Материалдар / Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім беру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсаринның білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен еңбегі жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2024
69
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












БАЯНДАМА

Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім беру







Дайындаған:қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Каирбекова А.Т.













Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім беру


Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тарихи тұлға Ыбырай Алтынсарин  есімі  қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп өз халқымен бірге жасасып келеді. Бар ғұмырын оқу-ағарту ісіне сарп етіп, қайтсе де қазақ балаларының санасын оятып, зердесін ана тілі арқылы ашу еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш ағартушы – педагог болуымен бірге, балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады. Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей­ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық,- деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.

Тәуелсіз ел тірегі-білімді, еңбекқор ұрпақ екені даусыз. Білімсіз елдің ертеңі жоқ екені айдан анық. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру мәселесін назардан тыс қалдырған емес, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ­ ел өркендеуінің бірлік негізі» атты осы жылғы Жолдауында «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді, әрі инклюзивті болуы тиіс» деген болатын. Білім сапасын көтерудің көптеген мәселелері айтылды. Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық және шығармашылық қызметінің кез-келген саласымен өзектесіп жататын ағартушылық ой-пікірлері бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласының іс­тәжірибесінде көрініс беріп келеді. Ы. Алтынсариннің: «Халық мектептері үшін ең керектісі–оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» деген өсиетін елімізде ұстаздар жүзеге асырып келеді. Оның мектеп ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуі, оқулық, әдістемелер жазып таратуы ­ қазақтардың көзін ашып, халыққа кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт-бағдар беру еді. Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп баланың жеке басының ақыл­ойын өсіру үшін, мінез­құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру керек дегенді қояды. Бұл ойы қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі, жан­жақты білім беру мәселесі жөнінде бүгінгі күнмен де сабақтасып жатқандай. Ол оқыту процесін ұйымдастыруда: 1)мұғалімнің рөлі, 2)оқу­материалдық базаның шешуші маңызы, 3)оқулықтардың қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдығы жағынан ұқыпты тексеріліп отырудың қажеттілігі мәселесіне ерекше ден қояды. Мұғалімдердің білімін көтеру үшін мектеп кітапханасынан педагогика­әдістемелік кітаптарды, әдеби кітаптарды алу үшін қаражат бөлген. Оқытатын кітаптар ғылымға негізделуі тиіс деп, қалай оқыту, не үшін оқыту керектігі жөнінде педагогикаық талдаулар жасаған. Қазіргі кіріктіре оқыту (интеграция) әдісін Ыбырай Алтынсарин өз тәжірибесінде қолданғандығын байқауға болады. Ол «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына жаратылыстану, физика, химия, география ғылымдарынан, техника жаңалықтарынан түсінік бере отырып, білімді жан­жақты топтап беруді көздеген. Ы.Алтырсарин өзінің педагогикалық­ұйымдастырушылық әрекетінде бірнеше маңызды принциптерге сүйенген. Ол қолданған әдістер мен принциптер қазір бала тәрбиелеу және білім беруде кеңінен қолданылып келеді. Біріншіден, білім беруді әліппеден бастауды ұсынды. Әліппе деген ­ білімнің ең қарапайым сатысы, оны аттап кетуге болмайды. Бұл заңдылық жалпы адам танымының қисынынан туындайды. Өйткені ешкім де бірден қиын нәрсені белгілі бір дайындықсыз түсіне алмас еді. Әр уақытта қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа, төменнен биікке ұмтылыс болу керек. Бұл да маңызды дидактикалық принцип. 2016-2017 оқу жылында бірінші сыныпқа барған оқушыларға Білім және Ғылым министрлігі Әліппенің орнына Сауат ашу оқулығын шығарған болатын. Әрине, ата­аналар тарапынан «Әліппе неге жоқ?», «Әліппені алып тастаған ба?» деген орынды сұрақтар да қойылды.  Оқу жылы басында «Әліппенің» неліктен «Сауат ашу» болып өзгергені туралы қойылған толассыз сұрақтарға министрлік тарапынан «Екеуі де жазуға, оқуға үйретеді, айырмашылығы жоқ» деген қысқа жауап қайырылды. Айырмасын бала түгілі үлкендердің өзін шатастыратын, ретсіз, қатарсыз әріп үйрететін оқулықты қолға алғаннан кейін бір-ақ түсіндік.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті балаға әріп танытып, естігенін жазып, көргенін оқып, өз ойын жеткізуді, математикалық 4 амалдың негізін қалап, қоршаған табиғат туралы түсінік беру болып қалыптасып келді.

Жаңа бағдарламада да бұл мәселелер басты назарға алынған, өзгерістер енген. ХХІ ғасырда өткен ғасырдың кейбір заман көшіне іліне алмайтын тұстарын білім саласынан да алып тастау дұрыс шығар. Дегенмен, өзгертуге болмайтын, ерекше құнды түсініктер де бар. Соның бірі – әліппе.

Реформа екен деп бір ғасырдан астам уақыт ұлттық құндылығымызға айналған «Әліппеден» жаңашылдық, заман талабы деген желеулермен бас тарту Білім және Ғылым министрлігі тарапынан үлкен қателік болды. Бірінші сынып аяқталар кезде «Әліппемен қоштасу» деген тамаша бір дәстүр болатын. Бұл барлық әріпті таныдым, оқи аламын, жаза аламын деп, бала бойына сенімділік беріп, күш қосатын мотивация болған. Енді міне, биылғы жылғы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз Әліппемен білім нәрін алатын болды. Екіншіден, білім беруде жүйелілік әр уақытта сақталу қажет, әркім өз білгенінше сабақ өткізуге қазір тіпті болмайды. Мұндай жағдайда оқыту мен оқу жұмысын жүргізуде жүйе болмайды. Ағартушы­ғалым жүйе жоқ жерде нәтижелі істің де болмайтынына көзі жеткен. Кез келген пәнді оқытуда белгілі бір жүйе, қабылданған стандарт болуы қазір де аса маңызды талап. Осы принципке сүйене отырып, Ыбырай Алтынсарин сол кездегі мектептер жұмысына сараптама беріп отырған. Үшіншіден, білім беру ісінде теориялық баяндау мен нақты іс­тәжірибе бірін­бірі толықтыруына аса үлкен мән берген. Ғылым мен техниканың ұлы жаңалықтарын өзінің шағын әңгімелерінің арқауы еткен ғалым «ғылым тәжірибе арқылы өзіне жол ашты» деген маңызды пікір айтқан болатын. Оның осындай ой­тұжырымдарымен бүкіләлемдік ғылым тарихындағы ақыл мен тәжірибенің рөлі туралы пікірталасында өзіндік орын алды. Тəжірибе ақылға негіз, азық болады. Оның практикалық тұрғыдан да рөлі өте қомақты.Төртіншіден, білім берудегі этникалық ерекшеліктерге мән береді. «Енді мен қырғыз хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатырмын...Өз туған халқыма қырғыз тілінде жалпы білім беретін, дұрысын айтқанда, ғылыми мәліметтермен құрастырылған тағы да бір еңбегіммен қызмет етпекпін...» – деп атап көрсетті. Бесіншіден, білім беруде баланың жыныстық қасиеттерін де есепке алу қажеттігін ұсынды. Отбасында, қоғамда қыз бала мен ер баланың өзіндік орны мен ерекшеліктері бар. Олардың әрқайсысының табиғи ерекшеліктеріне сүйене отырып, бастауыш мектептерде ағаш өнеріне, қыздарды қол шеберлігіне үйрету көзделді. Осы принципті мектеп ісін ұйымдастыруда іске асырды. Мұның өзі Ы.Алтынсариннің өте көреген, алға ұмтылған педагог екенін көрсетеді. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесін нақтылауда мәдениеттанымдық, этнопедагогикалық тұғырлар аясындағы жүйелiлiк, ақиқаттылық, баламалық, мәндік талдау, генетикалық, тарихилық және қисындылық, тұжырымдамалық бірлік ұстанымдары басшылыққа алынды. Ыбырай Алтынсариннің дидактикалық және әдістемелік мұрасы.  Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика салаласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудың көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудың белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен кластан тыс жұмыстардың түрлері жүзеге асырылды. Ол оқыту әдісін өз түйгенінше, орыс мектебінің озық үлгісіне негіздеп құруды ойластырды. Мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын, бағдарламалар, нұсқау хаттар жазды. Мектеп кітапханаларының физикалық, химиялық, астрономиялық құралдарымен жабдықталуына, оқушылардың түрлі ғылым мен өнер саласындағы жаңалықтарды біліп отыруына үлкен мән берді. Ы. Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген оқулығын (“Қазақ хрестоматиясы”) 1879 жылы  бастырып шығарды. Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» шығармаларды іріктегенде біріншіден, әр халықтың  тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру, екіншіден, оқушының бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту, үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беру қағидаларын басшылыққа алды. Оның хрестоматиядағы материалдарды жүйелеуі осы қағидалармен қатар балаға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, кәсіптік тәрбие беру мақсатын көздеді. Ыбырай аударып, хрестоматияға енгізген орыс жазушылары Пауэльсонның, Ушинскийдің, Толстойдың әңгімелерінде де қайырымдылық, кішіпейілділік, талаптылық, еңбексүйгіштік сияқты зор адамгершілік қасиеттер дәріптеліп, оған қарама-қарсы жауыздық, екіжүзділік, дүниеқоңыздық, т.б. жексұрын мінез-құлықтарды әшкерелеу өзекті орын алады. Ыбырай осы арқылы жастардың ізгі жүректі, инабатты, талапты, ел-жұртына пайдалы азамат болуын көздейді. Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін:  а)  оқыту методтары – балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол;  ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Ы. Алтынсарин еліміздегі оқулық жасаудың негізін салды. Ол қазақ оқулығының тарихында өз орны бар ағартушы.

Қорыта келе, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі бүгінгі таңға дейін өміршеңдігін жойған емес. Оның прогресшіл сипаттағы педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында аса зор, пайдалы  рөл атқарып келеді. Сондықтан да  заманауи білім беру саласының  стратегиялық мәселелерін қарастырғанда ағартушының бай мұрасын терең зерделеп пайдалану қажеттігі туындап отыр.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!