Материалдар / Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған "Дала қоңырауы" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған "Дала қоңырауы" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған "Дала қоңырауы" тақырыбында баяндама.Ы.Алтынсариннің алғашқы өмір жолы,педагогикалық еңбектері,көзқарасы жайында.Қазақ даласына әкелген жаңалықтары туралы баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дала қоңырауы

( баяндама)

Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын обьективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту,оқу-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдай туғызып отыр.Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.

Алайда,қоғамымызда орын алған әлеуметтік –экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де шешімін таппай отыр.Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын,педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды,қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп,пайдалануы қажет.Осы тұрғыдан қарағанда,халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы – педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге,қоршаған ортаны танып білуге,ата дәстүрін ардақтап,қадір тұтуға және,ең бастысы,қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.

Жер бетіндегі әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұралары бар.Солардың ең бастысы – халықтың рухани қазынасы.Халықтың әзгі ойларынан ,талап ,тілегінен,мақсат мүддесі мен асыл армандарынан туған бұл мұралар барша адамзат баласына ортақ және келешек ұрпақтар тәрбиелеудің бірден бір құралы.Қазақ халқының сонау түркі заманынан бастау алып,күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика,делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында,- тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі.Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары,этнографиялық материалдар,халықтық тәрбие дәстүрлері,халықтық ойындар,отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім,дағды,шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыру ».

Халық педагогикасының мазмұнын құрайтын әрі тәлімдік мән- маңызы бар мұра – халықтық идеялар.Ал педагогикаға негізделген халықтық идеялар - жас ұрпақты еңбек ,отаншылдық имандылық пен адамгершілік сыр мен сымбат,ақыл-ой тәрбиесі баулуда біртіндеп бойға сіңіретін нәрлі өзек.Жас буынның кішкентай кезінен «Халық айтса қалып айтпайды», «Халықтың ойы озық»,деп санасына мықтап сіңірген қазақ елі халықтық идеяларға негізделген ұлттық тәрбиенің сан алуан түрлерін арнаулы жолдар мен арнайы тәсілдер арқылы жүргізіп отырғаны белгілі.

Н.Ә Назарбаевтың « Тарих толқынында » кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы деп атаған.Ыбырай Алтынсарин расында да қазақстандық білім берудің іргетасын қалады.

Ең бастысы,Ыбырай Алтынсарин ұлтын жан-тәнімен сүйген ұлтжанды азамат деп санаймын.Он тоғыз жасында-ақ игі іске жол бастаған жігерлі жас болды.Оның жігерін жаныған қараңғыджа қамалған қазағының надандығы еді.Қазақ даласында мектеп ашу ісі оңай болмағаны рас.Үкімет пен жергілікті биліктің кедергісіне ұшырай жүріп,тұңғыш қазақ мектебін ашты.Қазақтың даласында «Дала қоңырауы» сыңғырлады.Ұлы ағартушымыздың жүректілігі мәңгілік елімізді өркендету үшін қызмет атқарып жүрген азаматтарға үлгі боларлықтай.

Тың жерден түрен тартып,дән сепкен дихандай өз ісіне құлшына кіріскен ұстаздың алдында оңайлықпен алынбас қамалдар тұрды.

Біріншіден,оқушы алдында оқулық болмады.Не оқытам,қалай оқытам деген сұрақтың да жауабын талмай іздену арқылы 1879 жылы қазақтың тұңғыш оқулығын жазып шығарды.

Екіншіден, «барлық күш –жігерімді олардың мінез құлқына да ықпал етуге жұмсаймын» деген ағартушы озық өнер-білімді,мәдениетті мектеп арқылы таратуды мақсат етіп қойды.Оның озық идеялары бүгінгі күн талабымен нақты ұштасып жатыр.Оқулықтың алғашқы бетіне «Кел,балалар,оқылық»өлеңін жазуы да тегіннен тегін емес.

Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын.Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп аталады.Оның шығармаларынан жазушының биік адамгершілік қасиетін,азаматтық тұлғасын көреміз,сүйсінеміз.Және оның жазғандарын оқи отырып,қазіргі күнде де өнер-білімге талпынуға тырысамыз.Себебі ол бізді оқуға құштар етеді.Демек,ол мәңгілікке «дала қоңырауы» болып қала бермек.

Әр сөзін ұлт болашағына арнаған Ұлы Ұстаз надандықтың қамалын ерен еңбегімен бұзды.Сондықтан ақын-жазушының шығармалары тереңдетіліп оқылса,тәрбие діңгегі мызғымас еді.

Ыбырай өмірінің соңғы минутына шейін ұстаз болып,талай жаңалықтың жаршысы болды.Адамның бала күннен армандап,аңсары ауған бір саласы,яғни мамандығы болады.Ол өзін соған бағыттап,білім-білігін жұмсайды.Сондай мамандықтың бірі ұстаз болу.Әу баста ниет білдірген жас талаптың барлығы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды.Оған себеп біріншіден,аяулы да,ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиын тұстарына төтеп бере алмауы болса,екіншіден,аса табандылықтың кем болуы дер едім.Өз басым осы қиындықтарды жеңдім деп ойлаймын.Сөйтіп ұстаз болдым.

Тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ұрпаққа қалдырған тәлім-тәрбиеге толы өсиеттері мен ғибратты мысалдарына сусындауымның әсері мол болды десем,жаңсақтық бола қоймас.

Білім ұясын Ыбырай баба сол кездегі озық педагогика үрдісі негізінде құра отырып,жаңа оқыту жүйесімен жұмыс істеуге талпыныс жасайды.Оқұды ана тілінде жүргізіп,оқыту әдістерін оқушының ынта мен қызығушылығына бағыттай отырып,тәрбиелей оқытуды жоспарлайды.Алғашқы оқулықты өзі құрастып,өзі сабақ жүргізеді.Оның бірінші бетіне бәрімізге белгілі:Бір Аллаға сиынып,Кел балалар,оқылық.Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық,- деп бүкіл қазақ даласын білімге шақырды.Бұл қанатты сөздер жас ұрпақ санасына мәңгілік ұран болып сақталып қалғаны анық.

Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын тереңге жіберген,экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын кеңінен табуда. Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын.Сондықтан да ол қазақ балалары әдебиетінің атасы деп аталады.Оның шығармаларынан жазушының биік адамгершілік қасиетін,азаматтық тұлғасын көреміз,сүйсінеміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!