

Кесте толтыруға арналған парақтар

Жалпы бағалау:

Тәрбие сағатының қандай аспектілері жақсы жүзеге асты( оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болды ма, ойланыңыз)





Тәрбие сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?





Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілер туралы немесе олардың жетістіктері туралы нені анықтадым/ жекеленген оқушылардағы қиындықтар(көшбасшылық), келесі лидер сағатында неге баса назар аударылу қажет?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2023
365
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі