Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбрай Алтынсарин 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, рухани адамгершілігін дамыту. Қазақ халқымыздың ұлттық аспаптарын қастерлеп үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: «Қасиетті Сергеий Радонежский құрметіндегі орта мектебі» ЖММ

Мұғалімнің аты-жөні : Ракишева Рымбала Аскаровна

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні: 17.02.2021

Сынып: 5

Сабақ 125-126

Сабақ тақырыбы

«Өнер- білім бар жұрттар»арқылы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

5.3.6.1 мұғалімнің көмегімен сұраулы сөйлем сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға қазақтың ағартушысы Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың көпшілігі:

сұраулы сөйлемнің айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету,

Кейбір оқушылар:

  •  сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.


Жетістік критерилері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша Ы. Алтынсарин жайлы ақпарат береді, шығармаларын атайды.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде Ы. Алтынсариннің қазақ біліміне қосқан үлесін айтады, өлеңдерін жаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Тілдік мақсаттар

көптік жалғауларды дұрыс қолдану

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Берілген тақырып аясында постерлер құрастыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы



2 минут











3 минут

(Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.

«Ертеңгілік шеңбер»

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)


/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/

Өткенді пысықтау. /сұрақ - жауап/

(МК;Ж) Сабақтың тақырыбын ашу

Оқушыларға сөзжұмбақ жасырылады. Жауаптарын оң жақ бұрышынан төмен қарай диаганаль бойынша оқыса бір сөз шығады.


Слайд















Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут




5 минут



5 минут




3 минут


5 минут

5 минут




2 минут

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан Ы. Алтынсаринге қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, ақынның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқиды.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады


Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады. Ы. Алтынсарин

өлеңін мәнерлеп оқиды.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 9-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 6, 8,10-тапсырманы орындатады

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 11-тапсырманы орындатады. «Бинго» ойынын ұйымдастырады.

Оқулықпен жұмыс

Өнер-білім бар жұрттар
Өнер-білім бар жұрттар  
Тастан салай салғызды; 
Айшылық алыс жерлерден, 
Көзіңді ашып-жұмғанша, 
Жылдам хабар алғызды. 
Аты жоқ құр арбаны 
Мың шақырым жерлерге, 
Күн жарымда барғызды. 
Адамды құстай ұшырды; 
Мал істейтін жұмысты 
От пен суға түсірді; 
Отынсыз тамақ пісірді, 
Сусыздан сусын ішірді. 
Теңізде жүзді балықтай, 
Дүниені кезді жалықпай, 
Білгендерге осылар 
Бәрі-дағы анықтай, 
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық, 
Осыларға таныспай; 
Ат өнері білінбес 
Бәйгеге түсіп жарыспай; 
Желкілдеп шыққан көк шөптей 
Жаңа өспірім достарым, 
Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 
Ұмтылыңыз, қалыспай. 
Біз надан боп өсірдік 
Иектегі сақалды. 
Өнер – жігіт көркі деп 
Ескермедік мақалды... 
Біз болмасақ  сіз барсыз, 
Үміт еткен достарым, 
Сіздерге бердім батамды. 
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.
1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
«Оренбурский листок» газетінен
2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің атасы» деп атаған?
3. Ыбырай атама хат.

Жазылым. Айтылым. Ақын өлеңінің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, жаттайды.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді тыңдайды, өлеңді мәнерлеп оқиды.

Жазылым. Сөздердің аудармасын дәптеріне жазады, өз ойын таратып жазады.

Айтылым. Мұғалімнің көмегімен өлеңнің әр шумағындағы ойды түсіндіреді, өлең мазмұнын өз сөзімен айтады, мәтіннен артық мәліметтер мен жалған ақпарат- тарды алып тастайды, себебін айтады.

Постер жасайды.

Жазылым. Ойын








Қима қағаздар.





Сабақтың соңы

6 мин

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Әлемге танымал, нанотехнология саласында жетістікке жеткен жас отандастарымыз туралы ақпарат табады, ақпаратты сынып алдында айтады


(МК)

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12