Материалдар / Ыбырай Алтынсарин « Бұл кім?!», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры» Рахатқызы Сауле
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин « Бұл кім?!», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры» Рахатқызы Сауле

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды. Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды .Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды. Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды . Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды. Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды. Дүние танымын қалыптастыруда ғаламтор желісі , музыкалық аспаптар, ермексазбен жұмыс, цифрлық сауаттылық бойынша дауыс жазып өңдеу жұмыстары жүргізілді. Сабақта оқытудың өмірмен байланысы мәтіндегі кейіпкерлерді талдай отырып, құралдарды пайдаланып жүзеге асырылды. Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2023
245
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Бөлім:

Ұйықта,бөпем, жата ғой.

Мұғалімнің аты-жөні

Рахатқызы Сауле

Уақыты

8.02.2023 жыл

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин « Бұл кім?!», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Сабақ мақсаттары

2.2.1.1мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/ Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Кіріспе-мотивациялық кезең.

Оқушылармен амандасу сәті.

«Рухтандыру»

«2 «А» сыныбы сәттілік!» - Алға!

Сәлеметсіз бе?!

Психологиялық ахуал




Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұрақтарды дұрыс тұжырымдауды үйренеді.


Жасырынған суретті табады.



Тыңдайды.

















Жырлармен танысады.

Сұрақтарға жауап береді.

Жырды оқиды.




Қорытынды жасайды.



Топпен жұмыс жасайды.


Ғаламтор желілері арқылы авторлар туралы мәлімет

ақпарат іздеп , таныстырады.







Техникалық құралдарды пайдаланып дыбыс жазу







Ермексаздан бесікті үлгіге қарап жасайды.





Берілген әуенге музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдеп орындайды.


ҚБ:

«Шапалақ» әдісі.

[yandex.kz]






































ҚБ:

«Шапалақ» әдісі.

[yandex.kz]




ҚБ:

«Шапалақ» әдісі.

[yandex.kz]


ҚБ:

«Шапалақ» әдісі.

[yandex.kz]

ҚБ:

«Шапалақ» әдісі.
















[yandex.kz]


[yandex.kz]



[yandex.kz]








2–4 мин

Өткенді бекіту .

  • Ертегінің кейіпкерлерін ата.

  • Ертегі қалай басталады?

  • Қасқыр не деді?

  • Ашулы жолбарыстың әмірі

  • Түлкінің айласы

  • Автор осы ертегімен не айтқысы келді?

Топпен жұмыс.

  • Суретте не көріп отырсыңдар?

[yandex.kz]

Сабақтың тақырыбын ашу

Бесік не үшін керек?

Б өбекті ұйықтату үшін қандай жыр жырлаған?

Қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклорындағы тұрмыс-салт әндерінің арасында кең тараған. Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады:

  • Сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегі.

  • Ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері .

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ. Әубәкір Ахметжанұлы Диваев- фольклоршы, этнограф.

Бесік қалай пайда болды? Аңызға сүйенсек, бесік алғаш рет Алтай мен Жетісу аймағында Айырқалпақ Айдахар бидің заманында пайда болған деседі. Айдахар бидің әкесі қазақтың дархан даласына ағаш егіп, орман отырғызған атақты Мизам Баб болған екен. Мизам баб 150 жыл өмір сүріп дала өркениетін өзінің бау-бақшасымен таң қалдырыпты. Алайда ол қайтыс болған соң, қызғанышпен қараған қытайлықтар орманды өртеп кетіпті. Бұл кезде Айдахар би алыс сапарда жүрген көрінеді. Әкесінен түсінде аян алған Айдахар би тез арада елге оралады. Нулы тоғайдың жапан далаға айналғанын көріп, қатты қапаланады. Қалған, ағаштарды сүйретіп, үйіне барады. Өмір жалғасып, Айдахар би үйленіп, өмірге сәбиі келеді. Алайда, нәресте іңгәлап жылағанын тоқтамайды. Тіпті, ең атақты емшілер де еш көмектесе алмапты. Кенеттен бала бірден жылағанын доғарады. Қараса, ақ шапан киген ақсақал Айдахар бидің әкесінен қалған ағаштарға сәбиді тербетіп, жұбатып отыр екен. Айдахар би жақындай бергенде, әлгі ақсақал көзден ғайып болыпты. Айдахар би баласына әкесінің орманына қалған ағаштан бесік жасап беріпті. Бесік көшпенді халықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналыпты. Бұл аңыздың түпнұсқасы «Салт-дәстүр сөйлейді» кітабында бар.

1-тапсырма. Ыбырай Алтынсариннің «Бұл кім?» атты өлеңімен танысамыз.

  • Ыбырай Алтынсарин кім?

Өлеңді таныстырамын. «Әлди, әлди, аппағым!»

Оқу түрлері: іштей оқу, мәнерлеп оқу, кезектесіп оқу, тізбектеп оқу.

2- тапсырма «Бесік жыры» .Мағжан Жұмабаевтың « Бесік жыры» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді таныстырамын.

Оқу түрлері: іштей оқу, мәнерлеп оқу, кезектесіп оқу, тізбектеп оқу.

  • Қандай ұқсастық көріп тұрсыңдар?

  • Жырдың құрылымын салыстыр.

Топтық жұмыс.

1-топ : Авторлар туралы мәлімет

Дискриптор:

  1. Тәртіп сақтау

  2. Гугл ашу

  3. Мағжан Жұмабаев пен Ыбырай Алтынсарин туралы мәліметтерді ғаламтордан іздеу

  4. Берілген керекті сөздерді пайдаланып мәлімет жасау

  5. Берілген бетке жапсырмалау.

  6. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау

  7. Жұмыстарын қорғау

2- топ: Техникалық құралдарды пайдаланып дыбыс жазу

Дискриптор:

  1. Тәртіп сақтау

  2. Программа ашу

  3. Өлеңді мәнерлеп оқу

  4. Презентация жасау

  5. Тыңдау

3- топ: Бесікті мүсіндеу

Дискриптор:

  1. Тәртіп сақтау

  2. Үлгіге зер саламыз.

  3. Алдымен жалпақтап тақтайшасын жасаймыз.

  4. Қос имек иін ағашын жасап жапсырмалап, аралық ағашын шиыршықтаймыз.

  5. Тербелетін төменгі бөлігін иіп жапсырмалаймыз.

4-топ : Бесік әуеніне музыка аспаптарымен сүйемелдеу

Дискриптор:

  1. Тәртіп сақтау

  2. Әуенді тыңдау

  3. Музыкалық аспаптармен сүйемелдеу. (ойнау)

  4. Әннің ырғағына сай орындау.

Сабақтың соңы

39–40 мин

Тест 1.Бесік не үшін керек?

А) ұйықтату үшін Б) ойнату үшін

2.Бөбекті ұйықтату үшін қандай жыр жырлаған?

А) батырлар жыры Б) бесік жыры

3.Бесік жырының атқаратын міндеті

А) балаға айтылған өсиет Б) баланы ойнату

4.Бесік жырын неше жастағы бөбектерге жырлайды? А) 1-2 жас Б) 1-10 жас В) 1-5 жас

5.Аңыздағы бесікке жатқан кімнің баласы?

А) Қожанасыр Б) Айдахар би В) Алдаркөсе

6.Әубәкір Ахметжанұлы Диваев кім?

А) фольклоршы, этнограф

Б) алаш қозғалысының қайраткері, ақынқазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

В) қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

7.Ыбырай Алтынсарин кім?

А) фольклоршы, этнограф

Б) алаш қозғалысының қайраткері, ақынқазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

В) қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

8.Мағжан Жұмабаев кім? А) фольклоршы, этнограф

Б) алаш қозғалысының қайраткері, ақынқазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

В) қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

9.Бесік жыры қандай жанр түріне жатады?

А) Халық ауыз әдебиеті Б) Әлемдік әдебиет түрі

10.Баланың денсаулығына қандай пайдасы бар?

А) таза, тік өсуі Б) пайдасы жоқ




Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар өздерінің білім деңгейлерін көрсетеді.




.











Оқушылар сабақта өз жұмыстарына баға береді.


Сабақтағы өзіндік жұмысты бағалау.


АКТ












Кері байланыс. https://wordwall.net/ru/resource/52217988

Сабақтағы жұмысты бағалайды.


Сабақтағы алған әсерлеріне қол көтеріп баға береді.

Оқушылар сабақта өз жұмыстарына баға береді.






Өткізген сабағыма өзіндік талдау пікірлерім


8.02.2023 жылы 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен сабақ өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин « Бұл кім?!», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»»

«Ұйықта,бөпем, жата ғой. » тарауы бойынша бірінші сабақ. Жаңа тақырыпты бекіту сабағын ойын түрінде жүргіздім.

Мақсатым: 2.2.1.1мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау


Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

Бұл өткізілген сабақ  сабақтың қандай түріне  жатады? Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, сабақтың ішінде элементтері нақты белгіленген , сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген , бірақ техникалық ахауларға байланысты уақыт есебі дұрыс болмады. Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар өте жоғары дәрежеде белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы) Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды .

Сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту тест берілді. Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалыптастыру бағалауымен бағаланды ,оқушылар 100 % қамтылды, тақтаға шығару принципі жүзеге асырылды. 

Оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды.

Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру  жүзеге асырылды .Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды.

Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды . Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды. 

Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды. Дүние танымын қалыптастыруда ғаламтор желісі , музыкалық аспаптар, ермексазбен жұмыс, цифрлық сауаттылық бойынша дауыс жазып өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Сабақта оқытудың өмірмен байланысы мәтіндегі кейіпкерлерді талдай отырып, құралдарды пайдаланып жүзеге асырылды.

Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды . 

Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.) Сабақта мұғалімнің сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушылар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!