Материалдар / Ыбырай Алтынсарин
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял ұстаздарға да, оқушыларға да өте қажетті дүние. Ол арқылы баллалар, оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өткен өмірімен, артына қалдырып кеткен баға жетпес асыл қазыналарымен жақынырақ таныс бола алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
249
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина







БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА (5 -9-СЫНЫПТАРДА)
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР



МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ
ПО ИЗУЧЕНИЮ ПРЕДМЕТА «ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА»
(5-9 КЛАССЫ) В РАМКАХ О БНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ
ОБРАЗОВАНИЯ














Астана
2018


Page 2


2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол №5 от 24 апреля 2018 года)


«Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру»
пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 89 б.

Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»
(5-9 классы) в рамках обновления содержания образования. – Астана: НАО имени
И. Алтынсарина, 2018. – 89 с.


Осы әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беру мазмұнын жаңарту аясында
негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу
бағдарламалары негізінде әзірленді. Құралда 5- 9 сыныптарға арналған «Дене
шынықтыру» пәні оқу бағдарламаларының ерекшеліктері баяндалған, оқытуды
ұйымдастырудың түрлері мен әдістері келтірілген. Сонымен қатар, құралда
жаңартылған білім мазмұны жағдайында бағалау критерийлері, жиынтық және
қалыптастырушы бағалау туралы баяндалып, пән мұғалімдері дайындаған қысқа
мерзімді жоспарлардың үлгілері берілген.
Әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін дене шынықтыру пәні
мұғалімдеріне, біліктілікті арттыру институттарының әдіскерлеріне арналған.

Данные методические рекомендации разработаны на основе учебных
программ по предмету «Физическая культура» (5-9 классы) в рамках обновления
содержания образования. В пособии раскрыты особенности учебных программ по
предмету «Физическая культура» для 7-9 классов, приведены формы и методы
организации процесса обучения. Описаны критерии форма тивного и
суммативного оценивания, даны образцы краткосрочных планов, подготовленных
учителями-предметниками.
Пособие предназначено для учителей физической культуры
общеобразовательных школ, методистов институтов повышения квалификации.




© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2018.
© Национальная академия образования им.
И. Алтынсарина, 2018.


Page 3


3
Кіріспе

Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене
шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым
бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары – жетекші
әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен
қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу болып табылады [1].
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт
жоспарында
Мемлекет басшысы қойған Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің
қатарына қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті ескере отырып, спорт пен
салауатты өмір салтын таңдайтын саламатты ұлтты қалыптастыру жөніндегі ортақ
мақсатқа негізделген спорт саласын дамытудың жаңа моделін жасау қажет [2].
Осы міндеттердің негізінде «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-
сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы әзірленді және «Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілді [3]. Негізгі
орта білім беру деңгейінің 5- 9-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ерекшелігі
ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене сапаларын жетілдіру болып
табылады.
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Ол білім алушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін
қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру
білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Дене тәрбиесі адамға еңбек операцияларын орындауға көмектеседі, себебі
адамды барынша нақты және нысаналы түрде алға жылжуға, алға қойылған
мақсатқа сай күш жұмсауға үйретеді. Адам денсаулығын нығайту, оның ақыл-ой
еңбегінің қарқынын арттыруға ықпал етеді.
Дене шынықтыру адамды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға
үйретуге бағытталуы тиіс. Оқушылардың бойында спортқа, дене шынықтыру
жаттығуларына, күнделікті гимнастикаға сүйіспеншілік тудырып, алдағы
уақытта денені шынықтыру өмір бойы қажет екенін дәлелдеу мұғалімдердің
міндеті болып табылады.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда) «Дене
шынықтыру» пәнін оқытудың әдістемелік ұсынымдама әзірлеу, «Дене
шынықтыру» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарларды жобалау және қолдану
(1-сур.).
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер көрсетілген:
- білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәні оқу
бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау;
- «Дене шынықтыру» пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен
әдістерін қарастыру;


Page 4


4
- білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту
бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалауға қойылатын талаптар (есептелінді/есептелінген жоқ) әзірлеу.
Қазақстанда орын алған өзгерістер заманауи ақпараттық және
педагогикалық технологиялар негізінде білім берудің жаңа моделін жобалау мен
енгізу процесін анықтады.

Бірінші бөлімінде «Дене шынықтыру» (5-9-сыныптар)
сабағының бiлiм мазмұнының жаңарту барысында оқу
бағдарламасының ерекшелігі ашылған. «Дене шынықтыру»
оқу сабағының мазмұнын ашатын бөлімдер мен бөлімшелерге
түсініктеме мен сызбалар берілген
Екіншібөлімінде«Денешынықтыру»пәніноқытубойыншасабақ
ұйымдастырудағы оқы туд ыңәдістеріменформалары
қарастырылған.Әдiстемелiкұсынымдамадасабақтыңтақырыптық
жоспарлары,қысқамерзімдісабақжоспарлары,денешынықтыру
сабағынжүргізутәртібікөрсетілген.Спорттықойындар(Флорбол)
ережелеріберілген,«Денешынықтыру»мұғалімдерінеарналған
ТӨРЕШІЛЕРДІҢҚИМЫЛ-БЕЛГІЛЕРІ(жестысудей)әдістемелік
ұсынымдарберілген
Үшіншібөлімінде«Денешынықтыру»пәнібойынша
оқушылардыңоқужетістіктерінбағалауғақойылатын
талаптары,білімдеңгейінба ға л ау,қимыл-қозғалыс
біліктілігімендағдыларынигерутехникасын
критериалдыбағалауәзірленген



1-сурет. Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене
шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар







Page 5


5
1 Жаңартылған білім беру аясындағы «Дене шынықтыру»
(5-9 сыныптар) оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік,
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. Оқу
бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи
мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді
кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі
жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады [4].
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен
қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше
өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі:
білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды
пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке
дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең
ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының
мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де
жетістігінің кепілі болып табылады.
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың
белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы)
және сауықтыру процесіне бағытталған.
Негізгі орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына сәйкес бағдарламада дене шынықтыру сабағын гендерлік қағидат
бойынша (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал
ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда жеке оқыту
қарастырылған [5].
«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру. «Дене шынықтыру»
оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныптан 9-сынып аралығында –
аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың
бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін
нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады [6].
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту
бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін
бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Дене шынықтыру» пәнінің білім беру бағдарламасы ағзаның барлық
жүйелерін дамытуға, әрбір дене қасиетін жетілдіруге бағытталған. Дене тәрбиесі
жеке тұлғаны тәрбиелеуде ерекше рөл ойнайды. Ол оқушының дене дамуына,
оның әлеуметтік, жеке және рухани қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Мектептің
білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі оқушылардың салауатты өмір салттарын


Page 6


6
насихаттауға бағытталған. Мұндай жол ұзақ мерзімді басымдықта әлеуметтік
денсаулықты оң бағытта өрбітуге әсер етуі мүмкін. Оқыту – баланың бойында бар
білім негізінде, қолданыстағы дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық-
бағытталған және шығармашылық процесс.
Қарастырылып отырған қағиданы іске асыру арқылы оқушылардың білім
деңгейлері артады, түрлі жаттығулардың техникасын түсінеді, олардың дене
тәрбиесі процесіне деген саналы да, белсенді ұстанымы тәрбиеленеді.
Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы 5-9 сыныптарға арналған «Дене
шынықтыру» пәнінің мақсаты – әрбір оқушыға тән дене сапаларын жетілдіру,
ағзаларының барлық жүйелерін дамыту.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушыларға білім беруде шешілетін
міндеттер мыналар: жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын дамытуға оң әсер
ететін денелік және рухани денсаулықтың негізін қалау; өз денсаулықтарын
денелік және психикалық тұрғыдан нығайту маңыздылығын түсінуге
оқушыларды ынталандыру; дене тәрбиесі және спорт саласы бойынша теориялық
білім негіздерін қалау және практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ету;
оқушылардың төзімділік, жылдамдық, күштілік, ептілік және иілгіштік секілді
қимыл-қозғалыс сапаларын дамыту; оқушылардың патриотизм, жалпы адами
құндылықтар, қарым-қатынас орната білу біліктіліктерін тәрбиелеу және дамыту;
салауатты өмір салтын сақтауға, бойларына сіңірілген дағдыларды болашақта
қолдана білуге оқушыларды ынталандыру; оқушылардың бойында ж алпы
адамзаттық мәдениеттің бірі болып саналатын дене тәрбиесі туралы түсінік
қалыптастыру; дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім негіздерін
қалыптастыру; негізгі дене сапаларын жетілдіру, арнайы спорттық біліктілік пен
дағдыларды дамыту; түрлі дерек көздерінен алған ақпараттарды пайдалану
арқылы қарым-қатынас орната білу дағдыларын дамыту, ақпараттың шығу негізін
айқын түсіну; ойлану және зерттеушілік дағдыларды дамыту; адамгершілік-жігер
сапаларын қалыптастыру. Сонымен қатар, «Дене шынықтыру» пәнін оқу-үйрену
оқушыларға келесі мүмкіндіктерді береді: бойға сіңірілген білім, біліктілік пен
дағдыларды күнделікті өмірде қолдану; өзінің денелік дамуындағы қимыл-
қозғалыс құзіреттіліктерін арттыру қажеттілігін түйсіну; дербес адамгершлік
қасиеттерін дамыту және әділ ойын мен өз-өзін үздіксіз дамыту қажеттіліктерін
түйсіну; жекебас гигиенасын сақтау маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну;
адамның денелік және энергетикалық жүйесін дамытудағы дене жаттығуларының
әсерін білу; өзінің және өзгелердің денелік жағдайларын бағалай білу; сыни және
шығармашылық тұрғыдан ойлау, туындаған мәселелерді шеше білу және қарым-
қатынас орната білу дағдыларын дамыту.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере
отырып денелік және психикалық денсаулықтарын нығайтуға деген ынталарын
арттыруға, арнайы спорттық қимыл-қозғалыс дағдылары мен дене сапаларын
дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасында қарастырылған: дене тәрбиесі және спорттың даму
тарихы туралы білім негіздерін қалыптастыру; негізгі дене сапаларын жетілдіру;
арнайы спорттық біліктілік пен дағдыларды дамыту; түрлі дерек көздерінен алған
ақпараттарды пайдалану арқылы қарым-қатынас орната білу дағдыларын дамыту,


Page 7


7
ақпараттың шығу негізін айқын түсіну; ойлану және зерттеушілік дағдыларды
дамыту; адамгершілік-жігер сапаларын қалыптастыру.
Оқу бағдарламалары – оқу жылы бойы бағдарлама бөлімдерін ретімен
оқыту реттілігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
Сағаттарды бөлу, тақырыптарды тоқсандар бойынша оқыту ретін мұғалімнің
ұйғарымы бойынша өзгертуге болады. Оқыту мақсаттары оқыту көрсеткіштерін
қағадалау үшін бөлімдер мен бөлімшелерді біріктіру бойынша анықталады.
Сыныптан сыныпқа өткен кезде оқушылардың түсініктері мен дағдыл ары
дамиды, қабілеттіліктері арта түседі.
Оқушылардың білім деңгейлері артады, оларды жетілдіру дереккөздерінің
аясы кеңейе түседі және соның нәтижесінде білім, біліктілік және дағды негіздері
сыныптан сыныпқа өткен сайын дами түседі. Олардың жас ерекшеліктері мен
сабақ кезінде игерген тәжірибелері қимыл-қозғалыс әрекеті кезінде өз беттерімен
шешім қабылдау қабілеттерін арттыра түседі.
Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында пәнді оқытудың жаңа
әдістерін назардан шығармаған дұрыс. Оқыту мен үйретудің бір-бірімен тығыз
байланысқан бірегей іс-әрекет екендігін түсіну өте маңызды. Үйрету мен оқыту
процестерінің қалай өтіп жатқандығын түсінген кезде ғана оқытудың тиімділігі
арта түседі [7].
Белсенділік – оқушылардың бойында мәселені тереңінен ұғыну, дене
тәрбиесі және спорт жұмыстарына деген тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті
қалыптастыратын дене тәрбесінің басты қағидаларының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, ол білім алушы ларды тиімді белсенділікке итермелейді. Аталған
қағиданы іске асыру оқушылардың біл ім деңгейлерін байытуға, түрлі
жаттығулардың техникасын тереңінен түсінуге, дене тәрбиесі процесіне саналы
және белсенді ұстанымды тәрбиелеуге әкеліп соғады.
Белсенділік – бұл адамның іс-әрекеті кезінде анықталатын өлшемі, оның
жұмысқа араласу деңгейі. Белсенділік дидактикалық тұрғыдан алып қарағанда,
білім, біліктілік және дағдыларды саналы түрде игерудің алғы шарты.
Мұғалімдердің арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдануы, оқушылардың
саналылық пен белсенділіктерін жоғарылатуға ықпал етеді. Олар мыналар:
оқушылардың әрекеттерін, қимыл-қозғалысты орындаулары мен талдауларын
қадағалау және бағалау; бұлшықетпен сезіну арқылы өз әрекеттерін қадағалауға
үйрету; көрнекі құралдар көмегімен тапсырмаларды көрсету; жаттығуларды
үйрету кезінде көру және есту бағдарларын пайдалану; үйретілетін қимыл-
қозғалыстарды ойша орындау (идеямоторлық дайындық); техниканы талдау.
Мектептің міндеті – мектептің қауіпсіз, сенімді және қамқор ортасында
оқушылардың зерделік, эмоциялық, денелік және әлеуметтік тұрғыдан
дамуларына ықпал ету. Сонда ғана оқыту процесі жақсы дамиды. Егер мектеп өз
міндеттерін қайта қарастырса, оқушылардың жетістіктерге қол жеткізулеріне
мүмкіндіктері артса, онда дене шынықтыру мұғалімдері де өздерінің оқыту
әдістемелерін қайта қарауға, оқушылардың дамуларына жаңа мүмкіндіктер беруге
әлеуеттері артады.
Дәстүрлі дене тәрбиесі командалық спорт түрлеріне, жеңіл атлетика
және гимнастикаға сүйенеді. Ондай талаптарға денелік тұрғыдан жақсы жетілген


Page 8


8
оқушылар ғана сәйкес келеді. Ал басқа оқушылар білім алу процесінен тыс қалып
жатады. Қазіргі таңда көптеген дамыған елдер дене шынықтыру сабағына барлық
оқушылардың мүдделеріне сәйкес келетін инклюзивтік жолмен қарауды дұрыс
деп санайды.
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер
оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды
көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас
моделіне айналдырады.
5-9 сынып білім алушыларының жас ерекшеліктері
Дене шынықтыруды оқытудың жаңа әдістерін қарастырмастан бұрын,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне тоқталып өткен дұрыс. Себебі түрлі жас
аралығындағы білім алушылардың даму кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктер бар.
5-9 сынып білім алушыларының жастары жасөспірімдік кезеңдерге жатады
(10-11 жастан 14-15-қа дейін). Жасөспірімдік кезеңде бала денелік, психикалық,
адамгершілік және әлеуметтік даму жағынан өзгерістерге ұшырап, балалық
шақтан есеуге өтетін күрделі кезең. Осы кезеңде жасөспірімдер өздеріне және
басқа адамдармен қарым-қатынаста көптеген өзгерістерді бастан өткереді [8].
Сонымен қатар өз әрекеттерін басқару, түрлі жағдайда өз-өзін қадағалау
қиындайды.
Осындай күрделі физиологиялық өзгерістерден жасөспірім ағзасының
қызметі бұзылуы мүмкін. Басы жиі ауырып, ұйқысыздық, қажу сезімі жылдам
сезіледі, тәбеті бұзылады, артериялық қысымда тұрақсыздық пайда болады.
Мұғалім осы аталған өзгерістердің барлығын естен шығармауы керек.
Барлық аталған физиологиялық өзгерістер жасөспірімнің психологиялық
күйіне әсер етеді. Баланың алдынан түрлі жаңа мәселелер мен қиындықтар
туындайды және ол ересек адам ретінде қарым-қатынас орнатуға талпыныстар
жасап, кейде онысынан түк шықпай жатады.
Оқу процесін жоспарлаған кезде білім алушылардың дербес танымдық
ерекшеліктерін ескеріп, сонымен қатар сәттілікке қол жеткізетін сюжеттен
тұратын ойындарды жиі қолдану керек. Бұл жас аралығындағы білім алушылар
алға жүктелген міндетке бір сабақ ішінде қол жеткізіп, өз еңбегінің жемісін
көргілері келеді. Мұғалімге логикалық тұрғыдан ойлану, келіп түскен ақпаратқа
жылдам жауап қайыру дағдыларын дамытуға, баланың дербестігін дамытатын
ойындар қосуға назар аудару керек. Ол үшін оқушылардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ететін ойын жағдайын туындату қажет.
7-9 сыныптарда білім алушылардың дербес ерекшеліктерінде едәуір
айырмашылықтар байқалады және аталған жағдайды олардың қимыл-қозғалыс
сапаларын дамытқан кезде ескеру қажет. Сондықтан оқушылар тобы мен
жекелеген білім алушыларға берілетін міндет-тапсырмаларды жіктеп берген
дұрыс. Білім берудегі жіктелген және дербес жолға сүйену көрсеткіштері төмен
білім алушылармен оқу процесін ұйымдастырған кезде өте маңызды [9].
Сондықтан дене шынықтыру мұғалімінің сабақ кезінде білім алушылардың
жас ерекшеліктерін ескеруі өте маңызды.


Page 9


9
2 Білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту
бойынша әдістемелік ұсынымдар

«Дене шынықтыру» пәні бойынша 5 -9-сыныптарға арналған оқу
бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи
мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен
үйлесімді сабақтасады. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу
бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып
табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық- бағдарлық,
коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту
мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын
арттыру үшін қолданылады, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында
көрініс тапты.
Дене шынықтыру сабақтарындағы оқу материалдарын оқытудың белсенді
формалары мен әдістері. Белсенді оқыту дегеніміз, оқушының мұғалімді тыңдап
қана қоймай, оқу-үйрену процесіне көбірек қатысуын талап ететін жол. Белсенді
оқытудың басты белгілері – баланың танымдық белсенділігі деңгейінің қарқынды
жоғарылау, тұрақты дамуы. Оқытудың белсенді формалары мен әдістері
оқушылардың оқу материалын игеру кезеңдеріндегі іс -әрекеттерін
ынталандырады және оқу процесін талқылау, жоспарлау, бағалау, сондай-ақ,
топтық жұмыстарға белсене араласудан құралады. Дене шынықтыру
бағдарламалары мұғалімді білім алушылардың дербес ерекшеліктерін ескеруге
бағдарлайды:
- «артта қалушы» қимыл-қозғалыс сапаларын басымдылықпен дамыту;
- «жетекші» дене сапаларын дамыту;
- қимыл-қозғалыс сапаларын жан-жақты және ұтымды дамыту.
Міндеттерді табысты шешу білім беру процесін ұйымдастыруға байланысты, онда
оқытудың белсенді формалары мен әдістері шешуші орын болады. Белсенді
оқыту оқу материалын игерудің барлық кезеңдеріндегі білім алушының іс-
әрекеттерін ынталандырады.
Белсенді формалардың арасынан бөлінетіндер:
1. Мәселе туындататын диспуттар мен әңгіме-сұхбаттар. Сабаққа қанша
бала қатысса, сонша сұрақ туындайды. Олардың «Неге?», «Неліктен?» деген
сұрақтарына бірден жауап беру мүмкін емес, сондықтан оқушылардың ол сұрақ
төңірегінде ойлануларын ұсынып, алдағы сабақта талқылауға болады. Денені
шынықтыру жүктемелерінен босатылған білім алушылар осы мәселелер бойынша
баяндама даярласа болады. Сабақтан уақытша босатылған білім алушылардың
дене тәрбиесінің теориясы бойынша мәліметтер даярлауы, «орындықта
отырғандардың» мәселесін сәл ғана шешеді.
2. Сұхбаттасу сабағы. Бұл теориялық сабақ. Онда жекелеген сұрақтар
бойынша үй тапсырмалары немесе баяндамалар қорғалады.
3. Ақыл-кеңес беру сабағы. Бұл білім алушылардың өздік дайындықтары
бойынша сұрақтарына жауап беру, белгілі бір жаттығуларды немесе кешендерді
орындауға қажет жалпы және арнайы дене дайындығы бағытындағы
жаттығуларды іріктеуге көмектесу сабағы.


Page 10


10
4. Кездесу сабағы. Олимпиада ойындары, ірі халықаралық жарыстарға
қатысқан спортшылармен ұйымдастырылатын кездесулер. Онда спортшылар
спорт туралы, олимпиада ойындары туралы және басқа қызықты мәелелерді
қарастырады.
5. Экскурсия сабағы. Ондай сабақты жеңіл атлетика манежі, түрлі спорттық
кешендерге бару арқылы өткізіледі. Барып келген соң аудан және қалалардағы
жеңіл атлетика манеждері және басқа да спорттық құрылымдар туралы қысқа
шолу жасап шығуға болады. Ұйымдастырылатын экскурсиялар білім
алушылардың қимыл -қозғалыс әрекеттерімен шұғылдануға деген
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
6. Жарыс сабағы. Жарыстарды оқытудың барлық кезеңдерінде қосып отыру
керек. Жарыс сәттері дене сапаларының, танымдық қызығушылықтың дамуына
ықпал етеді, эмоциялық көңіл-күйге оң әсер етіп, сабақтағы белсенділікті
ынталандырады.
7. Диалог-сабақ. Оқу материалын бірнеше сұрақ түрінде ұсынып, білім
алушылар ол сұрақтардың жауабын сабақ кезінде алуын болжайды.
Аталған сабақ түрлерінің барлығын келесі жалпы қағидалар біріктіреді:
- мұғалім мен оқушының өзара тығыз қарым-қатынасы;
- ақыл-ой қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыру;
- дербес іс-әрекет пен ұжымдық жұмыс түрлерін үйлестіру;
- оқушыға эмоциялық тұрғыдан әсер ету деңгейін арттыру;
- таным процестеріндегі дербестік шыңы;
- жіктеп үйрету жолын іске асыруға ықпал ететін оқытудың дербес жолын
қолдау;
- оқыту процесінің тиімділігін арттыру.
Нәтижесінде білім алушылардың білім сапалары жоғарылайды, білім
деңгейі қалыптасады және ұзақ уақытқа сақталады, мұғалім мен оқушы арасында
психологиялық-педагогикалық байланыс орнайды (мұғалімге оқытқан, оқушыға
оқыған қызық болған жағдайда), дене тәрбиесімен шұғылдануға деген саналы
көзқарас қалыптасады.
Дене шынықтыру сабағын сәтті оқыту үшін, мұғалімге оқыту қалай өтетін
және оқыту тәжірибесін қалай жақсарту керек екендігін түсіну өте маңызды.
Сондықтан, оқытудың тиімді деп саналатын келесі стратегиялары ұсынылады:
- белсенді оқыту;
- кері байланыс;
- бекіту (мадақтау көмегімен білім деңгейін игеру);
- оқыту сапасы (жіктелген оқыту тапсырмаларын жоспарлау).
Дене шынықтыру мұғалімдеріне оқытудың үш моделіне басымдылық беру
керек:
1-модель. Дене шынықтыру бойынша берілетін тапсырмалардың сапасы.
Бұл модель (үлгі) білім алушының нәтижелерінің дене дайындығы, дағдылар мен
әлеуметтену секілді қазіргі заманғы мақсат-міндеттермен үйлесімді болуын
меңзейді.


Page 11


11
Оқыту процесі дене шынықтыру бойынша берілетін түрлі сапалы
тапсырмалармен негізделеді. Мұғалім мен оқушы келесі шарттарды ескерген
жағдайда табысқа қол жеткізеді:
1. Сан-алуан жаттығуларды (тапсырмалар) сүйсініп орындауға атсалысады
және қатысады.
2. Дене мәдениеті деңгейінің сапасын көрсете алады (Дене шынықтыру
тұрғысынан өзін сауатты адам ретінде танытса (мысалы, дене жаттығулары оларға
рахат алуға, белгілі бір мәселелерді шешуге, өзін танытуға және адамдармен
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді; дене жаттығуларын
орындаған кезде адамдардың арасындағы айырмашылықты түсінеді және оған
құрметпен қарайды; көптеген қимыл-қозғалыстарды тамаша орындап, кейбір
қимыл түрлерін орындауда икемділік танытады).
2-модель. Дене шынықтыру бойынша берілетін сапалы тапсырмалар және
дамыту құралдары.
Дене шынықтыру мұғалімдеріне оқытудың дәстүрлі мақсат-міндеттері
аясынан шығып, спортпен байланысқан емес – оқушылардың сапаларын
жақсартуға негізделген жоспар құруға назар аудару керек. Яғни, табысқа қол
жеткізуге қажет дағдыларды дамытуға басымдылық беріледі.
Білім алушылар келесі шарттарды ескеретін болса, аталған модель бойынша
білім алуда табысқа қол жеткізеді:
1. Әділ ойын және сабаққа жауапкершілікпен қарауды болжайтын
тапсырмаларға қатыстырылса.
2. Алдына жүктелген міндетті табандылықпен қарсы алып, жаңа тәжірибе
алуға дайын болса.
3. Бір-біріне көмекке келу, құрметпен қарау және нәсілі мен ұлтын
құрметтеу сияқты жағымды іс-әрекеттерге тартылса, оң іс-әрекеттерге
қатыстырылса.
3-модель. Дене шынықтыру бойынша сапалы тапсырмалар және денсаулық
мазмұны мен дамыту құралдары.
Дене шынықтыру мұғалімі денсаулық мәселесін де қамтиды. Бұл модель
бойынша мұғалім сабақ беріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық туралы
түрлі тақырыптағы әңгіме/пікірталастарды қосып, сол арқылы білім
алушылардың денсаулық саласындағы сауаттылығын арттыруды көздейді.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың денесін шынықтырып қана
қоймай, олардың денсаулығына қамқорлық жасау.
Белсенді оқытудағы дене шынықтыру мұғалімінің рөлі. Дене шынықтыру
бойынша бағдарламаның мақсаты – оқушылардың өздік жұмыс дағдыларын
дамыту. Бұл әрине мұғалім шетте қалып, оқушылар не істеу керек екендігін өздері
шешеді дегенді білдірмейді. Мұғалім дағдыларды, қимыл-қозғалыс дағдылары
мен даму стратегиясын игеруге қажет орта құрып, оқушы сыныптасының немесе
ересек адамның көмегімен іске асырған жағдайда оқыту тиімді болып саналады.
Білім алушының ересек адамның көмегінсіз іске асыра алмайтын «дамудың
жақын маңдағы аумағы» атты теориясы бар [10]. Ол аумақ, бала өздігімен іске
асыра алатын шекарадан алыстау орналасқан. Аталған ілімді негізге ала отырып,
оқыту процесіне «қолдау көрсету» терминін енгізуге болад. (Джером Брунер


Page 12


12
«scaffolding-во время скаффолдинга-қолдау көрсету кезінде»). Ол блім
алушылардың аталған аумаққа еніп, көптеген нәрселерді үйреніп, оқыту мен даму
бойынша қателіктер жібермеуді болжайды. «Қолдау көрсету» терминін мұғалім
оқушылардың қиын тапсырмаларды дұрыс орындау жолдарын табуларына
көмектесу үшін қолданады [11].
Білім алушылар сабақ кезінде (қолдау көрсету кезінде) өз бетімен, дербес
әрекет етуде қол жеткізген жетістіктен де көп табысқа қол жеткізуі керек. Егер
оқушы өзінің бойында бар дағдыларды ғана пайдаланатын болса, ондай жағдайды
оқыту деп айтуға болмайды. Мұғалім кері (кері) байланыс орнатуды қамтамасыз
ету үшін әрдайым қолдау көрсетіп үлгілеу, көрсету, қадағалау арқылы
оқушыларды бағалауы керек.
Тереңдете білім беру дегеніміз, мұғалімнің бойында мониторинг жасау
дағдысының болуы және сол біліктілік арқылы оқушылардың білім негіздерін
қаншалықты игергендігін анықтау. Ол әрбір оқушының дербес біліктілігі мен
мүмкіндігіне байланысты жеке өткізіледі.
Сонымен, мұғалімдер білім алушыларды дамыту үшін және олардың
әрқайсысын оқытудағы ілгерілеу нәтижесін анықтау үшін дербес бағалауды
тұрақты түрде іске асырып отырулары керек.
Қазіргі заманғы сабақтың қоятын маңызды талабы – білім алушылардың
денсаулықтарын, жынысын, дене дамуы мен қимыл-қозғалыс дайындықтарын,
психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудағы дербес және жіктелген
жолды қамтамасыз ету. Дербес және жіктелген жол барлық білім алушылар үшін,
олардың дене тәрбиесі саласы бойынша көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарға
қарамастан маңызды. Білім алушылардың дене дайындықтарындағы,
физиологиялық ерекшеліктеріндегі түрлі деңгейді ескере отырып, оқу
материалын игеру қарқынын, қол жеткізген жетістіктерін бағалаудағы
міндеттерді жіктеу қажет.
Дене шынықтыру сабағындағы тиімді жіктеу, түрлі амал-тәсілдерге сүйене
отырып, барлық білім алушылардың қызығушылықтарын ескеру дегенді
білдіреді. Дене шынықтыру мұғалім сабақ беріп жатқан кезде дене шынықтыруды
оқытудың көптеген тәсілдері бар екендігін есінен шығармағаны дұрыс. Мұғалім
мен оның оқушылары дене шынықтыру арқылы ішкі қабілетті ашуы мүмкін,
белгілі бір жаттығуларды жүйелі түрде орындау арқылы денсаулықты нығайтуы
мүмкін.
Дене шынықтыру мұғалімі:
- оқытудың оң райын қалыптастырады және оған барлық оқушыларды
қатыстырады;
- оқушыларды жауапкершілікке, батылдыққа, өздік талдау жасауға, жаңаны
үйренуге ұмтылуға және белсенділікке тәрбиелейді;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға арналған дұрыс әдістерге сүйенеді
және тапсырмалар береді;
- сыныптық, дербес немесе топтық жұмыстарды ұйымдастырады, басқарады
және жоспарлайды; алға қойылған мақсат-міндеттрге сәйкес жоспарланған
сабақты өткізуге қажет қосалқы материалдарды тиімді пайдаланады;


Page 13


13
- оқушыларға сабақты түсіндіруде, көмекке келуде және мадақтап қолдау
көрсетуде қарапайым да, түсінікті тілді қолданады;
- оқушыларды қадағалап, олармен кері байланыс орнатады.
Сабақты жоспарлау әдістемесі. Орта мерзімді жоспарда сабақты
тақырыптар мен бөлімдер бойынша өткізу және білім алушылардың іс-
әрекеттерін ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар
берілген, сондай-ақ, ұсынылатын ресурстар үлгісі (ғаламтор, мәтіндер,
жаттығулар, видео және аудио материалдар) енгізілген.
Мұғалім білім алушылардың дербес ерекшеліктері мен сабақ үлгерімдерін
ескере отырып, сабақ түрін түрлендіре және өзгерте алады. Орта мерзімді
жоспарлауды әдетте мұғалімдер тобы немесе сабақтарды оқу бағдарламасына
сәйкес құрастыратын мұғалім іске асырады.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағыт-
бағдарды нақтылайды. Оның жоспарында белгілі бір кезеңдегі басты міндеттер
анықталады. Орта мерзімді жоспарда әр тоқсанға немесе бөлімге есептелген
оқыту тақырыптары сипатталады. Бөлімдегі сағаттар санын мұғалімнің өз
ұйғарымы бойынша түрлендіруге болады.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақтың жоспарын мұғалім орта мерзімді
жоспардың соңында көрсетілген үлгі бойынша өзі құрайды [12]. Төменде қысқа
мерзімді жоспар және сабақтың жоспар үлгісін ұсынып отырмыз.

Қысқа мерзімді жоспар үлгісі
Сабақ: Дене
шынықтыру
Мектеп:
Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысушылар саны: Келмегендер саны:
Бөлім: № 5 Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы (5 оқыту мақсаты)
Сабақтың
тақырыбы:
Күш пен төзімділікті жетілдіруге арналған жаттығулар кешені
Кәсіби дамыту
мақсаты
Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын
дамыту
Осы сабақта қол
жеткізуге
көмектесетін
оқу мақсаттары
6.1.3.1. Дене сапаларын дамытуға арналған жаттығулар кешенін
көрсетуді бағалау
Сабақтың
мақсаттары:
- дене сапаларын дамытатын жаттығуларды көрсетуді оқушыларға
үйрету;
- оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту
Табыс
критерийлері:
- оқушылар жаттығулар кешенін құру процесінде денсаулыққа қажет
кем дегенде бір денелік және бір психологиялық басымдылықты
түсінеді;
- оқушылар дене жаттығуларын орындау кезінде пайда болатын сезімді
анықтай және бағалай алады;
- оқушылар дене белсенділігі кезінде қызмет ететін барлық дене
сапаларын (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және иілгіштік) дұрыс
анықтай алады;
- оқушылар ағзаны қалпына келтіретін екі жаттығуды көрсете алады
Тілдік мақсат: Оқушылар денсаулықты нығайту және төзімділікті дамытуға арналған


Page 14


14
жаттығулардың маңыздылығын сипаттай, талқылай және көрсете
алады.
Пәндік лексика мен терминология: жүрек-қантамырлар жүйесі,
қыздырыну, қалпына келу техникасы, аэробты және анаэробты
жаттығулар, дене сапалары.
Диалог орнатуға қажет сөздер: біріншіден, екіншіден, менің ойымша,
дұрыс деп ойлаймын, ғалымдардың пікірлері бойынша, сонымен және
т.с.с
Талқылауға арналған сұрақтар:
- бұл тапсырма қандай дағдыларды дамытуға бағытталған?
- әрбір оқушының рөлі қаншалықты?
- осы тапсырманы орындай отырып, қандай эмоциялық сезімге
орандыңыз?
- тапсырманы орындаған кезде неге назар аудару керек?
- басқа жаттығулармен салыстырғанда, кейбір жаттығулар неге үлкен
дене белсенділігін қажет етеді?
Құндылықтарды
қалыптастыру:
(Өмір бойы оқу-үйрену) Оқу материалына деген қызығушылықты,
шығармашылық және сыни ұстанымды, ақыл-ойды, тәнді және мінез-
құлықты жүйелі дамыту арқылы білім алуға деген сүйіспеншілікті
қалыптастыру.
(Ынтымақтастық) Өзара қарым-қатынас орнату кезіндегі жақсы
көзқарасты дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және
сара жол мен сыни ойлай білу біліктілігін дамыту.
(Академиялық адалдық) Ақпарат иесіне сілтеме жаса май көшіріп алуға
жол бермеу, басқа адамдардың идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен
қараумен негізделетін академиялық адалдықты сақтау қағидалары
Пәнаралық
байланыс
Биология, физика, тарих, математика
АКТны қолдану
дағдылары
Ағзаны қалпына келтіруге сілтеме http://sosudinfo.ru/zdorovie-i-
profilaktika/fizkultura-dlya-sosudov/, http://siellon.com/vosstanovlenie-
energii-organizma-prostyimi-sposobami/
Төзімділікті дамытуға сілтеме http://www.mir-la.com/277- kak-povysit-
specialnuyu-vynoslivost.html
Аэробты және анаэробты жаттығуларға сілтеме
http://health4ever.org/vse-ob-uprazhnenijah/anajerobnye-i-ajerobnye-
uprazhnenija
Эйлер Вен диаграммасына сілтеме
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%80%D1%83%D0%B3%D0%
B8_%D0%AD%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B0
[13,14,15,16].
Бастапқы білім
негіздері
Бұл сабақ «Қазақтың ұлттық ойындары» бөлімінің сабақтарынан
алынған дағдыларды дамыту негізінде құрылады. Оқушылар
патриоттық сезімдерін дамытты, қазақ ойындарын мектеп жағдайына
бейімдеуді үйренді, жаңа ұлттық ойындар ойлап тапты, дене сапалары
мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытты және «Шаңғы/ кросс/коньки
дайындығы» бөлімінде қолдануға болады

Сабақтың өту барысы
Сабақ
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеттері Ресурстар
Сабақтың
басы -
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.
Мұғалімнің сөзі: «Біз қимыл-қозғалыс сапаларын
Әр сабаққа қажет
үлкен, ауқымды


Page 15


15
шақыру
(15 мин.)

4 мин.












3 мин.












8 мин.
дамытуды, сабақ тақырыбына байланысты диалогтық
оқыту мен көрсету әдістері арқылы зерттеу дағдыларын
дамытуды жалғастырамыз».
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқыту
мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен таныстырады.
Күтілетін нәтиже:
- оқушылар сабақтағы техникалық қауіпсіздікті
көрсетеді (ой елегінен өткізу);
- оқушылар төзімділік сапасын дамытуға арналған
жаттығуларды құрастырады және жұктемеден кейін
қалпына ағзаны қалпына келтіруге қажет
жаттығуларды іріктейді;
- оқушылар жаттығуларды құрастыра және көрсете
отырып, зерттеушілік дағдыларын дамытады.
Мұғалім сабақта сақталуы керек техника қауіпсіздігі
туралы ескертеді.
Мұғалім «Тек бір минут» стратегиясын жүргізеді.
Оқушылар төзімділік және күш секілді дене
сапаларының адам ағзасы үшін тигізетін пайдасы
туралы әңгімелейді.
Бағалау: табыс критерийлері бойынша оқушылардың
өзара бағалау процесі іске асырылады .
Табыс критерийлері:
- басты сөздерді пайдалана отырып, тақырыпты ашады;
- кіріспе сөздер мен түрлі сөйлемдік құрылымдарды
білікті қолданады;
- дене сапалары арасындағы өзара байланысты дәл және
ретті талдай алады;
- кем дегенде 2 дәйекті дәлел келтіре алады;
Оқушылар жүректің соғу жиілігін өлшейді.
Мұғалім қыздырыну жаттығуларын өткізуді ұсынады.
Мұғалім оқушылармен бірге алдағы уақытта
орындалатын дене жүктемелеріне ағзаның түрлі
бұлшықеттері тобын даярлауға арналған қыздырынуды
өткізетін көшбасшыны таңдайды
кеңістік.

Мұғалімге арналған
ысқырық, сабақтағы
техника
қауіпсіздігінің
нұсқаулығы



















Тамыр соғысын
өлшеу (15 секунд
ішіндегі соғу санын 4-
ке көбейтеміз)

Сабақ ортасы
– ой елегінен
өткізу
45 мин.

6.1.3.1. Дене
сапаларын
дамытуға
арналған
жаттығулар
кешенін
көрсетуді
бағалау




Мұғалім «Көңіл-күйіңді сипатта» тәсілін қолданады.
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөліп, дене
сапаларын зерттеуді және оларды Вен диаграммасымен
салыстырып көруді ұсынады. Ол үшін планшеттер мен
Ғаламтор желісі қажет.
Мұғалім топтарға «Арнайы төзімділікті дамытатын
басты құралы не?» деген сұрақ қояды.
Бір сабақ бойы жарыс нұсқасындағы және арнайы
жаттығуларды шаршағанға дейін, бірнеше мәрте
қайталау,арнайы төзімділікті дамытатын басты құрал
болып табылады. Арнайы жаттығуларды орындау
кезіндегі жүректің соғу тәртібі: арнайы төзімділікті
дамыту мақсатында орындалатын жүгіру, секіру және
күш жаттығулары кезінде жүректің соғуы минутына
180 ге жетуі керек.
№1-тапсырма
Мұғалім оқушыларға дене сапаларын
Әр сабаққа қажет
үлкен, ауқымды
кеңістік.

Мұғалімге арналған
ысқырық, қағаз,
фломастерлер.



Аэробты және
анаэробты
жаттығуларға
арналған сілтеме
http://health4ever.org/v
se-ob-
uprazhnenijah/anajerob


Page 16


16

20 мин.



















Зерттеуші
лік әңгіме-
сұхбат




5 мин.







15 мин.








5 мин.



Эйлер-Вен диаграммасы бойынша салыстырып,
төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар кешенін
құруды ұсынады.
(жылдамдық пен төзімділік, иілгіштік пен төзімділік
және т.б.)
Табыс критерийлері:
- оқушылар денсаулықты нығайтуға арналған бір
денелік және бір психологиялық жаттығуларды
құрастыра алады, түсінеді;
- оқушылар дене белсенділігі кезінде қолданатын
барлық дене сапаларын анықтай алады.
Оқушылар орынды ақпараттар ұсынады және
олардың әрқайсысы пайдалы ұсыныс ретінде
бағаланады. Оқушылар бір- біріне сұрақтар қойып,
жауап береді. Топ оқушылары келісімге қол жеткізуге
ұмтылады, дегенмен келісімге қол жеткізу емес, оған
ұмтылыс жасаудың өзі маңызды.
Бағалау: оқушылар тапсырманы орындап болған соң,
мұғалім оларға «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы
бойынша бір- бірін бағалауды, екі жақсы сәтті анықтап,
бір нұсқау беруді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- бұл тапсырма қандай дағдыларды дамытуға
бағытталған?
- әрбір қатысушының рөлі қаншалықты?
- осы тапсырманы орындаған кезде қандай эмоцияны
сезіндіңіз?
Оқушылар жүректің соғу жиілігін өлшейді.
№2-тапсырма
Оқушылар дене жүктемесінен кейін ағзаны қалпына
келтіретін жаттығуларды таңдайды (бірінші
тапсырманың).
Табыс критерийлері:
- оқушылар ағзаны қалпына келтіруге арналған екі
жаттығу құрастыра алады.
Бағалау: тапсырманы орындап болған соң, мұғалім
оқушыларға табыс критерийлері бойынша өздерін
бағалауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- тапсырманы орындаған кезде неге назар аудару
керек?
- басқа жаттығулармен салыстырғанда, кейбір
жаттығулар неге үлкен дене белсенділігін қажет
етеді?
Мұғалім бір топтан екіншісіне өте отырып,
оқушыларды қажетті арнаға бағыттап отырады, кез
келген қиындықтар мен тілдік мәселелерде (спорттық
термин бойынша) ескертулер жасайды.
Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар
қойып, олардың тапсырмаларды қаншалықты орындап
жатқандарын тексереді.
Мұғалім қажет болған жағдайда туындаған мәселені
nye-i-ajerobnye-
uprazhnenija

Гимнастикалық
төсеніш, керме,
спорттық құрал -
жабдықтар

Эйлер Венге сілтеме
https://ru.wikipedia.org
/wiki/%D0%9A%D1%
80%D1%83%D0%B3
%D0%B8_%D0%AD
%D0%B9%D0%BB%
D0%B5%D1%80%D0
%B0





Мұғалімге арналған
нұсқаулық,
«Назарбаев
Зияткерлік мектебі»,
2012 жыл


Төзімділікті дамытуға
арналған сілтеме
http://www.mir-
la.com/277- kak-
povysit-specialnuyu-
vynoslivost.html





Гимнастикалық
төсеніш, керме,
спорттық құрал -
жабдықтар
Ағзаны қалпына
келтіруге сілтеме
http://sosudinfo.ru/zdor
ovie-i-
profilaktika/fizkultura-
dlya-sosudov/,
http://siellon.com/vosst
anovlenie-energii-
organizma-prostyimi-


Page 17


17
шешуге араласады sposobami/
[13,14,15,16]
Сабақ соңы -
рефлексия
(20 мин)


5 мин.



10 мин.





5 мин.
Рефлексия: мұғалім оқушылардың сабақ бойынша өз
ойларын айтуларын ұсынып, рефлексия жасайды .
Оқушы қойылған сұраққа жауап береді және өзі келесі
оқушыға сұрақ қояды. Осылай жалғаса береді.
Оқушылар рефлексия карточкаларын толтырады.
Тапсырмалар орындалған соң, мұғалім оқушыларға
спорт ойындарының бірін таңдауды ұсынады: флорбол,
футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және басқа
да қозғалмалы ойындар.
Оқушылар тамыр соғысын өлшейді.
Назар салғыштық және тыныс алуды қалпына келтіруге
арналған жаттығулар.
Мұғалім үй тапсырмаларын береді:
- пәндік терминологияны жаттап алу;
- таңертеңгілік гимнастика, еденнен сыға итерілу,
пресс, кермеде тартылу.
Рефлексиялық
карточкалар:
Мен бүгін
білдім_____
Қиындыққа тап
болдым________
Жақсы
орындадым_________
Оқушылардың
таңдауы бойынша
спорттық құрал -
жабдықтар.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялау – Сіз көбірек қолдау
көрсетуді қалай жсопарлайсыз? Қабілеті
жоғарырақ оқушыларға қандай міндеттер
жүктемексіз?
Бағалау –
Оқушылардың оқу
материалын игеру
деңгейін анықтауды
қалай жоспарлайсыз?
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасын
сақтау
- Сабақтағы дифференциация: ұлдар ауырлау
жүктемені, қыздар аздау жүктемені, сондай-ақ, әр
оқушы физиологиялық мүмкіндігіне қарай
орындайды.
- Оқушылар топта жұмыс істей отырып, бір- біріне
құрмет көрсетеді, ұлдар қыздарға, күштілер
әлсіздерге көмектеседі.
- қимыл-қозғалыс дағдыларының аясын кеңейте
түсу үшін қабілеті жоғары балаларға күрделірек
тапсырмалар беріледі.
- Қажеттілікті, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеуді
дамытуға ынталандыру.
- Диалогтық оқыту арқылы қимыл -қозғалыс
әрекеттерін зерттеудегі танымдық белсенділік пен
шығармашылық біліктілікті дамытуға ықпал ету.
- Қалыптасқан қимыл-қозғалыс тәжірибесін
шынайы бағалау, оларды талдау және ұтымды
қолдану біліктілігі
- оқыту процесін
қадағалау;
- өзара бағалау әдісі
арқылы;
- өздік бағалау
арқылы;
- төмен және жоғары
тәртіп сұрақтары
арқылы;
- оқушылардың
рефлексиялық
карточкалары арқылы

- салауатты өмір
салтын
қалыптастыру,
дене мүсінін
жақсарту, дене
дайындығын
жақсарту, артық
жүктемені алып
тастау, жүректі
жаттықтыру және
қан-айналым
жүйесін
жақсарту;
- мұғалім әр
сабақ сайын
техника қауіпсіз
дігі бойынша
түсіндіру жұмыс
тарын жүргізеді

Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде, мұғалім оқытудың
диференцияцияланған (жіктелген) жолына назар аударып, білім алушылардыңң
дербес ерекшеліктерін ескеру керек. Сабақтың қысқа мерзімді жоспары мұғалімге
оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу
материалы мен іс-әрекет түрлерін мұқият таңдау керек. Әр сабақты өткізіп болған
соң, білім алушылардың оқу материалын игеру кезінде туындаған мәселелерін


Page 18


18
анықтау үшін, сабаққа талдау (рефлексия) жасау керек. Мұғалім қысқа мерзімді
жоспарды құрған кезде келесі нұсқаулықтарға сүйенгені дұрыс:
- сабақты ұйымдастырған кезде оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында
көрсетілген мақсаттарды жетекшілікке алу;
- орта мерзімді жоспарда ұсынылған әрекет түрлерінің барлығын
ұйымдастыру;
- қажет болған жағдайда іс -әрекет түрлерін мұғалімнің өзі толықтыра алады.
Сабақтың жаңа форматы білім алушыларды оқыту процесіне белсенді
араластырып, өткізілген материалды талқылауға, талдауға қатыстыру, өз ой-
пікірлерін білдіру және өздік бағалауды жүргізуді ұсынады. Білім алушыларды
қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттеріне түзету енгізудегі кері байланыс
сабақтың міндетті элементіне айналуы керек. Сонымен қатар, мұғалім қысқа
мерзімді жоспарды құрған кезде келесі жағдайларды міндетті түрде құруы және
анықтауы керек:
- оқытудың тілдік мақсаттары: терминдермен жұмыс және т.б.;
- дифференциациялау: Білім алушыларға көрсетілетін қолдау қалай іске
асырылады? Қабілеті жоғары білім алушылардың алдына күрделі міндеттер
жүктеу қалай жоспарланады?
- материалды игеру деңгейі қалай тексеріледі?
- пәнаралық байланыс;
- денсаулық пен қауіпсіздікті, АКТ-ны қамтамасыз ету.
Мұғалім білім негізінің қайнар көзі ретінде емес, оқушылардың білім алу
және таным әрекеттерін белсенді ұйымдастырушы ретінде қызмет етуі керек.
Сондықтан, сабақтарды жоспарлау жұмыстарының барлығын оқытудың жаңа
жолдарына сүйене отырып іске асыру ұсынылады.
Дуга Лемовтың «Мұғалім шеберлігі. Ұлы оқытушылардың сынақтан өткен
әдістемелері» атты кітабындағы сабақты жоспарлау әдістемелерімен танысуды
ұсынамыз [17].
«Соңынан бастау». Сабақты жоспарлаған кезде, алдымен сабақ кезінде
білім алушыларға не үйретсем екен деген емес, олар сабақ соңында неге қол
жеткізулері керек деген мәселе бойынша ойлану керек. Сонымен қатар, ол
нәтижелер сіздің ертең үйрететін әрекеттеріңізбен қалай байланысқан және олар
келесі сабаққа дайын болу үшін нені үйрену керек деген сұрақтарға жауап іздеу
керек.
«4М». Сабақтың тиімді жоспарлануы, сабақ мақсаттарын дұрыс құрумен
байланысты. Сабақтың алға қойған мақсаттары келесі талаптарға сәйкес келуі
керек:
1) Басқаруға мүмкіндік беретін (Manageable). Егер сізге оқушылардың
ақпаратты қаншалықты жылдам игере алатындығы белгілі болса, онда сынып
ұжымының белгілі бір дағдыларды игерулеріне қанша уақыт керек екендігін
білесіз.
2) Өлшеудің қолжетімді болуы (Measurable). Сабақтың алдына қойылған
мақсаттары, олардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін болуы керек.
Оқушылардың алға қойылған мақсатқа қол жеткізген жетістіктері шынайы
бағаланып, құрастырған бағалау критерийі мұғалімге көмекке келуі керек.


Page 19


19
3) Бірінші орында бола білуі (Made first). Тиімді мақсат белгілі бір
деңгейдегі іс-әрекет түрлерін қудаламай, сабақ процесін басқаруы керек. Мақсат
әрқашан да бірінші орындау болуы керек.
4) Ең маңыздысы бола білу (Most Important). Тиімді құрылған сабақ оқушы
дағдысын дамытуға ықпал ететін маңызды материалға арналуы керек.
«Көрінетін жерге орнату». Сабақтың мақсатын анықтап алған соң, оны
сыныптағы көрінетін орынға іліп қою керек. Оны сыныпқа кірген әрбір адам
(оқушылар, әріптестеріңіз және мектеп әкімшілігі) сіздің сабағыңызда қандай
мақсатқа қол жеткізу керек екендігін түсіну үшін, белгілі бір жерге іліңіз. Оны ой
елегінен өткізудің өзі алға қойылған мақсатқа дұрыс бағытта қозғалуға
көмектеседі.
«Қысқа жол». Дұрыс жұмыс істеуіңізге көмектесетін мәліметтерді
қолданыңыз, ал егер сіз оған күмәнданатын болсаңыз, онда бұрыннан белгілі және
тексерістен өткен әдістемелерге сүйеніңіз. Сіздің басты критерийлеріңіз мыналар
екендігін естен шығармаңыз: сабаққа жоспарлаған материалдарыңызды оқушылар
игерді ме?; алға қойылған мақсатқа жылдам және үздік әдіспен қол жеткізілді ме?
«Қосарланған жоспар». Көптеген сабақтардың жоспарлары мұғалім не
істейді, яғни не туралы айтады, тақырыпты қалай түсіндіреді, қандай материалдар
қолданады, қашан таратады, қашан жинап алады, қандай тапсырмалар ұсынады
деу арқылы құрылады. Аталған жағдайларды жоспарлай отырып, мұғалім
оқушылардың әрбір кезеңде немен шұғылданатындарын ұмытып кетіп жатады.
Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың немен шұғылданатындарын жоспарлау,
сіздің не істейтініңізден және не айтатыныңыздан да маңызды. Өз сабағыңызды
«Мен» және «Олар» деген екі бағаннан тұратын кесте арқылы жоспарлаңыз.
Рефлексия – бұл өздік талдау, өздік баға. Сабаққа қатысты рефлексия
туралы айтатын болсақ – бұл оқушылардың өзінің көңіл-күйін, эмоциялық
жағдайын, іс-әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға арналған сабақ кезеңі.
Сонымен қатар, рефлексия – бұл ғылымға емес, оқуға үйретуге ұмтылатын қазіргі
заманғы педагогиканың жаңа бағыты. Сабақтың басталуына, күтілетін
нәтижелерге қайта оралу, қорытынды шығаруы логикалық жағынан алғанда
дұрыс.
Сабақтың бір кезеңі болып табылатын рефлексия бірнеше түрге жіктеледі.
Мұғалімге жіктелу түрлерін біле және оны сабақ жоспарына енгізе отырып, әдіс-
тәсілдерді түрлендіруге және құрастыруға ыңғайлы.
1. Мазмұны бойынша: символикалық, ауызша және жазбаша.
- символикалық: білім алушылар бағаны символдар көмегімен қояды
(карточка, жетон, ишара және т.с.с.);
- ауызша: білім алушылардың өз ойын айту және өз эмоциясын сипаттау
біліктілігі;
- жазбаша: ең қиыны және көп уақытты қажет етеді. Тұтас оқу бөлімі немесе
үлкен тақырыпты игерген соң өткізген дұрыс.
2. Іс-әрекет түрі бойынша: ұжымдық, топтық, фронталды, дербес.
Білім алушыларды осы тәртіп бойынша жұмыс істеуге үйрету қолайлы
болып саналады. Алдымен тұтас сынып, содан соң жекелеген топтарда және


Page 20


20
оқушылардың ішінен таңдап сұрақтар қою тәртібі. Ол оқушылардың өздік
жұмыстарын белсендендіреді.
3. Мақсаты бойынша: эмоциялық.
Ол оқу материалын эмоциялық тұрғыдан қабылдау, көңіл күйді бағалайды.
Бұл «ұнады/ұнаған жоқ, қызықты/қызық емес, көңілді болды/көңілсіз» санатына
жататын рефлексия. Рефлексияның мұндай түрі мұғалімге сыныптың жалпы
көңіл-жайын бағалауға мүмкіндік береді. Сабақтан соң оң позитивтің көп болуы,
сабақ тақырыбының түсінікті болғанын дәлелдейді [18].
Рефлексияның бірқатар тәсілдерін ұсынамыз:
«Армандар ағашы». Білім алшыларға өздері үміттенген және күмәнданған
ой-пікірлерін жазған «алмаларына» қайтадан назар салу ұсынылады. Олар
орындалмаған үміттері мен күмәнді ойларын жазған «алмаларды» шешіп алады.
Егер «денсаулық» ағашы жасыл алмамен көмкерілген болса, онда сабақтың алға
қойған мақсат-міндеттеріне қол жеткізілді деген сөз. Ал сары алмалар болса, онда
сабақ ойдағыдай өткізілмеген деуге болады.
«Қанаттар мен тістер». Мұғалім сабақ басында неден үміттенетіні және
неден қауіптенетінін жазған өз «құстары» мен «қолтырауындарына» қайта назар
салуды ұсынады. Олар қабырға қағаздан (ватманнан) орындалмаған үрейлері мен
орындалмаған армандарын «шешіп» алады. Құстар қалған болса – сабақ жақсы
деңгейде өткен және оқушылардың үміттері орындалған. Қолтырауындар қалған
болса, келесі жолы сабақ жақсы деңгейде өту үшін не істеу керек екендігін
талқылау қажет. Мұғалім қалыптасқан жағдайды ой елегінен өткізіп, сыныптың
психологиялық келбетін анықтайды және басқа оқушылармен жүргізілетін
жұмыстарға түзетулер енгізеді.
«Табыс баспалдағы». Сабақтың соңғы бөлігінде мұғалім оқушыларға өзінің
сабаққа қатысу және қарым-қатынас орнатуға қанағаттану деңгейін, өзінің
топішілік жұмысқа қосқан үлесін бағалауды және «Табыс баспалдағы» қағазына
жазуды ұсынады. Оқушылар «Табыс баспалдағы» атты қабырға газетіне келіп,
қажет деген жерге карточкаларды жапсырады. Содан соң, алған нәтижелерді
оқушылармен талқылап, олардың өздерін жоғары, ортаңғы және төменгі
баспалдақтарға қою себептерін талдайды.
«Көп қабатты тоқаш». Мұғалім мен білі алушылардың оқу іс-әрекеттерін
өздік бағалаулары мен талдаулар. Тоқаш «қабаттары» рефлексия түріне
байланысты әртүрлі болуы мүмкін: көңіл-күй және эмоциялық жағдай
рефлексиясы, іс-әрекеттер рефлексиясы, оқу материалы мазмұнының
рефлексиясы.
«Бағдаршам». Білім алушылардың көзқарастары бойынша сабақты бағалау
көзқарастарын айқындайтын карточканы таңдайды: жасыл – жақсы, сары –
орташа, қызыл – теріс. Содан соң оны қабырға қағазға (ватманға) жабсырып,
түстері бойынша топтастырады. Нәтижесінде сабақтың өту барысын сипаттайтын
сурет пайда болады.
«Смайликтер». Сабақтағы дербес жұмысты, сабақтың басында жүктелген
міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесін, өзі күткен нәтижелер орындалды ма, жоқ
па, жалпы сабақ ұнады ма, соны бағалауға мүмкіндік береді.


Page 21


21
«Мадақтау, қолдау көрсету» – бұл оқушылардың бір-бірін бағалауда және
рахмет айту кезіндегі сезімдері, мақтаулары, мұғалімге айтқан рахметтері.
Сабақты бұл нұсқамен аяқтау, әрбір тұлғаның сабақтағы қажеттілігін
қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
«Үш тұлға». Мұғалім білім алушыларға үш адам бейнеленген (көңілді,
бейтарап, көңілсіз) карточкаларды көрсетеді. Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес
келетін суретті таңдауы керек.
«Ал егер…?» тәсілі. Бұл тәсіл рефлексия кезеңіне «Ал егер ...» деп
басталатын сұрақтарды енгізуді ұсынады. Ондай сұрақтар білім алушыларға
оқыту процесіне басқа көзқараспен қарауға, өз ұсыныстарын айтуға, сол арқылы
ойлану жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
Сұрақтардың біріне берілетін дәйекті жауаптар:
1. Сіз сабақтан не күттіңіз және соңында не болды?
2. Сабақтың қай кезеңдері сәтті болды және неге?
3. Осындай жұмыс түрінен пайда болды ма?
4. Сабақ кезінде нені жақсы орындадыңыз және іс-әрекеттердің қайсысы
сәтті орындалды?
5.Сабақ кезінде туындаған басты мәселелер мен қиындықтарды атап
шығыңыз. Оларды қалай шешуге болады?
6. Сіздің атқарған іс-әрекеттеріңізді қандай критерийлер негізінде бағалауға
болады?
Жауаптың түрлі нұсқасын талап ететін сұрақтар:
1. Неге қиын болды?
2. Сабақтан не алдыңыз, қандай жаңалық аштыңыз?
3. Сабақтан күткен үміттеріңіз орындалды ма?
4. Сабақ қандай мәселе төңірегінде ойлануға мәжбүрледі?
5. Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
Рефлексия білім алушыға өзі жүріп өткен жолды ғана емес, алған
тәжірибесін жүйелеуге, өзі қол жеткізген жетістіктерді өзге білім алушылармен
салыстыруға, олардың құрылу логикасын пайымдауға көмектеседі. Әсіресе іс-
әрекет рефлексиясына баса назар аударып, оны сабақтың соңында жүргізу керек.
Мұғалім бұл жерде ұйымдастырушы қызметін атқарып, білім алушылар басты
рөлде болады.
Егер білім алушы келесі жағдайларды түсінетін болса:
- ол белгілі бір тақырыпты не үшін игеретінін, оның болашақта қаншалықты
қажет екендігін;
- нақты бір сабақта қандай мақсаттарға қол жеткізу керек екендігін;
- ортақ іске өзі қаншалықты үлес қоса алатындығын;
- өзінің және өз құрбыларының қосқан үлесін дұрыс бағалай алатын болса,
онда оқыту процесі әлдеқайда қызықты болып, білім алушыға да, мұғалімге де
жеңіл болар еді.
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарындағы тиімді қимыл -қозғалыс
белсенділігін қалыптастыру. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту мақсаттарына қол
жеткізудің басты құралы болып табылмақ. Ойын әдісі білім алушының жасына,
жынысына, денелік дамулары мен денсаулық жағдайларына сәйкес келетін білім


Page 22


22
жүйелерін қалыптастыруға, адам ағзасының қызмет ету мүмкіндіктерін
жетілдіруге, туа біткен және жаңадан қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын
дамытуға арналған тиімді де, қолжетімді әдіс болып табылады.
Аталған жағдай білім берудің жаңарған жүйесінде өзекті болып саналады.
Себебі ойын әдісі дегеніміз, білім алушының белсенділік деңгейіне әсер ету әдісі.
Негізгі дене сапаларын дамытуға арналған түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері мен
тапсырмаларды орындау процесі білім алушылардың құлшыныстары, эмоциялық
көңіл-күйлері, қимыл-қозғалыс және шығармашылық белсенділігімен тығыз
байланысты, сондай-ақ, аталған процесс білім алушылардың өз әрекеттерін
дербес ұйымдастыруларына ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің басқа түрлерімен салыстырғанда, қозғалмалы ойындар,
жарыс элементтерінен құралған ойын түріндегі тапсырмалар өсуші ағзаның
қажеттілігіне сәйкес келеді және білім алушының денелік, ақыл-ой тұрғысынан
үйлесімді дамуына жан-жақты әсер етеді. Білім алушылардың ойын кезіндегі
белсенділігі, құлшынысы мен шығармашылық іздемпаздығы осыған дәлел. Ойын
түріндегі тапсырмаларды таңдаған кезде, төмен жастағы білім алушының «ойнау»
және «үйрену» түсініктеріне басқаша қарайтындығын ескерген дұрыс. Ал
оқушылардың жастары ұлғайған сайын, ойын түріндегі тапсырмалар мен ойындар
біртіндеп спорттық іс-шараларға ұқсай бастайды.
Тапсырмалар мен ойын түрлерін таңдау бірінші кезекте сабақтың алдына
қойылған міндеттерге байналысты. Сондай-ақ, білім алушыларға берілетін
қимыл-қозғалыс әрекеттерінің күрделілік деңгейі де маңызды. Күш салуды,
ойлануды қажет етпейтін және өте қиын тапсырмалар білім алушылардың
қызығушылықтарын төмендетеді. Тапсырманың күрделілік деңгейі оқушылардың
дайындық деңгейлеріне байланысты болуы керек. Мұғалім білім алушылардың
қандай әрекеттерді орындай алатындарын және нені орындай алмайтындарын
анық білуі керек. Мәселен, егер оқушыларға эстафетаны беру әдістері
үйретілмеген болса, оларға эстафеталық таяқшаны «дәлізде» беру секілді
тапсырмаларды берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, егер оқушылар акробатика
элементтерін әлі үйренбеген болса, оларға эстафетаны аунау және домалау
арқылы беру түріндегі тапсырмаларды беруге болмайды. Сабақ кезінде өткізілетін
ойынды таңдау оқушылар саны, сабақ өткізілетін орын (спорт залы, спорт
алаңқайы) және мұғалімнің қандай құрал-жабдықтар қолданатынына байланысты.
Дене шынықтыру сабақтарында шешілетін міндеттердің әртүрлі болуы да
қолданылатын оқу материалының сипатына әсер етеді. Қозғалмалы ойын кезінде
бойға сіңірілген дағдылар мен біліктіліктер жақсы болу үшін, сол ойындар мен
ойын түріндегі тапсырмаларды жүйелі түрде қайталап отыру маңызды. Себебі, әр
ойнаған сайын белгілі бір қимылдарды орындау арқылы, оның тиімді жолдары
табылады. Қуып жете алмаған, тартып ала алмаған, тұтқын немесе жетекші
рөлінде болып көрмеген оқушының келесі сабақта сол іс-қимылдарды
орындауына мүмкіндігі болады.
Қозғалмалы ойындар және сынып жоғарылаған сайын өткізілетін
командалық спорт ойындары – дағдыларды, адамгершілік-жігер қасиеттерін,
ойын кезіндегі әділ бәсекелестікті шыңдайтын ең тиімді құрал. Ойын түріндегі
тапсырмаларды, қозғалмалы немесе спорт ойындарының түрлерін таңдаған кезде,


Page 23


23
оқушылардың әлеуеттерінің тең болу керек екендігі ескерген дұрыс, сонда ойын
қызықты өтеді.
Ойын ережесін түсіндіруді білім алушылар сапта тұрғанда және
командаларға бөлінгенде өткізген дұрыс. Белгілі бір тапсырманы орындау
ережесін түсіндіруді әртүрлі әдіспен өткізуге болады: мұғалімнің көрсетуі, сызба-
үлгілерді немесе карточкаларды көрсету, мүмкіндік болса интерактивті нұсқамен
көрсету. Ұсынылған қимыл-қозғалыс әрекетін орындаудың мақсаты не екендігін,
өткізілейін деп жатқан қозғалмалы ойынның қандай пайдасы бар екендігін білім
алушылар білулері керек. Білім алушыларды ойын мәнін сыни тұрғыдан талдап,
өзінің ойын кезіндегі әрекеттерін ой елегінен өткізуге тәрбиелеу керек.
Сұрақтарға жауап берген соң, ойын ережесін түсіндіру процесі аяқталады.
Ойынның кез келген түрін өткізген кезде алға жүктелген білім беру және
тәрбиелеу міндеттерін шешу үшін ойын процесін басқара білу маңызы.
Төрешімен салыстырғанда, ойын жүргізушісінің құқығы басымдау. Ол ойынды
тоқтатып, білім алушылардың әркеттерін дұрыс орындаулары бойынша нұсқаулар
бере алады. Сонымен қатар, ол білім алушылардың құлшыныстарына шектеу
қоймайды және әділ төреші қызметін атқарады. Жүргізушінің атқаратын қызметі
ойынды бастап беру ғана емес, ол сонымен қатар ойынды дұрыс мөлшерлеп,
уақытында аяқтаушы болып табылады. Жүргізуші қызметін мұғалімнің өзі
(таныстыру процесі жүріп жатқан кезде), жасы үлкен білім алушы (жарыс
өткізген кезде), өзін жақсы ұйымдастырушы ретінде көрсете алған білім алушы
(топтық немесе командалық әрекеттерді ұйымдастырған кезде) атқара алады.
Сабақ кезіндегі денелік және эмоциялық жүктемені реттеу үшін келесі тәсілдерді:
ойынның ұзақтығы мен қайталану мөлшерін өзгертуді; алаңның көлемін ұлғайту
немесе кішірейтуді; ойын ережесін күрделендіру немесе жеңілдетуді; салмағы
және көлемі үлкен немесе шағын құралды пайдалануды; қысқа мерзімді үзілістер
жариялауды қолдануға болады.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – ойын әркеттері орындалып жатқан
кезде, оған қосыла білу. Ол ойынның озық үлгісін көрс ету керек болған кезде
ойынға араласуына болады. Ойын кезінде білім алушыларды, яғни ойыншыларды
тежеп отыру қажет. Себебі ойын кезінде ойыншыларда ойыннан ләззат алумен
негізделетін, өздігінен «от алатын» механизм іске қосылады. Өткізіліп жатқан
қозғалмалы ойындардың психологиялық райын қадағалап отыру маңызды. Білім
алушылардың бір-біріне сөз қайтаруларына, өрескел қимылдар жасауларына жол
бермеу керек. Білім алушылар ойыннан қажыған кезде емес, ойын әрекеттеріне
қанағаттанған кезде аяқтауға белгі беру керек. Ойынды «Ойынның аяқталуына бір
минут қалды», «Бір ұпай алғанға дейін ойнаймыз», «Соңғы әрекет!»,-деген
ескертпе сөздермен тоқтатуға болады. Сонымен қатар, білім алушылар күтпеген
кезде ойынды аяқтау да теріс реакцияны, ойын барысына қанағаттанбауға әкеліп
соғатындығын айтып кеткен дұрыс.
Ойын жаттығуларын орындау, қозғалмалы немесе жеңілдетілген
ойындарды талдау, нәтижелерді және жіберілген қателерді анықтаудың да
маңызы жоғары. Қорытындылыған кезде және рефлексия кезінде ойын
әрекеттердің жылдамдығын ғана емес, орындалу сапасын да ескеру қажет. Білім


Page 24


24
алушылардың өз әрекеттерін, командаластары мен қарсыластарының әрекеттерін
бағалау, алаңда үздік өнер көрсеткендерді атап өту де маңызды.
Оқу процесінде қолданылатын қозғалмалы ойындар сан -алуан және
олардың ішіндегі бірнешеуін атап өтуге болады:
- өзара бірігіп әрекет өтуге арналған тартымды ойындар (логикалық
ойлануға арналған және т.б.);
- түрлі оқиғаларға толы және команда құруды қажет ететін ойындар
(оқушылардың өздері ұйымдастыратын, яғни «көше» ойындары, жарыс
сипатында өткізілетін ойындар);
- басып кіру сипатындағы ойындар (спорт ойындарындағы тактикалық
әрекеттерге үйрету);
- жаңартылған командалық ойындар (спорт ойындарындағы әрекеттерді
үйретуге арналған жеңілдетілген ойындар).
Ойын түріндегі тапсырмалар, қозғалмалы ойындар және жеңілдетілген
ойындарды таңдауға келесі талаптар қойылады:
- ұсынылып отырған іс-әрекеттер оқушының бойында жаңа түсінік
қалыптастыруы керек;
- білім алушының бойында кеңістікті сезіну және уақытты дұрыс өлшей
білу, жиі өзгеретін жағдайға жылдам бейімделу қабілеттерін дамытуы керек;
- ойын мазмұны бағдарлама материалдарының ерекшеліктеріне сәйкес келуі
керек;
- тапсырманың қиындық дәрежесі игерілген біліктілік пен дағды
деңгейлеріне сәйкес келуі керек.
Ойындарды ұйымдастырған және өткізген кезде келесі ережелерді сақтау
керек:
- ереженің қарапайымдылығы және қолжетімдігі;
- білім алушылар ойынның белсенді қатысушысы болуы керек;
- білім алушылардың өміріне ешқандай да қауіп төнбеуі тиіс;
- қолтанылатын спорттық құралдардың қауіпсіздігі;
- ойын ережесі білім алушылардың ар-ождандарына нұсқан келтірмеуі
керек.
Қозғалмалы ойындар, ойын түріндегі жаттығулар және жеңілдетілген
ойындар [19].
ЖДЖ және жеңіл атлетика элементтерінен тұратын ойындар
(2-сур. (4 жаттығулар)
«Сынып, тік тұр!». Білім алушылар бір қатарда тұрып мұғалімнің «сынып»
деп бастап беретін пәрмендерін орындаулары керек. Мысалы, «Сынып, қол
алға!», «Сынып, отыр!». Егер мұғалім «Қол алға!», «Отыр!» деген пәрмен берсе,
оқушылар оларды орындамаулары керек. Қателік жіберген білім алушы бір адым
алға жасайды да, ойынды жалғастыра береді. Саптан көп алға шығып кеткен білім
алушы жеңілген боп саналады.
«Бос орын». Ойыншылар шеңбер құрып орналасады. Ойынды бастаушы
шеңбер бойымен қозғала отырып, оқушылардың бірінің иығына қолын тигізеді
де, шеңбер айналып қашады. Иығына бастаушының қолы тиген ойыншы


Page 25


25
шеңберді кері бағытта айнала жүгіріп, бастаушыдан бұрын өз орнына тұруы
керек. Орынсыз қалған ойыншы бастаушы болып тағайындалады.
«Аяғын жерге тигізбей қуыспақ «аяқсыз қашпақ». Кәдімгі қуыспақ
(қашпақ) тәрізді ойнайды, тек аяғы жерге тимей тұрған адамды (орындықта
тұрған, гимнастикалық қабырғаға шығып кеткен және т.с.с). ұстауға болмайды.
«Допқа тигіз». Алаңда доп лақтыратын сызық сызылады. Сызықтан 4-5
метр жерге, гимнастикалық орындықтың үстіне үлкен доп қойылады. Ойыншылар
екі командаға бөлінеді. Ойыншылар кезектесе отырып (алдымен бір команданың
ойыншысы, содан соң екінші команданың ойыншысы) шағын допты үлкен топқа
лақтырып, оны құлатуға тырысады. Әрбір тигізгені үшін командаға ұпай беріледі
және көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Кім озады?». Ойыншылар 4-5 командаға бөлініп, сызық бойына өз
команда ойыншыларымен қол ұстасып бір қатарға тұрады. Мұғалімнің бұйрығы
бойынша барлық команда ойыншылары белгіленген сызыққа дейін бір аяқпен
секіреді. Сызыққа бірінші боп жеткен команда жеңіске жетеді.
«Алдыңғыны қуып жет». Сынып 2 командаға бөлінеді және бір- бірінің
артынан екі қатарға орналасады. Қатар аралығы 2-3 метр. Бірінші қатардың
алдынан 30-40 метр жерге сызық сызылады. Мұғалімнің белгісі бойынша екі
команда да сызыққа қарай жүгіреді. Артқы шептегі ойыншылар алдындағыларды
қуып жетіп ұстауға тырысады. Сызыққа дейін ұсталған ойыншылар сол жерде
тоқтап, қолдарын көтерулері тиіс және олардың саны есептеледі. Содан соң,
командалар орындарымен алмасады. Жүгіру қалпын түрлендіруге болады: биік
және төмен мәрелік қалып, отырған қалыптан жүгіруді бастау, жүрелеп отырып
бастау, етпеттен жатқан қалыптан бастау және т.с.с.
«Үшінші артық». Барлық ойыншылар шеңбер бойымен жұпастып, бір-
бірінің арттарынан тұрады. Шеңбердің сыртында екі ойын бастаушысы: біреуі
қашады, екіншісі қуады. Қашып жүрген ойыншы құтылып кету үшін кез келген
жұптың алдына келіп тұра қалуы тиіс. Жұп құрап тұрған ойыншылардың артқысы
қашады да, қуушы оны қуа жөнеледі. Қуушы ойыншы қашып жүрген ойыншыны
ұстап алса, олар рөлдерімен ауысады.
«Ақ аюлар». Ойынға 15-тен астам ойыншы қатысуға болады. 2-3 ойыншы
қол ұстасып, тізбек құрады: олар «ақ аюлар». Олардың міндеттері – қалған
«пингвиндерді» шеңбермен қоршап алу. Ұсталған «пингвин» «ақ аюға» айналады.
Ойын ең соңғы пингвин ұсталғанға дейін жалғасады.
«Допты жіберіп алма». Ойынға қатысушылар шеңберге тұрып, қолдарын
бір-бірінің иықтарына қояды. Ойынды бастаушы шеңбердің ортасында тұрады,
аяғының астында доп. Бастаушының міндеті – допты теуіп, шеңберден шығарып
жіберу. Ойыншылардың міндеттері – допты шеңберден шығармай, бастаушыға
қайтару. Қолды босатуға болмайды. Ойынды бастаушыға да, шеңберден тұрған
ойыншыларға да сызықтан асуға болмайды. Егер доп қолдан немесе бастан асып
кетсе соққы саналмайды. Ал доп аяқ аралығынан өтіп кететін болса, бастаушы
ұтқан болып саналады. Ол шеңбердегі ойыншыларға қосылып, оның орнына
допты жіберіп қойған ойыншы тұрады.
«Алысқа лақтыр, жылдамырақ жина». «Лақтырушылар» мен
«жинаушылар» командасы сайысқа түседі. Екі команда да бір сызық бойына


Page 26


26
орналасады. Олардың алдыларына лақтырушылар жүгіріп бара алатындай екінші
сызық сызылады. «Лақтырушылардың» қолдарында салмағы 150 гр доп. Бірінші
белгі бойынша «лақтырушылар» жүгіріп келіп, доптарын лақтырады. Екінші белгі
бойынша «жинаушылар» жылдам жинау үшін жан -жаққа жүгіріп, доптарды
жинауға кіріседі. Жүгіруді бастағаннан бастап, соңғы «жинаушы» мәре
сызығынан өткенге дейінгі уақыт есепке алынады. Жүгіруді ерте бастап
қойғандарға 5 секундтық айып уақыты қосылады. Содан соң, ойыншылар
орындарымен ауысады. Доп жинауға аз уақыт жұмсаған команда жеңімпаз
атанады.
«Атыспақ». Ойын волейбол алаңында немесе көлемі жағынан соған ұқсас
алаңда өткізіледі. Екі беткі сызықтан 1 метр жерге «тұтқындарға» арналған сызық
сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, әрқайсысы өз алаң бөлігіне еркін
орналасады. Әр командадан бір капитаннан тағайындалады және олар қарсылас
команданың тұтқындарға арналған сызығына аса орналасады. Капитандардың бірі
допты лақтырады (кімнің лақтыратыны жеребе бойынша анықталады).
Ойыншылардың бірі допты қағып алған жағдайда, допты тигізу үшін қарсылас
команданың ойыншыларына лақтырады. Өзіне доп тиген ойыншы қарсы алаң
бөлігіндегі тұтқындарға арналған сызыққа, өз капитанының жанына орналасады
және сол жерден қарсыластың ойыншыларына қарсы ойынды жалғастырады. Егер
ол ұшып келе жатқан допты секіріп қағып алса, онда қарсыласқа тигізуге
тырысады. Осылайша допты лақтыру тәртібі өзгеріп отырады және алаңдағы
ойыншылар саны азая береді. Ойыншылардың барлығына доп тиген кезде ойынға
капитандар кіріседі және ойын олардың біріне доп тигенге дейін жалғасады.
Ойынды аяқтаудың басқа нұсқасын ойлап табуға болады:
- 10-15 минут ойнау;
- алаңда қалатын ойыншылар саны.
«Пойыздар эстафетасы». Ойыншылар командаларға бөлініп, колоннамен
бір-бірінен 3-4 адымға орналасады. Белгі бойынша өз колоннасында бірінші
тұрған ойыншылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, өз орнына келеді де,
келесі ойыншымен қол ұстасып жүгіреді. Жүгіруді өз пойызымен бірінші боп
жүгіріп өткен команда жеңімпаз атанады.
Эстафеталар
«Сызықтық эстафета». Ойыншылар 6 -8 адамнан 2-4 командаға бөлінеді.
Командалар колоннамен, бір сызық бойына орналасады. Әр команданың алдына
10-15 метр жерге ұршық (фишка) орнатылады. Ойыншылар эстафета кезінде
ұршықты айналып жүгіреді немесе өзімен алып жүгірген заттарын ұршықтың
орнына қояды да, өз командасына қарай жүгіреді. Ысқырық бойынша бірінші
тұрған ойыншылар жүгіруді бастайды. Олар өз колоннасына қайтып келіп, қолын
келесі ойыншыға тигізеді немесе бір затты береді. Ойынды аяқтаған ойыншы өз
колоннасының соңына барып тұрады да, кезекті ойыншы жүгіруді бастайды.
Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз атанады.
«Доппен өткізілетін эстафеталар»
1. Екі баскетбол добын еденнен серпе қозғалу.
2. Үш допты тасымалдап жүгіру (баскетбол, волейбол немесе теннис
доптарын).


Page 27


27
3. Доппен кенгуру тәсілімен жүгіру: ойынға қатысушы допты екі аяқ
аралығына қысып, екі аяқпен секіре жүгіреді.
4. Допты жұпасып тасымалдау. Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы, допты
іштерімен қысып тұрады. Аяқтарын тіркестіре қозғалып, белгілі бір қашықтықтан
өтулері керек және допты түсіруге болмайды.
5. Таяқшалармен өткізілетін эстафета. Ойынға қатысушылар бір-біріне
қарама-қарсы орналасады. Қолдарында екі гимнастикалық таяқша, ал таяқшаның
үстінде доп. Белгілі бір қашықтықты жүгіріп өте отырып, допты түсіріп
алмаулары керек.
6. «Құрт тәрізді ирелеңдеу». Ойынға қатысушылардың бірі баскетбол
доптарына жатады және еденнен қолымен итеріле отырып алға қозғалуы керек.
Екі ойыншы допты аяғынан кеудесіне қарай қозғай отырып, оған көмектеседі.
7. Бастапқы қалып. аяқты бүгіп таянып отыру, ішке допты қойып және
допты түсіріп алмай белгіленген қашықтықты өту керек.
8. Допты үшеулеп тасымалдау. Баскетбол немесе волейбол добын үш
ойыншы маңдайларымен ұстап тұрады және допты түсіріп алмай белгіленген
қашықтықты өтулері керек.
9. «Допты хоккей». Теннис добын гимнастикалық таяқшамен соға отырып
қозғалады.
10. Тура бағытпен немесе жолға қойылған кедергілерді айналып қозғала
отырып футбол добын соға қозғалады.
«Айналымдық эстафета». Эстафетаны спорт алаңында өткізеді. Жүгіру
жолдарын 30-60 метрлік кезеңдерге (этаптарға) бөледі. Ойынға қатысушылар 2-4
командаға бөлінеді. Әр команданың ойыншылар өз этаптарына орналасады.
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіру басталып, бірінші этаптың жүгірушісі
эстафетаны екіншіге береді және жарыс солай жалғаса береді. Бірінші боп
мәреден өткен команда жеңімпаз болып табылады.
«Қарама-қарсы эстафета». Оқушылар 2-4 командаға бөлінеді. Әр команда
екі топқа бөлініп, белгілі бір қашықтыққа бір-біріне қарама-қарсы орналасады.
Эстафетаға қатысушылар өз тобында орындарымен ауысып болғанша жүгіріп,
тапсырмаларды орындайды. Қайта сап құрады, бірінші аяқтаған команда жеңіске
жетеді.
Гимнастика элементтерінен тұратын ойындар
«Желаяқтар». Оқушылар гимнастикалық кілемшенің шетіне (сөрелік
сызық) бір қатарға орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша алға еңкейіп,
аяқтарын тобық тұсынан қармай ұстап (тізелерін бүкпей) тепе-теңдік сақтай
отырып, алаңның қарсы бетіне қозғалады. Дұрыс және жылдам қозғалған
ойыншы жеңімпаз атанады.
«Жорғалаушылар». Оқушылар 2 командаға бөлінеді және колоннаға тұрып
сөре сызығына орналасады. Әр команданың алдына 10 метр жерге нығыздалған
доп қойылады. Ысқырық бойынша оқушылар аяқтарын бүгіп еденге отырады. Әр
ойыншы артында отырған ойыншының тілерсегінен ұстап, аяқ және
жамбастарымен итеріле отырып алға қозғалады (құрт тәрізді). Солайша
нығыздалған допты айналып, артқа қайтады.


Page 28


28
«Шаяндар мен аулаушы». Ойыншылар (шаяндар) еденге (гимнастикалық
кілемшеде) жамбастарымен отырып, қолдарымен арттарынан таяна отырып
қозғалады, ал ойынды жүргізуші (аулаушы) төрттағандап қозғалып, оларды
ұстауға тырысады. Отырып жинақталған (группировка) немесе жүрелей таянып
отыруды дұрыс орындаған ойыншыны ұстауға болмайды, ал ұсталып қалған
ойыншы аулаушының рөлін атқарады. Ойын барлық шаяндар ұсталғанға дейін
жалғасады.
«Ең таңдаулы». Ойыншылар кезекпен акробатикалық жолақшада немесе
гимнастикалық құралдарда жаттығуларды орындайды. Келесі ойыншыға әрекетті
қайталауға болмайды (ол үшін айып ұпайы беріледі). Алуан түрлі жаттығулар
жасаған және аз қателік жіберген ойыншы жеңімпаз атанады.

2-сурет. ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) элементтері және жеңіл
атлетика элементтерінен тұратын ойындар (4 жаттығу)







1-жаттығу. «Аяқты нысанаға тигізу».
Ойыншының міндеті – құм салынған
қалташықты немесе нығыздалған допты
аяғымен қысып тұрып нысанаға дәл
түсіру. Ойынды күрделендіру үшін
арақашықтықты ұлғайтуға болады
2-жаттығу. «Бармақтар сайысы».
Кішкентай домалақ шарларды немесе
ұсақ тастарды оң аяғымен оң жақтағы
ыдысқа, сол аяғымен сол жақтағы
ыдысқа жылдам салған ойыншы
жеңімпаз атанады










3-жаттығу. «Гимнастикалық қуыспақ».
Қуушы өзін ұстап алмау үшін белгілі бір
гимнастикалық қалыпты ұстау керек: жартылай
шапагат, тепе-теңдік сақтау, жүрелей отыру және
т.с.с.

4-жаттығу. «Кішкене науа». Бастапқы
қалып (б.қ.): бірінші және соңғы
ойыншылардан басқаларының барлығы
жүрелей отырады. Бірінші «Домала» деген
пәрмен береді де, бір мезгілде аунап жатқан
ойыншылардың жанынан қолындағы допты
домалатады және оны соңғы ойыншы қағып
алады да, колоннаны айнала жүгіріп
біріншінің орнына тұрады, ал бірінші б.қ
қабылдайды

Волейбол ойынын үйретуге арналған ойындар және ойын түріндегі
жаттығулар


Page 29


29
Ойын түріндегі жаттығулар:
1. Жұптасып орындалатын жаттығулар.
- бірінші ойыншы екінші ойыншыға допты төменнен екі қолымен қағып
алатындай етіп лақтырады, допты қабылдаған ойыншы дәл солай бірінші
ойыншыға лақтырады;
- бірінші ойыншы допты 1-1,5 метр сәл солға немесе оңға лақтырады, екінші
ойыншы алға ұмтылып, допты бас деңгейінде қағып алуы керек және кері
қайтарады да, бастапқы қалыпты қабылдайды;
- бірінші ойыншы допты екінші ойыншыдан 1-1,5 метр жерге сәл оңға
немесе солға лақтырады. Екінші ойыншы бір бүйірге, алға, артқа ұмтылып допты
қағып алуы керек. Ойыншылардың ұмтылу қимылын уақытылы орындауына
назар аудару керек.
- ойыншылар бір- бірінен 3-5 м жерге орналасады және допты төмен, орташа
және биік траекториямен лақтырады. Доптың ұшу траекториясына қарай қолдың
еңкею бұрышы өзгеретіндігіне ойыншылардың назарын аудару керек: траектория
қаншалықты төмен болса, қолдың еңкейу бұрышы соншалықты көп болады.
2. Екі колоннаға орналасып, допты бір- біріне бағыттау. Дәл солай, тек
тордан асыра орындау.
3. «Кім дәлірек?» Екі команда колоннаға тұрып, қабырғадан 5 метр жерге
орналасады. Қабырғаға 2×2 шаршы сызылған. Екі команданың ойыншылары
кезектесе отырып допты соғады (соғу әдісін мұғалім айтады) және шаршыға
тигізуге тырысады да, колонна соңына барып тұрады. Шаршыға көбірек тигізген
команда жеңімпаз атанады.
4. «Әткеншек (айналма ойын орны)». Екі команда ойыншылары екі шеңбер
құрып орналасады. Шеңбердегі ойыншылар бір- бірінің артынан, 2 метр
қашықтыққа орналасады. Белгі бойынша әр команданың бір ойыншысы допты
жоғары лақтырады да, шеңбер бойымен жүгіреді, ал оның орнына келесі ойыншы
келеді және допқа жерге түсуге мүмкіндік бермей қағып алады. Содан соң, дәл
солай жоғары лақтырады да, алға жүгіріп кетеді. Допты аз түсірген команда
жеңімпаз атанады.
Жеңілдетілген (қорытынды)ойындар
«Бер де, шық». Ойынға қатысушылар беткі сызыққа бір-бірінен 4 метр
жерге жұпастып орналасады және бір бүйірмен қозғала отырып, допты бір-біріне
береді.
«Допты келесіге беру». 6-8 ойыншы шеңбер құра орналасады, бір ойыншы
шеңбер ортасында. Белгі бойынша ойыншылар допты бір-біріне бере бастайды, ал
ортада тұрған ойыншы допқа қолын тигізуге тырысады. Допты түрлі бағытпен
беруге болады. Қолын допқа тигізген ортаңғы ойыншы, сол ойыншының орнына
шеңберге тұрады, ал ол ойыншы ортаға кіреді және ойын жалғасады.
«Тордан асыр». Ойын волейбол алаңында өткізіледі. Ойыншылар екі
командаға бөлініп, ал олар тағы екі топқа бөлінеді және алаңның екі жағына бір-
біріне қарама-қарсы колоннаға орналасады. Белгі бойынша алаңның оң
жағындағы колоннада бірінші тұрған ойыншылар допты екі қолымен жоғарыдан
тордан асырып, өз командаласына береді және өзі колоннаның соңына барып
тұрады. Қарсы беттегі оқушы да дәл солай қайталайды.


Page 30


30
«Доп беру эстафетасы». Екі команда қарама-қарсы колоннаға, бір-бірінен
8 метр қашықтыққа орналасады. Белгі бойынша бірінші ойыншы допты еденге
соғып, өзі карсы тұрған колоннаға қарай жүгіре қозғалады. Қарсы тұрған
колоннаның бірінші ойыншысы еденнен серпілген допты қағып алып қарсы
беттегі екінші балаға жоғарыдан (төменнен) екі қолымен бағыттайды. Ойын
уақытқа өткізіледі.
«Мергендер». Командалар беткі сызыққа, бір қатарға орналасады. Екі
команданың бір ойыншысы көп ұпай жинау үшін, допты ойынға қосу әрекетін
санмен белгіленген шаршыға орындайды. Шаршыдағы санға сәйкес командаға
ұпай беріледі және көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Қозғалмалы нысана». Ойыншыла р шеңберде тұрып волейбол добын
шеңбер ішіндегі жүргізушіге тигізуге тырысады. Соққыны волейбол соққысын
орындаған кездегідей, бір қолмен орындау керек. Қателескен ойыншы ортаға,
жүргізушінің орнына кіреді.
«Қамалды қорғау». Ойыншылар шеңберге орналасады, шеңбердің
ортасында қамал (үшбұрыш құрайтын, жіппен байланған үш гимнастикалық
таяқшалар), ал шеңбердің ішінде сол қамалды қорғаушылар. Шеңберде тұрған
балалар волейбол добын қамалға лақтырады. Қамалды құлатқан ойыншы
қорғаушы қызметін атқарады.
«Пионерболды екі доппен өткізу». Ойыншылар екі командаға бөлініп
волейбол алаңына орналасады, ал командалар арасында биіктігі 2 метрлік тор.
Ойыншылардың міндеттері – допты қарсылас алаңына түсіру. Әр команда екі
доптың да бір мезгілде қарсылас алаңына түсіру үшін әрекет етеді. Доппен екі
адым жасауға, бір-біріне беруге болады. Қателіктер: лақтырған доптың алаңнан
тыс жерге түсуі, тордың астынан өтіп кетуі. Ойын 10 ұпай алғанға дейін
жалғасады. Алаңға екі доп бір мезгілде түскен кезде және команда қателік
жібергенде ұпай беріледі.
«Шағын волейбол». Көлемі 6×12- ден 9×18 дейінгі көлемдегі алаңға биіктігі
2 метрлік тор тартылады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, алаңның екі бөлігіне
еркін орналасады. Ойыншылардың бірі допты тордан асыра лақтырады.
Қабылдаушы команданың ойыншылары бір-біріне допты бес рет бере алады және
соңғы әрекеттен соң соққы жасап қарсы бетке өткізулері керек. Ойын доп жерге
түскенше жалғасады. Допты жерге түсіріп алған немесе алаңнан тыс жерге
шығарып жіберген командаға 1 айып ұпайы беріледі. Ойын командалардың бірі
15 айып ұпайын алғанға дейін жалғасады. Бес әрекеттен аз жасап, допты қарсы
жаққа бағыттау қателік болып саналмайды.
«Волейбол ойынынан шығып қалу». 6-8 ойыншыдан бөлінген екі команда
алаңның екі жағына еркін орналасады және мұғалімнің белгісі бойынша ойын
жалғасады. Төреші бір команданың үш қателік жібергенін анықтап, соңғы қателік
жіберген ойыншыны ойыннан шығарады. Ойыншылар саны азайған команда
қарсыластарына қарай допты соғып, ойынды бастайды. Егер ойын кезінде тағы
қателік жіберілетін болса, алаңнан бір ойыншы қуылады. Екі команданың да
адамдар саны азая бастаған кезде ойын шарты өзгереді: кезекті үш қателік
жіберген команда ақылдаса келе алаңнан бір ойыншысын қуады ма, жоқ әлде
қарсы команданың бір ойыншысын қосып алуына рұқсат береді ме, соны шешеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!