Материалдар / "Ыбырай Алтынсарин" Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ыбырай Алтынсарин" Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2021
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ заманауи контектісі жағдайында Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беруі


Ажибаева Айсұлу Догдырбаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Меркі ауданы ,Сыпатай ауылы,№16 жалпы орта білім беретін мектебі

Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы


Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын,оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілік арттыру саласындағы басым бағыт болып отыр.

Ұстаздар қауымы алдына мемлекетіміз жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол бастауға қабілетті, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндетін қойып отыр. Ия, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тəрбиелейді. Ал ұстаздың негізгі құралы сабақ болып табылады. А.Байтұрсынов өз сөзінде: «Мұғалім əдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нəрсе есебінде қолдану керек»,- деген пікірі маңызды деп есептеймін. Себебі əрбір мұғалім өз пəнін сүйетін, əрбір оқушының жүрегіне жол таба білетін, оқушыларды өздігінен білім алуына жəне сабаққа деген қызығушылығының арта түсуіне жол аша білетін, өз ісінің шебері болуы тиіс. Қазіргі заман талабы білім беру барысында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жəне өзіне жоғары талаптар қоя білетін жаңашыл ұстаз болуды қажет етіп отыр. Жаңашыл ұстаз - оқушылардың білімін бағалап қана қоймай оқушының алға жылжуын қадағалауды, оқушыны үйрету барысында бағалауды жəне оқушының үйренуіне бағытталған бағалар қоюдың қажеттігін де түсіне білуі тиіс. Мектептегі білім сапасы мұғалімнің кәсібилігі мен мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы орайда мен тағы да Ахмет Байтұрсыновтың: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» сөзін ортаға тастағым келіп отыр . Демек, мектептен балалардың көбірек білім алып шығуы, немесе білім сапасын көтеру арқылы нәтижелілікті арттырудың басты тетігі – кәсіби ұстаз, ұстаздың білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жаңалықтарды өз тәжірибесіне ендіре отырып, кәсіби дамуын, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігінің, педагогикалық–психологиялық дайындығы мен шығармашылық қызметке бейімділік деңгейінің заманауи талаптарға сай өзгеруіне, жетіліп отыруына біліктілік арттыру нәтижесінде қол жеткізу болып табылады.

Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гиперактивті балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау – білім саласының басты мақсаты. Сонымен қатар, оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, əрбір оқушының оқудағы күтілетін нəтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты жəне əділ бағалай білу.

Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі,дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарымқатынас негізінде құруға болады. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт–бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс–шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды.
Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

проблемалық оқыту;

дамыта оқыту;

деңгейлеп оқыту;

дәстүрлі оқыту;

модульдік оқыту

сұрақ-жауап ойындары;

цифрлық білім беру ресурстары.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: -балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі; -баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

Мысалы, Проблемалық оқыту - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай,сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптастыруын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болу керек. Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастыру тән. Дәстүрлі оқыту - балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді. Цифрлық білім беру электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік зерттеулер құрайды. Цифрлық білім беру міндеті: - Оқытушының сабаққа дайындығына көмек. - Оқытушының сабақ өткізу үрдісінде көмек. - Оқушының үй тапсырмасын орындауда көмек.

Сoл нeгiзгi құрылымның бiрi рeтiндe бiлiм бeрy жүйeсiнiң тoлaссыз дaмy жәнe тoқтaмсыз өзгeрiс үстiндe бoлy, үдeрiстiң бiр бeлгiсi eкeнi aнық. Әлемдiк сарапшылар бiлiм беру жүйесiн салыстыруға келетiн бiрнеше елдердi атап көрсеткен. Oлардың алғашқы бестiгiне АҚШ, Канада, Сингапур, Финляндия, Швеция тағыда басқа бiрнеше елдер жатады. Oл елдер ең алдымен бiлiм саласына салынған инвестиция көлемiн, мамандар дайындау мәселесiн, oқулар арасындағы қoғамдастық тағыда басқа жиырма шақты критерийдi негiзге алған. Жаңа ғасыр көгiнде әлем кеңiстiгiндегi бiлiм беру саласы да жаңа арнаға бет бұрды. Бүгiнгi ақпараттар легi тасқындаған уақыттың талғамы бөлек, ~ талабы өзгеше бoлғандықтан, заманға сай қoғам бoлашағы жас ұрпақты тәрбиелеу үлкен жауапкершiлiктi мiндеттедi. Бұрынғы цензуралық бiлiм жүйесi, стандартты қайталауға арналған сабақ құрылымы ата-ананың да, баланың да талғамынан,табылмады. Бұл жалғыз бiздiң елiмiздi ғана емес, барлық мемлекеттi тoлғандырды.

Оқыту, білім беру,тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез - келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көрінуі қажет. Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектептегі білімге қолжетімділігін жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен,топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдістәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсатта күрделене түседі. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Бұл бағдарламаның маңыздылығы да осында.

Сөзімді қортындылай келе, бүгінгі күн – білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Еліміз әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы бізден басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеуұстаздың қолында. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайындау, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу, бәсекеге қабілетті және шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.

2.Скакун В.А. Введение в прфессию мастера производственного обучения:Методические пособие.-М.:Высш.шк.,2010г.

3. Н.Ә.Назарбаев., Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.

4. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015

5. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;

6. К.С.Құдайбергенова, Құзырлықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері // Монография-Алматы, 2012 ж.

7. Габдрахманова Ш.Т., Мұғалімнің өзіндік дамуы, педагогикалық рефлексия// Әдістемелік құрал, Орал, 2014.

8. Молдагалиева Р.Б, Шамуратова К.Ш., Рефлексия жасауды дамыту әдістері// Әдістемелік құрал, Орал, 2014.

9. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасы «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 52-53 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!