Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Тақырыбы: Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз,кеш, түн.
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Мақсаты: Балаларды «ұзақтық» (уақыт) терминімен таныстыру. Уақытты бағдарлай білуін дамыту.Уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Апта күндері туралы түсініктерін нақтылау. 4 саны көлемінде тура және кері санау қабілетін ұштау, геометриялық пішіндер (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша т.б.) туралы білім деңгейлерін кеңейту, өз бетінше жұмыс жасай білуге, санау, салыстыру дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу. Уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Сандар, суреттер, жұмыс дәптері
Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз,кеш, түн
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз. түсініктерін тексеру Ауа-райын әңгімелеу Күз туралы өлеңді жатқа айту Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күздің ерекшеліктерін атаңдаршы. Ағаштардың жапырақтары не істеді? Далада жиі- жиі не жауады? Күз туралы тақпақтар. Біз күз туралы тақпақтар білеміз бе? |
Балалар шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер тілеп, жылы лебіздер білдіреді. Амандасу Күз мезгілі, Қараша айы, Балалар жауабы. Күздің күні қандайды? Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсті. Жиі-жиі жаңбыр жауды. Бала: Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық –ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау. |
|
Іздену ұйымдастырушы |
Есік қағылып, Ересек «Қарлығаш» тобына деп жазылған арнайы Есепбике ханымнан хат келді. Тәрбиеші балаларға хаттың мазмұнын толық түсіндіріп береді. -Балалар сіздер Есепбике ханымның мына хатта жазған тапсырмаларын орындай аласыздар ма? Балалардың математикалық түсініктерін тексеру, өткендерді қайталау. Қабылдау қабілетін дамытуға
арналған жаттығулар. «Бұл қай кезде
болады» Бір аптада неше күн
бар? Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі - Дүйсенбі. Екіншісі – Сейсенбі. Үшіншісі – Сәрсенбі. Төртіншісі – Бейсенбі. Бесіншісі – Жұма. Алтыншысы – Сенбі. Жетіншісі –
Жексенбі. Жаңа тақырып: Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз, кеш, түн. Ізгі сөздер Бақшамызға барғанда, Жолыққан бір жандарға, Ертемен, ақ пейілмен «Қайырлы таң!»-деймін мен Күндіз де елді елді елеймін «Қайырлы күн!»-тілеймін Үйге кешке келемін, Недерімді білемін «Кеш жарық!»-деп кіремін. Дәптерді ашып, таңертең, күндіз, кеш, түн деген сөздерді бекітуге арналған 1-тапсырманы орындайық. Адамдардың таңертең, күндіз, кеш, түнде не істейтіні туралы әңгімелесіп алайық.
4 - тапсырма. Санамақтар айту. Бір - дегенім бесік, Шықтық содан өсіп. Екі – дегенім елім, Далам, тауым, көгім. Үш – дегенім үміт, Үміт артар жігіт. Төрт – дегенім төзім, Төзе білем өзім. Бес – дегенім бақыт, Бағалайтын уақыт. 5 - тапсырма. Санау. Тура және кері санау. 1, 2, 3, 4, 5. 5 4, 3, 2, 1. 6 – тапсырма.Сандар айтысы. 1 Біздің үйде бір тауық, Бір жұмыртқа жүр тауып. Бір сиыр бар қорада, Бәтіш тәтем жүр сауып. 2 Екі аяқпен жүремін, Екі көзбен көремін. Екі қолым бар менің, Екі құлақ білемін. 3 Үйімде бар үш қалам. Үшеуінде ұштағам.. Үш досымды салдым мен.. Үш балыққа ұқсаған 4 Төрт дөңгелек арбада, Төрт аяқ бар малда да. Тауыса алмай бидайды, Төрт тышқан жүр қамбада. 5 Бестік деген бағаны, Бақыт күнде алады. Бәрі жақсы көреді, Беске оқыған баланы. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі уақыт тақырыбына берілген тапсырманы ретімен орналастыруға балаларды жұмылдыру, қиналған балаларға көмек беру. Осы тапсырманы жеке жұмыс ретінде тақтада орындау. Дәптермен жұмыс кезінде эстетикалық тәрбие беру. |
Сұрақтарға жауап алу Балалар жауабы
Балалар апта күндерін айтып
береді.
Балалар өлең жолдарын қайталайды.
Балалар 5-ке дейін тура және кері санайды. Балалар сандар айтысын барлығы бірге хормен де жеке –жеке де айтады.
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылауға арналған сұрақтар:
Осымен бүгінгі «Уақыт. Уақыт бойынша
бағдарлау» атты ұйымдасқан оқу іс-әрекетіміз аяқталды. |
Оқу іс-әрекеті соңында балалар бүгінгі ҰОІӘ – інде не істегендерін бастан аяқ баяндап береді. Қорытындылау, мадақтау. Дайын хатты көрсету. Балалар жұлдызшалармен
мадақталады |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Оқиғаны ретімен сипаттайды:таңертең, күндіз, кеш, түн.
Қандай түсініктерді игереді: Тәулік мезгілдері туралы түсінік алады.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: таңертең, күндіз, кеш, түн сөздерін меңгеріп, өмірде қолдана біледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз,кеш, түн. Мектепалды даярлық ә сыныбы

шағым қалдыра аласыз