Материалдар / Ы.Алтынсарин салған дара жол-білім жолы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ы.Алтынсарин салған дара жол-білім жолы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Белгілі орыс педогогы К.Ушинский мұғалімді күннің сәулесіне теңейді Күннің сәулесі әруақытта шапағат нұрын шашу арқылы жер бетіндегі тіршілік айнасы іспеттес болып тұрады. Осындай педагогикалық құндылықты негіздей отырып, қазақ даласының ұлы педагогы атанған Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық қызметі зор. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
318
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ы.Алтынсарин салған дара жол-білім жолы.

Ұстаз - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

Белгілі орыс педогогы К.Ушинский мұғалімді күннің сәулесіне теңейді

Күннің сәулесі әруақытта шапағат нұрын шашу арқылы жер бетіндегі тіршілік айнасы іспеттес болып тұрады.

Осындай педагогикалық құндылықты негіздей отырып, қазақ даласының ұлы педагогы атанған Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық қызметі зор.

Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

Ы.Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист,ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, халық қызметшісі болды. 

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Қазақта үш мұнара бар, олар: Абай, Шоқан, Ыбырай» деп атап көрсеткен.

Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай болған классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. 

Ұлт ағартушысының  тәрбиеші – ұстаздардың жеке басы туралы айтқан пікірлерінің негізгі арқауы: педагогикалық іс – өте нәзік, қасиетті іс.

Ол өте сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана қатаң талапты, өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады» деп мұғалімнің тұлғасының қандай болуын сипатаған еді.

«Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлесуге тиіс: әрбір затты ықыласымен, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан қарапайым тілмен түсіндіру керек» екенін болашақ мамандар үшін баға жетпес кеңес болып табылады.

Мұғалімге ерекше мән бере отырып, Ы.Алтынсарин олардың методикалық дайындығын арттыруға ұмтылды.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.- Ыбырай Алтынсарин ұстаздың ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылықтарын жоғары бағалады. Ал ұлы ағартушымыз: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деген. Расында да ,мұғалім бала жүрегіне білім мен ізгілік нұрын құю арқылы , оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз қашанда,кез-келген уақытта да өмірдегі ең құрметті де, өнегелі іс алдында келген ақ қағаздай таза көңілді шәкіртке алғашқы білім нұрын құюшы боп қалары сөзсіз.


Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері өзінің шығармалары мен еңбектерінде баға жетпес еңбек ретінде көрсетілген.

Міне биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Мұндай айтулы датада біз жастарға түсетіні Ы.Алтинсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын жүзеге асыру және ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек.

Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан кезде, балаларға арналған оқулықтар  мүлде жоқ болатын. Дәл осы жылдарда өнегелі ұстаз қысқа-қысқа әңгімелер мен өлеңдер шығара бастайды, оқу құралдарын жазуға кіріседі. 1879 жылы ақынның қазақ мектептеріне арналып жазылған алғашқы ұлттық оқулық –  "Қазақ хрестоматиясы" жарық көрді.

Бір Аллага сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңінде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екенін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.

 Ыбырай Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерінің толығымен зерттегені рас. бырай Алтынсарин өз бойындағы қасиеттер мен білімін өз ұлтының балаларына дарытуға бүкіл ғұмырын арнады.

Алтынсариннің демократиялық - ағартушылық бағыты, оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.

Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнады.

Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми - әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.

Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып жазуға жұмсады .

Ол өз шығармаларында шәкірттерін адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер - білімде деп түсінген Ыбырай Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.


Бүкілроссиялық география қоғамының Орынбор қаласындағы бөлімінің мәжілістерінде Ыбырай Алтынсарин мақалалары талқыланып, басылымдар беттерінде басуға рұқсат етіліп, «Оренбургский листок» «Айқап журналы», «Дала уәлияты» газеті беттерінде, «Вопросы Истории» журналдарда бірталай мақалалар мен жекелеген зерттеулердің жарық көргені де белгілі. «Айқап» журналының бірінші нөмірін Ыбырай Алтынсарин өлеңімен ашқан болатын. Ыбырай Алтынсариннің еңбектері Қазан төңкерісіне дейін үш рет жеке кітап болып басылса, кеңестік дәуірде ондаған жеке кітаптар, жинақтар болып, антологиялар мен христоматияларға, оқулықтарға енді. Бұл еңбектер ҚазКСР ОМ мұрағатының, 1885-1890 жылдар аралығын қамтыған 733, 4, 1692 қорларындағы деректерге және Орынбор облысының мемлекеттік мұрағатындағы 1846, 1862-1864 жылдарды қамтитын 6 қордағы мәліметтерге негізделіп жазылған. Олардың ішінен Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты ғалымдарының жан-жақты жиыстырып, кең көлемде шығарған Ыбырай Алтынсарин еңбектерінің үш томдығын айрықша атап өту парыз. Ұлы ұстаздың орыс тілінде басылған бұл еңбектері өткен ғасырдың 70-жылдары «Ғылым» баспасында жарық көрді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, құрметтей білуге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсіндірді

Ыбырай Алтынсарин балаларды жастайынан жалқаулыққа қарсы тәрбиелей отырып, еңбексүйгіштік қасиетті дамыту әрі еңбек етуге дағдыландыру қажет деген ой қозғайды. Ауырдың астымен, жеңілдімен үстімен жүруді әдет еткен қазіргі жастарға көп ой салатын бұл әңгімелер өз маңдай теріңді төгіп еңбектеніп тапқан табысыңның қадірін түсіне білуді, еңбекпен тапқан дәміңнің тәттілігі де өзгеше екендігін дәріптейді.

«Өнер –жігіт көркі», -деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.деп келешекке сенімі мол Ыбырай атамыз өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Біз сол сенімді ақтап бізге салған дара жол-білім жолынан орын алуға тырысымыз.

Назарларыңызға рахмет.











Әдебиеттер тізімі:

1. Ы Алтынсарин «Таңдамалы шығармалар», Алматы 1988 ж.

2.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/27087/

3.Қазақ хрестоматиясы , 2007ж., “Білім” баспасы

4.Әлемдік педагогикалық ой-сана, 10 том, “Таймас” баспа үйі, 2010ж 5.Ы.Алтынсарин таңдамалы шығармалар  жинағы.   Алматы, 1994 ж

6. Ә.Ж.Дербісәлин  Ы.Алтынсарин  жазушылық қызметі туралы.  Алматы, 1988 ж.

7. М.Ақынжанов Қазақстан ағартушыларының  қоғамдық саяси  көзқарастарының  қалыптасуы Алматы , 1955 ж.

8. Педагогика  тарихы. Ж. Әбиев. Алматы  2006 ж.




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!