Материалдар / ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы білім саласы өз дамуында ақпараттық-техникалық, ғылыми жүйеде, саяси-рухани және экологиялық қамтамасыз етуде Тәуелсіздігінің тұғырлылығымен жаңа деңгейіне шығып келеді. Жүріп жатқан реформалық жүйелердің бастауында болған Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінен шықққан ірі тұлға десек те артық емес. Олай дейтін себебім: • Мұғалімнің білім беру бағытындағы шешуші рөлі; • Адамдардың түгел дерлік білім алуға қолжетімділігі; • Жеке парадигманың жан-жақты дамуына әсер етуі; • Азаматтық ұстанымға тәрбиелеу; • Жаңа оқу және демократиялық әдістерге үйрену; • Білім беру динамикасы мен жүйесінің дамуын жүргізуін педагогикалық мұрасында қалыптастырған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2022
252
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ







Мекен-жайы: Қостанай қаласы

Мектеп атауы:"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі" ММ

Мамандығыңыз:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі































Аннотация

Өзектілігі: Ы.Алтынсариннің мұрасының заманауи кәсіби білім берумен үндестігі

Аннотация

Созвучие наследия И. Алтынсарина с современным профессиональным образованием

Abstract

Consonance of I. Altynsarin's legacy with modern professional education





























ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ



Қазақстандағы білім саласы өз дамуында ақпараттық-техникалық, ғылыми жүйеде, саяси-рухани және экологиялық қамтамасыз етуде Тәуелсіздігінің тұғырлылығымен жаңа деңгейіне шығып келеді. Жүріп жатқан реформалық жүйелердің бастауында болған Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінен шықққан ірі тұлға десек те артық емес. Олай дейтін себебім:

  • Мұғалімнің білім беру бағытындағы шешуші рөлі;

  • Адамдардың түгел дерлік білім алуға қолжетімділігі;

  • Жеке парадигманың жан-жақты дамуына әсер етуі;

  • Азаматтық ұстанымға тәрбиелеу;

  • Жаңа оқу және демократиялық әдістерге үйрену;

  • Білім беру динамикасы мен жүйесінің дамуын жүргізуін педагогикалық мұрасында қалыптастырған.

Сол мұраларын осы күнге дейін дәйек етіп келе жатқан ұстаздардың бірімін. Айтарым, мемлекеттің тәуелсіздік болып дамуына дейін де сапалы білім алсын, халқым білімпаз болсын, кәсіби білімде өз қабілеттерін шыңдай түссін деген ниетпен жетекші рөл атқарғандығынан да, талай қайраткерлеріміздің Ыбырай Алтынсарин шәкірттері болып жалғасқаны да мақтаныш. Осы қазірдің өзінде кәсіби мамандығы шыңдалған педагогтардың өзіндік ерекшеліктерімен туған ой-пікірлері ортаға салынып жатыр. Осының өзі ұлы ағартушы Ыбырайдың педагогикалық мұрасы және кәсіби білім беру идеясының қайнар көзін ашуында болып отыр. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында білім беру стратегиялық сала болып ерекшеленсе, оған инвестициялар ең тиімді инвестиция болып табылатыны сөзсіз. Содан соң мемлекеттің әлеуметік капиталы қалыптаспақ. Осының өзінде бәсекеге қабілетті жетекші рөл атқаратын сала кез-келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін жүргізеді. Инновация әр ғасырда өздігінен ұласып келеді. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметінің және мектептер ашу, түрлі әдістемелік, дидактикалық құралдар жазуының өзі кәсіби білім саласына мол ықпалын тигізді. Еліміздегі өзгерістер білім беру жағдайын, оның сапасын жылдан-жылға қарастыра бастады. Ақырында, жаңа оқу технологиялары мен үрдістерінің жолы ашылды. Барлығы педагогиканың әліппесін ашып берген ағартушымыздың педагогикалық мұрасы және кәсіби білім берудегі іс-әрекетінің нақты жүзеге асуында болып отыр. Өйткені, әріптестерім жыл сайын Ыбырайтану әлеміне өз еңбектерінде баяндап жатыр.

Қазіргі таңда 180 жылдық мерейтойға жеткен ұлы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысы, Тобыл қаласында дүние есігін ашқан көрінеді. Бала кезінен әкесінен айрылған ол, атасы Балқожаның тәрбиесінде өсіп-өнеді. Оның дарындылығы сонша, аудармашылық лауазымды да атқарып жүріп, оқу-ағарту ісінде инспектор болған. Өз өмірінде елі үшін жанын беріп, бірнеше мектептер ашқан, мектептерді оқу құралдары, оқулықтармен қамтамасыз еткен. Сол кезден бастап қазақ жастары арасында қос тілділікке деген сауаттары нығая түсті. Басты үлгіде бірнеше шәкірттер дайындап та үлгерген. Бірі мұғалім, бірі аудармашы және бірі тігінші, ұста болып кәсіби білімде шыңдалған. Тобыл қаласындағы мектептің атауында тұрған Нұржан Наушабаев үнемі Ыбырайдың жанында болған жырау деседі. Кейіннен ғылыми ақпарттарда Ыбырайдың өзі домбырада жақсы ойнап, ән айтқан жырау екен. Өз заманында поэтикалық кештерде сөз өнері сайын өткізген. Ғабдолғали Балғымбаев та домбырсын ала жүрген. Қазақ қоғамының өркендеуіне білім саласының үлесі зор болды. Спандияр Көбеев те шәкірттерінің бірі ретінде Ыбырайдың педагогикалық мұрасы мен кәсіби білім беруде атқарған істерінің көзі. Ол да аудармашы, прозаик және педагог. Нұралы ханның ұрпақтары Сейдалин Әлмұхамед пен Тілеймұхамед қазақ қоғамының элитасы, Орынбордағы Неплюев кадет корпусының түлектері Алтынсаринге Ырғызда мектеп ашуға көмектеседі. Сонда алғашқы қазақ қыздарының ішінен Гүлжаухар Сейдалина оқиды, кейін сол кездегі думаның депутаты Ахмед Бірімжановқа тұрмысқа шығып, Батырбек Бірімжанов атты ұлдарын оқытып, саналы азаматтар қатарына кіргізеді. Ол кеңес дәуірінде танымал ғалым болатынын мақтанышпен жеткізген Республикамыздағы "Тұран" университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлжихан Қасымжанова қазақ даласының ұлы ағартушысы Ыбыырай Алтынсариннің немересі екен. Шындығында, нағыз кәсіби білім беру көзін ашқан Ыбырай десек қателеспейміз, оның барлық шәкірттері қоғам қайраткері, жазушы, педагог, ағартушы және демократ болған.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұралары әлі зерттеліп болған емес, қаншама мәліметтер әлі таныс емес. Оның ұлы мұраларын зерттейтін болашақ, өйткені, қазақ халқының мәдениетін дамытуда қосқан үлесі мен ағартушылық қызметтерінің рөлі ерекше. Ұлт мақтанышы болып келген талантты ұстаз, дарынды жазушының еңбектері де, шығармалары да тарихтағы алтын қорға кіргенін және кейінгі ұрпаққа бітпейтін мұра қалдырғанын болашаққа жылдан-жылға жалғасын табатынын баяндаймын. Оның шығармаларының кәсіби білім беруде өзектілігі, еңбекқорлыққа, білімге және мәдениеттілікке, ынтымаққа шақырады. Әр оқырман қай тілде болмасын осы күндері ғаламтор беттеріне, газет-жорналдардан, ата мен әжелерден де толықтыра ақпарат алып жатады. Сондықтан мына отырған педаготар алқасы халыққа білім беру тарихындағы аса зор алғашқы Халық мұғалімі ретіндегі ең танымал педаго-теоретик деп танимыз. Оның еңбегіне бас ие отырып, мына оқу орындарын ашуның маңыздылығын да айта кетсем деймін.

  • Екі сыныптық төрт мектептер;

  • Орталық орыс-қазақ училищелері;

  • Қолөнер училищесі;

  • Әйелдер училищесі;

  • Болыстық бес мектеп;

  • Екі орыс ауылдарына арналған мектепте кәсіби білім беру жалғасын тапқан.

Ыбырайдың педагогикалық мұрасындағы құндылық негіздерін ашудағы оқу құралдарын құрастыруы да кәсіби білім беруде көп көмегін тигізді.

  • Ушинскийдің оқулығы үлгісінде «Қырғыз хрестоматиясы» -1879 жылы жазылған;

  • «Қырғыздарды орыс тіліне оқытудың бастапқы нұсқаулығы» - 1879 ж;

  • Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін араб графикасымен жазылған «Мактубат» (Хрестоматиясы) қазақ тілінде жарық көрді.

  • «Ислам дінінің негіздері» туралы ( «Шариғат-ислам») - 1884 ж

Ыбырайдың білім беруде қойған міндеттері де қазіргі міндеттермен үндеседі.



Ыбырайдың міндеті

Біздің міндет

оқытуды лайықты ғылыми және ең озық әдістемелік деңгейде жүргізу;

  • Оқытуда ғылыми және инновациялық жаңашаландыру деңгейінде жүргізу

халықтық білім беруді тиісті түрде қаржыландыру;

  • Білім беруде тиісті түрде марапаттау

қырғыз балаларын орыстармен бірге оқыту;

  • Үштілділікке баулу

білім алғандарға оны қоғамдық өмірде лайықты қолдануға мүмкіндік беру


  • Қоғамдық жұмыстарға белсенділігін арттыру



Ы.Алтынсарин педагогикалық мұрасы және заманауи кәсіби білім беру – құдылықтың қайнар көзі. Өз қоғамында еңбегі сіңген ұстаз жан-жақты тұлға ретінде болашағының сауатты болып қалыптасуын аңсаса, осы күндері сол кәсіби білім беру көздері Қазақстан қалаларында жетерлік. Оның сол дәуірде арман-мақсаты осы қазіргі білім саласына ұйытқы болуымен үндесіп, шәкірттерді қабілетіне қарай тәрбиелеп, оқыту және тәрбиелеу үрдісінде қайырымдылыққа, табандылыққа, еңбекқорлыққа, ынтымаққа бағыттайды. Тіл үйрену барысында оқушы екі бірдей дағдыны қатар игерсе,оқулықта мемлекеттік тіл мен орыс тілі грамматикасын салыстыра оқытуды қажет еткені айтылған. Оқу құралы сол кезде де және қазіргі кезде де талап қойғанына сай терең оқулық - әдістемелік еңбек болып табылады. Екі елдің граматикасын салытыра оқыту грамматикасын ашқан Ыбырай мұрасының тіл үйрену үрдісінің мәселесінің шешімін тапты. Сол үрдіс қазіргі заманда үштілділік пен көптілділікті талапта болып отыр емес пе?

Заман талабындағы жағдайларға сүйенсек, болашақтың бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруінің алғашқы баспалдағының фундаментін қалаған Ыбырай Алтынсарин емей кім? Өз тілін толық меңгере отырып, орыс тілімен салыстыра оқытқан күндерін ескерсек, әлеммен еркін байланыста болуын қалаған. Әрине, айтар болсақ хандық дәуірде тек хан, сұлтандар балалары оқып, хат таныған болса, кейінірікте сол беделді ортадан шыққаннан қазақ елінің сауаттануына жан-жақты жол ашқан. Сол жолдың ізімен жалғасқан қазіргі таңдағы тіл ұстарту, кәсіби білім беру мәселелері кеңінен білім саласында дамып келеді. Жалғасын тапқан оқу құралдары мен оқулықтар, кітаптардың оқушыларға, тыңдаушыларға немесе т.б салаларға арналған материалдарының идеялық мазмұны мен тілдік даналықтың бай қазынасына негізделгені дұрыс. Қазіргі дамыған заманда сапасыз дайындау жолдарына бөгет болатын тек нағыз кәсіби мамандар, ал егер еш тәжірибесіз жазған оқу құралдары болса ол кәсіби білім беруге негізсіз болады, өйткені әр кәсіби білім беру ісі тәжірибе арқылы жүйенеді. Әлем көзімен қарап уақыт талабына сай Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы мен кәсіби білім беруде оңтайлы жұмыстар атқарылып жатқаны жаңашаландыру бағытында өз қанатын жая бермек.

Қорыта айтқанда, педагогика саласында инновация, жаңашылдық турасында, әлемде қарқынды дамып келе жатқан, тарихи-педагогикалық тәжірибені түсінуге жаңа мүмкіндіктер ашатын ғылыми білімнің жаңа саласы туралы көп айтылады. Сол жаңасы ұрпақтан-ұрпаққа эстафета ретінде беріліп келе жатқан құндылықтар мен идеялар екенін әр ғалым тілге тиек етеді. Сол идеяларды жүзеге асырудың формалары мен әдістері өзгеруі мүмкін, бірақ өзгермейтін шындық болып қала береді:

- адамның қадір-қасиетін арттыратын педагогика үшін күрес;

-педагогикалық және адам бақытын алу және педагогикадағы гуманистік принциптерді дамыту үшін күрес;

- адам және оның мүмкіндіктері үшін үздіксіз күрес;

- әр балада бар затты бекіту және дамыту үшін күрес.

Міне, осы мәселелер Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасының мәнін құрап, қазіргі педагогикада шешетін мәселелер екені белгілі. 2008 жылғы

30 қаңтардағы сөзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарымен кездесуде мынаны айтты:

"Интеллектуалды ұлт - 2020" жобасын жүзеге асырудың үшінші сәті ретінде жастардың рухани тәрбиесін атап өтуге болады.

Жаһандану процесінің нивелирлік әсерін ескеру қажет, оған біздің жас ұрпағымыздың ұлттық-мәдени құндылықтары мен адамгершілігінің нығаюымен қарсы тұруға тиіспіз. Егер ұлттық басымдықтарға, адамгершілік құндылықтарға, қоғамдық борыш ұғымдарына, әлеуметтік ынтымақтастық пен ұрпақтар сабақтастығына негізделмесе, білім немесе кәсіби дағдылар жасампаз күш бола алмайды. Осының барлығы ағартушының арман-мақсаттары болуымен қатар, біздің жас ұрпағымыз ескіні әлем ретінде ақиқатқа айналдыруы керек - өмірде адамдарға және өз еліне пайда әкелетін адам ғана жетістікке жетеді. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті - біздің жастарымыз жасампаздықтың қуатты энергиясын ала алатын қайнар көздері болғандықтан Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және кәсіби білім жыл сайын өз мәресіне жетеді.







Әдебиеттер тізімі:

1. Алтынсарин Ибрагим. Собрание сочинений. В 3-х томах. Т. 3. Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1978. 352 с.

2. Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. – А, 2007.

3. Эфиров А.Ф. Ибрай Алтынсарин: жизнь и педагогическая деятельность. – Алма-Ата

4. https://ru.wikipedia.org – Википедия свободная энциклопедия



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!