Материалдар / Ыбырай Алтынсариннің Қазақстан қоғамындағы және рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі мен маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ыбырай Алтынсариннің Қазақстан қоғамындағы және рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі мен маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мен қазақ тілі, бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
653
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ыбырай Алтынсариннің Қазақстан қоғамындағы және рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі мен маңызы


Ахметова Мира Тулеубаевна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№1 мектеп-гимназиясы» КММ

Сәтбаев қаласы, Қазақстан



Ыбырай Алтынсариннің қазақ қоғамындағы маңызы оның жасаған тірліктері мен еңбектерінде жатыр.


Біздің қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді ағартушы, ұстаз, қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан тұлға деп біледі. Оның Орынбор қаласында орналасқан орыс-қазақ мектеп-интернатында оқығаны жайлы әдебиет кітаптарынан біліп танығанбыз. Алғаш болып қазақ әліппе кітабын жазып, басып шығарған да осы кісі екенін көбіміз білеміз. Ыбырай атамыз халқыңа, еліңе біліміңменмен ғана пайдалы болатының туралы басқаларға қарағанда әлдеқайда ерте түсінген болатын. Оны түсінуге атасы Балғожа би себепкер болған еді. Осы ақпараттардан басқа да маңызды дүниелерді біліп жатқандар өте аз.


Ыбырай атамыз жай ғана ұстаз болмаған. Оның өзінің алдына қойған айқын мақсаты мен өте маңызды миссиясы болған. Ол қандай миссия? Қазақ халқының білім көзін ашу, жастарды ғылымға шақыру, оларды елдің болашағын ойлайтын азаматтар етіп тәрбиелеу. Ал ол тәрбиені тек қана біліммен ұштастыруға болатынын түсінген атамыз өзі білім іздеп, тоғыз жасында бұрын соңды болмаған мектепке оқуға түсіп, таныс емес басқа ұлт өкілдерінің ортасына барып орын табады. Басқаға ілім-ғылым үйрету үшін өзің білімді болуың керек. Сол себептен бала Ыбырай жақын танысы және де профессор Григорьевтің кітапханасында орыс және әлем педагогтерінің шығармаларымен таныса бастайды. Өз бетімен ұлы адамдардың өмір баяндарын бас алмай оқып, білімін тереңдеткен Ыбырай өз басының қамын ойламай, “ұлтыма қалай қызмет етем?” деген оймен елге оралады. Осы сәттен бастап Ыбырай атамыз бала оқыту, яғни ағартушылық мәселесін қолға алады. Бәлкім Ыбырай атамыз болмағанда еліміздің тарихы басқаша жол табар ма еді?


Мектептердің маңыздылығын халыққа жеткізу керек екенін ұғынған ол мектеп ашу жоспарын құрады. Осымен қатар өз үйінде біраз ер балаларға таңертең сабақ түсіндіріп, түстен кейін олардың мәдениетін арттырған, тәрбиелеріне көңіл бөлген. Тәрбие мен білім қос қанаттай маңызды екенін ел ішінде түсіндіруге тырысқан. Әл-Фараби атамыз айтпақшы “тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы” деген ұстанымы бар Ыбырай Алтынсарин адам бойындағы құндылықтарға аса маңызды зейін қойған.


Мектеп ашу оңай шаруа ма? Әрине жоқ. Мектеп салдыру үшін қаншама қаражат керек, қағаз жүзіндегі біраз мәселе бар, және де білікті мамандар қажет. Ыбырай ел ішіндегі бай-шонжарлардан, мал-мүлкі асып тасып жатқан ел ағаларынан мектеп салу үшін қаражат жинай бастайды. Мектеп 1864 жылы Торғайда ашылған еді. Сол мектептің құрылысына материалдарды Қостанай қаласының маңындағы аудандардан алдыртқан болатын. Ойлап көріңіз, Қостанай мен Торғай арасы алты жүз шақырымдай. Осыншама аралықта үлкен ағаш бөліктерін, цемент және де басқа керекті материалдарды түйелермен керуен болып тасыған. Осының барлығын ұйымдастыру, басқару және де көптеген келіссөздер жүргізу оңай жұмыс емес. Жиырма бестегі жас жігіт деп ойлайсың бір қарасаң, ал артында қаншама атқарылған еңбек бар. Бұл біздің жастарға үлкен бір өрнек іспеттес. Осындай ұлтжанды бабаларымыздың жасаған ерліктерін халық арасында дәріптеу ар азаматтың борышы деп білемін.


Алғаш болып мектепке он төрт қазақ баласы қабылданады. Ыбырай осы балаларға орыс мектебі үлгісінде сабақ береді. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, балаларға орыс тілін және математика, жаратылыстану пәндерінен дәріс беруге тырысады. Ыбырайдың профессор Ильминскийге жолдаған хатында не деп жазылғанын білесіз бе? “Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім” - деп жазған екен. Егер де ауыл өмірінен сәл хабарыңыз болса, көзіңізге елестетіп көріңіз: аш кезінде ешнәрсені елемейтін қасқыр кедергілерге қарамастан, қой иесінің қолына түсіп қаламын деп қорықпай, өзінің қарнын тойдырады. Дәл сол қасқыр - ол жас Ыбырай. Алдына қойған мақсатына кедергілер мен қорқыныш сезіміне қарамастан атылған оқтай тікесінен барды. Ыбырай қазақ халқының мәдениет пен білімге аш, құштар халық екенін бірден ұғады. Ол кездегі біздің халық көзі оттай жанып тұрған жас сәби кейпінде еді. Берілген білімді бірден жұтып алатын.


Ыбырай тек қана бала оқытып ғана емес, ел ісіне де араласатын белгілі қоғам қайраткері болған. Ел ішінде болып жатқан әділетсіздік пен зорлық-зомбылықпен де күресті. Әкімдердің бұрыс шешімдерін сынға алатын. Өзінің билікте отырған туысқандарын жек көретін, оларды дұрыс жолға шақыратын. Ыбырай 1879 жылы Торғай облысының мектептерінің испекторы қызметіне тағайындалады. Бұл қызмет оның ағартушылық миссиясына үлкен мүмкіндік ашады. Осыдан бастап ол еуорпалық үлгідегі мектептер ашумен шұғылдана бастайды. 1879-1883 жылдары Торғай, Ырғыз, Троицк және Ақтөбе уездерінде жаңа төрт мектеп ашылады. Ал 1883 жылы Торғайда қолөнер мектебін ашады. Небәрі аз ғана 4 жыл ішінде осыншама іс атқарған Ыбырай бізге тек қана білім мен тәрбие емес, мәдениетті де мұра етіп кетті.


Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға аса көңіл бөлген. Біздің әпке-қарындастарымыздың көзі ашық, хат танитын, өзінің кім екендігін танып білуіне жағдай жасаған. Біздің халқымызда қыз бала үйде отыратын ана рөлін ғана атқару керек деген ескішіл әдет-салт қалып қойған еді. Ыбырай сол қоғамда бұрыс қалыптасқан оймен күресудің тиімді және де халық қарсы келмейтін бір жолын тапқан. Ол 1887 жылы Ырғызда қыздар қазақ мектебін ұйымдастырады.


Қазақ даласында мектептер саны көбейгендіктен оқитын балалар да көбейді. Оларды оқытатын білікті мамандар қажет. Осыны ойлаған Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алады. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ол жерде білімнен бұрын тәрбие жұмысына көп көңіл бөлінді. Жаңа методикалар ойлап табылды, баламен қалай жұмыс жасау керек екендігі жайлы біздің тілмен айтқанда семинарлар мен конференциялар жүргізілді. Бұл неткен керемет және тамсанарлық жағдай. Оқу-тәрбие ісін жаңа үлгіде құрастырған ол қоғамдағы ұстаз рөлін өте жоғары бағалаған. Егер ұстаз тәрбиелі, білімді, мәдениетті болса, шәкірттер де сондай болмақ деген оймен жас мамандардың тәжірибелері мен білімдерін арттыруға тырысқан.


Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. Ол қазақ балаларына арнап оқулық жасау керек деген ниеті бар еді. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керек деп білді. Үш жыл ішінде “Қазақ хрестоматиясын” жазып, 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.


Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!” - деген Ыбырай Алтынсарин өзінің өмірін “қазағым” деп өткізген. Оның халқы үшін жасаған еңбегі мен жанкештілігі бізге, яғни қазақ қоғамына қалдырған баға жетпес мұрасы болып табылады.




Пайдаланылған әдебиеттер:

Wikipedia



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!