Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ыбырай Алтынсарин 180 жаста
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: |
|
|||||||||||
Сынып жетекші: |
|
|||||||||||
Сыныбы |
8 «А» |
|||||||||||
Тақырыбы |
Қазақтың ұлы педагог – ағартушысы Ыбырай Алтынсарин 180 жаста |
|||||||||||
Мақсаты |
Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларын насихаттау арқылы оқушыларды шығармашылық мүмкіндіктерін тану |
|||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
|
|||||||||||
Қолданылатын ресурстар |
интернет ресурстары, бейнежазбалар |
|||||||||||
Көрнекі құрал-жабдықтар |
фотосуреттер, АКТ құралдары |
|||||||||||
Сабақтың өту барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушының іс-әрекеті |
||||||||||
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру |
«Менің жанымның саябағы» /әуенді терапия/ - Соқпақ жолмен жүріп келесіз … - Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз … - Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді … - Алма бағы … - Қып – қызыл алмалар қол созым жерде … - Сіз үзіп алып жей бастадыңыз … - Дәмі керемет … - Жеген сайын жегіңіз келеді … - Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз. - Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба. - Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді … - Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз … - Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты - Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз … - Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза … - Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып.... |
психологиялық ахуал қалыптасады |
||||||||||
Эпигроф |
Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз. Ы.Алтынсарин |
|
||||||||||
Бейнеролик |
«Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» |
https://www.youtube.com/watch? |
||||||||||
Кріспе сөз
|
Ыбырай Алтынсарин
(шын аты - Ибраһим, 1841-1889) -қазақтың аса көрнекті
ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам
қайраткері Дайындықсыз пікірталас-әңгіме Бұл форма мәтінсіз жұмыс жасау. Бұл форманың міндетті шарты – аудитория болатын пікірталастың тақырыбын алдын-ала білмейді. Мұндай пікірталас өзінің пікірлерінің түрлілігімен, өткірлігімен ерекшеленеді. Қиындық – барлық қатысушылардың тәртібі және әдептілігі, жүргізушінің шеттетілуі және қатаң регламент. 1. Ыбырай Алтынсарыұлының өз заманына сай ақындық өнерді меңгеруі 2. Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті тарихынан мəдениетті прозашы ретінде елеулі орын алуы 3. Көптеген əңгімелерінде жазушы қоғам өміріндегі мынадай көкейкесті мəселелерді көтеріп, жұртшылықты жаңа өмірге жетелейді: 4. Алтынсарин аудармаларының мысал жанрының қалыптасуына негіз болуы, қазақ əдеби тілінің дамуына жол ашуы 5. Ыбекеңнің аудармашылық шеберлігіне «Қарға мен түлкі» деген мысалдың мына бір шумақтарының аудармасы айғақ:
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Ертегіде қарға ірімшіктің бір бөлігін тауып алды және оны жеуге филиалға кетті. түлкі, мұны өзі үшін қалап, қарғаны әдемі деп атайды және оның дауысы дәл сондай тәтті ме екен деп ойлайды. Іргекті босатқанда, ірімшік құлап, оны түлкі жейді. Біз: «Ыбырай - ұлы педагог, Ыбырай - ағартушы», — деп жиі айтамыз. Ал осы ұлы ұстаздың сан қырлы шығармашылық жолына аса мəн бермейміз. Ол ұлылықты педагогтік қызметімен ғана емес, жазушылығы, ақындығы арқылы алып тұрғанын болашақта баса айтуымыз керек секілді. Нақтырақ айтқанда, əдебиеттен ойып орын алатын тұсы — оның халық ауыз əдебиетін терең зерттеуінде. «Цифрлы диктант» әдісі. Төменде қойылған сұрақтарға тек цифрларды жазу арқылы жауап бер. 1.Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді? 2.Қай жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды? 3. «Қырғыс хрестоматиясы» қашан жарыққа шықты? 4. Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен қай жылы бітіріп шықты? 5. Ы.Алтынсарин қай жылы дүние салды?
Қазақ халқының
тарихына есімін алтын әріппен жазған тұлғалардың бірі - Ыбырай
Алтынсарин. Аумалы – төкпелі кезеңде өмір сүрген ол білімді алдыңғы
орынға қойған дарынды ағартушы ғана емес, ақындық, ағартушылық
еңбектері бірін-бірі толықтырып тұр. Қазақтың жазба әдебиетінің,
әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі. Әдебиетке тың тақырыптар
әкеліп, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана
емес, түр жағынан да дамытты.
- Ел Президенті
Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік
сезімдерін дамытуға тиіспіз», – деп атап көрсеткен болатын.
Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсарин: «Қазақ деген –
жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының
өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше
кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз», – деген
екен. |
|
||||||||||
Қорытындылау
|
Ыбырай Алтынсарин - көрнекті ақын, дарынды жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тəрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мəселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы -қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу. Сондықтан Ыбырайдың қоғамдық-педагогикалық, жазушылық қызметі өзектес, оның ізгі, көкейтесті ойларының туындысы. Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Өмір шындығын танытар көркем проза жасады. Қазақ балалар əдебиетінің негізін салды. Өзінің шығармалары арқылы қазақ əдебиетін жанр, түр жағынан да, мазмұн-идея жағынан да ілгері бастырды. Ыбырай Алтынсарыұлы қазақтың əдеби тілінің негізін салуда да елеулі еңбек етті. Тіл тазалығы үшін күресіп, оны ұстартты. Өз туындыларында халықтық тілдің негізгі сөздік қорын пайдалана білді. Əдеби тіл принципін қатаң сақтады. Шығармаларында мақал, мəтел, нақыл сөздерді, аңыз- əңгімелерді шебер пайдаланды. Өмір шындығын халықтық стильде жазды. Сонымен, Ыбырай Алтынсарин - кемеңгер ағартушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген аса дарынды суреткер, қажырлы қоғам қайраткері. Ол заманның ең маңызды мəселелерін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы. Сөз жоқ, Ыбекең сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ол өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды Азамат. Көрнекті əдебиетші-ғалым Қ.Жұмалиев «ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті» деген ғылыми-зерттеу еңбегінде педагог-жазушыға: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мəдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дəрежесіне көтерілген əрі педагог, əрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор», - деп баға берген. |
|
||||||||||
Рефлексия |
Рефлексия: «Мен рефлексиясы» т МЕН
ү йрендім қиналдым
қайталадым әлі де білгім келеді
|
|