Уақыт алға жетелейді 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Уақыт алға жетелейді 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған бағдарлама бойынша 5-сыныптан сабақ беретін мұғалімге керек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Турлыбаева Индира

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «Алтын ауыл орта мектебі» КММ


Сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Алтын ауыл орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбаева И.К.

Сынып: 5 «Ә»


Қатысқан оқушылар саны: 28

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

5- бөлім

«Бос уақыт және хобби»

Сабақтың тақырыбы

1 сабақ

Уақыт алға жетелейді. Туынды сөздер.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А2. Әлеуметтік -тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсіндіру;

5.ӘТН4. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Көптеген оқушылар: Әлеуметтік -тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсінеді. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Кейбір оқушылар: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәтін құрастыруда креативті идеялар жазады. Әлеуметтік -тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • Тақырыпты болжай алады.

  • Дұрыс және нақты жауап беруге дағдыланады

  • Суреттер негізінде ұғымдарды байланыстыра отырып, әңгіме немесе мәтін құрастыра алады.

  • Туынды сөздерді қолдана алады;

  • Өздерінің хоббилері туралы әңгімелей алады;

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты тірек сөздер: бос уақыт, хобби, коллекция

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін

Талқылауға арналған сұрақтар :Бос уақыт дегенді қалай түсінесің?

Бос уақытыңды қалай пайдаланасың?

Уақытты тиімді өткізу деген не?

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Жануарлар әлемі

Құндылықтар

ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;


Пәнаралық байланыс

Спорт, көркем еңбек



Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы






1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.


«Сыйқырлы сандықша» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. (жеке жұмыс)

  1. Сөздің тура мағынасы деген не? Мысал келтір.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Мысал келтір.

Синоним, антоним дегеніміз не? Мысал келтір.

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

-Балалар, суретте не көріп тұрмыз?

Ойтүрткі

1.Уақыт дегеніміз не?
2. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не?
3. Бос уақытты қалай пайдалану керек?

4. Уақыт сөзінің синонимдерін ата.




«Шаттық шеңбері»










«Сыйқырлы сандықша» әдісі

Сабақтың ортасы














































Тыңдалым

Мәтінді үнтаспадан тыңда.

1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Мектеп бітіргелі жатқан оқушының сөзіндегі «уақыт» ұғымына қатысты ойды таратып түсіндір.

Айтылым.

2-тапсырма

Болашақта не істейтініңді парталас көршіңе әңгімеле.Әңгімеде синоним, антоним сөздерді қолдан.

3-тапсырма. Топтық жұмыс

«Уақыт» ұғымына қатысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жинастыр. Мағынасын сыныптастарыңа түсіндір.

Тілдік бағдар

Туынды сөздер

-Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздер туынды сөздер деп аталады.

Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді. 

Лексикалық жолмен жасалған туанды сөздер ;

Жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздер;


4-тапсырма. Берілген түбір сөздерге әртүрлі жұрнақ жалғану арқылы бірнеше туынды сөз жаса.

Көр, сез, біл, жаз, әдеп, айт, бол, жас, сана, көз.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды анықта. Мәтін қай стильде жазылған?


Бағалау критерийлері

1. туынды сөздер жасай алады;

2. мәтіннен негізгіт ақпараттарды анықтайды;

Дескриптор:

  1. Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасайды;

  2. Мәтіннің қай стильде жазылғанын, негізгі ақпаратты анықтайды.


Үйге тапсырма. 6-7 тапсырма

Мәтіннен алған ақпаратты талда.

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатта. Өлеңнен синоним мен антонимдерді тап.

Үнтаспа







Тараптпа материалдар




















Слайд


Бағалау

Жалпы жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың мақсатқа жетуі бағалау критерийлері негізінде бағаланады.

Ұсынылған бағалау критерийлері

Кері байланыс


Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

  • Оқушыларға қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

  • Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айтады, салыстырады, сәйкестендіреді, бағалайды, мәтін құрастырады.

  • Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәтін құрастыруда керативті идеялар жазады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  1. Мұғалімнің кері байланысы

  2. Жұптардың өзара бағалауы

  3. Бірін-бірі бағалауы

Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ үйге тапсырма кезінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2019
5752
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі