Материалдар / Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл – еңбек адамы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл – еңбек адамы

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2018
2971
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл – еңбек адамы









Мектеп: «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Саменова А.М.


СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.Т/Ж2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді, тақырыбын айтады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз ойын нақты дәлелдермен түсіндіріп, қорытындылайды.

Тілдік мақсат

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Барымта, шығыр, жарлы-жақыбайлар, жұрт ағасы,бір ауызға қарап бекінген халық деген тірек сөздердің мағынасын түсініп, қолдана алады.

Пәнгеқатыстысөздікқор мен терминдер:

Кәсіп, шығыр салу, кетпен , арық қазу,барымта,барымтаны әдет еткен,бір ауызға қарап бекінген халық,көшпелі ел

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:






  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған тармақтар:

Қыпшақ Сейітқұл ел алдында қалай және қандай құрметке ие болғанын айтыңыздар ?

Не себепті …. депойлайсыз?

Жаңа қоныс Сейітқұлдың жұрты үшін жайлы болды ма?

Алдыңғы тақырып

Дулат Бабатайұлының «О Ақтан жас, Ақтан жас!» Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жаза алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)






Ресурстар

Басталуы

7 мин


«Көңіл-күй сөздігі»

Оқушылар сабақ басындағы көңіл-күйлеріне қатысты бір-бір сөз айтып шығады.Мысалы: жақсы, қуанышты, көтеріңкі, орташа, керемет, көңілді


Топқа бөлу

1,2,3 сандары бойынша санап топтасу



Қызығушылықты ояту

Ж.Ж .«Тұлғаны таны»

-Бұл тұлға туралы не білеміз?

(әр топЫ.Алтынсарин туралы өзбілетіндерін айтады, бірін-бірі толықтырады)

-Ендеше бүгін біз Ы.Алтынсариннің әңгімесімен танысамыз.Таныспас бұрын қандай әңгіме болатынына болжам жасап алайық.















Ы.Алтынсариннің суреті көрсетіледі

Ортасы

15 мин











































10 мин































































7 мин










Оқылым алды :

Ж.Ж.

1-тапсырма

Берілген тірек сөздерді оқып, әңгіменің тақырыбы мен мазмұнын жұптаса отырып, болжам жасаңыз.Топтық талқыға салып, ортақ бір тұжырым жасаңыздар.

тірек сөздер:Отыз үй, сауда етуге мал жоқ, кезіп жүріп , ұрлық,арық қазып, төрт жүз үй,уайымға қалды, жәрмеңке.


Оқылым барысы:

Ж. «Болжау» стратегиясы

Сөздік жұмысы

Оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті пайдалана отырып біле алады.

(Оқушыларға мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады)

2-тапсырма

Мәтінді түсініп оқы

Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды.


Болжам сұрақтары:

Әр топтан қолдарына «Жасырын дос» әдісі бойынша смайлик жабыстырылған үш оқушы жауап береді.Үнсіз оқушыны мінсіз оқушыға айналдыру мақсатында.


-Жаңа қоныс Сейітқұлдың жұрты үшін жайлы болды ма?

-Әрі қарай не болды деп ойлайсыздар?

-Сіздердің жасаған болжамдарыңыз мәтін мазмұнына сай болды ма?

Мәтіннің екінші бөлігіноқып шығыңыздар.

Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жыйып алып, артығын төңірегіндегі көшпеліелге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жыйып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды.



Болжам сұрақтары: Әр топқа бір сұрақ беріледі, топпен талқылап, ортақ шешім айтады

І топ

-Әңгіме қалай аяқталады деп ойлайсыздар?

ІІ топ

-Егер өзіңіз автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтар едіңіз?

ІІІ топ

- Қыпшақ Сейітқұл ел алдында қалай және қандай құрметке ие болғанын айтыңыздар.


«

Адал еңбек — мұратқа жеткізеді




Бұрыш» стратегиясы

Сыныптын төрт бұрышына мәтіннің негізгі идеясын ашатын мақал-мәтелдер ілінеді.

Т

«Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті»




апсырма:Мәтіннің негізгі идеясына осы мақалдардың қайсысы сәйкес келеді деп ойлайсыздар? Неге? Дәлелдеңіз. Сәйкес келмесе идеясын ашатын өзіңіз бір мақал тауып, бос қағазға жазыңыз, түйіндеңіз.

1

Адал еңбек — мұратқа жеткізеді

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың: азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың.



2

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың:азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың.
№3

«Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті»

4

......................









3-тапсырма:Мәтін тақырыбын нақтыла.

Овал 1

ҚыпшақСейітқұл


Овал 2

Сейітқұл-еңбек адамы





Прямая со стрелкой 1


Овал 3


Овал 4

Сейітқұл-жұрт ағасы





Прямая со стрелкой 2




Бағалау критерийі:

1.Әдеби шығарманың тақырыбын нақтылайды.

2.Негізгі идеяны анықтайды.


Дескриптор:

-Шығарманы оқиды

-Мазмұнын түсінеді,

-Тірек сөздерді табады

-Сұрақтарға жауап береді

-Өз пікірін білдіреді




төмен

орта

жоғары

мәтіннің мазмұнын біледі, тақырыбын анықтап, нақтылайды.

5-6 жаңа сөзді меңгереді.

6 сұраққа толық жауап береді, әңгімені өз ойынша аяқтайды.

нақты 2-3 дәлел келтіреді.


КБ


Оқылымнан кейін

Т.Ж.

І топ

«ПОПС формуласы» әдісі

Тапсырма: Сейітқұлдың еңбек адамы екенін шығармадан үзінділер келтіре отырып, төмендегі ойды аяқтаңыздар.

«Менің ойымша, Сейітқұл...»

«Себебі, ................. түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


ІІ топ«Уақыт тізбегі» әдісі

Шығармадағы оқиғаларды тізбектеп жазып шығыңыздар.

ІІІ топ «Екі жақты күнделік» әдісі

Мәтіннің жағымды және жағымсыз жақтарын мәтіннен тауып, айтып беріңіздер.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі














Түсіндірме сөздік

3000 сөз









Қазақстанның географиялық картасы























Соңы

Рефлексия

7 мин





Кері байланыс


«Ойлаудың бес гүлі» әдісі

  1. Бүгін мен жаңадан не үйрендім?

  1. Қандай қиындық болды?

  1. Бүгін кімге көмегім тиді?

  1. Сабақтан алған әсерім?

  1. Менің көңіл- күйім





Овал 5 Овал 6 Овал 7 Овал 8
Овал 9 Овал 12

Қосымша ақпарат

Түсіндірме сөздік бойынша мәтіндегі сөздерді табады,

Қазақстанның географиялық картасы арқылы мәтіндегі жер атауларын табады.


Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай

түрлендіресіз?













Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі).



Барынша қолдау жұптық жұмыста орташа деңгейлі оқушыны жоғары деңгейлі оқушымен жұптастыру кезінде

көрсетілді. Оқушылар тірек сөздер бойынша тақырыпты болжайды.

Орташа қолдау:

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, болжам жасайды.

Қабілетті оқушыларға

«Бұрыш» стратегиясы бойынша өз идеясын ұсынуға және өз ойын нақты дәлелдеп, қорытындылауға тапсырма беріледі.



ПОПС формуласы арқылы өз ойларын жүйелі жеткізіп,мақалмен түйіндейді.

Дескрипторға сүйеніп, кері байланыс беру,

«Екі жұлдыз, бір тілек» «Ойлаудың бес гүлі»арқылы оқушылар рефлексия жасайды














Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерімен байланыс жасалады.

АКТ бойынша оқушылар сөздік жұмысын түсіндірме сөздіктерден өздері тауып түсінеді, географиялық картаны оқушылар жер атауларын табуда қолданады.

Сабақ барысындағы құндылықтармен байланыс:

Өмір бойы білім алуадами құндылықтарды бағалай білу,

Ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, түсіну.



Рефлексия

Сабақтың мақсатымен оқу міндеттеріорындалды ма?


Бүгін оқушылар неүйренді?


Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті?

Жоспарланғансаралау жақсы іскеасты ма?

(тапсырмалар сәйкесболды ма?)

Уақытты қалайпайдаландым?Жоспарыма қандайөзгеріс енгіздім және

неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


















Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Оқушылар шығармадағы түсініксіз сөздердің мағынасын түсінді. Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнына болжам жасай отырып, негізгі идеяны табуды үйренді.

Сабақ өте жақсы өтті.Жоспарланған саралау жұмысым іске асты. Уақытты үнемді пайдалануда ширату жаттығуларына көп уақыт жібермеуді жоспарлап, мәтінді толық меңгертуге көп уақыт жұмсауды жоспарладым. Жоспарымның бағалау критерийі мен дескрипторына өзгерістер енгіздім, себебі ықшамсабақта тренер мен әріптесімнен кері байланыс алдым.
















Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Сабақ мақсаты қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді.

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Саралау дұрыс жүргізілді.Себебі, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты тапсырмалар берілді

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Уақытты тиімді пайдалана білдім.Өйткені,ширату жаттығулары мен оқылымнан кейінгі тапсырмаларға көп уақыт кетпейтіндей тиімді әдістерді алдым.

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Ауытқу болған жоқ. Себебі ,тапсырмаларсабаққа негізделген оқу мақсатына қарай, оқу мақсаттары сабақ мақсаттарына сәйкестендіріліп, сабақ мақсатына қарай бағалау критерийілері анықталып, тапсырмалар жасалынып, дескрипторы анықталды.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. «Болжау», «Бұрыш» стратегиялары

2. «ПОПС» формуласы

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Оқушылардың сабаққа дайындықпен келуі

2. Сабақты түрлендіріп өткізу

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

Оқушылардың қызығушылықтарына қарай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану білу.

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!